Қазақ тілі: Одағай және оның түрлері

Oinet.kz 14-09-2020 1788

Одағай  толық мағынасы болмайтын, адамның түрлі көңіл күйін білдіретін және жан-жануарларға қаратылып айтылатын сөздер.

 

Одағайға тән негізгі белгілер:

 

1. Лексикалық мағынасы болмайды;

2. Сөйлемдегі басқа сөздермен грамматикалық байланысқа түспейді;

3. Сөйлем мүшесінің қызметін атқара алмайды.

 

Одағайдың үш түрі бар: 1) көңіл күй одағайлары; 2) жекіру одағайлары; 3) шақыру одағайлары.

 

1. Көңіл күй одағайлары шаттану, таңырқау, ренжу, өкіну, қуану мәнінде қолданылады: пәлі, алақай, пай-пай, уһ, әттеген-ай, қап.

2. Жекіру одағайлары тыйым салу, жекіру мәнінде айтылады: тәйт, тек, жә.

3. Шақыру одағайлары хайуанаттарды, жан-жануарларды қуу, шақыру мәнінде жұмсалады. Жылқыға қатысты құрау-құрау, моһ-моһ; сиырға қатысты ауһау-ауһау, әукім-әукім; қойға қатысты пұшайт-пұшайт; түйеге қатысты көс-көс; ешкіге қатысты шөре-шөреитке қатысты кә-кә, айтақ-айтақмысыққа қатысты пырс, т.б. одағайлар қолданылады.

 

Одағай сөйлем басында да, ортасында да, соңында да кездеседі. Соған байланысты одағайға қойылатын тыныс белгілер төмендегідей:

1. Одағай сөйлем басында келсе, одағайдан кейін үтір қойылады. Мысалы, Пай-пайтуған жер қандай ыстықҚұрау-құраукер бесті!

2. Одағай сөйлемнің ортасында келсе, одағайдың екі жағынан да үтір қойылады. Мысалы, Далаға шықсамойпырай, батыс жақ от болып жанып жатқандай...

3. Одағай сөйлемнің соңында келсе, алдынан үтір қойылады. Мысалы, Осы алған бетіңнен танбабәрекелдіКөз жасыңды көрсетпетәйт!

4. Кейбір жағдайда одағай қатысқан сөйлем соңына леп белгісі қойылады. Мысалы:

ҚазақстанПай, пай, пайардағым-ай!

Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай.

5. Қайталанып айтылған одағайлар дефис арқылы жазылады. Мысалы, Паһ-паһ! Сөз деп осыны айт!

Бейнелеуіш сөздер дегеніміз не?
Қазақ тілі: Шылау және оның түрлері
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу