Сабақ жоспары: Алюминидің маңызды табиғи қосылыстары
Дүйсенова Ботакөз
Қызылорда қаласы, 261 орта мектебінің химия пәні мұғалімі
Сабақтың мақсаты | Алюминидің периодтық жүйедегі орнын, атом құрылысын танып біледі. Алюминий мен қосылыстарының қасиеттері бойынша реакция теңдеулерін жазуды үйренеді. Қазақстандағы алюминий мен қосылыстарының кен орындары туралы біледі. |
Күтілетін нәтиже | Алюминидің периодтық жүйедегі орнын, атом құрылысын танып білді. Алюминий мен қосылыстарының қасиеттері бойынша реакция теңдеулерін жазуды үйренді. Қазақстандағы алюминий мен қосылыстарының кен орындары туралы білді. |
Түйінді идеялар | Алюминий- ақ түсті, күміс тәрізді жеңіл металл, күшті тотықсыздандырғыш. Конценторлы азот қышқылымен әрекеттеспейді. Адам ағзасында 10-5% құрайды. Қан ұйығанда өкпеде, бауырда, сүйекте, шашта, жүйке жүйесінің ми қыртысының құрамына енеді. XVIII ғасырда Чарлз Мартин Холл 1880жылы Американдық ғалым электролиз әдісімен алюминиді алды. |
Сабақтың түрі | Жаңа білімді қалыптастыру. |
Әдіс- тәсілдері | Топтық, жұптық, жеке тапсырмалар, тест сұрақтары, диалог әдісі, практика. |
Пән аралық байланыс | Биология, география, әдебиет. |
Құрал- жабдықтар | Интерактивті тақта, маркер, А3форматы, алюмини тұздары, пробирка, сілті, қышқылштатив, стейкерлер. |
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару
Оқушыларды топқа бөліп, топ мүшелерін сайлау және әр топбасшы өзіне атау алады
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. (Лездік сұрақтар)
Кермектік нешеге бөлінеді? (уақытша, тұрақты)
Сөндірілген ізбестің формуласын көрсет. (Са(Он)2)
Құрылыс материалдары. (әктәс, мәрмәр, бор) формуласы (СаСО3)
Сөндірілген ізбестің формуласы? (СаО)
Кальций нешінші периодта орналасқан, неше валентті? ( 4 период, 2 валетті)
Тұрақты кермектілікті қалай жоюға болады? ( әк суы, натрий фосфаты қосып қайнатады)
Уақытша кермектілікті қалай жоюға болады? ( суды қайнату арқылы)
Ересек адамның ағзасында қанша пайыз кальций болады? (2 пайыз)
Жалпы судың кермектілігіне қандай иондар әсер етеді? (кальций, магний)
Кальций оксидінің формуласы? (СаО)
Кермек су дегеніміз не? ( Са, Мд иондары бар су)
ІІІ. Негізгі кезең.Жаңа сабақ
Балалар сендерге бір жұмбақ жасырамын
Табылса бар там-тұмнан,
Қазір көп әрбір өлкеде
Қымбат болды алтыннан
Қандай металл ертеде (алюминий)
Бүгінгі тақырыбымыз алюминийдің маңызды табиғи қосылыстары және олардың Қазақстандағы кен орындары.
Мәтінмен жұмыс. (20 минут) Оқушылар берілген тақыбыпқа топтың атына сәйкес постер қорғап шығуы керек.
І топ. Химиктер. Бұл топтағылар мәтін бойынша алюминийдің периодтық жүйедегі орнын физикалық, химиялық қасиеттеріне тоқталады және постер қорғайды.
ІІ топ. Географтар. Бұл топтағылар Қазақстан жері бойынша алюминийдің кездесетін орындарына тоқтала отырып табиғатта кездесуімен қолдануына постер қорғайды.
ІІІ топ. Әдебиетшілер. Бұл топтағылар алюминий қосылыстары тақырыбына қиялдарына ерік бере отырып,ертегі құрастырады.
ІV топ. Биологтар. Адам ағзасына байланыстыра отырып постер қорғап шығады.
Барлық топ мүшелері интернет желісін қолдана алады.
Екі жұлдыз, бір ұсыныс арқылы бағаланады.
ІV. Қорытынды.
Тапсырмалар.
Жұптық жұмыс. Тест тапсырмалары.(5 минут) (Өзара бағалау)
І топ.
Аl-дің валенттілік электрондарының конфигурациясы қандай?
А) ns2np1Б) ns0np3
Ә) ns1np2 В) ns3np0
2. Аl сульфатының ерітіндісіне соданың ерітіндісін қосқанда не түзіледі?
А) Аl2(СО3)3 Б) АlОНSО4
Ә) Аl(ОН)3 В) NаАlО2
3. Аl өндірісте қандай жолмен алады?
А) Аl2О3+Н2→ Б) Аl2О3+Мg→
Ә) Аl2О3+СО→ В) Аl2О3тұрақты ток
4. Мына физикалық қасиеттердің қайсысы алюминийге тән?
А) жартылай өткізгіш
Ә) қызғылт-қара түсті
Б) электр тогы мен жылуды жақсы өткізеді
В) ауыр металл
5. Мына қатарда Аl-Ga-In-Те элементтерінің металдық қасиеттері қалай өзгереді?
А) Артады
Ә) Кемиді
Б) Өзгермейді
В) Периодты түрде өзгеріп отырады
ІІ топ.
Қай тұз толығымен гидролизденеді?
А) Аl2(SО4)3 Б) Аl(NО3)3
Ә) АlCl3 В) Аl2S3
2. Алюминийді электролиз әдісімен өндіргенде алюминий оксидіне креолит (Nа3АlF6) не үшін қосылады?
А) Электр өткізгіштігін арттыру үшін
Ә) Аl2О3-дің еріту үшін
Б) Аl2О3-нің балқу температурасын төмендету үшін
В) Электр өткізгіштігін азайту үшін
3. Мына реакция нәтижесінде қай зат түзіледі?
Аl(ОН)3+2НCl→?
А) алюминийдің дигидроксохлориді
Ә) алюминийдің гидроксохлориді
Б) алюминийдің тригидроксохлориді
В) алюминийдің хлориді
4. Зат мөлшері 0,2 моль алюминий тұз қышқылымен әрекеттескенде неше моль сутек бөлінеді?
А) 0,2
Ә)0,3
Б)0,4
В) 0,5
5. Массасы 5,4 гр алюминий темірдің 3 оксидімен әрекеттескенде неше грамм алюминий оксиді түзіледі?
А)5,1
Ә)20,4
Б)10,2
В)15,7
ІІІ топ.
Массасы 2,1 г магний мен алюминийден тұратын қоспа тұз қышқылымен әрекеттескенде 2,24 литр (қ.ж) сутек бөлінген бастапқы қоспаның құрамы қандай?
А) 72% Аl; 28% Мg
Ә) 45% Аl; 55% Мg
Б) 50% Аl; 50% Мg
В) 42,86% Аl; 57,14% Мg
2. Массасы 2т глинозиннен(Аl2О3) 1т алюминий алынса, өнімнің шығымы қандай?
А)93,7%
Ә)95,24%
Б)98,2%
В)99,3%
3. Алюминиймен мыстан тұратын қоспаның 10г тұз қышқылымен әрекеттескенде 6,72л(қ.ж) сутьек бөлінсе, қоспаның құрамы қандай?
А) 46% Cu; 54% Аl
Ә) 50% Cu; 50% Аl
Б) 55% Cu; 45% Аl
В) 40% Cu; 60% Аl
4. Термиттің жану реакциясының нәтижесінде 8Аl+ 3Fе3О4=4Аl2О3+9 Fе+800кДж жылу бөлінсе қанша алюминий реакцияға түскен?
А)86,4г
Ә)8,6г
Б)43,2г
В)4,32г
5. Массасы 16 г алюминий карбиді мына реакция бойынша гидролизденгенде
Аl 4 С3+12НОН→4Аl(ОН)3↓+3СН4↑ көлемі 67,2л (қ.ж) метан бөлінді. Реакция өнімінің шығымы қандай?
А)75%
Ә)69%
Б)87%
В)90%
ІV топ.
Мына реакциялардың қайсысында сутек бөлінеді?
А) Аl+Н 2О→
Ә) Аl+NаОН→
Б) Аl+НNО3(конц) →
В) Аl+Н 2SО4 (конц) →
Мына реакция нәтижесінде қандай зат түзіледі? Аl(ОН)Cl2+2 NаОН→
А) Аl(ОН)3
Ә) Аl(ОН)2Cl
Б) АlCl3
В)Nа АlО2
Мына реакция бойынша: массасы 5,4г алюминийді меріту үшін 80%дық(р1,732г/мл) күкірт қышқылының ерітіндісінен қанша керек?
А)4,48мл
Ә)12,72мл
Б)2,12мл
В)4,24мл
4. Мына физикалық қасиеттердің қайсысы алюминийге тән?
А) жартылай өткізгіш
Ә) қызғылт-қара түсті
Б) электр тогы мен жылуды жақсы өткізеді
В) ауыр металл
3. Аl өндірісте қандай жолмен алады?
А) Аl2О3+Н2→ Б) Аl2О3+Мg→
Ә) Аl2О3+СО→ В) Аl2О3тұрақты ток
Жеке жұмыс. Әр топтың топбасшылары арасында есеп шығарудан жарыс.
1-есеп. Массасы 40 г, 18% ерітіндіні дайындауға жұмсалатын тұздың массасын тап.
2-есеп. 3моль литий азотпен әрекеттескенде түзілген литий нитридінің зат мөлшерін тап.
3-есеп. Натрий алюниматы (NаАlО2) затындағы алюминийдің массалық үлесін тап.
4-есеп. Массасы 1377г мырыш оксидінің моль санын тап.
5-зертханалық жұмыс.
Алюминий гидроксидінің қышқыл және сілті ерітінділерімен әрекеттесуі.
Реакция теңдеулерін жазу.