Қонжық пен көжек (Ертегi)

Oinet.kz 24-08-2020 3714

Бiрде қоянның көжегi енесiне келiп шағыныпты.

– Аюдың қонжығы менi «бадырақ көз» деп мазақтайды, – дейдi жыламсырап.

  Енесi:

– Одан басқа не дедi? – дейдi.

– «Қалқан құлақ, қыли көз!» – дейдi.

– Сен оған не деп едiң?

– Мен бе, мен… – дейдi көжек тұтығып, – ештеңе де айтқаным жоқ…

– Сен үндемей тұрғанда, өзi келiп тиiстi ме?

– Оны көрген кезде мен: «Қорбаңбай!» деп едiм…

– Көрдiң бе, әне! – деп ескертедi енесi. – Алдымен өзiң тиiсiпсiң ғой. Мазақтап ренжiткенсiң. Ол мазақтаса, ыза болып, арыз айтасың. Бұл – ұят емес пе?

  Сонда көжектiң басы салбырап, үнсiз қалыпты.

Дәулет Қасенов. Өкiнiш
Бауыржан Момышұлы (1910-1982). Ұяда не көрсең…
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу