Ашық сабақ. Көркем безендіру. 6-сынып

Oinet.kz 26-11-2019 908

Бейнелеу өнері 6 сынып

Сабақтың тақырыбы: Көркем безендіру.
Сабақтың мақсаты. Білімділігі: оқушыларға көркем безендіру жайлы түсінік беру, ыдыстың сыртын безендіруді үйрету.
Дамытушылығы: бейнелеу өнері ережелерін ескерте отырып көркем безендіруде ою элементтерін қолдана білу қабілеттерің дамыту, өз беттерінше жұмыс жасау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Ұқыптылыққа, шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Типі: жаңа материалды игерту.
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, шығармашылық жұмыс, үйрету.
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру. Сұрақ - жауап арқылы өткен пысықтау.
- Бейнелеу өнері қандай түрлерге бөлінеді?
- Бейнелеу өнерінің қай түрі қазақ халқында ең дамыған?
- Қазақ халқындағы СҚӨ туралы не білесің?
- Ресей еліндегі ең танымалы қол өнер түрлерін айтып беріңдер?
- Неден орыс халқының қол өнер атаулары пайда болады?(Хохлама, Городецк, Дымки, Гжель, Жостово)

II Үй тапсырмасын сұрау.
Қыс мерзіміне арналған пейзаж этюді – шығармашылық композициясы.

III Өткен тақырыптарды қайталау.
- Натюрморт дегеніміз не?
(жансыз заттардың құралған көркем шығарма).
- Пейзаж дегеніміз не?
(табиғат көрінісін бейнелеу).
- Батальдық жанр дегеніміз не?
(соғыс тақырыбында салынған суреттер).
- Анималистік жанр дегеніміз не?
(жануарлар бейнесі салынған сурет).
- Елтаңбадағы жұлдыз нені білдіреді?
(Елтаңбамыздың дәл ортасында бес бұрышты жұлдыз орналасқан. Жұлдыз жарық пен пәктіктің белгісі).
- Графика қай елдің сөзі, мағынасы?
(грек – жазамын, суретін саламын)
- Кескіндеме дегеніміз не?
(әр түрлі бояу түрлерімен жазықтық бетіңде орындалған көркем шығарма).

IV Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Кіріспе сөз: Сәндік қолданбалы өнер ішінде ыдыс бұйымдарды көркем безендіру қолданады. Ежелден қазақ халқында тарихта қалған мұражайларда белгілі бұйымдар бар. Өсімдік оюлармен тостаған, торсық, құмыралар безендірілген. Орыс халқында ағаш, қыш, фарфор ыдыстары неше түрлі оюлармен безендірулері танымал. (Иллюстративтік материалдарды талдау).
2. Тарихи шолу: Цефар заводтың тарихта қалған өндіріс туралы әңгіме. Біз тұратын ауылымыздың 50 - 60 жылдық тарихы белгілі. Фарфор ыдыстары Кеңес Одағы елі көптеген шетел мемлекеттерге жіберетін(Чехия, Словакия, Германия, Польша және т. б.).
Балалардың алдарына суреттер, иллюстративтік материалдар, үлгі ыдыс - бұйымдар байқауға қойылады.

V Балаларға тапсырма беру.
Алдарына берілген ыдыстың бір түріне(сүт құйғыш) көркем безендіру салу.
1. Технологиялық карта бойынша безендіру элементтерімен қолдану кезеңдері (кесте).
2. Балаларға берілген сүт құйғыштың силуэты арқылы эскиз жасау.
3. Эскиз сурет бойынша сүт құйғыш ыдысын көркем безендіру.

VI. Оқушылардың өз беттерінше шығармашылық жұмысы.
Көркем безендіруді гуашь немесе акварель бояулармен қолданады.

VII. Балалардың жұмыс нәтижелерін көрмеге шығару.
Сабақты қорытындылау.
VIII. Үй жұмысы.
Баланың өз қалаған тұрмыстық бұйымына көркем безендіру(құмыра).
Жұмыс орындарын жинап тазалау.


Ашық сабақ. Бейнелеу өнері. Құстарды мүсіндейміз
Ашық сабақ. Бейнелеу өнері. Түрлі түсті бояумен сурет салу (5 сынып)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу