Қаһарман қыз ертегісі

Oinet.kz 29-07-2019 1221

14.jpg

Ертеде қазақ ханының айдай сұлу қызы болыпты. Ханшайымның жан-дүниесі өте нәзік екен. Ол күнде өзінің ақ боз атымен кең даланы дүбірлетіперке елікпен жарысып, айдын көлде аққу арумен сырласып, мәуелі бақта бұлбұл құспен аққайыңның күйін тыңдап өсіпті. Табиғаттың әсем бояуын үйге келген соңөзі тоқыған кілемге кестелеп тігіп,баяу ғана әнге қосады екен. 

Күндердің күнінде ханның әйелі дүние салып , хан көршілес елдегі Марияға үйленіпті. Ол қара ниетті сұлулықты жаны сүймейтін қатыгез екен.Ханның қызға деген пейіл ықыласын қызғанып, қызын жаман етуге тырысады.Ханшайымның жан серігі ақ боз атына қастандық жасайды, аққуларды оқ атып, айдынынан шошытады.

 Ханның қызын жек көргені соншалық-болмашыға ұрысып, бөлмесінен шығуға рұқсат етпеді. Тіпті ел көзіне көрінбесін деп, қос етек көйлегінің етегі мен қос бұрымын кесіп тастады.Әсем сылдырайтын шашбауы мен көлбеңдеген қос етегінен айрылған қыз ел бетіне көрінгісі келмей орманға қашып кетеді. Болған оқиғалардан бейхабар хан елге: «Кімде-кім қызымды тауып әкелсе, соған жарты патшалығымды беремін» -деп жар салады. Күндер өте берді. Жоғалған қыздан еш хабар болмады. Қатыгез Мария ел билігін жайлап қолға ала бастады. 

Ел арасына өз елінің дәстүрін ендіріп, қазақы қалыптан айныта бастады. Тілдерін шұбарлатып, елдігін жоюға тырысады. Ал елден шеттеген хан қызы ормандағы түрлі жемістерді қоректеніп, құстармен достасып, орманда мекендеген аңдармен де тіл табысты. Бір күні орманға алып қара құс келеді. Ол биіктен қыздың мейірімділігі мен жарқын істерін бақылап жүрді. Қыз үшін бір жақсылық істегісі келіп:»Сен адамның перзенті мұнда неге жүрсің? Сенің қасіретіңе көмектескім келеді»,-дейді.Қыз өз басынан өткен жайларды толық баяндап береді. «Мінеки, менің жаным азапты, көкірегім қайғылы, арым ұятты болғандықтан жүрмін»,-дейді. Құс:»Азап, қайғы, ұят»деген не?»-деп сұрапты.Сонда қыз:»Азап-ауру, мен елімді, жерімді, әкемді ойлаймын. Содан жүрегім сыздап, жаным ауырады.

Екіншіден мен өзімнің түп-тамырым дінім мен тілімнен айрылып барамын, өзімнің ана тілімде менімен тілдесер ешкім жоқ. Менің анамнан, әкемнен үйренген өнерімді үлгі етіп үйретер мұрагерім жоқ. Міне қайғы деген- сол. Ал, ұяттымын дегенім- мен әлсіздік танытып, өзімнің ертеңім болашағым үшін күреспедім, шындықты бетке айту, әділдік үшін күреспей бас сауғалап қашқаным ,»-дейді. Қарақұс :»Ендеше, мен сені еліңе апарайын,қолымнан келген көмегімді мен де аямайын,»-деп екеуі жолға шықты. Қыз еліне келіп, өзінің тілін, дәстүрін сақтау үшін өгей шешесімен ашық күреске шығыпты.Елінің қолдауымен ежелгі ерке күндерін қайта қалпына келтіріпті.

Айлакер түлкі һәм аңқау тиын (ертегі)
Жалқаугүл мен Іскергүл (ертегі)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу