Сабақ жоспары: Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластары

Oinet.kz 30-09-2020 1202

Есіркепова Салтанат 

Қызылорда қаласы, Ы. Алтынсарин атындағы  №10 мектеп-лицейінің  химия пәні мұғалімі 

Сабақтың мақсаты: 

Білімділік: Оқушылардың бейорганикалық қосылыстардың кластары тарауынан алған білімдерін жүйелеп, тереңдету, қорытындылау. Бейорганикалық қосылыстар арасындағы генетикалық байланысты игерту.

Дамытушылық: Бейорганикалық қосылыстардың кластарының химиялық формуласын құрастыру, бір-бірінен ажырата білу, теңдеу құру бірліктерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды топтасып жұмыс істеуге, ұйымшылдыққа, белсенділікке және жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: қорытындылау сабақ

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, химиялық эстафета, лездік сұрақ, есеп шығару.

Сабақты көрнекілігі: интерактивті тақта

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

І кезең. «Қайталау – білім анасы»

ІІ  кезең. «Артық болмас білгенің, көкірекке түйгенің»

ІІІ кезең. «Химиялық эстафета»

ІY кезең. «Химик сараман»

Y кезең. «Деңгейлік тапсырмалар»

YІ кезең. «Ойлан тап»

Қорытынды

Бағалау

Үйге тапсырма

І. Ұйымдастыру.

 Сәлемдесу, түгендеу. Оқушылар тақтада ілулі тұрған төрт түрлі шарларды (қызыл,көк, жасыл, ақ түсті) таңдап 4 топқа бөлінеді.

Ассоциация әдісі бойынша бейорганикалық қосылыстардың негізгі кластарын атау.

      Оксидтер                                                                                 Қышқылдар

             Тұздар                                                                                        Негіздер


ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (үй тапсырмасына байланысты сұрақтар қойылады).

Үй тапсырмасының тақырыбы : Тұздарқұрамы, номенклатурасы, жіктелуі, қасиеттері, алынуы.

І кезең. «Қайталау – білім анасы»

Тұздар дегеніміз не?

Тамаққа дәм беретін тұз?

Медицинада «ыстық укол» деген атпен белгілі тұз?

Тұздар қалай жіктеледі?

ІІ кезең. «Артық болмас білгенің, көкірекке түйгенің» - топ басшыларына тапсырма.Топ басшылары берілген тапсырманың формуласын жазуы керек.

І топ- оксидтер тобы (қызыл түсті шар)

Натрий оксиді

Кальций корбанаты

Ортофосфор қышқылы

Мыс (ІІ) гидроксиді

       ІІ топ –қышқылдар тобы (көк түсті шар)

Алюминий оксиді

Натрий нитраты

Азот қышқылы

Мырыш фосфаты

ІІІ топ – тұздар тобы (ақ түсті шар)

Темір (ІІІ) хлориді

Күкірт сутек қышқылы

Мырыш нитраты

Көміртек (ІY) оксиді

IY топ – негіздер тобы (жасыл түсті шар)

Күкірт (IY) оксиді

Барий хлориді

Калий гидроксиді

Барий сульфаты

Топ басшылары тапсырманы тақтаға орындап жатқанда, қалған оқушылар мына тапсырманы орындап отыруы  тиіс. Әр топқа жеке-жеке екі-екіден химиялық реакция теңдеулері беріледі. Оқушылар реагент пен өнімдердегі жетіспей тұрған заттарды табады.

●  Fe + ...   = FeS                                                ● BaCl2 +Na3PO4 = ... + ...

● ...  + H2SO4 =MgSO4 +H2O                         ● Al(OH)3 = Al2O+ ...

● CaO + ...  = CaCO3                                         ●SO2 + NaOH= ... + ....

● FeCl3 + ... = Fe(OH)3 + NaCl ● ... +P2O5 = Ca(PO4)+H2O

  Төрт топқа төмендегідей тапсырма беріледі. Адасқан әріптер арқылы жаңа сабақтың тақырыбы ашылады.

Й-H2SO4;  Р-CaCO3;   А-HNO3;  О-NaCl; Е-SO3; Б-HCl; Қ-Al2O3; А-H2SiO3;

 Л-Ca(OH)2; С-KOH; Ы-SiO2; А-H3PO4;К-MgSO4; Л-P2O5; Г-Na2SO4; И-NO;

Н-H2CO3; А-NaNO3; Т-PbCl2; Р-BaO; К-CO2

ІІІ. Жаңа сабақ.

ІІІ кезең. «Химиялық эстафета». Бұл тапсырманы тақтаға төрт топтан 4 оқушы шығып тез арада орындайды (уақыт бойынша).

  Берілген сызбанұсқа бойынша реакция теңдеулерін жазып теңестіріңдер, өнімдердің аттарын атаңдар.

Ca→CaO→Ca(OH)2→CaCO3

S→SO2→SO3→H2SO4

K→K2O→KCl→K2SO4

NaCl→Na→NaOH→NaNO3

IY кезең. «Химик сараман» тақтада бейнебаян көрсетіледі. Оқушылар көрген соң қорытынды жасап өз жауаптарын айтуы тиіс және реакция теңдеуін жазуы керек.

1-бейнебаян.Бейтараптану реакциясы дегеніміз не? Реакция теңдеуі. Индикатордың түсінің өзгеруі ерітінді де, қышқылда жоқ екенін білдіреді (сонымен орта бейтарап).

2-бейнебаян. Үш пробиркада ерітінділер берілген, үшеуіне де лакмус құйып еді. 1-пробиркадағы ерітіндінің түсі көгілдір, 2-пробирканың түсі көкке, 3-пробирканың түсі қызылға боялады, себебіне? (1 пробиркада – су, 2 пробиркада - негіз, 3 пробиркада – қышқыл).

3-бейнебаян. Үш пробиркада ерітінділер бар: тұз қышқылы, натрий хлориді, натрий гидроксиді. Қайсысы қай пробиркада екенін анықтау керек(лакмус қызарса-тұз қышқылы, көгерсе-натрий гидроксиді, өзгермесе –натрий хлориді).

4-бейнебаян. Кальций оксиді, фосфор (Y) оксиді берілген. Олардың гидроксидтерін алу біреуінің сілті, екіншісінің қышқыл екенін дәлелдеу(P→P2O5→H3PO4→Ca3(PO4)2 ).

Y кезең.Деңгейлік тапсырмалар

«Оксидтер» тобына

Барий металл екенін біле отырып, оның қосылыстарының генетикалық қатарын құрып, атын атап, заттың қай класқа жататынын анықта.

Төмендегі заттар арасынан фосфордың генетикалық қатарын құрайтын заттар формуласын тауып, бөлек жаз.Na, H2SO4, P2O5, PbCl2, S, H3PO4, PbO, KOH, P, Na3PO4

Құрамында 68,4% хромы бар оксидтіңқарапайымформуласықандай?

«Қышқылдар тобына»

S бейметалл екенін біле отырып, оның қосылыстарының генетикалық қатарын құрып, атын атап, заттардың қай класқа жататынын анықта.

«Үшінші артық»

Әр жолдағыбасқакласқанемесеқосылыстыңтипінежататынзаттыңформуласынсызыптаста.

BaO            CO2CaO

HNO3HClNaOH

Na2SO4       H2SO4       BaCl2

     3)  7,8гкалийсуменәрекеттескендекалийгидроксидініңқандаймассасыжәнеқаншамөлшерітүзіледі?

«Тұздар» тобына

Төмендегі заттар арасынан кремнийдің генетикалық қатарын құрайтын заттар формуласын тауып, бөлек жаз. Mg, H2SiO3, N2O5, CaCl2, Si, H3PO4, CuO, K2O, SiO2, Na3PO4, CaSiO3

«Үшінші артық»

Әр жолдағыбасқакласқанемесеқосылыстыңтипінежататынзаттыңформуласынсызыптаста. Ca(OH)2, Al(OH)3, Al(NO3)3, P2O5, SO2, ZnCl2

3) Массасы 12,6 г азот қышқылынбейтараптауүшін мыс (ІІ) гидроксидініңқаншамассасыжәнемөлшеріқажетекенінесепте.

«Негіздер» тобына

Калий металл екенін біле отырып, оның қосылыстарының генетикалық қатарын құрып, атын атап, заттың қай класқа жататынын анықта.

Төмендегі заттар арасынан азоттың генетикалық қатарын құрайтын заттар формуласын тауып, бөлек жаз.  SO2, N, Na2O, N2O5, NaOH, NaNO3, HNO3, H2SiO3

Массасы 10 г кальций карбонатынтұзқышқылыменәрекеттестіргендебөлініпшығатынгазды натрий сілтісіарқылы өткізгенде қанша грамм натрий гидрокарбонаты түзілетінінесепте.

IY кезең. «Ойлан тап» оқулықпен жұмыс.

10г. натрий гидроксиді неше гр. тұз қышқылы әрекеттеседі?

15,5г. фосфор оттекпен әрекеттескенде неше гр. фосфор (Y) оксиді түзіледі?

16 г. күкірт неше гр. кальциймен әрекеттеседі?

28г. кальций корбанаты айырылғанда неше гр. кальций оксиді түзіледі?

IY. Бекіту

Ал, оқушылар бүгін біз қаншама асулардан өттік, енді сабағымызды бекітетін кез келді. Әр топтағы оқушыларға төмендегідей тапсырма беріледі. Бүгінгі сабақ барысында алған білімдерін мына кестеде көрсетеді.

Бейорганика-лықкластар

НСl

К2О

Ba(OH)2 

Na2SO4 

KNO3 

H3PO4 

MgO

HF

Оксидтер


+





+


Қышқылдар

+





+


+

Негіздер



+






Тұздар




+

+




Сызбанұсқа бойынша қорытындылау.

Металл                                         Бейметалл














Негіздік оксиді                           Қышқылдық оксиді







































Негіз                                              Қышқыл

                                              Тұз

Бағалау ( Белсенділік танытқан оқушыларды бағалау)

Y. Үйге тапсырма. «Бейорганикалық қосылыстардың маңызды кластарын» қайталау. Бақылау жұмысына дайындалып келу.

Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы
Сабақ жоспары: Сызықтық алгоритм
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу