Желіде екі басты жыланның видеосы тарады
16-07-2022
«Өзін-өзі тану» пәнімен дүниетанумен ықпалдастыру
сабағының жоспары.
Мектеп: 1 мамыр Мұғалімі: Абишева Ж. Сынып 3 «б». Оқушы саны 24.
Тақырыбы: №18 сабақ. Табиғат сыйы. Құндылық «Сүйіспеншілік»
Қасиеттері: «Табиғатты аялау»
Сабақтың мақсаты: Сүйіспеншілік құндылығының мәнін дүниетану пәнімен ықпалдастыру. Сабақтың міндеттері;1.Қоршаған ортаны жақсы көруге бағыттау. 2.Табиғат пен адам үйлесімділігі туралы түсіндіру. | Ресурстар: (материалдар,көздер)
Үнтаспа, күнделік ,оқулық,дәптер, түрлі түсті қалам. |
Сабақтың барысы: Сыртқы интеграция: (Өзін-өзі тану сабағының әдістемелік тәсілдерін қолдану) Балалар табиғат екіге бөлінеді:Тірі табиғат және өлі табиғат.Адамдар тірі табиғатқа жатамыз.Себебі біз ауа мен дем алып күннен жылу алып,тамақтанып тіршілік етеміз.Өйткені біз тірі ағзамыз.Адам өмір сүру үшін ауа, су, топырақ, сапалы азық-түлік керек.Таза ауа,пайдалы су,құнарлы топырақ сапалы азық-түліктен керекті пайдалы элементтерді аламыз. Осы элементтер адам бойында болған жағдайда ішкі тыныштығы орын алып, сүйіспеншілікке қиянат жасалмайды, ішкі тыныштық болған жағдайда ғана, отбасында тыныштық болады. | Ескерту |
Ішкі интеграция (жалпыадамзаттық құндылықтарды сабақ мазмұнына интеграциялау) Баланы дұрыс тамақтандырып, сүйіспеншілікпен дұрыс тәрбие берсек, алған тәрбие әрине нәтиже береді. Балада дұрыс әрекет жасалып білімге деген құлшынысы артады. Рухани қасиеттерге ие болып,қиянат жасауға бармайды. Бала ақиқатқа жүгініп, оған сүйіспеншілік пен бірге дұрыс әрекет жасай отырып, қиянат жасауға боындағы рухани білімі жібермейді. Бала білімді және мейірімді болып өседі.
Үй тапсырмасы: Оқушылардың табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру, өздері табиғат жайлы әңгіме жазып келу. Сабақтың қорытынды сәті: Көзімізді жұмып, баяу әуен толқынымен дұрыс әрекет пен сүйіспеншілікпен жақсы нәрселерге үйлесе отырып, жүрегімізден өткізейік. Енді көздеріңізді ашыңыздар. Сабақ аяқталды. Сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бар жерде сүйіспеншілік, сүйіспеншілік, сүйіспеншілік бүкіл әлемде. |