Ашық сабақ. Қазақ тілі. Етістік

Oinet.kz 12-04-2020 912

Сабақтың тақырыбы: Қонақүй. Етістік.
Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу, сөздерді өзара байланыстырып, ойды жүйелеп айту дағдысын қалыптастыру, грамматикалық тақырыптармен ұштастыру.
Міндеттері: Оқушылардың демалыс, туризм, жол жүру тақырыбында білімдерін жетілдіріп, алған білімдерін тәжірибеде қолдануға үйрету;
Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдерін жаттықтырып, өз ойларын толық жеткізе білуге үйрету; оқушылардың тіл байлығын дамыту, сөйлеу әрекеті дағдыларын шыңдау;
Оқушыларды өз елінің әсемдігі мен сұлулығына сүйсіндіре отырып, отансүйгіштікке баулу;
Сабақта қолданылған әдіс - тәсілдер сұрақ - жауап, көрнекілік әдісі, интерактивті оқыту әдісі, СКТТ, аудиожазба
Негізгі әдіс: ізденіс
Сабақтың көрнекілігі: кеспе, слайдтар, интерактивті тақта, мәтін, аудио мәтін
Сабақтың итеграциялық мүмкіндігі: тарих, жағрафия, мәдениеттану
Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың барысы:
І дидактикалық кезең
Оқушылардың танымдық қызметінің мотивациясы
Міндеті: сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру
Атқарылатын жұмыс түрі: Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабақтың тақырыбын өздері ашады. Суреттегі ғимараттар атауын атап, олардың қай жерде, қай көшеде орналасқанын айта отырып, бүгінгі лексикалық тақырыпты тауып шығарады.

1. Сыныппен амандасу
2. Сыныпты түгендеу, кезекшімен сөйлесім
3. Оқушыларды сабаққа бейімдеу
Балалар, жылда неше мезгіл бар?
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Бір жылда неше ай бар?
- Қазір қай ай?
- Бір айда неше күн бар?
- Қазір айдың қай күні?
- Аптада неше күн бар?
- Бүгін аптаның қай күні?

Мұғалім сөзі: дұрыс, балалар, бүгінгі сабағымыз сәрсенбінің сәтінде, қонақтар арасында өтпекші. Қазақ халқы ежелден қонақжайлығымен белгілі, сондықтан да бәріміз де осы шараға қош келіппіз!

ІІ дидактикалық кезең
«Қайталау – оқу анасы»
Міндеті: Лексикалық тақырып пен грамматиканы ұштастырып, сөйлемдер құрап, етістікті әр түрлі формада қолдана алатындарын көрсетеді. (Оқушыларға интерактивті тақтада суреттер беріледі, сол суреттер арқылы етістік тақырыбына тоқталып, оның шақ, жақ, рай категорияларын естеріне түсіреді.
Атқарылатын жұмыс түрі: Берілген етістіктердің жұрнақтарын анықтап, түрлеріне бөлу

ІІІ дидактикалық кезең
«Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ғылым біл!»
Міндеті: Оқушыларға зат есімдер жазылған кеспелер таратылады және олар сол сөздерді қатыстырып, қонаққа келген адамдардың келу мақсатын анықтау)
Атқарылатын жұмыс түрі: (саяси жұмыстар, іссапар, саяхат, гастрольдік сапар, ресми сапар, мәдени шара)
Оқушылардың мүмкіндік жауаптары: Мо Хай саяси сұрақтарды шешу үшін, Петропавл қаласындағы «»Қызылжар» қонақүйіне ұшақпен ұшып келді.

ІV дидактикалық кезең
«Көп ойлан, жақсы сөйле – пайдалы болсын»
Міндеті: өз туған қалаңның мәдени ошақтарын білу қажеттілігін көрсету
Атқарылатын жұмыс түрі: Мәтінмен жұмыс
“Қызыл Жар” қонақ үйі Петропавл қаласының жайлы да жасыл ауданында.... Ол өзінің құрметті қонақтарын кең жүрекпен....
“Қызыл Жар” – Петропавл қаласында қонақ үй бизнесінен лайықты.... Бұл қонақ үй Қазақстан Республикасы мен қаламызға келетін шетелдік қонақтар арасында ерекше белгілі. Мұнда тамаша демалуға және іскерлік кездесулер өткізуге барлық жағдайлар.... "Қызыл Жар" қонақ үйінің жаңашыл үлгідегі 7 қабатты ғимараты мен жайлы нөмірлері қала қонақтарына қолайлы сервис.... Онда жақсы дем алуға тамаша жағдай.... Ғимараттың орналасқан мекен - жайы: Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к., 54 үй.

- Мәтінді өзім мәнерлеп оқимын (аудиожазба арқылы)
- оқушылар кезекпен бір - бір сөйлемнен оқиды және аударады, мазмұнын түсіндіреді
- тікелей сабаққа қатысты сөздермен жұмыс: берілген етістіктерді үш тілге аударып жазу...
Орналасқан – расположен
Қарсы алады - встречает
Орын алады – занимает место
Ұсынады – предлагает
Жасалған – созданы
(мәтінді өзім оқимын, оқушылар көп нүктенің орнына қажетті етістіктерді естеріне түсіре отырып жазады)
- мұғалімнің жетекші сұрақтары арқылы мәтінді аудару
- мәтіннің тақырыбы мен идеясын ашу:
Тақырыбы: мәдени мүралардың қажеттілігі туралы
Идеясы: - өз туған жеріміздің мәдение мұрасы, біз бұл мұраларды сақтауымыз қажет;
- келер ұрпаққа аманат етуіміз қажет;

V. дидактикалық кезең
«Артық болмас білгенің...»
Міндеті: грамматикалық тақырыпты пысықтау
Атқарылатын жұмыс түрлері: Мәтінде берілген грамматикалық бірліктерге талдау жүргізу.

1 топ: Мәтіннен етістікті сөз тіркестерін тауып, оларға талдау жүргіз, байланысу түрі мен тәсілдерін анықта.
2 топ: Ол өзінің құрметті қонақтарын кең жүрекпен қарсы алады. Сөйлемге СКТТ технологиясы бойынша синтаксистік талдау жаса.
3 топ: Берілген сөйлемдегі етістікке лексикалық – грамматикалық талдау жаса.
• Мәтіннен етістікті сөз тіркестерін тауып, оларға талдау жүргіз, байланысу түрі мен тәсілдерін анықта.
Қызылжар қонақүйі орналасқан
Қонақтарын қарсы алады
Лайықты орын алады
Демалуға жағдайлар жасалған

• СКТТ бойынша жай сөйлемге синтаксистік талдау.
Ол өзінің құрметті қонақтарын кең жүрекпен қарсы алады.
1. Сөйлемде 1 тыныс белгісі бар, ол нүкте, ойды аяқтап тұр.
2. Айтылу сазы мен мазмұнына қарай: хабарлы, себебі ой баяндалып тұр.
3. Құрамына қарай: жай сөйлем, себебі тиянақты бір ойды ғана білдіреді.
4. Жай сөйлем түрлерін анықтау үшін, сөйлем мүшелеріне қарай талдаймыз:
5. Баяндауышсыз сөйлем болмайды
Баяндауыш тұрақты, сөйлем соңында тұр
5. 1. не істейді? Қарсы алады. – күрделі, етістікті – баяндауыш
Баяндауыш арқылы бастауышты табамыз
5. 2. кім қарсы алады? Ол – дара, есімдікті – бастауыш
Бастауыш пен баяндауышты қатыстыра отырып, тұрлаусыз мүшелерді анықтаймыз
5. 3. Ол кімдерді қарсы алады? Қонақтарын – дара, зат есімді, табыс септікті тура толықтауыш (ТТТ)
5. 4. Ол қандай қонақтарын қарсы алады? Құрметті – дара, қатыстық сын есімді – анықтауыш
Ол кімнің қонақтарын қарсы алды? Өзінің – дара, есімдікті, ілік септікті анықтауыш
5. 5. Ол өзінің қонақтарын қалай қарсы алды? Кең жүрекпен – күрделі фразеологиялық тіркесті, үстеу қызметіндегі пысықтауыш
4. 1. жақты – бастауышы мен бандауышы бар – айқын
4. 2. жайылма – тұрлаулы мүшелерден басқа тұрлаусыз мүшелер де қатысқан
4. 3. толымды – ойға қатысты сөйлем мүшелері толық қатысқан.
6. Матасу – өзінің қонақтарын – і. с.+т. ж тәсілі: жалғау арқылы
Қиысу – Ол қарсы алды - бастауыш+баяндауыш тәсілі: орын тәртібі арқылы
Жанасу – кең жүрекпен қарсы алды – үстеу + етістік тәсілі: жалғау арқылы
Қабысу – құрметті қонақтарын – с. е.+з. е. – тәсілі: орын тәртібі арқылы

• Онда жақсы дем алуға тамаша жағдай туғызылған.
1. Етістік
2. Не істелген?
3. Ту – түбір, ғыз – өзгелік етіс тудырушы жұрнақ, ыл – ырықсыз етіс тудырушы жұрнақ, ған – бұрынғы өткен шақ жасайтын жұрнақ
4. Тұлғасына қарай: негізгі
5. Мағынасына қарай: негізгі
6. Объектіге қатысына қарай: салт
7. Нәтижесіне қарай: болымды
8. Құрамына қарай: күрделі: құранды
9. Синтаксистік қызметі: баяндауыш, екі сызықпен сызылады.

VІ дидактикалық кезең
«Бекіту - нәтижеге бағытталған білім беру»
Міндеті: Қосымша мәлімет беру арқылы оқушылардың бүгінгі тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау, бірізділеу, жазу.
Атқарылатын жұмыс түрі: Қонақүй қызметінің шартты белгілерін көрсете отырып, оларға түсініктеме беру

VІІ дидактикалық кезең
«Білгенімді сұрадым, жиыстырдым, құрадым»
Міндеті: Сабақта алған білімдерін жан - жақты дамыту
Атқарылатын жұмыс түрі: үй тапсырмасын беру 1. Жалпысыныптық жұмыс түрі:
1.“Қонақүйде өткізген бір күнім..” шағын шығарма жаз
2. Жекелей жұмыс түрі: “қонақүйге тоқтадым” сөз тіркесін 3 жақта жекеше және көпше түрде жікте.

VІІІ дидактикалық кезең.
«Бағалау – мақсатқа жету жолы»
Міндеті: Сабақ нәтижесі бойынша оқушылар білімін бағалау.
Атқарылатын жұмыс түрі: Алған бағаларына сәл сараптама жасай отыра, күнделіктеріне қойып беру

Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Абай Құнанбайұлы өмірі мен шығармашылығы
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Төлеген Айбергенов өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу