Мектеп оқушыларына кескіндеме жазудың әдіс-тәсілдерін үйрету

Oinet.kz 30-09-2020 953

Айғабыл Ақмарал Бақытжанқызы

Алматы қаласы,  М.Мақатаев атындағы

 № 140 мектеп-гимназия бейнелеу өнері және сызу пәні мұғалімі 

Егеменді Қазақстан қазіргі даму бағыты жалпы білім беретін мектепте жас ұрпақты нарықтық заман талаптары мен мәдениетінің даму деңгейіне сай дайындауды қажет етеді. Жалпы білім беретін орта мектептерде барлық оқу пәндерін оқыту, жеке пәндердің өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып,еліміздің болашақ өнер азаматтарын дайындау мен тәрбиелеу мақсатын қояды. Сондықтан бейнелеу өнері сабақтары, жас ұрпақтарды өнерді үйрену әдіс-тәсілдеріне және іс-әрекет технологиясын түсінуге бағытталуы тиіс. Өнер туралы әңгімеде оқушылар кескіндеме, графика, мүсін, сәулет ескерткіштерімен және сәндік қолданбалы өнер шығармаларымен танысады. Бұл аталған әрбір сабақ жеке тұлғаның эстетикалық тәрбиесіне, кескіндемелік шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымына және жан-жақты көркес дщамуына ықпал етеді.

            Кескіндеме – өнер әлеміндегі орасан зор, өзіне еліктіріп әкететін, сиқырлы өнер. Ол адамзат дамуының таң шапағында, біздің тарихтан бұрынғы ата-бабаларымыздың үңгірінде дүниеге келген.

            Сан  ғасырлар бойына суретшілердің басшылыққа алған идеялары, олардың ұмтылыстары өзгеріп отырды, бір стильдің орнын екінші стиль басады бірақ бәрібір кескіндеме өнері жасап, дами береді. Кескіндеме дегеніміз – әр түрлі бояу түрлерімен жазықтық, бетінде орындалатын көркем шығарма. Живопись (кескіндеме) атауы орыстың «живой писать» деген сөзінен алынған, яғни «көріністер мен нәрселерді өмірдің өзіндегідей жанды етіп жазу», -деген мағынаны білдіреді. Кескіндеме бейнелеу өнерінің аса дамыған түрі болып табылады. Кескіндеме суреттері қағазға, картонға, тақтайға, кенепке, т.б. салынады. Негізінен қолданылатын бояу түрлері:акварель, гуашь, темпера, майлы бояу, пастель, сангина және т.б. [1.25-38]

          Кескіндеме ұғымы кең әрі мейленше сан алуан техниканы қамтиды, мысалы түрлі сулы бояулармен –темперамен, гуашьпен, акварельмен және майлы бояулармен жазылады. Кескіндеме өнері (живопись) – бейнелеу өнерінің аса көркем түрі. Кескіндеме-бұл нақтылы көрсетілгендіктенде оның көрерменге әсері күшті.[2.3 19] Сондықтан да Н.Г.Чернышевский өнерді «өнер мектебі» деп бағалаған. Көркемдік бейне тудыруда кескіндеменің пайдаланатын құралы –сәуле бояу, үйлесім. Сәулені бояу реңімен нәзік үйлестіру арқылы өмір құбылыстарын айқын да шынайы көріністер жасайды. Суреткер шеберлігінің көрінер жері де осында.

             Кескіндеме – бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің осы саласынан көбіне өздеріұнатқан жанрдағы тақырыптарлы тандап алады. Біреулер портреттер жазғанды ұнатса екіншілері пейзажды, үшіншісі тарихи, соғыс  немесе  тұрмыстық көріністерді бейнелеуге құштар. Бейнелеу өнері сабағында оқушыларға кескіндеме жазу заңдылығына үйрету – бұл тәсілдерді үйрену жолы, қабылдау және жазықтықта кескіндеме түрін жасау шаралары оның пропорциясы, конструкциясы көлемді материалды және кеңістік жазылу сапалары.

Осыған орай мектеп оқушысына немесе әрбір кескіндемешіге кескіндеме жазудың әдіс-тәсілдерін үйрету үшін, сурет салу немесе кескіндеме жазу заңдылығын сауатты түрде меңгеруі міндетті. Кескіндеме жазудың жалпы заңдылықтары олар: заттарды перспективті және конструктивті тұрғызуы., бейненің пропорциялық қатынасын беру көлемді, кеңістіктң сапасын көрсете алуы және түс үйлесімдігі (колорит), көлем мен заттық форма материалдық және фактуралық қасиеттерін нақты бір үйлесімде бере алуды үйрету. Бұл заңдылықты үйретіп қана қоймай оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыруға көптеген әдіс-тәсілдерді қолдану. Олар:

●Оқушылардың өз  бетінше өнер тапқыштық жұмыстарын ұйымдастыру;

●Шығармашылық үйірме сабақтар өткізу;

●Нақтылы шығармашылық тапсырмалар беру жүйесін жүзеге асыру;

●Оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды бітіру алдындағы салыстырмалы түрде анализдеу;

●Қала галереялары мен мұражайларда немесе жеке көрмелерде суретші жұмыстарына талдау сабағын ұйымдастыру.Болашақ бейнелеу өнері тұлғаны дайындауда терең және жан-жақты жетістікке жету үшін оқу барысын ұйымдастыруда әдістемелік ұсыныстарға сай кескіндеме мен сурет сауаттылығына екерше көңіл бөлу керек. Мұғалім мен оқушы арасында жоғары адамгершілікке толы қарым-қатынас орнату, оқушылардың әлеуметтік белсенділігін арттыруға олардың өзін-өзі  меңгеруіне нақты жағдай жасалуы  міндетті. Сондықтан да мұғалім мен оқушылардың бірлескен еңбегінде олардың мүдделігі мен жауапкершілігін талап етеді.

Әдебиеттер:

1.Рабилова 3 «Пленэр практика курсы». Алматы 6 2010ж. -25б.

2.Кузин В.С. «Изобразительное искусство и методика его преподавании вначальных классах». –М., 1984.-319 б.

Түйіндеме

      Бұл мақалада мектеп оқушыларына кескіндеме жазудың әдіс-тәсілдерін үйрету және кескіндеме жазу өнерінің көркем бейнелеу заңдылықтарын игерту барысында керекті кескіндеме теориясы қарастырылған

Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру
Ашық сабақ: Сандардың нумерациясы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу