Кенесары қырғыздарға неге барды?
06-11-2023
Қазақ тіліндегі ықшамдалу құбылысы жайлы еңбектерде тіл біліміндегі үнемдеу процесімен байланысты түсіндірілетіні айтылып жүр. Шындығында, тілдік экономия процесімен тығыз байланысты ықшамдалу жайы тілдің барлық деңгейлерінде кездеседі: фонетикалық ықшамдалу, морфологиялық ықшамдалу, синтаксистік ықшамдалу.
1. Сөздердің дыбыстық ықшамдалуға түсуі, олардың амалдары, кірігу, сөз ішінде жəне сөз жапсарында дыбыстардың түсуі, дауысты дыбыс редукциясы, сөз соңындағы дыбыстардың түсірілуі секілді құбылыстар фонетикалық ықшамдалу құбылыстарының қатарын толықтырады.
Морфонологиялық құбылыстардың пайда болуына фонетикалық өзгерістер де өз əсерін тигізбей қоймайды. Мысалы: барғанмын – барғаммын болып өзгеруі, бұл – фонетикалық өзгеріс, одан əрі барғаммын-барғамын түрінде ықшамдалуы морфонологиялық құбылыс. Демек, м дыбысы кейінді ықпал жолымен н дыбысын еріндік м-ге айналдыруы фонетикалық алмасу болса, екі м-нің біреуінің түсуі – дегеминация құбылысы. Ал, кейде морфонологиялық құбылыстың нəтижесінде фонетикалық дыбыс алмасу пайда болуы да мүмкін. Мысалы: осы жақ – ос(ы) жақ – осжақ – ошшақ болып өзгергенде алғашқы өзгеріс ы дыбысының түсуі (осжақ) морфонологиялық өзгеріс болса, сжның тоғыспалы ықпалға ұшырап, ошшақ болуы фонетикалық өзгеріске жатады.Дəл осы үлгімен пайда болған өзгеріске осы жолы – ошшолы, осы жер өшшер сияқты сөздерді келтіруге болады. Сондай-ақ, ы дыбысының түсуімен фонетикалық алмасу пайда болатын ананы қара – анан(ы) қара – анаңғара, мынаны қара – мынан(ы) қара – мынаңғара сияқты құбылыстарды да атауға болады. Ал, солай етсөйт, бұлай ет – бүйт, олай ет-өйт түріндегі ықшамдалған сөздердегі солай, олай, бұлай түрінде жуан айтылатын сөздердің сөй, бүй, өй түрінде жіңішке дыбысталуы да кейінді ықпалдың əсерінен пайда болған фонетикалық алмасуды көрсетеді.Кейде керісінше, фонетикалық құбылыстар одан əрі морфонологиялық құбылысқа ұштаста жатады. Ол, əсіресе, күнделікті ауызекі сөйлеу тіліндегі – ып,іп формалы негізгі етістікке жібер көмекші етістігі тіркескенде бірінші сыңардың қатаң п дыбысы түсіріліп, екінші сыңардағы і қысаң дауысты дыбыс та түсірліп қалады. Мысалы: айтып жібер – айтыжбер,оқып жібероқыжбер,қарап жібер – қаражбер т.б. Мұндағы п, і дыбыстарының түсіріліп айтылуының себебі неде дегенге түсінік берілмейді. Айтылудағы бұл өзгерістің себебі: морфонологиялық құбылыста. Бұл морфонологиялық құбылыстың пайда болуына п дыбысының фонетикалық жолмен в-ға ауысуы себеп болып отыр: берівжібербері(в)жібер.Соңғы в дыбысының түсірілгеннен кейінгі нұсқасында үш ашық буын қатар пайда болуына байланысты оның бірін сөйлеу ағымында жабық буынға айналдыру əрекетімен і дыбысы түседі де беріжіберберіжбер нұсқасы пайда болады.
Тілдік өзгерістердің лингвистикалық жəне экстралингвистикалық себептерін анықтау мақсатында белгілі ғалымдардың еңбектерін саралай отырып, үнемдеу құбылыстарын тілдің бүкіл жүйесін қамтитындығын байқадық. Мəселен, фонетикада тілдік үнемдеуге байланысты терминдерді «элизия», «аферезис», «апакопа», «редукция», «гаплология» деп атап жүрміз. Осы ықшамдалу құбылыстарының бір түрі < элизия.
Элизия – ысыру, ығыстыру мағынасын беретін, сөздің соңғы дыбысы дауысты дыбысқа аяқталып, оған бірігіп айтылатын сөздің, жалағанатын қосымшаның басқы дыбысы дауысты болған жағдайда қатар тұрған бір дауысты дыбыстың түсіріліп айтылуы. Элизияға беріліп жүрген ережелерде алғашқы дауысты түседі деп түсіндіріліп жүр. Қазақ тілінде кейде алғашқысы кейде соңғысы түсіріліп айтылады. Мысалы, келе алмадыкел (е) алмады – келалмады, не үшін – не (ү) шүн – нешүн. Қазіргі қазақ тіліндегі дауыссыздардан тұратын қосымшалар (-қ, -к, -с,-п) дауысты дыбысқа біткен сөзге жалғанғанда элизия жолымен ықшамдалып жасалады. Мысалы, тара+ ық – тара-қ, күре + ік – күрек. Бірақ барлық қатар келген дауысты дыбыстар осылайша түсіріле беруі шарт емес. Кейбір тіркестердің жігіндегі екі дауысты қатар сақталып айтылады. Мысалы, өте алыс, аса арық, тұра ұрысты, дегенде өте, аса, тұра сөздерінің сазы дауыстылардың сақталуына себеп болады.
Ғалым А. Айғабылов кейде сөз бен қосымшаның арасындағы екі дауысты дыбысты сақтау үшін арасына дауыссыз қыстырма дыбыс қосып айту дəстүрі де бар екендігін айтады.. Мысалы, зырылда + ық – зырылда-қ, дегенде элизия құбылысы бар да, зырылда+у+ық зырылдауық-дегенде у дауыссызы арқылы тіркестегі а жəне ы дауыстылары сақталып тұрғандығын нақты мысалдармен дəлелдеген.[1;67]
Қазақ тіліндегі ықшамдалу амалы, негізінен дыбыстардың түсірілуіне байланысты жүзеге асатын құбылыс. Сондай ықшамдалу құбылыстарының бірі, элизияға қарама-қарсы құбылыс аферезис.
Аферезис – элизияға қарама-қарсы құбылыс, яғни бунақта қатар келген екі дауыстының кейінгісінің түсуі. Бұл қазақ тілінде сирек кездеседі, оның өзінде алдыңғы сөз бір буынды, əрі ашық буынды болу керек. Мұндай сөздер санаулы ғана: де, же, бұ(л), о(л), не, шылауда, де, та, те…
Не істейін? Не ішесің? дегенді тез айтқанда, нестейін? нешесің? болып айтылады. Элизия бойынша, ністейсің? нішесің? болу керек еді. Бұл не сөзінің жойылуына алып барады. Ал не алдың? деген нелдың, налдың емес, тек не алдың болады. Яғни, бір буынды атауыш сөз (не) өз болмысын сақтайтыны байқалады.Ал шылау сөздерде бұл жағдай сақтала бермейді. Мысалы: тұрып та ішті (тұрыптішті), жазып та алды (жазыпталды) т.б.
Апакопа морфонологиялық құбылыс. Сөз құрамындағы дыбыстардың ықшамдалуын сөз еткенде апакопаға тоқталмай өтпейміз. Апакопа – элизияның бір түрі ретінде қарастырылады. Мұнда сөз соңындағы дыбыстар түсіп қалып, сөз құрамы ықшамдалады. Мысалы: сары сөзінің алғашқы формасы «сарығ» болғаны белгілі. Тілдің даму барысында қазақ тілінде аталған сөздің соңғы ғ дыбысы айтылмайтын болған. Тіл тарихын зерттеуші Б.Сағындықұлы «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақалдағы ұлық сөзінің ұлы болып, кішік сөзінің кіші болып өзгеруі апакопаның жемісі дейді. Мұндай ықшамдалуда сөздің мағынасында біршама өзгерістің болғанын айта келіп, бұл сөздердің стилистикалық функционалдық өң алуы сөздердің дыбыстық өзгерістерге ұшырауының басты бір себебі дей келе, «ұлық» пен «кішік» сөздерінің абстракт мағынасы басым да, «ұлы»мен «кіші» сөздері нің нақтылық мағынасы басым екендігін айтады [2; 70-71]
Сөйлеуші дыбыстау органдарына күш түсірілмеуін көздеуі салдарынан дыбыстарды ғана емес буындарды да түсіріп айтады. Мұндай фактілерді əсіресе ауызекі сөйлеу тілінен жиі кездестіреміз, барамын-барам, көремін-көрем, болып-боп, келіп-кеп т.б. Элизияға немесе апакопаға ұшыраған дыбыстар кейде уақытша түсіріліп айтылса, кейде толық сыңары мен толық емес сыңары жарыса қолданылады. Белгілі бір дыбыстың, немесе буынның мүлдем түсіп қалып, тұрақталып орнығуы, сөз жоқ қысқырып ықшамдалудың жемісі. Қатарласып келген екі бірдей буынның біреуінің түсіріліп айтылуы тіл білімінде «гаплология» деп аталады. Тарихи тұрғыдан қарағанда буындардың əрқашан бірдей құрамда болуы шарт емес екендігін ғалым Б.Сағындықұлы өз дəлелдемелерінде жиі айтады.
Мəселен, түтіндік сөзінің түтүндүк болып айтылуында тү-тү болып дыбысталатын буындарындағы ұқсас, қайталанып келген буындардың бірі түсіріліп, түндік (түңдүк) болып айтылады. Осы сияқты түнеугүгүнгү (түнеугі күнгі) сөзінің де гү-гү ұқсас дыбыстары біріккен сөз жігінде келіп, біреуі ықшамдалу арқылы түнеугүнү нұсқасы қалыптасқан. Қазақ тілінде гаплология жолымен жасалған сөздер көп емес, дегенімен тілімізде кездесіп тұрады.
Редукция əлсіреу,түсіп қалу, ықшамдалу деген ұғымды беретін, буын түрлерінің айтылу сазына қарай дыбыстың артикуляциялық жəне акустикалық сипатының өзгеруі. Əдетте редукция құбылысы дауысты дыбыстарға байланысты болып келеді. Кісіне сөзін айтқанда кісне болып дыбысталады да, екі түрлі өзгеріс жүзеге асады: 1) алғашқы буындағы і дыбысы қысқа айтылады; 2) екінші буындағы і мүлде түсіп қалады.Түркі тіліндегі бұл құбылыс орыс тіліндегі үлгімен екпінсіз буындағы дауысты дыбыстардың əлсіреуі немесе түсірілуі деп түсіндіріліп келді. Шындығында, қазақ тілінде редукция құбылысы сөз құрамындағы ашық, жабық буындардың айтылу сазына байланысты. Экспериментальдыфонетиканың зерттеу нəтижесі ашық буындардың созылыңқы, жабық буындардың қысқа айтылатындығын дəлелдеген. Олай болса, кі-сі-не деген сөздегі үш ашық буынның кісне болып айтылғанда алғашқы буындағы і-нің қысқа естілуі жаңа пайда болған жабық буында тұруына байланысты (кіс). Ал екінші буындағы і нің түсіріліп айтылуы қатар келген ашық буындардың сөйлеушінің өз ойын əрі тез, əрі нақтылы жеткізу жолындағы психологиясына байланысты. Себебі, тіліміздегі қандай сөзде болсын дауысты дыбыстың түсіріліп айтылуы тек қатар келген ашық буындарда ғана іске асады. Ғалым М.И. Трофимовтың редукция құбылысы тек ашық буында ғана іске асады деуі орынды, бірақ себебін ашып түсіндірмеген. Қазақ, түркі тілдеріндегі дауысты дыбыстардың редукциялану жайы туралы пікірлеріне сүйенсек бір-біріне қайшы келетіндері де жоқ емес. Сөйлеу тілінде белгілі бір жүйе болу керектігін ескерсек, редукция жайы таза фонетикалық құбылыс емес, морфонологиялық тұрғыдан ғана қарастырғанда өз шешімін табуға тиіс. Морфонологиялық құбылыстардың осы кезге дейін жете зерттелмеуі, барлық дыбысқа байланысты өзгерісті фонетика саласында қарастырып, фонетика заңдарымен түсіндіруге əрекет жасау редукциялану құбылысын дұрыс шешуге кедергісін тигізді. Мысалы: мойын-мойны, бірақ шойын-шойны емес, халық-халқы, бірақ балық, салық, толық сөздері балқы, салқы, толқы болып айтылмайды. Бұл мысалдардан бірізділіктің жоқтығын əр түрлі айтылатын бұл құбылысты қалай түсіндіруге болады? Редукциялану, біздіңше, тек сөйлеу процесінде пайда болатын ықшамдалу процесі. Сөйлеуші тыңдаушысына өз ойын əрі көп күш жұмсамай, əрі тез жеткізу мақсатында мағынаға нұқсан келмейтін тұста мүмкіндікті барынша ықшамдауға əрекет жасайды.[3]
Морфонологиялық ықшамдалу құбылыстарына сіңісу, жылысу, ығысу құбылыстары да жатады.
Сөздердің морфологиялық құрылымының өзгеруіне себепкер болатын грамматикалық процестердің қатарына сіңісу құбылысы мен жылысу құбылысы жатады. Кейбір сөздердің құрамындағы морфемалар тілдің даму барысында мағыналарынан айырылады да ондай сөздер морфемаларға ажыратып, мүшеленбейтін сөздер ретінде ұғынылады.
Сөз құрамындағы морфемалардың мағыналары жойылып, олардың бір-біріне кірігіп кетуіне, соның нəтижесінде сөз жігінің əбден күңгірттеніп, морфемаларға мүшеленбеуіне əкелетін морфонолоиялық процесс сіңісу құбылысы деп аталады. Сіңісудің нəтижесінде сөз құрамындағы морфемалар өзара əбден кірігіп, олардың бұрынғы жігі жойылады, олардың жігін лингвистикалық анализ жасау арқылы ғана айқындауға болады.[3; 17-18]
Бəрімізге белгілі сексен, тоқсан деген сан есімдердің түбірлері қазіргі кезде сегіз жəне он, тоғыз жəне он деген бөлшектерге ажыратылмайды, бұл сан есімдерді бір бүтін сөз ретінде ұғынамыз.
Сондай-ақ қазақ тілінде қазіргі кезде əкел дегенді алып+кел деген сөздерден, апар дегенді алып+бар деген сөздерден құралған деп қарамайды, олардың шығу тегі, əдетте, еске алынбай, бір бүтін сөз ретінде қабылданады.
Қазақ тіл білімінде зерттеуді қажет ететін құбылыстар аз емес, соның бірі – жылысу құбылысы. Бұл құбылыс В.А. Богородицкийдің, К. Ахановтың, Б.Сағындықұлының еңбектерінде біршама қарастырылған.
Тілдің даму барысында сөз құрамындағы морфемалардың бірінің элементі екіншісіне ауыстырып, ол морфемелердың бұрынғы жігі мен ара қатысының өзгеруі жылысу құбылысы деп аталады. Морфонологиялық жылысу құбылысы (морфологическое явление перерозложения) түркі тілдерінде де бар. К. Аханов еңбегінде В.А. Богородицкийдің мынадай пікірін келтіреді: «Жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктеріне жалғанатын ілік септік жалғауының алғашқы түрі –ың, -ің түрінде болған. Бұл бастапқы форма (–ың, -ің) менің, сенің, оның деген есімдіктерінің құрмаында сақталған. Тілдің даму барысында морфологиялық жылысу процесінің нəтижесінде есімдіктердің соңындағы н дыбысы жалғауға ауысқан да, ілік септіктің жалғауы ұлғайып, (бір дыбыс қосылып), -ның, -нің түрінде айтылып қалыптасқан»[4] Профессор Б.Сағындықұлы бұл жылысу құбылысын жіктік жалғауының есебінен емес тəуелдік жалғауының есебінен қалыптасқандығын былай түсіндіреді: «Жалпы алғанда н-ның тасуына байланысты бірте-бірте -ның түріне енді. [5] Түрікі тілінде жылысу құбылысы мен қатар ығысу құбылысы да кездеседі. Ығысу құбылысын танып білуде этимологияық ізденістер маңызды рөл атқарады. Бұл құбылысты алғаш аңғарған профессор Б.Сағындықұлы кейбір сонор дыбыстардың сөз құрамында, атап айтқанда, сөз басында, сөз ортасында, сөз соңында бұрыннан қалыптасқан дауыссыздарды əртүрлі лингвистикалық, экстра лингвистикалық себептердің салдарынан ығыстырып жіберіп, ол дауыссыздардың орнына өздері тұрақтап қалатынын нанымды дəлелдейді. Автор еі белсенді ығыстырушы дыбыстардың қатарына –й, -н, -л үнділерін жатқызады. Ығысу құбылысына мынадай анықтама береді: «Сөз құрамындағы кейбір дауыссыздардың ығысып, үнді дыбыстарға орын беруін ығысу құбылысы деп атайды». Мысалы: адыр-айыр, Нічə көп достны бу достдын адырды – Неше көп досты, бұл достан айырды.
Қорыта келе, кез-келген сөйлеуші қашан да тілдік элементтердің айтуға жеңіл болуын, сөйлеу органдарына күш салмауын көздейтіні белгілі. Ал тіліміздегі үндестік заңы осы талапқа негізделіп, үнемдеу құбылысына тəуелді болады. Осындай заңдылықтардан барып, тіліміздегі кейбір сөздер түбір мен қосымшаға ажырамай, біртұтас айтылады. Қазақ тіліндегі жекелеген дыбыстардың түсіріліп айтылуы, буынның түсіріліп айтылуы, қатаңдардың ұяңданып кетуі немесе басқа дыбыстарға ауысуы тілдік экономияға алып келеді.
морфологиялық ығысу жолымен ілік септігінің құрамына ауысқаны рас. Бірақ ол жіктеу, сілтеу есімдіктеріндегі н емес, тəуелдіктің 3-жағының толық формасы құрамындағы –н еді. Бұл дыбыс атау септігінде сөз соңында элизияға ұшырап мүлдем түсіп қалғаны мен сөз ортасында өлі формаға айналды, соның салдарынан əр түрлі грамматикалық күйді басынан өткерді. Ең алдымен, жоғарыда айтылғандай, ілік септігінің құрамына ауысып, бекіді. Өйткені ілік септігінің жалғауы тəуелдік жалғауынан кейін қосылады. Бұрынғы –н құранды н+ын-ға айналды. Түркі тілдеріндең фонемасының қалып
Әдебиеттер:
Айғабылұлы А. Қазақ тілі морфонологиясы мен лексикологиясы. А.,2006,67б.
Сағындықұлы Б. Қазақ тілі лексикасы дамуының этимологиялық негіздері. А.1994, 70-71б.
Төлекова Г.Қ. Қазақ тіліндегі сіңісу, ығысу, құбылыстары. Алматы. 2008ж.
Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. – Алматы. Мектеп, 1993496 б.