Ашық сабақ. Химия. Металдар тарауын қорытындылау
АШЫҚ САБАҚ ЖОСПАРЫ
Пәні: Химия
Тақырыбы: Металдар тарауын қорытындылау
Күні: 28.11.2018ж
Оқытушы: Тулепбергенова Ж.
Тобы: СТ9-181
Дәрістің тақырыбы: Металдар тарауын қорытындылау
Дәрістің мақсаты:
Білімділік: Металдардың үлгілерін, химиялық, физикалық қасиеттерін, өндірісте және шаруашылықта қолданылуын оқушыларға түрлі әдіс тәсілдерді пайдалана отырып түсіндіру.
Тәрбиелік: Өз бетінше жұмыс жасауға, сабаққа жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу және түрлі тапсырмаларды орындатып, алған білімдерін өмірмен байланыстыруға үйрету.
Дамытушылық: Металдар тарауы бойынша алған білімдерін жинақтау, пысықтау және химиялық реакция теңдеулерін жазғызып, тәжірибе жасату арқылы оқушылардың қызығушылықтарын арттыру.
Дәрістің түрі: Теориялық, қорытындылау сабағы
Оқыту әдісі: Қорытындылау, баяндау, сұрақ-жауап, көрнекілік әдіс, зертханалық әдіс, топтық және жұптық жұмыс, ойын элементтері, конференция әдісі, көшбасшылық.
Әдістемелік қамтамасыз етілуі:
Көрнекіліктер: Химиялық элементтердің периодтық кестесі, Металдардың электрохимиялық кернеу қатары, ҚР пайдалы қазбалар картасы, Қ.И.Сәтбаевтың суреті, оқулық, дидактикалық материалдар, деңгейлік тапсырмалар, үлестірме қағаздар, ғаламтор суреттері мен мәліметтері т.б.
ОТҚ: Интербелсенді тақта, слайдшоу және зертханалық құрал-жабдықтар мен реактивтер.
Пән аралық байланыс: тарих, география, биология, физика, астрономия.
Қолданылатын әдебиеттер:
Негізгі
Қосымша
Дәрістің құрылымы мен мазмұны
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеу, дәрісхана тазалығын тексеру, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылай отырып, зейінін сабаққа аудару.
Өткен білімдерге сүйене отырып, оқу әрекетін дамыту
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
1.«Бай боламын» сұрақ-жауап ойыны.
Металдар дегеніміз не? (Электр тоғымен жылуды жақсы өткізетін, пластикалық қасиеті жоғары, жылтыр заттар)
Металдарды микроскопиялық түрде қайда кездестіруге болады? (теңіз суында өсімдік жасушасында, жануарлар ұлпасында кездеседі)
Жеңіл металдарды атаңдар? –( алюминий , магний, титан)
Қара металдар дегеніміз не және оларды атаңдар? (механизмдер, тетіктер, машиналар әртүрлі құрылымдар жасаудағы негізгі материалдар болып табылатын металдарды айтамыз. Дүние жүзінде өндірілетін барлық металдың 94%-ын қара металдар құрайды. Қара металдардың қасиетін өзгертуге әсер ететін негізгі элемент көміртек болып табылады. Қара металдар қорытпаның құрамындағы көміртегі мөлшеріне қарай шойын және болат деп бөлінеді)
Түсті металдарға қандай металдар жатады? (алтын, күміс, Алюминий, Мыс, мырыш, қорғасын, қалайы, Қола)
Металдар арасында таралуы бойынша 1-орында қандай металл? (Алюминий. Алюминий-күміс түстес ақ металл, ол жеңіл, өте иілгіш металл)
Адам тырнағымен-ақ кесілетін жұмсақ металл? (Цезий)
Шыныны қандай металлмен кеседі? (хром)
Дюралюминий дегеніміз не? (Алюминийдің мыспен құймасы)
Ең алғаш алынған құймалардың бірі? (қола).
«Тілден тілдің кемдігі жоқ» тапсырмасы.
Металдар тақырыбында жұмбақтар шешу. Жауабын тақтадағы қазақ және орыс тіліндегі аудармаларын латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиімен тақтада тұрған кестеге жазады. Кестені дәптерлеріне жазып алады.
Ақ металл айналады су бетінде тыным таппай,
Бейне бір жүргендей-ақ су бетінен орын таппай. (Na, natri, natri, natri, ontree)
Қара металлургияның нанымын,
Машина мен тракторлардың жанымын (Fe,ferrum, temir, jeleza,gland)
Табылса бұрын там – тұмнан
Қазір көп әрбір өлкеде,
Қымбат болды алтыннан
Қандай металл ертеде. (Al, aluminium, alymini, alymini, )Күмістей түсі жылтыр, өзі сұйық,
Буланбас, қайнатсаң да отынды үйіп.
Көрсететін суықты, жылуды анық
Қандай зат: құрал жасар соны құйып? (Hq, qydraqerium, synap, rtyt, mercury)Табиғаттың орын алған төрінен,
Ең әдемі қызғылт түспен көрінем.
Екі түрлі валенттілік көрсетіп,
Басқалардан ерекше боп бөлінем. (Cu,cuprum, mys, med, copper)
Ақша болып қоғамда дараланды
Ерекше боп мәртебесі бағаланды.
Зергерлік те жасалып, бұйымдарда
Адамзатты емдеген иондары. (Ag, arqentum, kumis, serebro, silver )
7. Металл көп жөнді-жөнсіз мақтанатын.
Көбінде бар кемшілік тоттанатын.
Соларды тоттанудан сақтап жүр ғой,
Сыртынан мына менің “ақ қабатым”( Zn, zincum, myrysh, sink, zinc )
Қажетті зат бекер жерде жатпайды,
Меніменде метал бетін қаптайды
Тотықпайтын қасиетім арқылы ,
Темірді де жемірілуден сақтаймын (Ni, nikel, nikel, nickel)
№ | Химиялық таңбасы | Грекше атауы | Қазақша атауы | Орысша атауы | Ағылшынша атауы |
1. | |||||
2. | |||||
Металдар туралы видео ролик.
«Құрастыр» Металдардың кристаллдық торларын құрастыру. Атомдық кристалл торын анықтау.
1-қатар Темір
2-қатар Магний
3-қатар Мыс
5. Конференция бөлімі әр қатардан үш-үш оқушыдан шығып, металдардын түрлі ғылым салаларымен байланысын қорғайды.
Биология
География
Тарих
Физика
Астрономия
Медицина
Дін
Өндіріс
Шаруашылық
«Қызықты тәжірибелер»
Әр қатарға металдардың химиялық қасиеттерін бақылау үшін тәжірибе жасау тапсырылады.Әр топтан бір-бір оқушыдан тәжірибе орындаса, ал топтың екінші оқушысы реакция теңдеуін жазады. Қалған оқушылар зертханалық жұмысты дәптерлеріне орындайды.
Техника қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп өту.
1- тәжірибе «Алтын шеге»
2-тәжірибе «Күміс айна реакциясы»
3-тәжірибе «Химиялық вулкан»
№ | Не істелді? | Не байқалды? | Қорытынды! |
1- тәжірибе | |||
2- тәжірибе | |||
3- тәжірибе |
«Сәйкесін тап» күнделікті шаруашылықта және тұрмыста қолданылатын заттар көрсетіледі. Құрамы қандай металдан тұратынын анықтап, оларға сипаттама береді.
ІІІ. Сабақты қорытындылау. Сабақ барысында белсенділігі аз болған оқушыларға карточка таратылып беріледі.
«Метеориттік жаңбыр»
Өмір металы деп қай металдарды айтамыз? Медицинада тірі организмдердің өмір сүруі үшін қаже т 10 метал бар.Олар: темір, мыс, магний, цинк, марганец, молибден, натрий, калий, кальций)
Иассауи кесенесіндегі Тайқазан неше түрлі металдан жасалған? Жеті түрлі метал құймасынан соққан.Олар: алтын, күміс, темір, қорғасын,мыс
қалайы, сынап.
Темірді коррозиядан сақтау үшін қолданылатын металл? никель
Ұлыбританияда Трансваль мұражайында орналасқан Жезқазғанның қай
металы? Мыс
Темір мен көміртектің қосындысы? Шойын және болат
Елбасының мамандығы? Металлург
Бактерицидтік қасиеті бар металл? Күміс
Медицинада сүйектерді бекіту үшін қолданылатын металл? Титан
Ең қымбат металл? Родий
Қазақ КСР академиясының академигі, Кеңес Одағының және Қазақстанның металлогениямектебінің негізін қалаушы, қазақтан шыққан тұңғыш академик? Қ.Сатпаев.
«Деңгейлік тапсырмалар» тест
І деңгейлік тапсырма
Қанға қызыл түс беретін химиялық элемент
А) темір
ә) мыс
б) күміс жауабы: А
Темір қандай валенттілік көрсетеді
А) ауыспалы
ә) тұрақты
б) нөл жауабы: А
Темір периодтық кестеде қай топта орналасқан?
А) ҮІІІ топ, негізгі топша
ә) ҮІІІ топ, қосымша топша
б)ҮІІ топ, негізгі топша жауабы: Ә
Темір табиғатта таралуы жөнінен нешінші орында?
А) бірінші
ә) екінші
б) үшінші жауабы: Ә
Өте ертеде сақтар темірді не үшін пайдаланған?
А) тұрмыстық бұйым, қару жасауға
ә) магниттік қасиеті үшін
б) еңбек құралы жауабы:А
ІІ деңгейлік тапсырма
Мынадай айналулардың химиялық теңдеулерін жазу:
1)Mg → MgCI2;
2) Na → Na3N;
3) Fe → Fe(OH)2;
Шешуі: 1) Mg + Cl2→ MgCI2;
2) 6Na + N2 → 2Na3N;
3) 2Fe + 2H2O +O2→ 2Fe(OH)2;
ІІІ деңгейлік тапсырма
Интерактивті тақтада көрсетілген тәжірибенің реакция теңдеуін жазу
Na2SiO3 +2HCI = H2SiO3 + 2NaCI
2Mg + O2= 2MgO
BaCl2 + H2SO4 = BaSO4 + 2HCl
BaSO4 + 2 HCl= H2SO4 + BaCl2
ІV. Оқушыларды бағала . Топ басшыларының бағалау парағының қорытындысы бойынша үш қатарға 1,2,3 орын беріледі. Алтын, күміс және қола медальдермен марапатталып топ басшысына тапсырылады. Ал жеке-жеке оқушылар стикерге өз аты-жөнін жазып тақтада тұрған бағалау критериінің «Бас бармақ» әдісіне жапсырады.
Үйге тапсырма беру. Қазақстанда өндірілетін ірі кен орындары туралы конспект жазып келу.