Наурыз мерекесіне арналған бата

Oinet.kz 06-10-2020 752

Өркенің өссін,
Өрісің кеңейсін.
Ат жалын тартып мініп,
Халқыңның қамын жегейсің.
Тілеуіңді беріп,
Бағыңды ашсын,
Айналып келіп ай мен жыл,
Аман-есен көруге жазсын!
Тәңірім жаздай берсін,
Жаздай берсе, жазылып
Көкірегіңде иман оты маздай берсін.
Күздей берсе, құтайып
Риздығын маңдай термен іздей берсін.
Тәңірім қыстай берсін,
Қыстай берсе, қысылмай
Ынсаппен тізгіннен тең ұстай берсін,
Тәңірім көктемдей берсін,
Көктемде көктей өніп,
Талабың көкке өрлей берсін!
Әумин.

***

Жаңа жыл бақыт,
Малың тоқ,
Уайым-қайғың жоқ болсын.
Көген толы қозы,
Желі толы құлын болсын.
Малың базарлы
Ұлың назарлы,
Қызың ажарлы болсын!
Әумин.

***

Әуелі, құдай оңдай көр,
Оң жолыңа бастай көр,
Адасса жолға сала көр,
Сүрінсе қолдап ала көр!
Кездессе шайтан қаға көр,
Жұлдыздармен жалғастыр.
Жақсылармен жанастыр,
Жамандардан адастыр!
Әумин.


Наурыз мерекесіне арналған бата
Жүзге кірмейтін қазақ тайпалары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу