Трамп Украинадағы соғысты қалай шешеді?
30-10-2024
Атырау облысы.
Индербор кенті.
Оқушылар шығармашылығы орталығының
«Ақ дастархан»үйірмесінің жетекшісі: Шакимова Гульжан Жеңісқызы.
Сабақтың тақырыбы: Саңырауқұлақтарды өңдеу
Сабақтың тақырыбы: Әлем халықтарының асханасы.
Сабақтың тақырыбы: Стандарттау негіздері,стандарттаудың маңызы мен мазмұны
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға адам қорегінде саңырауқұлақтың атқартын рөлінің зор
екендігін түсіндіре отырып,оларды өңдеу тәсілін үйрету.
Дамытушылық: Еңбекті ұйымдастыра отырып, олардың шығармашылық,
ізденімпаздық, сын тұрғысынан ойлау, еркін сөйлеу қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік: шеберлікке, іскерлікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу, өз бетінше жұмыс
жасауға үйрету.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі, венн диаграмасы, ассосациясы, кубизм ББҮ әдісі,
сұрақ- жауап.
Сабақтың түрі: көкөніс туралы білімдерін жинақтау
Көрнекіліктер: нұсқау карта, буклет, қажетті құрал- жабдықтар, жеуге жарамды
саңырауқұлақтар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
2.Оқушылар назарын сабаққа аудару
ІІ. Өткен сабақты қайталау, еске түсіру
1) Көкөністерді механикалық - аспаздық өңдеу.
2) Неге орамжапырақтарды тұзды суға салады?
3) Картопты турау пішіндері.
Жаңа сабақ «Қызығушылығын ояту»
С Майқұлақ (маслята)
А
Ң Түлкіжеді (лисичка)
Ы
Р Шикіжем (сыроешка)
А Қозықұйрық (шампиньон)
У Түбіртек (грузди)
Қ
Ұ Перделілер (пластичатые)
Л
А Қызыл саңырауқұлақ .
Қ
Т Ақ саңырауқұлақ.
А
Р Қалпақшасы бүріскен (сморчки)
Саңырауқұлақтардың құрамында ақуыздар, майлар, қант, минералды заттар,
дәрумендер А, С, Д, РР және В - тобы болады. Олар экстрактивтік заттарға
бай, сондықтан олардың дәмі тәтті, әрі хош иісті.
Саңырауқұлақтарды көже, тұздықтар,салаттар дайындауға кеңінен пайдаланады.
Тамақтану кәсіпорнына саңырауқұлақтар жас, тұздалған, кептірілген, шала
тұздықталған түрлерінде түседі.
Жас саңырауқұлақтарды алғашқы өңдеу тазарту жуу сорттау турау.
Кептірілген саңырауқұлақтарды іріктейді жуады 3-4 сағат салқын суға салу сүзіп алу пісіру.
Сарамандық жұмыс.
1.Тапсырмаға сәйкес жұмыс орнын белгілеу.
2. Әр жұмыс орнында қауіпсіздік ережелерін сақтау.
3. Нұсқау карта бойынша жұмысты бастау.
4. Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеуін қадағалау, бағыт – бағдар беру.
5. Жұмыс орнын жинау, тазалау.
«Саңырауқұлақ алаңы» салатын дайындау.
Қажетті азық - түліктер: 60 г қозықұйрық.
50 г картоп.
2 дана жұмыртқа.
25г пияз.
60г тұздалған қияр.
100г үгітілген ірімшік, майонез, аскөк.
Дайындалуы: Қозықұйрық пен пиязды ұсақтап турау, қуыру. Майын сорғытып, суыту. Жұмыртқа, қияр,картопты турап, бәрін араластыру. Үстіне үккіштен
өткізілген ірімшікті себу. Аскөкпен әсемдеу.
Жаңа сабақты бекіту
Саңырауқұлақтан дайындалатын тағамдардың сапасына қойылатын талаптар:
1. Пісірілген саңырауқұлақтар өз түсін, қалпын сақтап, жұмсақ болуы керек.
2. Дайындалған тағамдар дәмді, үнемді, пайдалы көз тартатындай әсемделген болуы
керек.
Үйге тапсырма: «Саңырауқұлақтан дайындалатын тағамдар» реферат.
Нұсқау карта. Тағамның аты: «Саңырауқұлақ алаңы» салаты.
Қозықұйрық пияз жұмыртқа қияр картоп ірімшік а
-------------------------------------------------------------------------------------------
2-сабак
Сабақтың тақырыбы: Әлем халықтарының асханасы.
Білімділік: Оқушыларды әлем халықтарының ұлттық асхана ерекшеліктерімен
таныстыра отырып, тағамдарының дайындау технологиясын үйрету.
Дамытушылық: Тағам әзірлегенде шығармашылықпен орындауға, аспаздық
қасиеттерін, есте сақтау дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Әр ұлт өкілдерінің ерекшеліктерін ескеруге , мәдениетін ,салт-дәстүрін
құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі ,сұрақ-жауап, зертханалық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі : слайд, плакаттар.
Сабақ барысы.
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабаққа кіріспе: тақырыбы, мақсаты, маңыздылығы хабарланады.
Мұғалім: Белгілі бір ұлтқа ғана тән аспаздық тәсілмен ұлттық тағамдар дайындау
өнері қай халықта да бар. Бір ұлттың аспаздық шеберлігі екінші бір ұлттың
аспаздық шеберлігіне әрқашан игі әсерін тигізіп отырады, әйтсе де өзінің ұлттық
ерекшелігін де ешқашан жоймақ емес. Тағамның дәмінен басқа оның сыртқы түрі
де өте маңызды.
Ендеше, бірінші таныстығымызды қазақ халқының ең тойымды, ұлттық ет
тағамдарының басында тұратын «Бесбармақпен» таныстырайын.
«Бесбармақ» тойда, қонақасыға, сыйлы қонақтарға арнап дайындалады. Жіліктеп
бұзылған етті жуып, қазанға салады да, ет батып тұратындай етіп суық су
құяды. Содан кейін қазанды қатты жанған отқа қойып, сарқылдатып қайнатады,
бетіне шыққан көбігін алып тастап,шамалап тұз салып, отын аздап басып 1-1,5
сағат ет әбден піскенше шымырлатып қайнатады. Ет әбден піскен соң табаққа
сорпасынан бөлек қотарып алып, тартылған табақтың санына қарай мөлшерлеп
тұздық әзірлейді. Ол үшін сорпаға қара бұрыш, дөңгелектеп туралған пияз салып,
ыдыстың бетін жауып бұқтырып қояды. Ет туралып болған соң тұздықты еттің
үстіне құяды. Әдетте кәделі жіліктермен бірге сыйлы қонақтарға малдың басын,
(қой), ірі қараның шекесін, қазы, қарта, жал-жаяны табаққа бірге салып
береді.Сонымен бірге қамыр, бітеу пісірілген картоп қосуға да болады.
Келесі аялдама: Жапон тағамы «Суши»
Суши – табиғи әрі үйлесімді, сонымен қатар, әлемдегі ең салауатты деп есептелінетін күріш және соя – бұл барлық дерлік тағамда күтуге болатын құрам бөлшектер. Жапон асханасы таң қалдырады және оның түрі мен құрамы бойынша қарапайымдылығы мен қатаңдығы кез келгенге жарай бермейді. Жапониядағы ас – бұл тек адамның қажеттілігін қанағаттандыру ғана емес, сонымен қатар эстетикалық және мистикалық тану. Сонымен қатар, тағамның керемет келбеті тудыратын сезімдер және де сезім мен жүректің көңіл-күйі әрі жағдайлары маңызды болып табылады.
Уылдырық қосылған суши рецепті – оның арқасында жапондық тағамдар бүкіл әлемді тамсандырған тамақ. Классикалық нұсқада сірке суымен дәмделген күріш пен балықтан, теңіз өнімдерінен, көкөністер мен көбінесе таза жапондық басқа құраушылардан тұрады.
Өнімнің сипаттамасы
- 9 қасық сушиге арналған күріш көлемі 10 x 4 см 9 нори балдыры
- 3 шай қасық қара уылдырық
- 3 шай қасық қызыл уылдырық
- 3 шай қасық сары уылдырық
- 1 шай қасық васаби – ащы желкек
Құрамдас бөліктері:
- Сушиге арналған күріштен білікшелер жасап, васаби жағу керек.
- Күріш білікшелерінің әрқайсысын нори 1 см-ге шығып тұратындай, ал күріш ішінде болатындай етіп, нори қиығына орау керек .
- Әрбір орамаға шай қасық уылдырық салу керек. Дайын суши порциясын жасыл жапырақпен безендіріп, тақтайдың үстіне салып беру керек.
Келесі аялдама итальяндық тағам «Тирамису».
Тирамису – бұл басытқы екінші таңертеңгі асқа беру үшін тамаша тағам. Классикалық түрде тирамису суытылып эспрессо кофесіне беріледі.Тирамису басытқысы тіпті ең талғамды дәмдерді қанағаттандыра алады. Таңқаларлығы, оны дайындау жеңіл .
Өнімнің сипаттамасы
100 мл амаретто
60 г маскарпоне сыры
6 қасық ерітілген кофе
4 жұмыртқаның сарысы
120 г қант ұнтағы
250 г бисквит
2 стакан су
какао
Құрамдас бөліктері
• Жұмыртқаның сарысын гоголь-моголь болатындай етіп, қантпен араластыру керек. Сонан соң маскарпоне қосып, әрі қарай қоюлағанша араластыру керек.
• Шамалы мөлшерде су құйылған тостағанда кофені ерітіп, суытып, алдымен амаретто, сонан соң суытылған қайнаған су қосу керек. Дайындалған пуншта бисквиттерді жұмсарту керек және бисквиттер қабаттарын маскарпонеден жасалған крем қосып салып, оларды ыдысқа салу керек.
• Тоңазытқышқа салып, қабаттарының кремді сіңіруін күте тұру керек.
• Беру тәсілі
• Дастарханға қоюдың алдында басытқының үстіне какао себу керек.
Келесі аялдама Қытай асханасы . Фу-юнг омлеті.
- Омлетті дайындау үшін дәмі аса нәзік болуы, ал тамақ ауызға салғанда еріп кетуі
үшін, тауық жұмыртқаларының ағуыздарын ғана пайдаланады. Бұл омлет
Штаттарда өте жақсы мәлім.
Фу-юнг омлеті - Штаттарда ерекше мәлім, оның атауы тамаша лотос гүлінен шыққан және сөзбе-сөз аударғанда бұл - "ақ лотостың күлтелері"дегенді білдіреді.
Өнімнің сипаттамасы
Омлет:
6 жұмыртқа
200 г пісірілген тауықтың төс еті
200 г мунг үрме бұршағының жаңа шыққан өсінділері
100 г қозықұйрық
100 г балдыркөк
1 пияз
көк пияз сабақтары
тұз, бұрыш
күнбағыс майы
Тұздық
½ стакан тауық етінің сорпасы
2 ас қ. соя тұздығы
1 ас қ. күріш шарабы
1 ас қ. жүгері ұны
3 ас қ. су
1 ас қ. күнбағыс майы
ақ бұрыш
Құрамдас бөліктері
• Тауықтың етін кішкентай бөліктермен кесу, қозықұйрықты жұқа тілімдермен кесу, балдыркөкті ұсақтау керек. Мунг үрме бұршағының өсінділерін қосып, барлығын араластыру керек. Пиязды ұсақтап, вок табасында күнбағыс майын қыздырып, алдымен пиязды қуыру, сонан соң қалған ингридиенттерді қосу керек.
• Араластыра отырып, тұз бен бұрыш қосып қуыру керек. Оттан алып, суытуға қалдыру керек. Жұмыртқаны жарып, қуырылған етке қосу керек. Мұқият араластыру керек. Тағы да вокта күнбағыс майын қыздырып, дайын массаны құю керек. Қалақшамен екі жағын қозғап тұрып қуыру керек. Омлет қуырылғанда, екінші жағына аударып, шеттері қызарғанға дейін қуыру керек.
• Тұздық: кастрюльде сорпаны қайнатып, соя тұздығын, шарап пен бұрышты қосу керек. Газды сөндіру керек. Ұнды сумен араластырып, тұздық қоюланғанша, үнемі араластырып тұрып, ақырындап кастрюльге құю керек. Күнбағыс майын қосып, тағы да араластыру керек.
• Тұздықты тағы да қыздырып, араластырып, оны омлеттің үстіне құйып,ыстық күйінде беру керек
Келесі аялдама: Түрік асханасы. Döner kebab
Экмек нанымен бірге беретін, грильде қыздырып пісірілген, сиыр етінен дайындалған түрік тамағы.
Döner kebab – түрік асханасының ішіндегі ең әйгілі тамақтардың бірі. Ол араб шавермасына немесе грек гиросына ұқсас, бірақ кебабтың негізгі құрамдас бөліктері, оның қоспалары сияқты олардан ерекшеленеді.
Өнімнің сипаттамасы
300 г қырыққабат (қызыл және ақ)
100 г салат жапырағы
1 жас қияр
1 үлкен пияз
4 қызанақ
тұз
бұрыш
1 қызыл бұрыш
2 қасық кубик сорпасы (ұсақтау)
500 г ет (сиыр еті қалаулы болады)
5 қасық өсімдік майы
1 Ekmek түрік наны
Құрамдас бөліктері
• Қызыл және ақ қырыққабат жапырақтарын, қиярмен бірге жұқалап кесу керек, сонан соң ұсақталған кубик сорпасын сеуіп, араластыру керек.
• Қызанақ пен пиязды кесу керек.
• Табада майды қыздырып, пиязбен араластырылған етті қуыру керек.
• Дәмі бойынша дәмдеу және ет қытырлақ болғанша қуыруды жалғастыру керек.
• Нанды ұзынынан төрт бөлікке кесіп, бірнеше минут қыздырып пісіру немесе қуыру керек.Нан жылы болғанда, оны етпен және қалған құрамдас бөліктермен толтыру керек. Барлығының үстінен түріктің дәстүрлі сарымсақ-йогурт тұздығын құю керек.
Үйге тапсырма: Döner kebab тағамын дайындау.
------------------------------------------------------------------------------------------------------
3-сабақ
Сабақтың тақырыбы: Стандарттау негіздері,стандарттаудың маңызы мен мазмұны.
Білімділік: Оқушыларға стандарттау негіздері мен сәйкестікті бағалау туралы
жалпы түсінік беру, маңызы мен мазмұны туралы кеңірек мәлімет беру.
Дамытушылық: Пән бойынша білім білік дағдыларын қалыптастыру, жеке тұлғаны
дамыту.
Тәрбиелік. Ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білетін, жаңашылдыққа талпынатын жеке тұлғаны тәрбиелеу
Сабақтың түрі: лекция сабақ.
Сабақтың әдісі: түсіндірмелі ,сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі : слайд, плакаттар, сызбалар.
Сабақ барысы.
Сәлемдесу, сабаққа дайындықтарын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Жаңа сабаққа кіріспе: тақырыбы, мақсаты, маңыздылығы хабарланады.
1. Стандарттау, метрология және сертификаттау өнімнің, жұмыстың және қызметтің сапасын қамтамасыз етудің басты құралы болып табылады.
Қазіргі кезде дайындаушының және оның саудадағы келістірушісіннің бәсекеде жеңуі және әлемдік нарыққа шығуы үшін, олар тек қана стандарттаудың міндетті талаптарын ғана емес, сонымен қатар тұтынушылар ұсынған талаптарды да орындауға мүдделі. Бұл стандарттаудың нарықтың ынталандырушысы статусына ие болғандығын көрсетеді.
Сапа –қай елде болса да, өзекті мәселе. Бүгінгі күнде жабдықтаушыға стандарттың талаптарын қатаң сақтау жеткіліксіз, ол тауар өндіруді және қызмет көрсетуді сәйкестік сертификатымен куәландыруы қажет.
Сапа ұғымы үш элементті қамтиды.
1. Нысан.
2. Қажеттілік.
3.Көрсеткіштер.
Стандарттау ұғымы.
Стандарт – уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу нысандарында ережелерді, жалпы ұстанымдар мен сипаттамаларды белгілейтін құжат.
-Қолдану өрісіне байланысты стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар әр түрлі санаттарға бөлінеді.
-Халықаралық стандарттар
-Өңірлік стандарттар
-Техникалық экономикалық ақпарат жіктеуіштері
-Стандарттау ережелерімен ұстанымдары
Ереже(ЕР) міндетті түрде қолдануға тиісті жұмысты жүргізудің техникалық жағдайларын, тәртібін, әдістерін белгілейтін құжат.
Өлшем қамтамасыз етуге тиісті сандық және сапалық критерийлерді белгілейтін жағдай.
(ИСО\МЭК 2) халықаралық стандарттау жұмыстары 1875 жылдан бастау алады.
ИСО 9000 сериялы халықаралық стандартын қолдана отырып елімізде сапа жүйелерін кеңінен енгізуде.
Жаңа сабақты бекіту
Кубизм тәсілі.
Үйге тапсырма.