Химия. 10 сынып. Алюминий және оның қосылыстары

Oinet.kz 21-09-2020 1163

Пәні: Химия

Сыныбы: 10
Сабақ тақырыбы: §8. 2. Алюминий және оның қосылыстары
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Алюминий элементінің периодтық жүйедегі орнын, табиғатта кездесуі, алынуы, физикалық, химиялық қасиеттерін, қолданылуын, қосылыстары туралы мəліметтерді меңгерту.
Дамытушылық: Оқушылардың пəнге қызығушылығын, дүниетанымын,
екідайлы элементтер жайлы алған білімді одан əрі дамыту.
Тəрбиелік: Топтарға бөліну арқылы шығармашылық жұмысты қалыптастыру. Алюминийдің тұрмыста қолданылуын, алюминий құймаларының құрамымен таныстыру, өмірдегі маңызын түсіндіру.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ
Сабақ типі: Аралас. Жаңа білімді хабарлау.
Сабақтың əдісі: сұрақ жауап, тест шешу, топпен жұмыс, есептер шығару
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі.
2. Үй тапсырмасын сұрау.

Үй - жұмысын тексеру.
1. Кермек сулар дегеніміз? (құрамында гидрокарбонаттар хлорид, сульфаттар
түрінде Ca жəне Mg тұздары бар табиғи сулар)
2. Гипс – ғаныштың формуласы. (CaSO4. 2H2O).
3. Кальцийдің физикалық қасиеттері (Кальций күмістей жылтыраған ақ түстес
металл, өте жеңіл, қатты, созылғыш).
4. Кальций қосылыстарда қандай қасиет көрсетеді? (күшті тотықсыздандырғыш).
5. Кальцийдің тотығу дəрежесі (+2).
6. Тұрақты кермек суды қалай тұщытады? (сода қосу)
7. CaH2 (кальций гидриді)
8. Уақытша кермек суды қандай əдіспен тұщытады? (Суды қайнату немесе
сөндірілген ізбес қосу)
9. Кальцийдің жер қыртысындағы мөлшері қанша? (3, 6%)
10. Кальций қосылыстарын ата (Мрамор - CaCO3; доломит - CaCO3 * MgCO3. Фосфорит - Ca3(PO4) 2 апатит - Ca3(PO4) 2 * CaF2 норвегия селитрасы немесе кальций нитраты Ca(NO3) 2.)
10. Кальцийді кім ашты? (1808ж ағылшын ғалымы Дэви)
3. Жаңа сабақты түсіндіру
Тақтада бір элементтің атом құрылысы берілген, ойланып бұл қай элемент
екенін табыңдар? + 13 AІ ) ) )
2 8 3МИК анықтамалығы», №3 - 2011
Aлюминий элементі III топтың негізгі топшасында орналасқан элемент,
сыртқы қабатында 3 электрон болғандықтан, ол қосылыстарда тұрақты +3 тотығу дəрежесін көрсетеді. III топшаның ішінде ядро заряды жоғарлаған сайын атомның иондану энергиясы төмендеп, элементтің металдық қасиеттері артады. Алюминий металл, оның оксиді мен гидроксидтері екідайлы қасиет көрсетеді. Қалыпты жағдайда III топша элементтерінің барлығында бір дара р электрондары болады. Сондықтан ол химиялық қосылыстарда бір валентті болуы мүмкін. Ал қозған күйде сыртқы қабаттың S - ұяшығындағы жұп электрондардың біреуі көршілес р - ұяшығына көшуінің нәтижесінде 3 дара электрондар түзіледі де, элементтің қосылысындағы валенттігі 3-ке тең.
Алюминийдің табиғатта кездесуі.
Алюминий латынның «алюмин» ашудас деген мағына береді. Табиғатта
ең кең тараған элемент. Табиғатта таралу жөнінен үшінші орында, ал металдық негізінде бірінші орында. Жер қыртысындағы массасы 8, 8%. Алюминийдің маңызды қосылыстарына алюмосиликаттар, боксит, корунд, криолит
Алюминийдің табиғаттағы маңызды қосылыстары

Алюмосиликаттар дегеніміз – құрамында Al, Si, O2, сілтілік жер
металдарының оксидтері арқылы түзілетін тұздар. Бокситтер - негізінен
гидратталған Al2O3 және қызыл түс беретін Fe2O3 тұратын тау жынысы. Бокситтен алюминий алады. Қазақстанда бокситтердің белгілі кен орындары бар, олар Қостанай және Ақтөбе облыстарында орналасқан. Корунд – құрамында Al2O3бар өте қатты минерал. Криолит - жасанды жолмен дайындалады, алюминий металлургиясында қолданады.
4. Жаңа сабақты бекіту
- Оқушыларға топтар бойынша тапсырмалар беру.
І топ: Алыну жолы
ІІ топ: Физикалық қасиеті.
ІІІ топ: Химиялық қасиеті.
ІV топ: Қолданылуы.
І топ: Алыну жолдары: ИК анықтамалығы», №3 - 2011
а) зертханада алу. Алюминииді неміс химигі Фридрих Велер 1827 жылы алюминий хлоридіне ауа қатысынсыз сілтілік калий, натрий металдарын қосып,
қыздыру арқылы алюминий алған.
AlCl3+3K= 3KCl+Al
в) Өнеркəсіпте алу жолы.
а) Аl2O3 электролиздеу арқылы металл Аl – ді алуда 1880 жылы американ
инженер - химигі Чарлз Холл, француз химигі Полл Эру криолитте балқыған
Al2O3 (t=1000oC) электролиздеу арқылы алған.
в) Бокситтен глинозем алу, глиноземнен Аl алу, электрохимиялық əдіс
арқылы.
с) Металл алюминийді 1825 жылы дат физигі Ханс Кристиан Эрстед электро -
магнитизм аймағынан электр арқылы және алюминий құймаларынан Аl алған.
ІІ топ: Физикалық қасиеті

III топ. Химиялық қасиеттері:
Алюминий белсенді металл. Электрокернеу қатарында Mg - ден кейін
орналасқан. Алюминий атомының сыртқы қабатында 3 электрон бар. Реакция кезінде 3е беріп, химиялық қосылыстарда +3 тотығу дəрежесін көрсетіп, күшті тотықсыздандырғыш болады. Ал металдың беті ауадағы оттекпен жанасқанда, лезде тотығып, оксидті қабықшамен қапталады. Алюминий бетіндегі қабықшаның қалыңдығы 0, 00001мм, ол өте берік, иілімді, созғанда бетке жабысып тұрады. Оксид қабықшасы ауада бұзылмайды, жемірілуге тұрақты.
«Химиялық қасиеттері» кестесі
Жай заттар -------------------------------------------------- Күрделі заттар
2Al + 6 H2O → 2Al ( OH ) 3¯ + 3H2 ------------------------ 4Al + 3O2= 2 Al2O3
2Al + 6HCl → 2Al Cl3 + 3H2 -------------------------------- 2Al + 3Cl2=2AlCl3
2Al+ 6NaOH +6H2O=2Na3[ Al(OH) 6] + H2 -------------- 2Al + 3S = Al2S3
Натридің гексагидроксо алюминаты ------------------- 2Al + 3N2=2AlN3
2Al + 3HgCl2 2AlCl3 + 3Hg ------------------------------ 4Al +3C = Al4C3
Алюминий амальгамасы
8Al + 3Fe3O4 =9Fe + 4Al2O3
Бұл əдіс металлотермия деп аталады

ІV топ: Қолданылуы.
Алюминотермия
АЛЮМИНИЙ
Тұрмыс бұйымдары, ыдыстар.
Жеңіл құймалар (дюралюмин, магналий, силумин)
Болат пен шойын қаптауға алитирлеуге.
Ұшақ, жоғарғы сапалы айналар
Автомобиль, авиация.
Электрөткізгіш сымдар, (кабельдер)
Күміс тәрізді бояулар

ІІІ. «Ой - толғаныс»
- Тұжырымдамаларға жауабыңыз? (Диаграмма құру)
1. Алюминий табиғатта таралуы бойынша І орын алады? (жоқ)
2. Алюминий атомының сыртқы қабатында 3электрон бар (ия)
3. Алюминий бір изотопы бар. (ия)
4. Алюминий сілтімен артық мөлшерде комплексті тұз түзеді (ия)
5. Алюминий құймалары өте ауыр ( жоқ)
1. Алюминий белсенді металл (ия)
2. Алюминий ауада тотығып оксид қабығымен қапталады (ия)
3. Алюминий екідайлы металл (ия)
4. Алюминий қоры Қазақстанда кездеспейді? (жоқ)
5. Алюминий ауыр металл (жоқ)
1. Алюминотермия əдісін Н. Н. Бекетов ашты (ия)
2. Алюминий қосылыстарда І валентті (жоқ)
3. Алюминийге конц. салқын НNO3 əсер етеді.(жоқ)
4. Алюминий тек қосылыс түрінде кездеседі (ия)
5. Алюминийдің қайнау температурасы 660оС тең (ия)
1. Алюминий қышқыл, сілтімен де əрекеттеседі? (ия)
2. Алюминий электр тогын өткізбейді (жоқ)
3. Алюминийді бокситтен алады (ия)
4. Алюминий электрөткізгіштігі жөнінен І орында (жоқ)
5. Алюминий қосылысы зергерлік бұйымдар жасауда қолданылады (ия)
Есептер мен жаттығулар орындау:
Есептер: Шешуі:
Бер: υ(Na)=1 моль


Мұхаметжан Сералин (1872 - 1929жж.)
Ашық сабақ. Химия. Кальций және оның қосылыстары
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу