Ашық сабақ. География. Орта ғасырлардағы географиялық деректер

Oinet.kz 25-07-2020 901

Конусова Алтынай Исаевна
география пәні мұғалімі, Барқытбел орта мектебі
ШҚО, Үржар ауданы, Барқытбел ауылы


Сыныбы: 8
Тақырыбы: Орта ғасырлардағы географиялық деректер.
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға қазақ жері туралы орта ғасырлардағы географиялық деректер, зерттеушілер, қалған еңбектер, мәліметтер, саяхатшылар жөнінде түсіндіру.
Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.
2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.
3. Топтастыру.
Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
Қорытындылау.
ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
2. Тірек-сызбамен жұмыс.
3. Топтастыру.
4. Кестемен жұмыс.
Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
1. Сұрақ-жауап.
1. Қазақ жері туралы ерте кезде зерттеулер?
2. Зерттеушілер?
3. Ұлы Жібек жолы?
4. Ұлы Жібек жолының бағыттары?
5. Ұлы Жібек жолы бойындағы Қазақстан қалалары?

ІІІ. Жаңа сабақ.
1. Әңгіме-дәріс.
Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.
2. Тірек-сызбамен жұмыс.
Тірек-сызба арқылы орта азиялық оқымыстыларды түсіндіру.
3. Топтастыру.
Топтастыру арқылы араб зерттеушілерін түсіндіру.
4. Кестемен жұмыс.
Кесте арқылы Қытай және Еуропа саяхатшыларын түсіндіру.

Елюй Чу-Цай мен Чань Чунь Іле-Талас өзендерінің аралығындағы елдер туралы мәліметтер жинаған, Алмалық қаласында болған. Талас, Сырдария өзендерінің табиғат жағдайларын сипаттаған.
Плано Карпини Жайық өзені, Тянь-Шань, Тарбағатай таулары, Сырдария, Алакөл алқаптары жайлы мәліметтер қалдырған.
Вильгельм де Рубрук Еділ, Жайық, Мұғалжар, Арал, Шу, Жетісу, Іле, Балқаш т. б. өзіне кездескен обьектілерді сипаттаған.
IV. Жаңа сабақты бекіту.
1. Сұрақ-жауап.
1. Орта ғасырлардағы географиялық деректер?
2. Араб зерттеушілері?
3. Орта азиялық оқымыстылар?
4. Қытай зерттеушілері?
5. Европалық саяхатшылар?
V. Қорытындылау, бағалау.
VІ. Үйге тапсырма беру.
Үйге: Орта ғасырлардағы географиялық деректер.

Ашық сабақ. География. Жаңа телекоммуникациялық жүйелер. Интернет
Ашық сабақ. География. Сағаттық белдеулер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу