Ашық сабақ. Тарих. Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?

Oinet.kz 14-01-2020 1688

Сабақ тақырыбы: Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?
Сабақтың мақсаты • Көшпелілердің әскери өнері жетістіктерін талдау
• Х – XIII ғғ. мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру
Жетістік критерийлері
• Моңғолдар мемлекеттік деңгейге қалайша жеткендігін біледі;
• Әскери жетістіктерін біледі;
• Карта бойынша саяси үдерістерді түсінеді;
Тілдік міндеттер Пәндік лексика мен терминология:
1. «Яса» заңдар жинағы арқылы моңғол мемлекетінің идеологиясы, басқару жүйесі, әлеуметтік құрылымын талдайды (оқылым дағдысы);
2. Кешіктен - Шыңғысханның жеке басын қорғайтын жасауыл
3. Құрылтай – моңғол империясының жоғары басқару органы
Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:
Әскер, әлеуметтік, саяси жағдай, қосылу, ақсүйек, қарасүйек, заң, әскери жүйе, біріктіру.
Алдыңғы білім
Қазақстан жерінде моңғол экспансиясына дейін түркі тілдес тайпалардың этносаяси бірлестігі қалыптасқанын және олардың әлеуметтік – экономикалық, саяси, мәдени жағдайын біледі.

Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі.
1) Тақырып ашу. Бірнеше оқиғаларды мағынасы бойынша сәйкестендіру.
2) Терминдермен жұмыс. Интерактивті тақтада үш термин анықтамасымен шығарылады. Оқушылар дәптерлеріне жазып, мұғаліммен бірге мағынасын талқылайды.
3) Видео роликке анализ жасау. Шыңғыс хан туралы видео ролик қосылады. Видеороликті тыңдай отырып, зерттеу сұрақтарына жауап береді.
• Моңғолия жерінде өмір сүрген тайпалар?.............
• Көшпелі түркі тайпаларын өз территорияларынан ығыстырған қай мемлекет?............
• Шыңғысхан құрған мемлекет территориясы бұған дейін болған қай қағанаттың шекарасымен бір немесе ұқсас?...........
• Қытайлықтар қандай сылтау айтып дала көшпенділеріне жорықтар жасады?...................................
• Сырдария мен Әмудария аралығындағы жерлер қай мемлекеттің қол астында болды?................
4) Мәтінмен жұмыс. Мәтінді оқи отырып, мынандай зерттеу сұрақтарына жауап береді:
1. 1211 жылы моңғолдар Қазақстан жеріне не себепті келеді?....................
2. Күшлік хан қай мемлекеттің билеушісі болды?................
3. Керейлер билеушісі кім болды?.....................
4. ХІІІ ғасырда Керей, Найман, Жалайыр тайпалары неліктен Қазақстанға қоңыс аударды?..........
5) Картамен жұмыс. Оқушылар картаға қарап отырып, саяси өзгерістерді біледі.
6) Темүжін. (Шыңғыс хан) саяси портрет. Қысқаша ақпарат беріледі.
7) Мозайка. Мозайкалық суретті хат арқылы сөйлем құрастыру.
Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті? жүктеу

Ашық сабақ. Тарих. Ежелгі көшпелілердің материалдық мәдениеті
Ашық сабақ. Тарих. Моңғолдар мемлекеттілік деңгейге қалай жетті?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу