Сызу арқылы баланың шығармашылық қабілетін тану

Oinet.kz 30-09-2020 886

Өмірзақова Айдана Болатқызы

Қызылорда қаласы, № 2 «Мұрагер» мектебінің 

сызу, бейнелеу өнері  пәндерінің  мұғалімі 

Әлемде ғылым мен техниканың дамуымен бірге әртүрлі мамаңдықтағы адамдардың, сонымен қатар мекемелердің және мемлекеттердің арасында ақпарат алмасудың маңызы жоғарғы деңгейде. Ақпаратты тарату үшін радио, теледидар, кітаптар, газет-журналдар, сызбалар және т.б. пайдаланылады. Аталған ақпарат тарату құралдарының ішінде сызба ерекше орын алады.
Сызба - деп нәрсенің кескінін және оны түсіндіруге қажет басқа да мәліметтер келтірілген құжатты айтады. Сондықтан сызба — ұшақтар, кемелер, зымырандар, тракторлар, экскаваторлар және кез келген ғимараттар, көпірлер, жолдардың жобасын жасауға, соңдай-ақ су, газ, мұнай, электр энергиясын жеткізуге арналған әртүрлі желілер тұрғызу үшін қолданылатын негізгі құжат болып табылады. XIX ғасырдың басында-ақ француз ғалымы Гаспар

Монждың «Сызба -техника тілі» деуі тегін емес еді.
Сызба графикалық кескіндердің бір түрі ғана болып табылады. Графикалық кескіндерге суреттер, сұлбалар, карталар, диаграммалар және шартты белгілер де енеді. Қазіргі кезде өзінің кәсіби іс-әрекеті барысыңда графикалық кескіңдерді пайдаланбайтын маманды атау қиын. Мәселен, дәрігердің өзі атласта келтірілген немесе әртүрлі медициналық аппаратураның экранында пайда болатын адамның ішкі органдарының кескіндерін түсінуі, рентген сәулесі арқылы алынған суреттерді талдай білуі.

Сызу пәнінің маңызы. Сызу - графикалық кескіндерді рәсімдеу, орындау және оларды айырып тану теориясының негізгі қағидалары және практикалық амалдары оқылатын оқу пәні. Сондықтан сызуды техника тілі ретінде ғана анықтау жеткіліксіз. Сыза білу — жазып оқи білуден кейінгі екінші сауаттылыққа айналды. Олай дейтініміз, сызуды меңгерудің нәтижесінде ғана адам қағазда немесе дисплей экранында өз ойын (ойлап тапқанын) дұрыс кескіндей алады және басқалар орыңдаған немесе әртүрлі техникалық қондырғылар экрандарында пайда болған кескіндерді түсіне алады.

Жалпы білім беретін мектептің негізгі білім беретін деңгейіндегі сызу пәнін тек 9 сыныпта оқыту қарастырылған. Соңдықтан сызу пәнінің мұғалімі әр сабаққа жауапкершілікпен дайыңдалып, жоғары ұйымдастыру-әдістемелік деңгейде өткізуі керек. Теориялық материалды меңгерту сызбаларды орындау нәтижесінде ғана жүзеге асады. Ал орындалатын сызбаларға қажет материалды мұғалім оқулықта берілген үлгілерді басшылыққа алып сұрыптайды. Сызбалардың бір бөлігі жаттығу дәптерінде, ал екінші бөлігі (міндетті түрдегі графикалық жұмыстарды) сызу қағазында орындалады. Кейін сызбалар альбомға тігіліп, сызу кабинетінде сақталуы тиіс.

Жақсы нәтиже алу мақсатында оқушыларды сызуды тереңірек оқып-білу үйірмелеріне қатыстырып, олардың еркі бойынша факультативтік курстарды ұйымдастыру керек. Осыған орай мынадай факультативтік курстарды ұсынуға болады: «Геометриялық фигуралардың өзара қиылысуы», «Біріктірулердің түрлері және оларды кескіндеу», «Құрастырылған бұйымдар сызбаларын оқу және бөлшектеу», «Құрылыс сызуының негіздері», «Сызбаларда метрикалық есептерді шешу», «Компьютерлік графиканың негіздері» және «AutoCAD»
Теориялық материалды меңгеру сапасын бақылау және оқу үрдісіне түзетулер енгізу үшін тестілерді қолдану ұсынылады. Бағдарламаның барлық негізгі мәселелері бойынша тестілер құрастыру қажет.

Жалпы мақсат:          

Табанына параллель жазықтықпен қиюды меңгерту, оқушыларға үш  жазықтықта проекциялау арқылы бұйымдарды талдауға

үйрету

Оқу нәтижелері:        

Проекциялау арқылы бұйымдарды талдай алады, жазықтықпен  қиюды үйренеді. Теориядан практикаға иекемделеді. Сызу арқылы

сыни ойлауы артады.

Сілтеме:                      

«You tube» сайтынан алынған бейнересурс,

9 сынып оқулығы.

Түйінді идеялар:         

Сызу арқылы, ойлау, бейнелеу  дүниетанымы кеңейеді.

Ресурс:                           

АКТ, флипчарт, әртүрлі маркер, стикер, А4 формат, қарындаш, сызғыш, циркуль, өшіргіш, бейнересурс.


Блум таксономиясы

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушы іс-әрекеті

Жас ерекешелігіне сай оқыту

Мұғалім оқушыларға геометриялық фигура береді.

Бағалау парағын таратады.

Оқушылар ұнатқан фигураны таңдау арқылы топқа бөлінеді.

І топ.

ІІ топ.

Топ ережесін құрады, топ міндет атқарушыларды белгілейді.

Білу

«Серпінді сұрақ».

1.Геометриялық денелер деген не?

2.Қандай түрлерін білесің?

3.Сызбасын көрсетіңіз.

Оқушылар өздері білетін фигураларды интерактивті тақтадан көрсете отырып мәлімет береді.

Түсіну

1. «You tube» сайтынан алынған бейнересурс арқылы

жаңа сабақ мәліметі беріледі

2. «Диалогтық оқыту».

Топтарға мәтін беріледі, түсіну тапсырмаларын береді.

Қию сызығы-геометриялық дененің бетінің қиюшы жазықтықпен қиылысатын сызық, ал қиылатын фигура –бұл геометриялық дене мен оны қиып өтетін жазықтыққа бірдей тиесілі, жазық фигура.

Көпжақты проекциялаушы жазықтықпен қию.Егер де көпжақты жазықтықпен қиып өтсе, онда көпжақтың жазықтықпен қиылысу сызығы тұйықталған жазық сынық сызық, яғни көпбұрыш болады.Бұл көпбұрыштың әрбір төбесі-көлбеу қырын жазықтық қиып өткен нүкте.

Проекциялаушы жазықтықпен призманы қиып өткенде қиылысу сызығының пішіні призманың пішініне және қиюшы жазықтықтың бағытына байланысты болады.

Нәрсенің V жазықтықтағы проекциясы –фронталь проекция, H жазықтықтағы проекциясы горизонталь проекция деп аталады. Осы жазықтықтардың қиылысу сызықтарын проекциялар осі деп аталатындығын біз білеміз.

Мұғалім түйіндейді.

Көру, тыңдау арқылы ойлау, түсіну дағдысы қалыптасады.

Мәтінді өзара оқиды, түсінеді, бір-бірінің білімін толықтырады,

көмектеседі.

Сергіту сәті

«Ойын ойға жетелейді».

Мұғалім интерактивті тақтадан фигура суретін көрсетеді, сұрақ береді.

Берілген фигуралардың атын жылдам табу.

Оқушылар аңғарымпаздығын, шапшаңдығын, білімдерін көрсетеді.

Қолдану

«Т  карта» Топтарға тапсырманы постер қорғау арқылы береді.

Мұғалім өзара топтардың жұмысын бағалатады.

Оқушылар бірлесе постер жасайды. Сызбаны жан-жақты зерделеп, өзара пікірлерімен сынаса орындайды.  

2 топ өзара бағалайды. ФБ жүргізіледі.

Постерге стикер, смайлик беру арқылы.

Талдау

Конустың құрылымы

1.тапсырма

Конусты жазықтықпен қиғандағы алынған кескіннің проекциясын тұрғызу.

Жеке жұмыс:

2.тапсырма

1).Көпжақты оның табанына көлбеу орналасқан жазықтықпен қию нәтижесінде қандай геометриялық фигура болады?

2).Жалпы жағдайдағы жазықтықпен айналу бетін қиып өтетін сызық қандай геометриялық фигура болып алынады?

3).Шарды әртүрлі жағдайдағы жазықтықтармен қиып өткенде қандай геометриялық фигуралар шығады?

Геометриялық пішім.

Көрнекі кескін арқылы

Оқушылар кескіннің проекциясын жасайды.

Бірлескен топта талқылайды., мұғалімнен мәлімет алады.

Сурет, сызба салады.

Оқушылар ортаға берілген тапсырманы орындауда, мұғалім сауалына сыни пікір білдіреді.

Жинақтау

Тапсырма. Суретте конус, призма, пирамида түрінде шаңғы таяқшалары ұштары берілген. Барлық фронталь проекция бірдей, ал горизонталь проекция қандай болады?

 

Берілген суреттерден ойларын жинақтап, сұраққа жауап іздейді.

Бағалау

Дұрыс призманы фронталь проекциялаушы жазықтықпен қиып, алынған дененің проекциясын тұрғыз.

Сенің ойыңша фигураларды проекциялаушы жазықтықпен қиып, жаға фигурадан қандай бұйым жасауға болады?

Оқушы өз білімін саралауда берілген тапсырмадан жаңа проекция бұйымды ажыратып, басқа бұйыммен өзара байланыстырады. Өмірде қолдануға үйренеді.

Үйге тапсырма

Кескін салу.3.31- сурет 132 бет

Өз бетімен сызба кескін салуға тапсырма алады.

Рефлекция

«Екі жұлдыз, бір тілек».

Кері байланыс жасайды.

Бағалау

Мұғалім баяндамашының пікірін тыңдайды, өзі бағалайды.

Формативті бағалауды қорытындылай отырып, жинақтық балды есептейді.


Сабақ жоспары: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу
Мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымдық көзқарастарын қалыптастыру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу