Қазақ боксының ақыл-ойы
23-01-2024
МАЗМҰНЫ КІРІСПЕ......................................................................................................3
1 НЕГІЗГІ БӨЛІМ......................................................................................4
1.1 Антикалық мәдениет.................................................................4
1.2 Ежелгі грек мәдениетінің ерекшеліктері.................................4
1.3 Көне Рим мәдениеті..................................................................10 ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................
КІРІСПЕ
Әрбір қоғамдық – экономикалық формацияның тарихы тұтастық ретінде берілетін өзіндік мәдениет түрі бар. Қоғамдық – экономикалық формациялардың алмасуына байланысты мәдениет түрі бар. Антикалық өркениеттің адамзат мәдениетіне қосқан елеулі үлесі өте зор. Олар – грек философтары Фалес пен Пифагор, Гераклит пен Демокрит, Сократ. Ежелгі мәдениеттің алғашқы түр-тұрпатының қоғамдық бастауы мен негізі, біртұтас қалпы дербес мемлекет төңірегінде қалыптасқан. Осы тұңғыш формасы грек тілінде – «полис», латынша – «циветас» сөздерімен аталған. Полис – кейбір территорияда салынған үйлері, саны нақтылы тұрғандар, әкімшілік құрылымы мен өндіріс күштері бар қала. Халық бас қосатын алаңы мен базары, ғибадатханалары, қоғамдық мекемелері мен қолөнершілерінің ұстаханалары тынымсыз жұмыс үстіндегі қала – экономикалы, саяси және мәдени орталық болып саналған. Бұл полистің азаматтары, мемлекет – отанды абстрактылы ұғым емес, ал өздерін ақиқат, шынайы теңбіз деп есептеген. 1.1 Антика мәдениеті Антикалық мәдениет (латынша «антигус» - көне, ежелгі) – ежелгі Грек және Рим мәдениеттерінің дәстүрлерінің, құндылықтарының, идеяларының, өнерінің, мұраттарының тұтас жүйесі. Антикалық мәдениет, архаикалық Грекиядан бастау алады. Архаикалық мәдениет ежелгі грек мәдениетінің б.з.д. 7-6 ғғ. Қамтитын кезеңін бейнелеуге қатысты қолданылады. Оның әлеуметтік негізіне полистердің пайда болуы, антикалық құл иеленушіліктің қалыптасуы, жалпы гректік сауда орталықтарының өркендеуі, алфавиттік грек жазуының жазылуы жатады. Антикалық мәдениет 4 кезеңге бөлінеді. Әр кезеңінің өзіндік ерекшеліктері бар: 1. Крит-Миной мәдениеті; 2. Ежелгі Эллада мәдениеті; 3. Классикалық грек мәдениеті; 4. Эллинистік мәдениеті. 1.2 Ежелгі грек мәдениетінің ерекшеліктері Архаикалық грек мәдениеті, ең алдымен мифологиялық сипатта болды және Гомер есімімен байланысты. Атақты грек мифтері осы кезде қалыптасты. Мифологиялық грек мәдениетінің ең негізгі ерекшелігі – оның синкреттік тұтастығы (әлі ажырамаған бірлік). Бұл мифологиялық санада субъект пен объект, ұғым мен бейне, адам мен орта бөлінбеген, олардың арасында үйлесімдік бар. Грек мифологиясының тағы бір өзіндік көрінісі, ондағы табиғатты құдай деңгейіне көтеріп, оларды адамға жақындатумен байланысты болды. Мысалы, Гей – жер, Уран – аспан, Прометей – адамға от сыйлаған, Афины – ақылдылықтың кепілі. Ежелгі гректердің рухани мәдениетінің бүкіл адамзат өркениетінде өшпес із қалдырған түрі кемеліне жеткен антикалық өнер. Ең алдымен ұлы грек трагиктері Эсхил, Евридип, Софоклдың, комедиограф Аристофан т.б. есімдерін атап кеткен жөн. Гомердің «Иллиада» және «Одиссея» поэмаларында классикалық мифологияның өзі де құдайлар мен батырлар туралы жырлардан, аңыздардан тұратыны атап көрсетілген. Сөйтіп, батырлар мен адамдардың өмірі өте жақын, ұқсас, түбінде бір болып шығады. Антикалық өркениеттің адамзат мәдениетіне қосқан елеулі үлесі өте зор. Олар – грек философтары Фалес пен Пифагор, Гераклит пен Демокрит, Сократ. Ежелгі мәдениеттің алғашқы түр-тұрпатының қоғамдық бастауы мен негізі, біртұтас қалпы дербес мемлекет төңірегінде қалыптасқан. Осы тұңғыш формасы грек тілінде – «полис», латынша – «циветас» сөздерімен аталған. Полис – кейбір территорияда салынған үйлері, саны нақтылы тұрғандар, әкімшілік құрылымы мен өндіріс күштері бар қала. Халық бас қосатын алаңы мен базары, ғибадатханалары, қоғамдық мекемелері мен қолөнершілерінің ұстаханалары тынымсыз жұмыс үстіндегі қала – экономикалы, саяси және мәдени орталық болып саналған. Бұл полистің азаматтары, мемлекет – отанды абстрактылы ұғым емес, ал өздерін ақиқат, шынайы теңбіз деп есептеген. Классикалық грекияда қоғам өмірі, біртұтас әлем есебінде азаматтар мен полис өзара бірлікте болып, полис сондағы тұрғындар үшін тіршілік етеді – деген ұғым қалыптасқан. «Полис - әділетті тұрмыс үшін өзара бас біріктірген адамдар қоғамы», деп бағалаған кезінде Аристотель. Сондықтан да кіндік қаны тамған қаладан аластатылғаннан артық жаза болмаған. Азаматтық қауым – «заң мен қабырға», «үй мен құқық», «ұя мен қасетті орын» деп бағалаған Вергилий. Грек полисі, алдымен Афина, б.з.д. 7-6 ғ.ғ. бас кездерінде тұрғызылған. Оның мәдениет деңгейі, жалпы ұғым – ежелгі мәдениет деген анықтауышпен сипатталады. Оның негізгі қасиеттері: 1. Ежелгі мәдениет объетивизм принципіне негіздеоген. Байырғы гректер өз бетінше талдау жасауға, табиғатты абстарктілі – метафизика тұрғысынан салалау дәрежесіне жетпеген. 2. Ежелгі мәдениет абсолютті касмологизм негізінде жасалды, жалғыз абсолютті ғарыш тіршілік етеді. Ол өзінше жеке дара абсолют. Біз оны көріп, естіп, сезе аламыз. Космос – заңдарын өзі белгілейтін дене. 3. Ежелгі мәдениет – сезімтал материалды, жаны бар және саналы космологизм боп табылады. Байрғы грек ұғымында космос – жанды азамат тіршілігінің зор денесі. Адам бойында қаншалықты сана мен жан болса, космос та - соншалық тірі де есі бар әлем. Осындай ғарыш, сол замандарда абсолютті құдірет – құдай саналады. Жағрапия немес медицина, сәулет өнері немесе театр басқа да гректер мүрі таймас із қалдырған мәдениет саласын таба алмайсыз. Гректер мифологиясы, тек өнер мен әдебиет емес, белгілі дәрежеде грек ғылымы үшін де «құнарлы топырақ» болды. Грек аңыз мифтерінің күні бүгінге дейін өміршеңдігін грек әдебиеті мен өнерінің ғұлама өкілдері өз туындыларын көркем-философиялық мәнерде жасап кеткендігімен түсіндірер едік. Мифтереде табиғат күші, адамдардың өз тірлігінде әр түрлі заман ағысына қарай, сол жаратылысқа деген алуан түрлі көзқарастары бейнеленген. Мифология – нақты образдарда адамдардың қылығын қадағалай, қажетті бағытқа сілтей отырып, әлемді игеруге мүмкіндік алды. Мифология – адамзат тірлігінің негізгі проблемалары - өмір, өлім хақында, күнә, жауапкершілік турасында, парыз бен бақыт жөнінде ұғымдар қалыптастырды. Тәртіп, әлеуметтік қайшылықтарды шешу, өзара қарым-қатынас үлгілері анық түрде құдайлар бейнелері арқылы сомдалды. Құдайлар әлемі гректердің ұғымнша, қоғамның рулық ұйымы үлгісімен жасалған. Олимп құдайларының иерархиясы қисынды қоғамдық өмір құрылысына сай келеді. Антикалық құдйлар мен адамдар патшасы – Зевс аспандағы барлық құбылыстар, онын ішінде күннің күркіреуі мен найзағайдың ойнауы және жыл мезгілдерінің алмасу ретін басқарады. Пасейдон – теңіз тәңірісі. Аид – жер асты әлемінің әміршісі. Олардан төменгі дәрежелі мәртебелерді құдайлардың жас ұрпақтары, әсіресе Олимп құдайларының санатына енетін Зевстің балалары иемденген: олар адамдарды айналысатын кәсіптерін басқарады. Зевстің жақсы көретін қызы - Афина қара халыққа тоқу кәсібімен шұғылдануды үйретеді, қол өнершілер мен ғалымдарға көмектесіп, оның қалқаны бейбіт шаруамен айналысатын жандарды бәле-жәледен қорғайды. Апаллон – тоғыз музаның жетекшісі, әншілер, сазгенрлер мен сәугейлер құдайы. Гефест – от және соған қатыстылардың құдайы, ұста кәсібінің жарылқаушысы. Оның әйелі Афродита – махаббат құдайы, Гермес – таулы жер малшыларының тәңірісі, сонымен бірге жолаушылар, саудагерлер және өсімқорларды желеп-жебеуші. Артемида – орман-тоғай мен ондағы аң-құстардың игері. Арес – соғыс, қанды ұрыстар құдайды ... Әлеуметтік және табиғи ортаға адамның ықпалы өскен сайын әлемінің ойдағыдай, үйлесімді жасалғаны-жасалмағаны жөніндегі ұғымы өзгере бастады. Оғаш, ақылға қонбайтын түсініксіз күштердің орнына енді тау, орман-тоғай, теңіз бен өзендердің тамаша қорғаушылары — нимфалар дүниеге келе бастады. Фемида — грек мифологиясында тәртіп құдайына айналды. Сөйтіп, көптеген мифология кейіпкерлері бүгінде де қоғамдық - саяси өмірімізде, көркем әдебиет пен өнерде жиі қолданыс табуда. Әйгілі Гомер грек эпостары — "Иллиада" мен "Одиссея" поэмаларының туындыгері боп саналады. "Иллиада" дастаны Трояға қарсы соғыстың тоғызыншы жылындағы Агамемнонның көсем Ахиллмен жауығуы және соның салдарын жырлауға арналған, "Одиссея" гректерге оншама, мәлім емес алыстағы батыс елдеріне саяхат жасап, аман-есен өз жұрты — Итака аралына оралған Одиссеяның хикаяларына арналған. Көптеген ұрпақтар, Гомер поэмаларын ауыздан-ауызға таратып, жырлаған. Тек б.з.д. VI ғасырда Афинада, қағазға түсіріліп, көркем шығарма мәртебесін иемденді. Ежелгі грек әдебиеті туындыларының алуан-алуан құдайлар мен батырларды мадақтағандардың бірі - шаруа ақыны Гесиод (б.э.д. VIII ғ.) шығарған "Теогония" дастаны. Ол Прометейге жақтасқан адамдарды мейрімсіздікпен жазалаған Зевсті аспан жендеті түрінде сипаттаған. Автордың өз өмірі мен тұлғасын бейнелеген "Жұмыс және тәуліктер" дастаны Гесиодтың даңқын одан бетер асқақтатты. Өзінің еңбектерінде "тарих атасы" Геродот та (б.э.д V ғ.) көптеген мифтік эпизодтарды келтіреді. Геродот ұзақ жылдар саяхат жасап, Парсы, Египет, Керинанка, Қара теңіз жағалауын аралаған. Скифтермен кездескен. Этнографиялық және тарихи материалдар, аңыздар жинап ол халықтардың салт-дәстүрін грек әлеміне таныстырған. Өз сапарларынан Афинаға оралғасын, әр қалалардағы алуан түрлі мәліметтердің басын біріктіріп, белгілі жүйемен тарихи деректерді баяндаған. Сол еңбегі үшін кейінгі ұрпақтары оны шынында да "тарих атасы" санаған. I Б.э.д. IV-V ғасырларды поэзия емес, проза дәуірі деуге келер. Өмірмен байланысы жоқ ескі мифтер бұрынғы тартымды қасиетінен айырыла бастады. Әдебиеттің жетекші драматургия жанрына ойысты. Енді "трагедия әкесі" афиналық Эсхил үздік шықты, ол шамамен 90-дай шығарма жазған. Солардың бізге жеткені — 7. Олардың барлығы дерлік (тек "Парсылар" атты трагедиясынан шығармалары) мифологиялық сюжетке құрылғанымен, негізгі идеялары қоғамдық және жеке адамдар тұрмысының өміршең мәселелерін қозғады. Эсхил Афина мемлекеттік құрылысындағы рақымгерлік, әділеттілік және басқа азаматтық қайырымдылық принциптерін мадақтады. Оның жұртшылыққа кеңінен тараған трагедиясы – "Бұғауланған Прометей". Софокл Эсхилдің жас замандасы еді. Оның да көптеген пьесаларынан бізге жетеуі ғана жеткен. Дағдарыс дәуірі шекарасында өмір сүрген Софокл қаһармандарын мейіріміз дүниемен бетпе-бет келгенде, пешенесіне қаза болу жазған асқақ жандар, өзінің ұғымынша қандай болатынын бейнелеген. Әдебиетте елеулі өзгеріс Эллин дәуірінде (б.э.д. III -1 ғғ.) болды. "Эллиндік мәдениеттің ұғым ретінде екі түрлі мәні бар. Хронологиялық жағынан - эллинизм заманының мәдениеті, типологиялық жағынан — грек (эллиндік) және жергілікті элементтердің бір-біріне өзара ықпал жасауы нәтижесінде пайда болған мәдениет. Эллинизм мәдениеті эллинизм дүниесінің барлық жерінде бір текті болған емес. Әр аймақта ол мөдениеттің жергілікті, неғұрлым тұрақты дәстүрлі элементтерінің, шапқыншылар мен қоныстанушылар гректер мен грек емес халықтар әкелген мәдениеттің бір-біріне өзара ықпал жасауы нәтижесінде қалыптасты. Осы кездерде поэзия мен прозада жаңа жанрлар пайда болды. Драматургияның басты жанры — тұрмыстық комедия мен оның ұсақ түрлері — пантомима т.б. белең алды. Нағыз кесек тұлғалы комедияшы, аталмыш жанрдың жаңа түрін жасаушы — афиналық Менандр болды. Оның (комедияларының желілері әр түрлі: түсініспестік пен кездейсоқтыққа, ата-аналар тастанды балаларын, ағалары – апа-қарындастарын тауып жатқан уақиғаларға құрылған. Грекияның мәдени өміріндегі кейбір қалаларда арнайы салынға алаңдарда өткізілетін ойындар, да маңызды факторға айналды. Ол ойындар негізінде аристократтық сипат алған. Ежелгі және нағыз маңызды ойындар, Олимп Зевсінің құрметіні б.э.д. 776 жылы ұйымдастырылып, содан бері әр төрт жылда қайталанып өткізілуде. Архайка дәуіріндегі дін, әдебиет;] философия, сондай-ақ, өнердің негізін қалаған процестері классикалық дәуірде де толығымен дамытыла түсті. Жалпы, "Қазақстан Ұлттық Энциклопедиясы" анықтағандай: "Архайка - өнер дамуының көне заманғы түрі. Өнертану ғылымында "архайка" атауымен ежелгі грек жөне мысыр өнерін атайды. Ежелгі грек өнері (б.з.д. ҮІІІ-ҮІ ғғ.) Грекия жерінде, грек аралдары шоғырында, Кіші Азия мен Оңтүстік Италия жағалауларында дамыған. Архайка өнері өткінші рөл атқарады. Ол — монументті бейнелеу өнерімені сәулеттік пішіндердің қалыптасқан кезеңі. Мүсіндеу өнерінде жалаңаш денелі атлет жігіттер (курос) және киімдері мен төгілген шаштары өте дәлдікпен сомдалған қыздар (кора) мүсіндері сияқты негізгі типтер қатыптасқан. Сол тұстағы грек сәулет өнерінің бүкіл жетістіктері ғибадатханалар салумен байланысты болды. Шамамен б.з.д. VIII ғасырда сәулет өнеріңде көркемдік екі — доридалық жене мониялық бағыттар қалыптасқан. Доридалық мақам монументтік, байсалдьшық, жетілген тепе-тендікпен ерекшеленсе, мониялық бағыт, керісінше, жеңілдік, әдемілік, сәнділікті бағалауымен Шығыстың ықпалы сөзсіз тигенін аңғартады. Б.з.д. V ғасырда сәулет өнері ез дамуының шарықтау шегіне шықты. Зевстің — Олимпиада, Жеңімпаз Афинаның — Афинада храмдары салынды. Бірталай ескерткіштер - Сицилия мен Оңтүстік Италияда, Зевс ғибадатханасы — Аргентинада, Посейдонның храмы - Пестада, Луканияда тұрғызылды, Афина сәулеткерлерінің ең тамаша туындылары Акропольде орнатылған. Жеке адамға деген қызығушылық оның дара мінез-құлқын көрсететін портреттік мүсіндер пайда бола бастады. Енді өмірде тірілер ғана емес, бұрынырақ бақилыққа кеткен қайраткер тұлғалардың да бейнелерін сомдауға бет алды. Оларда мінсіз, асқақ образдар емес, көбінесе философтарды мүсіндегенде, қалың ой үстінде отырған бейнелерді беруге ұмтылыстар байқалады. Аталмыш дәуірде мәңгілік әдеміліктің үлгісі есебінде атақты милостық Венера дүниеге келді. Қорытындылай айтқанда, грек мүсіншілерінің творчествосы сан салалы да алуан түрлі еді. Оларды жалғыз бір сипаттама ауқымына енгізу мүмкін емес. Байырғы гректердің медициналық білімдері хақында, Гиппократ мектебіне жататын емшілердің шығармалар жинағы — "Гиппократ корпусы" арқасында баға бере алар едік. Бұл тұста абыздар медицинасының орнын нақты да дәл байқауларға негізделген дәрігерлердің медицинасы басты. Тәжірибе, бақылау және тез де дәл диагноз қоюға, диета мен гигиеналық профилактика шараларын қолдануға негізделген олардың әдістері, Демокриттің философиясын да, Функдидтің «тарихын» да дүниеге әкелген интеллектілі мәдени ағымның жемісі еді. "Медицина әкесі" деп саналған Гиппократ аты күллі грек әлеміне, тіпті Шығысқа әйгіленді. Басқалармен қатар Аполлониядан шыққан натурфилософ және дәрігер Диоген де - атын айтуға тұрарлық тұлға болды. Ол қызыл қан тамырындағы "рахымды қан" мен көк қан тамырындағы "зұлым қанды" ажырата білген және қан айналысы жүйесінің құпияларын айқындай алған. Б.з.д. VIII-VII ғасырларда Грекияның нағыз озық өлкесі - Ионияда табиғаттану ғылымдары мен математикалық білімдер тез өрістеген-ді. Шығыс мәдениеті ықпалымен дамыған математика теңізшілер үшін үлкен маңызы бар үшбұрыш тәріздес дене жөніндегі ілімді қолданды. Астрономдар ай календарына түзету енгізетін кестелер жасады, Күн мен Ай тұтылуларын алдын ала білуге тырысты. Айнала қоршаған әлем турасындағы мәліметтерді жинақтау мәселелеріне философтар ұмтылды. Табиғатты бақылау нәтижесінде олар (Фалес, Гераклит), барлық құбылыстардың материалдылығымен ортақ байланыста деген қорытындыға келді. Иония ғалымдарының материализмі мен диалектикасына "Ұлы Грекияда" дүниеге келген имфаторліктер мен элеялық философия мектептері қарсы тұрды. Оңтүстік Италияда Пифагор аристократтық көзқарастағы ойшылдардың діни-мистикалық қауымдастығы - пифагоршілдер одағын құрды. Пифагорлықтар басқа ғылымдарға қарағанда, материалдық әлемнің тұрпайы да, тұрақсыз кұбылыстарды емес, сызықты материалдық, рухани негіздер — сандармен шұғылданатын математиканы дәріптеді, сандар мистикасына үлкен мән берілді: "бір" саны бар нәрсенің бастауы деп есептелді, "екі" қарама-қарсылық принципін енгізуші, оған қарағанда, "үш" ұнамды жағымды нәрселердің көшбасшысы деп мойындалған. Б.з.д. VI ғасырда Элеяда Парменид, Зенон т.б. өкілді құрған элеялықтар философиясының мектебі пайда болып олар иониялықтардың диалектикасын бекерге шығарды. Білім бұлағы саналған тәжірибеден бас тартып, Элея философтары логикалық парадокстер жолымен әлемнің бұлжымайтын тұрақты дене екендігін дәлелдеуге тырысқан. Б.З.Д. V ғасырдағы ғалымдарды материяны біртұтас та бөлінбейтін нәрсе дегендей ұғым қанағаттандырмаған-ды. Философтар бұрыңғыдан да терең талдау жасап, материяның тұңғыш ең ұсақ бөлшектерін айқыңдау жолдарын қарастырды. Бұл бағытты алғаш қалаған -Анаксагор, сосын — Демокрит. Этика тұрғысынан дәстүрлі көзқарасты афиналық ойшыл Сократ сынады. Көне көз философтардың ең ұлылары Платон мен Аристотель еді. Ғылыми білімдердің даму шарты, осыған дейін жиналған мәліметтерді жүйелеп, сақтауды талап етілген-ді. Сондықтан бір қатар қалаларда кітапханалар салынды. Олардың ең әйгілісі Александрия мен Пергамада болатын. Александрия кітапханасы — эллин әлеміндегі ең бай кітап қоймасы болды. Александрияға келген әр бір кемеге, егер оларда қандай да әдеби шығармалар болса, олар не кітапханаға сатылуға, не көшірмесін түсіртіп алу міндеті жүктелген. Осындай ұтырлы да, қатал талап арқасында б.з.д. I ғасырда аталмыш кітапхана қорындағы папирус орауының саны 700 мыңға жеткен. "Патша кітапханасы" аталған одан да басқа да Александрияда Сарапис шіркеуі жанынан тағы бір кітапхана салынған. Б.з.д. II ғасырда Пергам патшасы Евамен II өз астанасында кітапхана шаңырағын көтерген. Тап осында бұзау терісі (пергамен немесе пергамент) жазу материалы есебінде пайдаланылған. Египеттен Пергамға папирус алып шығуға тыйым салынғандықтан, жергілікті мамандар бұзау терісіне жазуға мәжбүр болған. Птолемейлер сарайы жанынан ғалымдардың басын жұмылдыратын "Музейон" (музалар храмы) деп аталған арнайы мекеме ұйымдастырылған. Мұнда оқымыстылар мәжіліс құратын кең зал, кітапхана, ботаника бағы, хайуанаттар паркі, хирургия лабораториялары мен астрономиялық расытхана-обсерваториялар болған. Жұмыс істеуге тамаша жағдайлар жасалған. Оның үстіне ғалымдарға берілетін зейнетақылар б.э.д. III ғасырда қыруар сауатты гректерді - математика, физика, астрономия, жағрапия, филология мамандарын өзіне еріксіз тартқан. Әйгілі математик Евклидтің зерттеушілік еңбегі Александрияда мол жемісін берді. Оның "Геометрия негіздері" аталатын трактат-рисалаты күні бүгінге дейін 2000-ға жуық қайта басылып шығып, көптеген ғасырлар бойы геометрияның басты оқулығына айналды. Әлемге әйгілі математик жөне физик Архимед өзінің жаңалықтары мен өнер табыстарын б.э.д. III ғасырдың 2-жартысында жасады. Көне әлемде оның "Параболаның квадратурасы туралы", "Метод туралы" т.б. еңбектері жұртшылық назарын аударды. Әсіресе, гидростатика ғылымының негізін қалаған әйгілі "Жүзіп жүретін денелер туралы" деген трактаты өзінің тамаша заңын дәйектеді. Геометриямен шұғылдану үстінде Архимед беттің ауданы мен әртүрлі геометриялық фигуралар мен денелердің көлемдерін анықтауда бұған дейін беймәлім әдістерді қолданды. "Пи" санын енгізе отырып, шеңбердің ұзындығын есептеп шығарудың формуласын ұсынды. Осыларға қоса Архимед дифференциалдық есептеу принциптерін білген, өзінің "Механика негіздері" атты еңбегінің арқасында теориялық механиканың негізін қалады, тағы да ол астрономиямен айналысып, планетарий құрастырған. Су айдайтын машина, көптеген атқыш соғыс қарулары мен машиналар жасағанына карағанда, кереметтей творчествалық ой адамының қаншалықты сан салалы дарын иесі екені жұртшылықты тандандырса керек. Сонымен, египеттіктер мен вавилондықтардың жинақтаған білімдеріне сүйене отырып, гректер өзіндік математиканың, астрономияның, медицинаның негіздерін қалады; натурфилософия, лирика, поэзия мен театр, алғашқы тарихи еңбектер дүниеге келді. Храм құбылыстарына байланысты монументалдық сәулет өнері өрістеді. Олардың арасындағы ең көрнектісі – Коринодтегі Аполлон храмы. Сәулет өнерімен қатар монументалдық пластика дами бастады. Үздіксіз қақтығыстар жағдайында полисті қорғаушы - азамат бейнесі қалыптасты. Ол өнердің барлық түріндегі басты тақырыпқа айналды. Б.з.б. VII ғасырда монументалдық грек бояұлы кескіндеме өнері қалыптаса бастады. Архайкалық мәдениет кезеңінде гректің классикалық мәдениетінде ары қарай өркендеген көркемөнер мәдениеті мен эллиндердің гуманистік мұраттарының негізі қаланды. Грекияның. классикалық өнерінде, архитектура мен әдебиетте адам құдіреттілігі насихатталады. Эллинист кезеңде антикалық және шығыстың мәдениеттердің тоғысуы деп қарастыруға болады. 1.3 Көне Рим мәдениеті Мәдени күштер б.з.д. II ғасырда Римге шоғырлана бастады. Өзінің алдындағы дәуірлердің жетістіктерін бойына сіңіре алған Рим өнері жаңа жоғары сатыға өрледі. Бұл ежелгі мәдениет дамуының соңғы дәуірі болатын. Ежелгі Грекия тәріздес көне Рим де Еуропа тарихында да, әлемдік мәдениетте де шешуші рөл атқарды. Римнен Еуропаға өткен көптеген түбегейлі рухани ұғымдар мен қоғамдық тұрмыс нормалары, дәстүрлі құндылықтар, әлеуметтік-психологиялық стереотиптер мың жарым жылдан аса уақыт бойы, XIX ғасырға дейін еуропалық мәдениеттің негізі мен арсеналы, тілі мен формасын құрады. Рим мәдениетінің гүлденуі Рим полисінің дағдарысқа ұшырауы мен монархияның туу уақытына сай келді, сондықтан да типологиялық тұрғыдан қарағанда, грек мәдениетінің өркендеуіне қарағанда, оның қоғамдық даму сатысы кейінірек басталды. Б.э.д. II ғасыр қарсаңында Италия, Грекия, Египет, Сирия, Британия, Испания т.б. ежелгі әлемді түгел дерлік өз қол астына жұмылдырған Рим, әр алуан мәдениеттердің жиынтығына айналды. Рим мәдениеті бірімен-бірі тығыз байланыста дами отырып, оларды игеріп, қайта өңдеу арқасында туып қалыптасты. Грек мәдениеті тәріздес, Рим мәдениеті де қүл иеленуші қоғамның мәдениеті болған. Эллин әлемінің түкпір-түкпірінен осында суреттер мен мүсіндер әкелініп, сауатты, көзі ашық грек құлдарға көптеген ақша төленіп отырды. Олардың пьесаларындағы грек философиясының қысқа афоризмдерін сүзіп алған театрға, римдіктер баруды жиілете берді. Грек философтары қонақтықты жиілетіп, кейбіреулері Рим тұрғынына айналып, мұндағы ақсүйек жастарға ұстаздық қыла бастады. Әдетте, грек трагедиялары мен комедияларын негізге алып, бірнеше пьесаның басын қосып, Рим драматургтері өз жерлестерінің талғамына сәйкес, бір пьеса жасап, көрсетуді әдетке айналдырды. Гректердің құдайлар хақындағы білімдері мен аңыздарын пайдаланған римдіктер, кез келген мифтерге ұқсас, өткендерін баяндайтын, бүгінгісін түсіндіретін, жұртшылыққа жүріп-тұруға нұсқау беретін мифтерін өздері де бұрынырақ жасаған-ды. Бір ерекшелігі: ол мифтердің басты нысанасы құдай да, космос та, адамзат та емес. Ол негізінен оның халқы, тәңірілік және адами сарындар астасып араласып кеткен, қолда бар және болуға тиісті нәрсенің мөлшер-норматив қызметін атқаратын оның тарихы болды. Тарихты аңызға айналдырған халықтардан, римдіктердің ерекшеліктері, мифологияны кескінге айналдыруы болды. Құдайлардың алдын ала белгілеуімен, тәңірлердің заңдарын нүсқауымен жасалған қала – Римнің тарихы –римдік мифтің кіндік идеясы - осы. Бұл миф Римге қызмет көрсететін қажетті рахымшылдардың негізгі моралдық құндылықтарын қорғайтын, Рим халқы, халық еркіндігі, кез келген жерде, кез келген жағдайда бойындағы бар күш-жігерімен қызмет қылу парызы — олардың қала-мемлекетінің гүлдену дәуіріндегі құндылық жүйесінің негізі. Баяғыдан бергі белгілі өзіндік ерекшелігі бар құдайлардың арасында қыраттар мен күн күркірету, жауын жаудыру құдайы Юпитер ерекше бағаланған. Патшалық дәуірдің соңына таман салынған Капитолиядағы храм соған арнлған. Сонымен бірге Юпитер Римнің даңқ және қуат құдайы саналды. Юпитермен қоса аналар қамқоршысы Юнона мен қолөнер жебеушісі Минерва дәріптелді. Енді олар аспан құдайларының капитолиялық «үштігін» құрады. Жер Орта теңізіндегі басымдық үшін Рим күресі дәуірі, Рим әдебиеті мен өнерінде әр алуан жанрлардың туып, даму уақыты болды. Рим көркем әдебиетінің алғашқы қадамдары да Римде гректің оқу-білімінің таралуымен байланысты еді. Осыған дейін аты белгілі Рим жазушылары, өз сюжеттерін майдаланғандарымен, грек әдебиетінің классикалық үнгілеріне еліктеді. Римде ауызекі поэзия ерте дәуірде (патшалар замандарында) дүниеге келген-ді. Ақындық творчествоның өте ертедегі түрлері дінге табынумен байланысты шықты. Діни әнұран, қасиетті өлеңде солай туған. Римнің саяси дәстүрі, мысалы, өмірге салтанатты жыр түрлерін әкелді. Ауыз өдебиетінің басқа түрлерінің ішінен арнайы дауыс шығаруға белгіленген адамдар үшін жоқтаулар айтылатын болған. Рим прозасы да бастауын ескі уақыттардан алады. Оның алғашқы ескерткіштері - жазылған заңдар, келісім-шарттар, діни кітаптар. Б.э.д. 304 жылы Рим күнтізбесі жарық көрді. Енді кез келген азамат қашан, қалайша сот ісімен айналысуға болатынын, яғни қай күндері арыздану, қашан сот процесін жүргізу т.с.с. осы күнтізбеден анықтай алатын болды. Бірінші Рим ақыны, тегі — грек, б.з.д. 272 жылы осында тұтқындалған, кейінірек босатылған Ливий Алдроник болды. Ол "Одиссеяны" латын тілінен өлеңмен аударған. Рим мектебіндегілер оның аудармасынан ұзақ жылдар бойы дәрісі алған. Ливий Андроник грек шығармаларын аудара және өңдей отырып, бірнеше комедиялар мен трагедиялар жазған. Цицеронның шығармашылығы рим мен грек мәдениеттерінің синтезіне, римдік және грекиялық азаматтықтың бірлігіне негізделген. Марк Тулий Цицерон мемлекет қайраткері, Рим республикасын басқарушылардың бірі болған. Заңгер, шешен сөз теоретигі. Сонымен қатар алдына жан салмас шешені адам. Онымен қоса философия білгірі, ақын, аудармашы. Шешен сөз өнерінің ежелгі білгірлері, Цицерон сөздерінің үйлесімділігі мен мүлтіксіздігін аса жоғары бағалаған. Римде ең кеңінен тараған Платон мен Аристотель ілімдерінің, едөуір дәрежеде заманына сәйкес өңделгендерімен, басын біріктіретін эпикуршілердің, социализмді жақтаушылардың, академиктердің философиялық мектептері еді. Рим топырағындағы экпикрушілер жөнінде б.э.д. I ғасырда өмір сүрген атақты эпикурші-философ Лукреций Тит Кардың "Заттар табиғаты туралы" деген поэмасы тереңірек мәлімет береді. Осы дәуірдің көрңекті ақындары - Вергилий мен Гораций. Вергилийдің "Георгиктер" поэмасы ежелгі Италияның тұрмысы мен ауыл шаруашылығы, шаруа еңбектерін жырлады. Дастанның жартысына жуығы тамаша көркем-филофиялық шегіністер — табиғаттағы гармония - жарасымдылық, әлем құрылысы, дүниедегі тәртіппен ауызбіршілік дихандардың шын бақыты туралы, ақынның ойлар – көңілге қонымды да әділетті. "Георгиктер" – ауыл шаруашылығы иесіне ақыл қосатын дидактикалық шығарма болды. Гораций нәзік талғам мен рахымгершілікгі тәрбиелеудің құралы болған ақын және поэзияның міндет-мақсатын жоғары бағалаған. Заттардың мәтінін, Отан, шаңырақ, достар алдындағы өз парызын түсіне білу, консул, сенаттар, патрон, әкенің құқықтары мен міндеттерін түсіну үшін ақын философияны меңгеруі тиіс. Ең батысы: ол бейнелеген кейіпкерлер жанды, өзінің жасына, мінез-құлқына, лауазымына лайықты қимыл жасап, сөз сөйлейтін адам табиғатын зерттеуге міндетті. Горацийдің өзі портрет жасаудың хас шебері еді: ол өз замандастарының үлкен галереясын бейнелеген. Ол дарынсыз өлең ұйқастырушыларды, байлық қуушыларды сатирасымен түйреп, жұртты өз-өздеріне қатаң қарап, күнәдан бойларын аулақ салуға үндеді. Біздің заманымызға дейін философ Сенеканың трагедиясы — "Ессіз Геркулес", "Троялық әйелдер", "Мсдея", "Федра", "Эдип", "Агамемнон", "Фиест", "Геркулес Эгада", "Финикиялық әйелдер" — түгелдей жеткен. Сенека трагедиялары сахнаға қоюға емес, оқуға арналған. Олардың тақырыптары мен сюжеттерін Сенека классикалық дәуірдегі афиналық ұлы трагедияшылардан, әсіресе, Еврипид пен Софоклдан алғанымен, оның шығармаларында жаңа сарындар да жетіп жатыр. Сенека трагедияларындағы негізгі мақсат - кейіпкерлердің қимылында емес, қаһармандардың зұлымдықтары мен қарсыластарын қол жұмсап, азаптауларының шығарма мәтінінің тындаушыларды үрейледіретіні болды. Тамаша тарихшы Укорналий Тацит I ғ. аяғы — II ғ. сында өмір сүрген. Уақиғаны шиеленісті мақамда баяндаудағы шеберлігі, психологиялық анализінің тереңдігі мен нәзіктігі, мінез-құлықтың жинақы да жарқыңдығы, автор мүдделеп отырған бағытта оқырман көкейіне дәл тиетін бейнелер мен картиналарды бір-жар штрихтармен бере білудегі алғырлығы жағынан ежелгі әдебиетке Тацитке тең келер ешкім жоқ болды. Көне Римнің сөулет және бейнелеу өнері де поэзиядағы бағытты ұстаған. Архитектуралық шығармалар мен өнер ескерткіштері, Римнің ұлылығы, бейбітшілік пен тыныштықты айтақтауы керек еді. Храмдар алдына қойылған мүсіндер – ежелгі Рим ерлері өз мемлекетінің алыптығын естен шығармауға арналған-ды. Нерон тұсында алтыннан үлкен сарай салынды. Оның ауқымы мен ішкі әшекейлерін тарихшы Светоний былай деп сипаттайды: "Ауызғы кірер бөлменің биіктігі соншалық, бойы жүз жиырма фут келетін Императордың зор мүсіні емін-еркін тұр басқа бөлмелердегі заттар алтынмен апталып, қымбат тастар және інжумен әшекейленген; дөңгелек бас шатыр, көк күмбезге ілесіп күндіз-түні тынымсыз айналуда; моншаларда тұзды және күкіртті суға шомылуға болады". Бұл сарай біткесін, Нерон "енді өзінің кісіше өмір сүретінін айтқан. Бірақ алтын сарайдың ғұмыры ұзаққа бармады. Нерон паркінде, көл орнына Флавий әулетінің императорлары Флавийдің алып амфитеатрын салды. Қазірде Колизей аталған оның аты әлемге әйгілі. Бұл үш қабатты (кейін төртінші қабат қосылған-ды) ғимаратта күрделі дәліздер, баспалдақтар мен желдеткіш саңылаулары бар жүйесі біртұтас жоспармен тұрғызылған. Оған 50 мыңға жуық көрермендер сияды. Ол өзінің көлемімен ғана емес, архитектуралық пішіндерінің кереметтей сайма-сай үйлесімділігімен қазірде де кісіні таңдандырады. Өзінің басқаруын император Андрия (б.з.д. II ғ.) зор құрылыспен әйгіледі. "Рим - мәңгілік қала" деген қасиетті сөз алғаш соның аузынан шыққан. Императордың тарихқа мәлім өзі жобасымен тұрғызылған ең үлкен Венера және Рома храмын Андриян астанасына сыйға тартты. Өзі үшін кереметтей Мавзолей салдырды. Ол ғасыр ортасында бекініс (Қасиетті Періште Қорғаны) міндетін атқарды. Римдіктер үшін күнделікті тұрмыста портиктер (үй алдына тіреумен көтеріп қойған, қабырғасыз төбелі қалқа) мен термалар (қоғамдық моншалар) жасау үлкен маңызға ие болды. Өйткені: жұрттар көбіне-көп сол жерлерге жиналып, әңгіме-дүкен құратын. Мұнда шомылып қоймай тіпті, гимнастикамен айналысатын, доп ойнайтын. Спорттық жаттығулар жасайтын құрал-жабықтары бар монша тек: римдіктерде болды. Ондайды гректер білмеген. Термаларды Нерон, Тит, Троян салдырған. Бірақ, ең кереметтері — тек 211-216 жылдары тұрғызылған Каракалла-термалар. Римдегі ұсақты осындай термалар саны мыңға тақау болған. Қауырт құрылыс І-ІІ ғасырларда тек Римде ғана емес, Италияның басқа да қалалары мен провинцияларында жүргізілді. Рим сәулет өнерінің пішіндері провинцияларда грек сәулет өнері пішіндерімен бәсекеге түсе бастады. Римде мүсін өнерінде портрет салу бағыты дамуға бет алды. Рим портретінің нағыз алғашқы түрлерінде реалистік бейнелер мол көрінген-ді. Алайда, Август және оның ізін қуушылар тұсында классикалық грек шығармаларының ықпалына жығылып кеткендері байқалады. Кескіндеме-живопистің дамуы жөніңде помпея кескіндемелері мен провинциялардағы фрескалар мәлімдейді. Көбіне-көп сюжеттер Африка, Британия провинцияларының өмірі турасындағы мифологиядан алынған. Оларда шыншылдық, әдеттегі тұрмыс-тіршіліктен алынған жанрлық көріністерге (егін жинау, аңшылық, алым-салық жинау т.б.) деген құлшыныс-құмарлық басым болды. Рим ғылымының тарихы тек қана білім қорын байытумен шектелмейді. Оларда энциклопедизм, осыған дейін жиналған ғылыми жетістіктерді жүйелеп, сараптау бағыты басым. Алайда бұл шаруамен айналысу Римде үздік творчестволық ақыл-ой, тамаша ғалымдар шықпады деген пікір емес. Оның дәлелі – медицинада Клавдий Гален, жағрапия мен астрономияда Клавдий Птолемей, қүқық саласында Сальвий Юлианның аттарын еске салсақ та, жетіп жатыр. ҚОРЫТЫНДЫ Негізгі құқықтық ұғымдардың классикалық анықтамаларын берген, әр түрлі қүқықтық қарым-қатынасты талдау жолын нұсқаған тек римдіктер ғана. Римдік заң жүйесі орта ғасырларда да, кейінгі замандарда да кереметтей абырой иесі болған-ды. Кейбір Еуропа мемлекеттерінде ол ұзақ уақыттар бойы жалғыз пайдаланылған бұлаққа айналды. Осы заманғы азаматтық құқық саласында Рим заңының кейбір баптарын пайдаланбайтын жағдайларды табу қиын. Антикалық мәдениет — Рим поэзиясында, сәулет өнерінде, скульптурада өз көріністерін тапты. Рим мәдениетінің үлкен жетістігіне құқықтың алғашқы әмбебапты жүйесін калыптастыру жатады. Қазіргі батыс мәдениеті Антикалық мәдениеттің төмендегідей құндылықтарын мұраланды: қазіргі ғылымның бастауларын; көркемөнер мәдениеті мен этиканың мемлекет пен құқықтың негізгі нормаларын; христиандық дінді; азаттық қоғамнын, кейбір элементтерін. Антикалық мәдениеті адамзат өркениетгілігінің ең басты ошақтарының бірі деп есептеледі, ол Еуропалық мәдениетгің архетипіне жатады.