Сабақ жоспары. Химия. Темір және оның химиялық қасиеттері

Oinet.kz 21-09-2020 1008

Сабақтың тақырыбы: Темір.
Сабақтың мақсаты: 1. Темірдің периодтық жүйедегі орны, атом құрлысын, табиғатта таралуын түсіндіру.
Дамытушылық: 2. Темірдің физикалық, химиялық қасиеттеріне тоқтала отырып, шежірелі элемент екендігі туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: 3. Оқушыларды химия талап ететін ережелерге баулу, пәнге деген қызығушылығы арттыруға баулу
Сабақтың көрнекілігі: плакат, карточка, тест түрлері, карта, т. с. с аралас сабақ.
Сабақ түрі: Аралас сабақ
Техналогия. Проблемалық оқыту, саралап деңгейлеп, оқыту әдістері.
Сабақ жүрісі: 1. Ұйымдастыру кезеңі
2. шығармашылық жұмыстар, деңгейлік тапсырмалар.

Жоспары:
1. Темірдің жалпы сипаттамасы.
2. Табиғаттағы темір.
3. Темірдің физикалық - химиялық қосылыстары
4. Темірдің алынуы.
5. Темір - шежірелі элемент.
6. Темірдің маңызы.

Қара жер адамзатқа болған мекен,
Қазына іші толған әр түрлі екен.
Ішінде жүз мың түрлі асылы бар
Салардың ең артығы немене екен?
Сонымен балалар, Бүгінгі сабақтың тақырыбы не туралы деп ойлайсыңдар?
Fe ) ) ) )
+26 2е 8е 14е 2е. 1S² 2S² 2P 63S² 3P6 3d 4S²

Темір - адам қоғамымен бірге туып, бірге жасасып, адам мүддесіне ұзақ уақыт қызмет етіп келе жатқан тарихи элемент. Ол адамды алғашқы құрал мен қару - жарақтан бастап, бүгінгі ғарыш кеңістігіне көтерген жасампаз металл.
Темір - алюминийден кейінгі көп таралған металл. Темірдің жер қыртысындағы массалық үлесі 4, 65%
Темірдің маңызды минералдары: Магнетит(магнитті теміртас) Fe3O4 7264% Fe. Гематит(қызыл теміртас) Fe2O3 70%Fe; лимонит(қоңыр теміртас) Fe2O3. nH2O60%Fe пирит FeS247%Fe.
Алынуы; 1. Fe2O3 оксидінен қыздыра отырып, сутегімен тотықсыздандыру.
2. Fe2O3 пен Fe3O4 оксидтерінен алюминотермиялық әдіспен
тотықсыздандыру
3. Темір(ІІ) тұздарының судағы ертіндісін электролиздеу әдістерімен алады.

Физикалық қасиеттері; Таза темір - күміс жылтыры бар ақ түсті пластикалық металл. Темір - ауыр металл, тығыздығы 7, 87гсм3, t балқу(Fe)=1539Со, темірдің магниттік қасиеті басым. Таза темір ауада тұрақты.
Химиялық қасиеттері: Жай заттармен және күрделі заттармен реакцияға түседі. Таза темір магниттелуге, тез магниттік қасиеттерін жоюға бейім. Сондықтан оны трансформаторлар, электромоторлар, электромагниттер, және микрофон мембраналарын жасауға қолданады. Темір көбінесе болат және шойын құймалары түрінде пайдаланылады.

1 - деңгей. Сұрақ - жауап.
2 - деңгей. 1. тест. 2. Жұмбақ
3 - деңгей. 1. Сөзжұмбақ. 2. Сырсандық
4 - деңгей. 1. Әңгіме. Есеп. 2. Шумақ құрау.

1 - деңгей. Сұрақ – жауап.

1. Темірдің периодтық жүйедегі орны және атом құрлысы қандай?
2. Темірдің атом құрлысын сыз?
3. Темір қандай тотығу дәрежесін көрсетеді?
4. Темірдің жер қыртысындағы массалық үлесі қандай?
5. Темірдің маңызды табиғи қосылыстарын ата?
6. Хромның периодтық жүйедегі орнын, атом құрлысын сыз?
7. Хромның тотығу дәрежесі қандай?
8. Хромның физикалық қасиеттері қандай?
9. Хромның химиялық қасиеттері қандай?
10. Хромның қолданылу саласын ата?
11. Хром қай жерлерде кездеседі?
12. Хромды кім ашты? Не себепті хром деп аталды?
13. Хромның жер қыртысындағы массалық улесі қандай?

2 - деңгей. Тест.
1. Темірдің маңызды минералы Fe2O3. nH2O
А. Гематит
В. Лимонит
С. Пирит
Д. Сидерит
Е. Магнетит
2. Темір(ІІІ) хлоридің үш молекуласы және темір(ІІ) хлоридінің екі молекуласы диссоциацияланғанда түзілетін иондар саны?
А. 12
В. 30
С. 18
Д, 24
Е. 6
3. Темір купоросының формуласы?
А. MgSO4. 7H2O
В. CuSO4. 5H2O
С. FeSO4. 7H2O
Д. Na2So4. 10H2O
Е. CaSO4. 2H2O
4. Fe+3 ионын анықтау үшін қолданылатын реактив?
А. күміс нитраты
В. мыс (ІІ) нитраты
С. натрий сульфаты
Д. калий роданиді
Е. Барий хлориді.

Жұмбақ.
Жұмбақ деп айтатындай емес алтын,
Сонда да тапшы игілік одан халқым.
Апарып Айға елімнің туын тікті
Жемісі ақыл - ойдың елдің салтын. (Темір)

3 - деңгей. 1. Сөзжұмбақ (Теміртау)
Сырсандық:
1. Мына айналуларды қалай жүзеге асыруға болады?
FeFeCl3Fe2O3 FeFeCl2Fe(OH) 2 Fe(OH) 3Fe(NO3) 3

Химиялық құрам сөздер:
1. Өзім темір, өзім шалбар,
Егер теріс қарай оқысаң,
Болармын бірі - қазба байлықтың.
Айтшы, мен сонда кіммін? (сым, мыс)
2. Бірінші буыным - сұрау есімдігі,
Екіншісі - сан есім.
Қос буынды біріктірсең,
Газға айналып шыға келем. (Не? Он, Неон)

4 - деңгей.
1. Әңгіме. Есеп.
2. Шумақ құрау.
1. Практикалық шығымы теориялық мүмкін шығымның 82%- і болатын, құрамындағы пириттің FeS2 массалық үлесі 0, 7 болып келген 250т рудадан темірдің қандай массасын алуға болатынын есептеңдер.
2. 5%- дық 20г темір(ІІ) сульфатының ерітіндісіндегі темір сульфатының массасын есептеңдер?

Сабақты бекіту сұрықтары:
1. Периодтық таблицадан темірдің орнына сипаттама бер.
2. Біздің елімізде темір кендері қай жерлерде өндіріледі?
Бағалау.
Үйге: 26. Есеп шығару. Есептер жинағы.


Сабақ жоспары. Химия. Фосфордың алынуы, табиғатта таралуы
Сабақ жоспары. Химия. Бензолдың алынуы, қолданылуы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу