Ашық сабақ. Дене шынықтыру. Бокстың шығу тарихы

Oinet.kz 26-01-2020 930

Тақырыбы: Бокстың шығу тарихы.

Бокс. Осы бір төрт әріптен тұратын ағылшын сөзі миллиондаған спорт жанкүйерлеріне жақсы таныс. Жер бетінде бокс десе ішкен асын жерге қоятын, шаршы алаңдағы шиеленіскен жекпе-жектерді көрмей, дегбірі басылмайтын жандар аз емес. Бокстың тарихы біздерді алыс заманалардың түкпіріне жетелейді. Ежелгі Мысыр, Крит - микен, вавилон дәуірлерінің тасқа қашаған мұраларында жұдырықтасып жатқан адам бейнелері бар.

Артына өшпес “Илидп” жырын қалдырған грек филосовы Гомер өз заманындағы жұдырықтасу туралы анық та дәл мәліметтер қалдырған. Бастапқы кезде жұдырықшылар қолдарын өгіздің мойын терісінен жасалған май сіңген термен булап, білектерін артып байлайды екен. Жекпе - жек екі жұдырықшының біреуі қашан құлап түскенше өте беретін көрінеді. Шегінген, жалтарған төреші эфэфтер ортаға айдап отыратын болған. Біздің дәуірімізден бұрынғы 688 - жылы өткен дүниедегі жиырма үшінші олимпиядалық ойындардан бастап бокс яки жұдырықтасу жарыстың бағдарламасына енген. Атақты ғалым Пифагор, филосов Платон.

Қолбасшы Алкивиад жұдырықтасумен айналысқан. Қазіргідей ол кезде де жұдырықшылардың жекпе - жегін тамашалаушылар өте көп болған. Атақты жұдырықтаушылардың даңқы ауыздан - ауызға ілігіп, айдай әлемге жария болып отырған. Халық оларды ерекше құрмет тұтып, әнге, жырға қосқан, эпостардың қаһарман еткен, олимпиядалық ойындарда жеңіске жеткендеріне көздері тірісінде ескерткіш орнатқан. Ежелгі дүниедегі олимпиядалық ойындар тоқтаған соң да бокс саябыр сыған жоқ. Көптеген даулы мәселелер жұдырықтың күшімен шешілетін. Біртін келе осыны тәртіпке келтіру мақсатымен жекпе - жек өткізудің ережесі ойлап шығарылды. 1743 жылы шыққан бұл ереже ағылшын ДЖ. Браутонның есімімен тікелей байланысты.

Қазақстан боксына келер болсақ, 1933 жылы Ш. Бөлтеқұлы қазақ еліне тұңғыш рет бокс әліппесін алып келді. Міне, сол сәттен бастап қазақ боксы дами бастады. Әбдісалам Нұрмұханов бастаған боксшылар қазақ елін, оның ішінде қазақ боксын әлемге танытты. Кеңес дәуірінде қазақтан шыққан боксшылардың орны ерекше болды. Өзінің шаршы алаңдағы әдемі техникасымен әлемді мойындатқан С. Қонақпаев Мәскеу олимпиадасында күмістен алқа тақты.

Қазақстан өз егемендігін алған соң да бокстан әлем мықтылары санасатын құрама команда болды. В. Жиров бастаған жеңісті жолды қазақ боксшылары әлі жалғастыруда. Тәуелсіздік алғанына аз ғана жыл болса да Қазақстан боксы әлемді мойындатты. Оған дәлел, бес олимпиадалық ойындарға қатысқан қазақстандық боксшылар жүлдесіз қайтып көрмеді. Екі мәрте «ең үздік техникасы үшін» берілетін В. Баркер кубогін иеленді. Қазақстаннан шыққан тұнғыш олимпиада чемпионы Б. Саттарханов болып тарихта алтын әріптермен жазылды. Қазіргі таңда бокстан Қазақстан ұлттық құрамасы өз билігінде және бұл биіктіктен ешқашан түспек емес!


Ашық сабақ. Дене шынықтыру. Ұлттық ойындардың тәрбиелік мәні
Ашық сабақ. Дене шынықтыру. Көңілді старттар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу