Физика. 9 сынып. Емтихан билеттері

Oinet.kz 21-09-2020 2293

Билет № 1

1. Механикалық қозғалыс. Жол және орын ауыстыру. Қозғалыстың салыстырмалылығы.

2. Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Кедергі. Кедергінің температураға және өткізгіштің өлшемдеріне тәуелділігі.

3. Есеп . Жылу мөлшері.

Билет № 2

1. Бір қалыпты үдемелі қозғалыс. Үдемелі қозғалыс кезіндегі жылдамдық пен орын ауыстыру.

2. Термодинамиканың бірінші заңы. Газдың көлемін ұлғайтқандағы жұмысы.

3. Есеп. Импульстің сақталу заңы.

Билет № 3

1. Дененің еркін түсуі. Еркін түсу үдеуі.

2.Жылу қозғалтқыштары. Жылу қозғалтқыштарының пайдалы әсер коэфициенті. Жылу қозғалтқыштарының халық шаруашылығанда қолданылуы.

3. Зертханалық жұмыс: «Психрометр жәрдемінде ауаның ылғалдылығын анықтау.


Билет № 4

1. Ньютонның бірінші және екінші заңы.

2. Қысым. Паскаль заңы. Паскаль заңының көрінуіне мысалдар.

3. Есеп. Кулон заңы.

Билет № 5

1. Электромагниттік тербелістер. Тербелмелі контур. Томсон формуласы.

2. Жарықтың шағылуы. Жарықтың шағылу заңы.

3. Есеп. Механикалық тербелістер.


Билет № 6

1. Бүкіләлемдік тартылыс заңы. Гравитациялық тұрақты.

2. Архимед заңы. Денелердің жүзу шарттары. Кеменің жүзуі. Ауада ұшу.

3. Зертханалық жұмыс: Өткізгіштерді паралел және тізбектей жалғауды уйрену.


Билет № 7

1. Дененің салмағы және салмақсыздық. Үдеумен қозғалған дененің салмағы. Салмақсыздықтың пайда болуына мысалдар.

2. Жарықтың сыну заңы. Толық шағылу.

3. Есеп. Тұрақты ток.

Билет № 8

1. Электр зарядтарының өзара әсері. Кулон заңы.

2. Балқу мен қатаю. Меншіктік балқу жылуы.

3. Есеп. Механикалық қуат.

Билет № 9

1. Дененің импульсі. Импульстің сақталу заңы.

2. Қайнау. Меншікті булану жылуы.

3. Есеп. Математикалық маятник.


Билет № 10


1. Энергия. Потенциялдық және кинетикалық энергия. Энергияның сақталу заңы.

2. Түзу және дөңгелек тоқтың магнит өрісі. Магнит өрісінің тоғы бар өткізгішке әсері.

3. Зертханалық жұмыс: Рычагтың тепе теңдік шартын анықтау.


Билет № 11

1. Тербелмелмелі қозғалыс. Тербелмелі қозғалысты сипаттайтын шамалар.

2. Жұмыс пен қуат және оның өлшем бірліктері.

3. Есеп. Квант физикасы.

Билет № 12

1. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі.

2. Серіппелі және математикалық маятниктің тербелісі.

3. Есеп. Фотоэффект


Билет № 13


1. Көлденең және қума толқындар. Толқындардың сипаттамасы.

2.Потенциал және потенциалдар айырмасы. Кернеулік пен кернеу арасындағы байланыс.

3. Есеп. Атомдардың құрамы.

Билет № 14


1. Планк гипотезасы. Фотоэффект. Фотоэффект заңдары. Фотоэффектінің қолданылуы.

2. Атмосфералық қысым. Атмосфералық қысымды өлшеу. Атмосфералық қысымның дененің жер бетінен орналасу биіктігіне тәуелділігі,

3. Зертханалық жұмыс: «Математикалық маятник жәрдемінде еркін түсу үдеуін анықтау.»


Билет № 15


1. Өткізгіштерді тізбектей және параллель қосу заңдары.

2. Атом құрылысы. Резерфорд тәжірбиесі. Атом ядросының құрылысы.

3. Есеп. Қысым.


Билет № 16


1. Атом ядросының байланыс энергиясы. Массаның ақауы.

2. Ауырлық күшінің әсерінен байқалатын сұйық пен газдағы қысым. Паскаль заңы.

3. Есеп. Серіппелі маятник.


Билет № 17

1. Шеңбер бойымен қозғалыс. Центрге тартқыш үдеу. Сызықтық және бұрыштық жылдамдық.

2. Булану және конденсация. Қаныққан және қанықпаған бу.

3. Есеп. Кинематика.

Билет № 18

1. Уран ядросының бөлінуі. Ядроның тізбекті реакциясы. Ядролық реактр. Ядролық энергияларды бейбіт мақсатта қолдану.

2. Ішкі энргияны өзгерту тәсiлдерi. Жылу берілу түрлері. Жылу берілудің табиғатта және техникадағы қолдану мысалдары.

3. Есеп. Архимед заңы.


Билет № 19


1. Тоқтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы.

2. Жай механизмдер. Механиканың «Алтын ережесі ».

3. Есеп. Механикалық қозғалыс.

Билет № 20

1. Ауаның ылғалдылығы. Ауаның ылғалдылығын анықтау.

2. Атомның шығару және жұтылу спектрлері. Бор постулаттары.

3. Зертханалық жұмыс: « Заттың тығыздығын анықтау»



Билет № 21


1. Дененің ауырлық күшінің әсерінен қозғалысы. Жердің жасанды серіктері.

Бірінші ғарыштық жылдамдық.

2. Денелердің электрленуі. Электрлену әдістері. Зарядтың сақталу заңы.

3. Есеп. Температураның өзгеруі.


Билет № 22

1. Дыбыс. Дыбыстың сипаттамасы.

2. Электр тогы. Ток күші. Амперметр.

3. . Есеп. Энергияның сақталу заңы.


Билет № 23


1. Деформация. Деформацияның түрлері. Гук заңы.

2. Линзалар. Линзаның оптикалық күші. Линзаның формуласы.

3. Зертханалық жұмыс: « Жазықтықтағы дененің ПӘК-ін анықтау.»

Билет № 24


1. Ньютонның үшінші заңы. Ньютонның үшінші заңына арналған мысалдар.

2. Күш моменті. Денелердің тепе-теңдік шарттары.

3. Есеп. Жылу мөлшері.

Билет № 25


1. Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия. Температура және оны өлшеу тәсілдері.

2. Үйкеліс. Үйкеліс күші. Үйкеліс әрекетін техникада ескеру.


Сабақ жоспары. 5 сынып. Ұлттық ойындар
Физика. Емтихан билеттері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу