Қойдың жаралуы (аңыз-әңгіме)
21-12-2019
Қазақ прозасы тереңдеген сайын құнарлана, құнарланған сайын күрделене, күрделенген сайын əлемдік деңгейдегі жаңашылдықтар, жаңа ізденістер бой көтерді. ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ басында қоғамдық өзгерістерге байланысты əдеби процесте де көптеген өзгерістер пайда болды. Сондықтан да қазіргі қазақ əдебиеттану ғылымыда прозаның күрделі мəселесінің бірі сюжет, нарративқа көңіл аударуда.
Нарратология, нарратив теориясы, баяндау теориясы, жалпы алғанда, баяндауды зерттейтін ғылыми пəн. Нарратология əр түрлі нарративтің жалпы белгілерінің көрінуін, олардың арасындағы айырмашылықтарды айқындау, нарративтің пайда болуымен дамуы заңдылықтарын бір жүйеге келтіруді мақсат етеді. Сондықтан да нарратология екіге бөлінеді:
классикалық (бұл жағдайда нарративтіліктің белгісі ретінде нарратордың қатысуы жатады);
құрылымдық (бұл жағдайда нарративтілік баяндалатын мəтінге қарама-қарсы уақыттың дамуы бойынша анықталады).
Сонымен қатар нарратологиядағы əдеби мəтінді екі түрлі жолмен қарастыруға болады:
баяндалатын оқиға (мазмұн) арқылы;
хабарлау ретінде (көрініс).
Осы диахрония негізінде нарратологияның басқа да түсініктері пайда болады: фикционалдылығы (жасандылығы, ойдан шығару) жəне фактуалдылығы (бар болуы, іс жүзіне асыру), нарратор (баяндаушы) типтері, баяндау инстанциясының иерархиясы, сатысы (шынайы жəне абстрактілі автор, нарратор, идеалды жəне нақты оқырман, оқырман бейнесі), автор бейнесі (баяндаушыны бөліп ажырату немесе оқырманмен тілдесу жəне ойнау мақсатында баяндаушы- кейіпкердің жеке мінез-құлқы мен биографиялық белгілерін айшықтау) жəне т.б.
Көркем мəтіндегі баяндау терминін сөздердің барлық типтерінің (баяндау, бейнелеу, əңгімелеу) жиынтығы ретінде түсіну қажет.
Баяндау — белгілі бір əңгімелеушінің немесе баяндаушының (дыбыс шығаратын) сөйлеу актісі.
Оның негізгі белгілері, ерекшеліктері:
а) шығарманың туу деңгейі бойынша: əңгімелеуші көбінесе бір уақытта қаһарман болып туындағы оқиғаларды көзімен көруші жəне тіпті автордың образы болып көрінеді (қаһарман- əңгімелеуші, автор-əңгімелеуші); жеке хабарлаушы көрсетілмейді; абстрактылы, оның ішінде хабарлау қызметін атқарады;
ə) жеке көзқарастың болуы немесе болмауы: баяндаушы — жасаушы-автордың (автор-творец) көзқарасына жақын көзқарас, алайда үнемі онымен сəйкес келе бермейді; кейде баяндаушының көзқарасы болмаған жағдайда жасаушы-автордың идеяларымен толықтырылады; əңгімелеуші — шығармада дара, эмоционалды бағалау позициясын иемденеді (обладает), кейіпкерлердің өзіндік көзқарасына жақын, автор-жасаушының позициясынан жеңіл ажыратуға болады;
б) тілдік көркемдеуішімен: əңгімелеуші үнемі мен-баяндаушы формасымен көрінеді (мен оған таңертең келдім); бағалау, эмоциялы сөздерді қолданумен, əңгімедегі оқиға барысына көңіл аудару, стильді əңгіме арқылы азайту; баяндаушы бұл жағдайда бейтарап: мен жіктеу есімдігімен көрсетілмеген, сөзді қолданудың оқиғалар мен кейіпкерлерді тура бағалауға əсер етпейтін кейіпкер əлеміне жəне пəндік əлемге қатысы бар; нысаналы көріністерді, бейнелерді (объектные изображения) есепке алмағанда стильдің төменділігінің жоқтығы; баяндаушының тілі нағыз, шын (реальный) автордың тіліне өте жақындығы;
в) жақындығы немесе нағыз автордан алшақтығы бойынша: əңгімелеуші көбінесе (биографиялық) шын автордан үнемі ерекшеленеді: əлеуметтік деңгейлермен, əңгімелеуші көбінесе (бейресми) маргинальді, өзінің моральды жəне мəдени бейнесін көрсету мақсатында, сонымен қатар оқырманмен ойын (игры) мақсатында (ирония, өзіндік ирония, юмор, комика) шын автордан демонстративті түрде ерекшеленеді; баяндаушы шын-авторға жəне шығарушы-авторға (автор- творец), алайда ол да əңгімелеуші сияқты бөгде инстанцияны ұстағандықтан, сəйкес келе бермейді; көбінесе бұл жақындық баяндаушының бейтарап позициясына негізделген;
г) жанрға жататындығы бойынша, баяндаудың формаларымен жанрдың əр түрлілігі бойынша: əңгімелеуші баян етудің жеткізу формаларында, əңгімелерде, новеллаларда, повестерде, романдарда, роман-эпопеяларда, эпостық, лирикалық жəне лироэпостық жанрларда (жанрлы-композициялы форма) көрінеді; баяндаушы баян етудің тек жеткізу формасынан басқа жоғарыда аталған жанрлардың бəрінде көрінеді.
Нарратология автордың проблемасымен жəне авторлық сəйкестікпен, ұқсастықпен (идентичность) тығыз байланысты, əрине, бұл мəселелер бүгінгі күнге дейін əдебиет теориясы тұрғысынан талқылануда.
Қазіргі кездегі нарратология — кейбір фабулалармен (тарихымен, интригасымен) қатысы бар сюжетті-баяндауышты талқылау (дискурсты) аясында ғылыми ізденістің кеңінен қолданылуы. Бұл орайда көркем мəтін жөнінде ғана сөз боп жатқан жоқ екендігін, тіпті вербальды, мəтіндер жөнінде де сөз қозғалып отырмағандығын айта кеткен жөн. Тарихшы, философ, мəдениет саласының өкілдерінің еңбегі нəтижесінде нарративті категория кеңінен қолданылып, қолданылу аясы толықтырылып, байыды. Қазіргі кездегі нарратология зерттеулер бағытында жəне көптеген еңбек сіңірген философ Поль Рикерді, тарихшы Хайден Уайтты, əдебиеттанушы Вольф Шмидті атауға болады.
Көбінесе «нарративтілік» категориясын əр түрлі түсіндіруге болады. Тарихтану аясында нарратологиялық экспансияның басында тұрған Артур Данто нарративтілікті өткен шақтың ашық райының «хабарлы сөйлемімен» байланыстырады. Қазіргі кездегі нарратологияның классигі аталған Х.Уайт «нарративті құрылым» түсінігін интригамен байланыстырып, мағынасын анағұрлым аша түсті (оның ішінде — тарихтану дискурстың): «Интриганы құру тарихи мағынасына көңіл аударудан тұрады» оны құрайтын «біртұтас, жалпыны қамтитын немесе архетиптік формадағы» оқиғаларды хабарлап біріктіру жолымен. Нəтижесінде, А.Ж.Греймаспен жəне Ж.Курте былайша кең ұғымды түсінік ұсынды: «Кез келген дискурсті тек фигуративті ғана емес, сонымен қатар ұйымдастыру принципі» ретінде анықтау.
М.М.Бахтин: «Алдымызда екі оқиға,— деп жазды, — шығармада айтылған, əңгімеленген оқиға (бұл жағдайда өзіміз де тыңдарман-оқырман ретінде қатысамыз); оқиғалар əр түрлі уақытта болып жатыр (əр түрлілігі жəне ұзақтығы бойынша) жəне əр түрлі жерлерде, сонымен қатар олар үздіксіз біртұтас боп біріккен, алайда күрделі оқиғаларда оқиғаның толықтығының шығармасы ретінде көрсетуге болады. Біз бұл толық оқиғаны бүтіндігі мен бөлінбейтіндігінен деп қабылдаймыз, бірақ біруақтылы оның сəттерінің əр түрлі екендігін түсінеміз.»
М.М.Бахтиннің келтірген пайымдауы жетпісінші жылдардың бас кезі болатын. Осы кезде Батыс Еуропада қазіргі нарратологияға арналған Л.Долежал, Ж.Женнет, Дж.Принс, В.Шмид сияқты классиктердің еңбектері жарық көре бастады. 1972 ж. Жерар Женнет «Нарративті дискурс» кітабында былай деп жазды: «Баяндау, əңгімелеу дискурстық баяндау болмауының жоқтығынан белгілі бір тарихты əңгімелеу үшін қолданылуы мүмкін. Нарратив ретінде баяндау мазмұнадалатын тарихқа байланысты болады (əңгімеленетін оқиға); дискурс ретінде (əңгімелеу оқиғасы) ол оны туғызатын наррациямен байланысты пайда болады».
Нарратологияның ортаңғы мəселесі, А.С.Дантоның сөзімен, былайша тұжырымдалған: «Кез келген əңгіме — оқиғалардың бір-бірімен байланысты жəне олардың кейбірінің жеткіліксіз мəнді екендігін көрсететін құрылым».
Кэте Фридеманнан кейін былай деуге болады: нарративтілік түсінігі «гносеологиялық тұжырымдарды қабылдаған Канттық философияға» негізделеді, яғни біз əлемді сол күйінде, бəз қалпында емес, ақыл-ой елегінен өткізу арқылы ғана түсінеміз. Оқиғалар жөнінде толықтай дұрыс білу мүмкін емес. Оқиға мен ақыл-ой арасында мазмұнадаудың коммуникативті ортасын сындыратын, бөлетін вербализацияның коммуникативті актісінің призмасы үнемі болады (тіпті жаңа ғана пайда болған ойдың өзінде де).
Оқиғалардың мəтінтүзушілігінің коммуникативті табиғатын зерттейтін пəннің ғылыми деңгейін нақтылау үшін нарратологиялық поэтикамен жəне риторикамен байланысын анықтап алу қажет.
Нарратология — баяндау теориясы, əдебиеттанудың бір саласы ретінде немесе мүмкін болатын барлық «нарративтің» жалпы құрылымын ашуға ұмтылатын, яғни кез келген жанрдың жəне кез келген функционалдылықтың баяндалатын шығармаларды ашуға ұмтылатын ерекше жалпы гуманитарлық пəн ретінде қарастырылады (В.Шмид).
Қазіргі кездегі нарратология 1960 жылғы құрылымдаудан (структуризация) туындады, алайда оның негіздері 1920 жж. орыс формалистерінің (В.Шкловский, Б.Томашевский, В.Пропп, Б.Эйхенбаум), сонымен қатар М.Бахтиннің жұмыстарында да көрінді. Нарратологияның ірі өкілдері болып Р.Барт, Л.Долежал, Ж.Женнет, М.Баль, В.Шмид, Дж.Принс, С.Чэтман, Ю.Мюзарра-Шредер, Я.Линтвельт, М.-Л.Райан, кейіннен Р.Барт, Ю.Кристева, М.Л.Пратт, М.Риффатерр, П.Ван ден Хевель, Ж.Курте жəне тағы басқалар саналады.
Қазіргі кезде нарратологтар өз назарларын мына фактіге аударады: əдеби шығарма сюжетпен шектелмейді. Егер ескі пікірге сүйенетін болсақ, онда орыс формалистерінің анықтауы бойынша, əңгімеде не айтылса, соны фабула дейді. Ал сюжет сол əңгіменің қалай айтылатыны туралы болмақ. Сюжет жайлы осы түсінік ешкімді қанағаттандырмады. Осыдан барып екі аспект белгіленді: біріншіден, əңгімелеудің формалды құрылымы, əңгімеленіп отырған оқиғаларды жеткізу барысы, фактіні мазмұндау, оқиғалардың себебі, байланысы, уақыт, кеңістік, кейіпкерлер. Екіншіден, оқырман мен жазушы арасындағы көзқарас бойынша формалды құрылымды жеткізу əдісі. Бұл бойынша, əдеби шығармаға үңіле отырып, оның ішінен оқырман мен жазушының формальды белгісін іздеу керек [1; 300].
Ал енді нарратологтардың көзқарасы бойынша, «сюжет деген не?», соған тоқталайық. Қазіргі əдебиеттану ғылымында классикалық жəне құрылымдық талдау əдісінен басқа, сюжетті талдаудың тағы бір əдісі бар. Оны нарратологиялық талдау деп атайды, яғни, баяндау арқылы жүзеге асатын əдіс түрі. Бұл əдістің классикалық жəне құрылымдық талдау əдістерінен артықшылығы — бұнда мəтін көпдеңгейлі жүйе ретінде қарастырылады.
Əдебиет зерттеушісі Ю.М.Лотман сюжеттің тұжырымдамасын жасады. Ол сюжеттің екі негізгі түрін ажыратып берді: классикалық жəне мифологиялық. Ю.М.Лотманның шығарманы талдау əдісінде «рамка» (жиек, жол, шекара) деп аталатын негізгі түсінік бар. Міне, осы бойынша, классикалық сюжет біреудің рамканы бұзған сəтінен басталады. Лотманның тілімен айтсақ, мəтіндегі оқиға кейіпкерлердің мағыналық ая шекарасынан асып кетуінен болады.
Лотман сюжетті талдау барысында екі нəрсені дұрыс түсіну керектігін айтады: «Рамка» басында қалай болып еді? Жəне ол «рамканы» кім бұзды? Рамканың өзі экспозициядан (шығарманың болатын орнынан) басталады. Осыдан соң рамканың бұзылуы оқиғаның басталуына алып келеді.
Ал мифологиялық сюжеттің негізінде рамканың бұзылуы емес, оқиға жатыр. Мифологиялық сюжетте рамканың бұзылуы ешқашан іске аспайды [1; 310].
Сюжет жəне фабула терминдері нарратив сатыларының құрамына кіреді. Фабула дегеніміз — оқиғалардың реттілігі, оқиғалардың шын мəнінде болғандығы. Сюжет дегеніміз — оқиғалар туралы мəтінде айтылғандардың бəрі, яғни, оқиғаны оқырманның қалай білгендігі. Оқырманның шығармадағы оқиғаларды біле бастауы, фабуладағы реттілікпен сəйкес келмейді.
Қазіргі уақытта сюжет термині туралы көптеген зерттеулер Хейден Уайт пен Поль Рикердің еңбектерінде жан-жақты сарапталған. Сондай-ақ əдебиет зерттеушісі Ю.Лотман сюжет туралы мынадай жақсы пікір айтады: «Мəтінде оқиға болған күннің өзінде, сюжетсіз ол еш нəрсе емес. Мəтіндегі оқиғаларға жан бітіру үшін, міндетті түрде сюжет қажет». Осы айтылған пікірмен келісуге болады деп ойлаймын. Себебі, сюжетсіз оқиға шығарманы толық ашып көрсете алмайды. Сюжетті шығарманың негізі деп қарастырады. Сол себепті көркем шығармада сюжеттің орны бір төбе деп айта аламын. Оған жоғарыда айтқан зерттеушілердің пікірі дəлел бола алады [2].
Зерттеуге алынып отырған мəселеміз сюжетке қатысты болғандықтан, сюжетке берілген анықтамаларға тоқталып өткен жөн. Əдебиет зерттеушісі Зейнолла Қабдоловтың «Сөз өнері» кітабында сюжетке мынадай анықтама берілген: «Сюжет (фр. sujet — зат) — көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі немесе тəсілі». М.Горький болса, «сюжет дегеніміз — адамдардың өзара қарым-қатысы, байланысы, қайшылықтары, жек көру, жақсы көру, əр характердің, типтің өсу, жасалу тарихы», деп біледі [3]. Ал Қазақ əдебиеті энциклопедиялық анықтамалығында Зəки Ахметов сюжетті былай деп таниды: «Сюжет (фр. sujet — зат) — өзара жалғасқан оқиғалардың тізбегі, біртұтас желісі» [4]. Сюжет мəселесі нарратологтардың тарапынан қалай зерттелген күннің өзінде, ол өзінің бастапқы ұғымын сақтап қалады деп ойлаймыз.
Əдебиет зерттеушілерінің нарратология туралы жүргізген талдаулары арқылы, əдебиеттану ғылымында нарратологияның алып жатқан аумағы өте кең екенін байқаймыз.
Нарратология аумағының кеңдігін мынамен түсіндіре аламыз: əдебиеттану ғылымында фабула, сюжет, мотив деген түсініктер бар. Нарратологтардың айтуынша, бұл түсініктердің қамтитын аумағы нарратив қамтитын аумақтан асып түсе алмайды. Бұлардың басын біріктіріп, бір жүйеге келтіру үшін оқиға жəне баяндау түсініктерінің көмегіне жүгіну керек. Яғни фабуланы да, сюжетті де, мотивті де нарратив жүйесіне салып барып қана талдай аламыз.
Нарратив жүйесін зерттейтін ілім — нарратология. Біз қарастырып отырған нарратологияда мынадай категориялар қарастырылады: оқиға, сюжет, фабула, тарих, əңгімелеу сатысы, əңгімелеу түрі, айтушы мен айтылымның арақатынасы, автор мен нарратор (əңгімелеуші), автордың, кейіпкердің, оқырманның көзқарасы, нарративті деңгейлер, əдістер т.б. [5].
Нарратологияның қарастыратын мəселелері қатарына мыналар жатады: əдебиеттің табиғатын коммуникативті түсіну; бір мезгілде бірнеше əңгімелеу деңгейінің болуы; дискурс мəселесіне қызығушылық білдіру; əдеби ақпаратты жазушыдан оқырманға жеткізу. Əдебиеттің коммуникативті табиғаты мыналарды қамтиды: ақпарат жіберуші (əдеби шығарманың авторы), хабарлама, коммуникат (əдеби мəтін), хабарламаны алушы (оқырман), əдеби мəтіннің характері. Əр əдеби шығарманың негізінде оқырман мен жазушы арасында диалогтық қарым-қатынас болады.
Нарратив түсінігін ашу барысында ғалымдар арасында айтылған пікірлер өте көп. Нарратив туралы орыс жазушысы Е.А.Попов мынадай тұжырым жасайды: «Нарратив — бұл адамдар жəне адамдар арқылы болатын оқиғалар жүйесінде сөйлеуші арқылы құрылған мəтін».
Тағы бір орыс зерттеушісі М.М.Бахтин былай жазады: «Біздің алдымызда екі оқиға бар. Біріншісі, шығармадағы айтылып жатқан оқиғаның өзі, яғни оқырман ретінде шығарманы оқи отырып, бұл оқиғаға біз де қатыса аламыз; екіншісі, оқиғалар əр түрлі уақытта болады, сонымен қоса əр түрлі жерде өтеді жəне сол уақыттарда олар тұтасымен тығыз байланыста болады [6].
Сонымен, нарратив туралы айтылған пікірлерді жинақтап, мынадай тұжырымға келіп тоқтаймыз: нарратив (лат. narrare — əңгімелеу тілі) — əңгіме, оқиғаларды баяндау. Көбінесе, əңгімелеу жəне сюжет деген сөздердің орнына қолданылады. Əдебиеттануға кіріспеде нарратив термині екі түрлі түсінікте қарастырылады. Біріншісі əңгімелеудің классикалық теориясында пайда болған. Бұл термин неміс теориясында нарратология емес, əңгімелеу теориясы деп аталған. Шығарманы баяндауда мəтінмен тығыз байланысты адам — əңгімелеуші болып саналады. Классикалық теорияда əңгімелеудің негізгі белгісі — автор мен əңгімелеуші арасындағы байланыс. Əңгімелеудің маңызы нарратордың əңгімені дұрыс қабылдап, оны оқырманға жеткізуінде жатыр. Нарратордың қатысуымен əңгімелеудің ерекшелігі анықталады. Нарратив туралы екінші түсінік құрылымдық нарратологияда қалыптасты. Осы тұжырымдама бойынша, əңгімелеуде коммуникацияның құрылымдық белгісі ғана емес, сонымен қатар айтылып жатқан əңгіменің құрылымдық белгісі де шешуші рөл атқарады. Құрылымдық талдау бойынша нарратология аумағына шығарманың барлық түрі кіреді. Яғни, нарратив аумағына роман, повесть, əңгіме ғана емес, сонымен қатар пьеса, балет, мүсін өнері, сурет өнері, кинофильм жатады. Керісінше, нарратив қамтитын аумаққа мыналар кірмейді: əлеуметтік ортаның бейнеленуі, аяқталмаған оқиға, салынып жатқан сурет, өткенді қайталау [7].
Көркем шығарманы баяндауда ең негізгі функцияны атқарушы нарратор болып табылады. Нарратор (ағылш. narrator) — əңгімеші, əңгімені баяндаушы. Сонымен қоса нақтылы автор деген мағына береді. Бұл — нарратологияның бір категориясы.
Өз уақытында В.Кайзер нарратор туралы мынадай тұжырымдама жасаған: «Əңгімелеуші — тұтас əдеби шығармаға жататын жасалынған фигура. Əңгімелеу өнерінде нарратор автор бола алмайды». Кейіннен француз əдебиет зерттеушісі Р.Барт мынадай догмаға келді: «Нарратор мен кейіпкерлер — қағаздағы тірі жандар. Əңгіменің авторын əңгімелеушімен шатастырмау керек». Ал С.Чэтман болса, кейінгі кезде «нарратив» терминінің орнына, ноннаратор қызмет атқаратын
«ноннаратив» терминін қолдану керек екенін айтты. Француз зерттеушілерінің айтуынша, шығарманы баяндау барысында, міндетті түрде біреу шығарманың баяндаушы ролін атқарады. Осы пікірмен келісе отырып, швейцарлық зерттеуші М.Л.Рьян əңгімені жеткізу қабілеті тек нарраторға ғана тəн деп есептеп, əр мəтінде міндетті түрде нарратор болуы керек деп санайды [7; 141].
Қорыта айтқанда, əдебиет зерттеушілерінің жүргізген талдаулары арқылы нарратология саласының күрделі құрылым екенін аңғардық. Сондықтан да қазіргі кезде бұл саланы зерттеу барысында көптеген даулы мəселелер, түрлі пікірлер айтылуда əрі оның шешілу жолдары қарастырылуда. Бұдан шығатын қорытынды: нарратология мəселесі əлі де көп зерттеуді қажет етеді.
Əдебиеттер тізімі
Тюпа В.И. Анализ художественного текста. — М.: Академия, 2009. — 332 с.
Шмид В. Нарратология. — М.: Языки славянской культуры, 2008. — С.
Қабдолов З. Сөз өнері. — Алматы: Қазақ ун-ті баспасы, 1992. — 170-б.
Əдебиеттану терминдерінің сөздігі. — Алматы: Ана тілі, 1996. — 311-б.
Брокмейер Й., Харре Р. Нарратив: проблемы и обещания одной альтернативной парадигмы // Вопросы философии. — — Вып. 4. — С. 17.
Рикер П. Время и рассказ. — Т. Интрига и исторический рассказ. — М.; СПб.: Университетская книга, 1998. — С. 84.
Лебедев С.Ю. Повествование и нарратив: принципиальное различие. — Алматы: Ұлағат; КазНПУ им. Абая,