Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру
Айғабыл Ақтоты Жақсылыққызы
Қызылорда облысы Қазалы ауданы Әйтеке би кенті
«Нұрай» балабақшасының әдіскері
Елбасы Н.Ә. Назарбаев халыққа жолдауында Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша Қабілетті 50 елдің қатарына кіру міндеттерін қойып отыр. Сонымен қатар қоғам алдында білім беру жүйесін модернизациялау- жылдық мектеп жүйесіне көшу мақсатыда тұр. Бұл жағдайда педагогика ғылымының алдында қоғам санасының аталмыш сферасының жаңа тиімді болатындай даму жолдарын іздестіру міндеттері тұр.
Жеке тұлға- өзіндік құндылық. Оның дамуы мен қалыптасуы мектепте дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің басты мақсатыболуы керек. Бұл жөнінде ежелден-ақ Ұлы ойшылдарымыз әл-Фараби, Ж. Баласағұн, ұлы Абай ерекше толғанған, сондықтан, еңбектерінде адамның жеке басын, дүниетанымын дамыту үнемі көтеріп отырған.Дүниетанымның қалыптасуы- күрделі әлеуметтік- педагогикалық мәселе.
Мектепке дейінгі педагогика – бала өмірінің алғашқы күнінен бастап (туғаннан мектепке барғанға дейін) оны тәрбиелеу, оқыту және білім беру туралы ғылым. Педагогика ғылымдарының басты саласы ретінде мектепке дейінгі педагогиканың негізін салушы Я.А. Коменский. Оның «Ұлы дидактика» атты кітабында алғашқы рет мектепке дейінгі тәрбие жүйесі берілген.
Я.А. Коменский теориясының коптеген қағидалары заманауи педагока үшін де өзекті.
Алайда тиісті басшылықсыз білім мен ұғымды жинақтау жүйесіз жүреді: олар үстіртін, көбінесе жаңсақ болуы мүмкін. Бала «бұлтты — мақта», ал «жұлдыздарды электр шамдары» деп ойлайды. Айналадағы өмірді бақылай отырып, ол өзінше тұжырым жасауға тырысады. » К- И. Чуковскийдің «Екіден беске дейін» деген кітабында бала ақыл- ойының талапшылдығын дәлелдейтін көптеген балалардың сөйлееген сөздерін келтіреді.
Өнер шығармалары баланың сезімін оятады. Шығармаларды талдау, салыстыру, қорытындылау баланың дүниетанымын қалыптастырады. Өнердің түрлі салаларында оқушылардың іс-әрекет жасауы дүниетанымның қалыптасуына орасан зор әсер етеді. Балалар өнердің тілімен танысып, тәжірибеде жұмыс істеуге үйренеді, дағдыланады. Баланың дүниені қабылдау кезіндегі әсерленуі балалық шақта жақсы жүреді, сондықтан көркем өнерпаздар үйірмесін құру, өнер шығармаларын жасату, әңгіме құрастыру, сахналық қойылымдардағы рөлдерде ойнату баланың дүние туралы ой-әрісін кеңейтіп, көзқарастары мен сенімін тексеруге көмектеседі. Оқушының дүниетанымының қалыптасқандығын оның ғылыми білімдерінің тереңдігінен, жүйелілігінен, диалектикалық ойлауынан байқауға болады.
Ғылыми жұмыстарға шолу жасап, табиғатты оқыту мәселесіне тоқталған кезде, негізінен ТМД елдері ғалымдарының ебегіне жүгінуге тура келеді. Себебі соңғы жылдарға дейін (1950-60 жылдар) Қазақстанда тікелей бұл мәселемен шұғылданған ғалымдар болмады. Орыс балабақшаларының бағдарламаларын аударып, сондағы талап-тілектерді жүзеге асыру мақсаты ғана орындалып отырғандықтан, әдістемелік еңбектер де аударма қалпында қалып келді.
Оның бастауы 20-30 жылдардан мектеп жасына дейінгі педагогика ғылымының мәселелерімен шұғылданған Е. И. Водовозова (1913), Н. К. Крупская (1917), Е. И. Тихеева (1928), Л. К. Шлегердің (1930) педагогикалық еңбектері болған (30-35).
Ол кезеңдегі педагогика ғылымының бет бұрысы тәрбислей отырып оқыту бағытында болғандықтан, барлық білім балаға табиғат жайында ұғым беру ісіне негізделген. Ғалымдардың пікірінше, адамды қалыптастыру, оның қоршаған ортаға, табиғатқа деген көзқарасын, дүниетанымын дамыту ретінде орын алды.
Осыдан кейін 30-50 жылдарда жүргізілген педагогикалық-психологиялық зерттеулерде де, мектеп жасына дейінгі балаларға табиғат жайында білім беру ісі өзекті мәселеге айналды .
Л. С. Выготский (1935) балабаша бағдарламасының жаңа талап бойынша қайта қаралып, құрылуына едәуір үлес қосты. Ғалымның тұжырымы бойынша бағдарлама бастауыш мектеп бағдарламасымен сабақтас болуы керек, себебі баланың балабақша қабырғасында табиғат жайында алған алғашқы қарапайым ұғымдары, оның жалпы білім беру орындарында меңгерген білімімен байланысты болған жағдайда ғана баланың ақыл-ойының дамуы нәтижелі болатындығын көрсеткен.
В. А. Сухомлинский «Біз мұғалімдер табиғатты ең нәзік, ең жіңішке, ең сергек нәрсемен — бала миымен істес боламыз. Егер баланы табиғаттан бөліп тастаса, оқытудың алғашқы күнінен бастап, тек сөз арқылы білім берсек, ми клеткалары тез шаршайды. Ми дамуы нығаюы, күшеюі үшін баланы табиғат әлеміне ендіру қажет»-дейді.
Сол кезеңдегі жүргізілген педагогикалық-психо- логиялық зерттеулерінің көбі мектеп жасына дейінгі баланың танымдық қабілеттерін ақыл-ойын, дамыту үшін қоршаған орта, табиғат жайында жүйелі ұғым беру қажеттігін атап өтті.
Қорыта келе Л. Н. Толстой мектепке дейінгі шақ туралы: «Бәлкім, қазір бойымда бар нәрсенің бәріне мен сол кезде ие болған шығармын және көп, тез иеленгенім соншалық,қалған бүкіл өмірімде мен сонын жүзден біріне де ие болмаған шығар мын? Бес жастағы баладан маған дейін бір адым ғана. Ал жана туған баладан бес жастағыға дейін ғаламат қашықтық» деп жазды.Осы тұжырымдаға сүйене отырып мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыруды қолға алсақ деймін.