Қазақ тілі. Тасымал. Екпін

Oinet.kz 14-09-2020 701

Жазу барысында бір жолға сыймаған сөз буын жігі арқылы арқылы екінші жолға тасымалданады. Тасымал дауыссыз дыбыстан басталып жасалады. Мысалы, қа-раторғай, қара-торғай, қаратор-ғай; күн-делікті, күнде-лікті, күнделік-ті, т.б.

 

Төмендегі сөз түрлері тасымалданбайды:

1. Бір буынды сөздерді тасымалдауға болмайды: нан, көл, ор, ел, күрт, жұрт, т.б.

2. Жалғыз әріпті бірінші жолға қалдыруға немесе екінші жолға шығаруға болмайды: ана, ата, ұлы, екі, ұя, үю, тыю, қия, т.б.

3. Қысқартылып жазылған адам есімін тегінен бөліп тасымалдауға болмайды: А. Құнанбаев, М. Әуезов, С. Торайғыров, Г. Дулатова, т.б.

4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын алдындағы саннан бөліп тасымалдауға болмайды: 11-сынып, ХХІ ғасыр, 2012 жыл, 22 наурыз70 км, 52 кг, 120 г, т.б.

5. Бас әріптері, бас әріп пен сөздің басқы буынынан қысқарған сөздер тасымалданбайды: ҚР, БҰҰ, ҚазҰУ, ҚБТУ, т.б.

 

Сөз ішіндегі бір сөздің, бір буынның, бір дыбыстың көтеріңкі айтылуы екпін деп аталады. Қазақ тілінде екпін сөздің соңғы буынына түседі.

 

Екпін сөз екпіні, ой екпіні, тіркес екпіні, дыбыс екпіні болып бөлінеді.

 

Сөз екпіні – екі немесе көп буынды сөздің бір буынының көтеріңкі айтылуы. Көктем таңының мұншалық сұлулығын бұрын байқамапты.

 

Ой екпіні – сөйлем ішіндегі бір сөзді оқшаулап, даралап бөліп айту. Ой екпіні түсетін сөз көбінесе баяндауыштың алдында тұрады. Мысалы, Тілектің әкесі ертең Астанадан келеді. Ертең Астанадан Тілектің әкесі келеді. Тілектің әкесі Астанадан ертең келеді.

 

Бірнеше сөздің тізбектеліп келіп бір ғана екпінге ие болуы тіркес екпіні деп аталады. Мысалы, ар-ұждан, ұзын бойлы, үнсіз қалды, қоңыр ала, төбе шашы тік тұрды, құлақ қой, т.б.

 

Бір сөздің ішіндегі бір дыбысты көтеріп, созып айту дыбыс екпіні деп аталады.

 

Дыбыс екпіні қуанышты көңіл күйді білдіргенде дауысты дыбысқа түседі: тама-ша-а, жара-а-йсың, т.б. Ренжу, қынжылу сезімін білдіргенде дауыссыз дыбысқа түседі: отыр-р-р, тоқт-тат, ж-жап есікті, т.б.

Ғылыми жұмыс. Бесік жыры
Ғылыми жұмыс. Ертегілердегі өлшем бірліктер
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу