Ашық сабақ: Сөйлем мүшелері

Oinet.kz 14-09-2020 1229

Тақырыбы: Сөйлем мүшелері

Мақсаты: 1. Тұрлаулы мүшелер сөйлемнің негізгін құрайтынын түсіндіру,  сөйлемнің     мәнін терең ұғып, мағынасын аша білуге, сөйлем мүшесіне талдау. үйрету.

Оқушылардың ойын, тілін дамыта отырып, сөздік қорын молайту.

Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, мейрімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: оқулық, карточка, сызбалар, дидак. материалдар.


Әдіс-тәсілі: деңгейлік тапсырмалар, түсіндіру, сұрақ-жауап,ойын, топпен жұмыс

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың барысы.


І. Ұйымдастыру кезеңі

1). Психологиялық дайындық


Қайырлы таң достарым!

Қайырлы  күн болсын.

Сәрсенбінің әр сәті,

Сәттілікке толы болсын.

Біздің алар бағамыз.

Кілен бестік болсын.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.


А) 1деңгейлік:  2-жаттығу. 4 -хабарлы сөйлем.


1- сұраулы сөйлем. 3-лепті сөйлем


2-д: 3- жаттығу.


3-д: 5- жаттығу.


ә) Әр топ басшысына тапсырма : Тест тапсырмасы


  ІІІ. Ойыны «Бәйге»


Сол жақтағы-20. Мәтін деген не? Оның түрлері

Ортадағы-50. Сөз таптарын айтып бер?

Оң жақтағы-15. Кітап сөзіне дыбыстық талдау жаса?

Сол жақтағы- 30. Етістік дегеніміз не? Оның түрлері?

Оң жақтағы-30. жалқы есім деген не? Мысал келтір?

Сол жақтағы -40. Сөйлем деген не? Олардың түрлері

Ортадағы-40. «Жаңбар жауап тұр» осы сөйлемді сұраулы сөйлемге айналдыр.

Оң жақтағы- 20. Білімге байланысты мақал- мәтел айт

Ортадағы 15. Дыбыстар нешеге бөлінеді?


ІҮ. Шығармашылық диктант


Оқушылар дәптерлеріне жазады. Мәди жиналған отынның арасынан бір дыбыс естіді. Ол жақын барып қарады. Бір құс қуысқа қысылып қалыпты. Құс қанатымен отынды сабалайды.


Сен Мәдидің орнында болсаң не істер едің? (Мәди құсты үйіне алып келді)(оқушыларды мадақтау)

Тапсырма:1. Сөйлемдердегі кім? не? кімдер? нелер? не істеді? не қылды? қайтті? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді алып тастап оқу. ( Нәтижесінде сөздердің мағынасыз тізбегі ғана қалады )


тапсырма: не істеді? не қылды? қайтті? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді қалдырып оқыту. ( сөйлемдік дәрежесін сақтай алмайтынын байқату)

тапсырма: кім? не? кімдер? нелер?не істеді? не қылды? қайтті? Бұл сұрақтар сөйлемнің негізін білдіреді.

Ү. Жаңа сабақ


— Сонымен сөйлем құрауға негізгі болатын қандай сөздер екен?


Олар Не?нелер? кім? Кімдер? Не істеді? неқылды? Қайтті? Деген сұрақтарға жауап беретін сөздер- сөйлемнің негізі болатын сөздер.


Ереже: Сөйлем құрамындағы нақты сұраққа жауап беретін сөздер сөйлем мүшелері. Сөйлем мүшелері толық мағыналық сөздер.


ҮІ. Ойын «Толықтыр» дидақтикалық ойын. Бұл ойынның шарты көп нүктенің орнына сөздерді қойып сөйлемді толықтыру.


Сөйлемдер: 1. … айнадай жарқырайды. 2. Жаңбыр түнімен … .


3.Аю … ұйықтайды.


 4.Дельфин … жүзеді.


Күзде … жылы жаққа … … .

Мектепте шахмат … болды. ( тақтада орындау)

ҮІІ. Сергіту сәті. Тербеледі ағаштар


                                Алдымнан жел еседі.


                                Кіп кішкентай ағаштар


                               Біп биік болып өседі.


ҮІІІ. Бекіту.


Жаттығулар мен жұмыс.


2- жаттығу.  Бүркіт ұшты. Қыран бұркіт аспанда қалықтай ұшып барады. Түйе құс жүгірді. Түйе құс тез жүгірді. Қарға отыр. Қарға ағашта отыр.   


3- жыттығу. Әр топ бір сөйлемнен орындап, талдау.


іХ. Деңгейлік тапсырма.


1д. Карточкамен жұмыс


2д: «Адасқан сөздер» ойын мақал-мәтел құрастыру


3д: « Берілген тірек сөздермен мәтін құрап жаз.


Күн суатты, тығылды, ұшып кетті, жаңбар,сарғайды, диқаншылар

Х. Сабақ қорытындысы.

Ашық сабақ. Психология. Науқас психологиясының қарым-қатынасқа әсері
Урок. Психология. Гармонизация психоэмоционального состояния детей
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу