Ашық сабақ. Білім кілті - кітапхана

Oinet.kz 10-10-2019 1813

Білім кілті - кітапхана. Кітапханаға саяхат жасау

Мақсаты:
1. Кітапхана өмірімен таныстыру.
2. Білімің кітап арқылы берілетіндігін ұғындыру.
3. Кітапқа деген қызығушылықта арттыру, оны күтіп ұстауға үйрету.
Көрнекіліктер: білім, кітап туралы жазылған плакаттар, кітап көрмесі «Кітап деген бір әлем», жазушылар суреттері.

«Кітапты сүйіңдер, ол сендердің өмірлеріңді жеңілдетеді, ол өзіңді өзгені де сыйлауға үйретеді, ол ақыл – ойыңмен жүргізеді, бүкіл әлемге адамға сүйіспеншілік сезімімен қанағаттандырады» (Максим Горький, ұлы орыс жазушысы)

«Кітап дегеніміз – алдыңғы ұрпақтың артқы ұрпаққа қалдырған рухани өсиеті. Кітап оқудан тиылсаң ой ойлаудан да тиылар едік» (Ғабит Мүсірепов, жазушы, көсемсөзші, драматург)

«Білімнің бас құралы - кітап» (Ахмет Байтұрсынов, ақын, ғалым, түркітанушы, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері)

«Оқуды қойған адам – ойлауды да қояды» (Дени Дидро, француз ойшысы, жазушысы)

Сабақтың барысы:
Кітапханашы: Армысыздар оқушылар! Балалар, бізде бүгін ерекше сабақ. Бұл кітапхана сабағы. Біздің кітапхана мен 7 - сынып оқушылары бірлесіп дайындаған «Білім кілті – кітапхана» атты кітапхана сабағына қош келдіңіздер! Кітапхана сағатын А. Байтұрсыновтың мына өлеңімен бастағанды жөн көріп отырмын:
Балалар, бұл жол басы жаңалыққа.
Келіңдер, оқып, байқап қаралық та.
Соларды көре тұра қалалық па?
Даналық – өшпес жарық, кетпес байлық,
Жүріңіздер, іздеп, тауып алалық та?
Осы кезде үлкен кітап ұстаған оқушы кіреді:

Кітап: - Балалар мен сәл кешігіп қалдым - ау, деймін, кешіріңдер! Сендермен дос болып, қайтатыныма сенімдімін.

Кітапханашы: Қош келдіңіз, қымбатты достарымыз, жоғары шығыңыздар.
Балалар! «Кітап»деген сөз арапша «жазба», ал түрікше «дәптер»деген мағынаны білдіреді. Қазақ кітап баспасында 1800 жылы «Сейфүл – Мәлiк» қиссасы деп аталатын тұңғыш қазақша кітаптар шыға бастады. Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Кітап әлемі – кітапхана. Ал, енді кітаптар мекені – кітапханамен танысайық.
Кітапхана сөзі грек тілінен алынған, кітаптар тұрағы деген мағынада
Балалар, кітапханада«Оқу залы», «Абонемент залы», «Оқырман формуляры» деген ұғымдар бар.
«оқу залында» оқырман өзін қызықтырған кітабын алып оқи алады, ал енді бізге керек кітапты кітапханада кімнің көмегімен табамыз?(Жауап)
- Дұрыс. Кітапханада кітапты кітапханашы апайдың көмегімен таба аламыз.
Сондай - ақ, балалар кітапханада «Абонемент» залы да бар, ол жердегі кітаптарды балалар үйге алып оқуларына болады.
Ал, оқырман формуляры – ол әр оқырманның куәлігі, оқушы алған кітапты кітапханашы оқырман формулярына жазады.

I Кітап: Мен – Кітап Ханшайымымын,
Иесі рухани әлемнің.
Әкелдім кітап патшалығының
Бәріңе жалынды сәлемін!
Ендеше балалар, бүгінгі мерекемізді жұмбақ айтудан бастайық.
Оймен, кәне өсейік,

Ал жұмбақ шешейік. (Оқушылар жұмбақты шешеді).
I. 1. Бірінші әріп - көзде бар, мұрында жоқ,
Екінші әріп - тісте бар, бұрымда жоқ,
Үшінші әріп - бетте бар, білекте жоқ,
Төртінші әріп – құлақта бар жүректе жоқ.
Бесіншісі –«П»әрпі ақырғысы
Жұмбақ шешкен баланың ақылдысы. (Кітап)
2. Бір нәрсе білмегенді білгізеді,
Өзіңді тұрсаң қарап күлгізеді.
Жалғанда әңгімесі сондай қызық,
Жаныңды оқи берсең кіргізеді. (Кітап)
3. Тілі бар, үні жоқ,
Өзін адам түсінген.
Жүрегі бар, қаны жоқ,
Сөйлеп тұрған ішінен. (Кітап)
4. Қабат – қабат қаттама,
Қаптамадан аттама.
Ақылын оның алабер,
Айытқан сөзін жатта да. (Кітап)

II Кітап: Білімнің атасы кітап. Сондықтан кітап, балаларға ақыл, кеңес береді.
– Кітап – ел мен жерді сүю, талапты кішіпейіл болуға, төзімділікке баулиды.
Кітапханашы: Балалар, кітап қалай жасалатынын сендер білесіңдер. Кітап жасаған кезде адам көп еңбектенеді: редактор, автор, жазушы, суретші, содан кейін кітап баспаханадан басылып шығады,
Ал, балалар сендер оқырман болғандықтан, «Кітапты қолдану ережесін»есте сақтап жүріңдер
Балалар, кітапты жыртпай, кірлетпей, бүлдірмей таза ұстау - бәріміздің міндетіміз.
Кітаптың беттеріне сурет салмаймыз және суреттерін қиюға болмайды!
Тамақ ішкен кезде кітапты оқуға болмайды!
қолданамыз
«Кітап Ханшайымдардың» «Ескі кітап» деп аталатын көрінісі

Жалпы демалыс аяқталып, жаңа оқу жылы басталған кез болатын. Оқушылар мектеп кітапханасынан оқулық ала бастады. Ләйлә бірінші сынып бітіріп екінші сыныпқа көшкен. Ол мектептен оқулықтарын алып үйіне оралды. Анасы оның қабағындағы кірбіңді байқап:
- Қызым не болды? Біреу ренжітті ме?
- Жоқ
- Енді не болды?
- Маған мұқабасын мыж - мыж ескі кітаптар берді. Осындай кітапты оқығым келмейді,- деп көзіне жас алды.
Анасы Ләйләнің қылығына күліп былай деді:
- Қызым, оған неге ренжисің, ақылы бар бала, жыртылған жерін желімдеп, тысын қаптап, жаңартып алды. Кітаптың сыртына емес, ішіне үңілу керек. Ол - әр адамның сырлас досы. Сондықтан оны күтіп ұстап, кейінгі іні - сіңлілеріңе берген жөн.
Анасының сөзін мұқият тыңдаған Ләйлә кітаптарын желімдеп ретке келтіре бастады.
Кітапханашы: – Ия достар, кітап қадірін білетін, жақсы балалар көбейе берсін!

II. «Шежіре» кезеңі.
Кітапханашы: Үлгі - сөзі атаның, үйренеміз мақалың - дегендей «Мақал - мәтел» сайысына көшеміз. Мен мақалдың сыңарын айтамын, сендер жалғастырасыңдар:
• Кітап – білім бұлағы,...(білім өмір шырағы)
• Кітапсыз білім жоқ, білімсіз...(күнің жоқ)
• Кітапсыз үй -...(жансыз дене).
• Күш – білімде, ал білім –...( кітапта)
• Артық ғылым кітапта,
Ерінбей...( оқып көруге).

• Наданмен дос болғанша,
….(Кітаппен) дос бол.

• Оқысаң озарсың...(оқымасаң тозарсың)
Кітапханашы:
Кітапты біздің қоғамымыздың әрбір адамы күнделікті тұрмысында пайдаланады. Одан ақыл - кеңес, тәлім - тәрбие, үлгі - өнеге алады.
Кітапты оқымайды сыйламаған,
Білімге жанын жанып қинамаған.
Өсірген кімнің болсын ой - өрісін,
Сол кітап бек ақылшы күнде маған.
Түлекті тәрбиелер кітап - мектеп,
Өседі сол кітаптан бұтақ көктеп.
Молайтып ақылыңды сан еселеп,
Береді білім нәрін кітап көптеп.
Ислам Шұғаев

Заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Сондықтан, балалар сендер кітаптарды оқып кітаптар мен дос боласыңдар деп ойлаймын. Осы мен балалар енді кітапхана қай жерде орналасқан және осында көп кітаптар бар екенің енді білесіңдер. Біз сендерді күтеміз!

Тәрбие сағаты. Елбасы туралы іс-шара сценарийі
Урок. Путешествие в Книжное царство-мудрое государство
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу