Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
Тақырыптың Өзектілігі:
Жыл сайын елімізде 49 мыңнан астам адам инсульт алады. Соның ішінде 80% науқастар мүгедек болып қалуда.*2+ Өлім көрсеткіші басқа дамушы елдермен салыстырғанда едәуір жоғары 239.9- 100000 ға тең. Жапонияда бұл көрсеткіш -75.8 ал АҚШ та -48.0 ге тең.[3]
Инсульт (лат. insultus - соққы,кыспа талу, инсульт) - ми тінінің зақымдалып, оның қызметінің, мидағы қанайналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан қүйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады(тромбоз). Инсульттың басты себебі — гипертония ауруы және ми тамырларының атеросклерозы.Көп ретте ауру адам кенеттен құлан қалады, есінен танады;оларда аяқ пен қолдың парезы (сал болуы) әдетте дененің бір жағынан басталады, тілі күрмеледі,алғашқы сағаттарда тыныс алуы бұзылып, денесі тырысады, қүсады. Мұндай науқаспен ауырған адам ерекше күтімді қажет етеді. *1+
Зерттеу мақсаты:
Казіргі кездегі ғылыми техниалық иновацияның дамуына байланысты медицина саласында көптеген зерттеулер жасалуда. Соның бірі қарағай бүршігіне деген қызығушылық.АҚШ-ғы Каллифорния университетінің ғалымдары қарағай бүршігінің химиялық қүрамын зерттеп таниннің ерекше ақуызын ашты.Қарағай бүршігінің қүрамында көптеген дәумендер,эфир майлары, танин бар ерекше өсімдік. Танин өз кезегінде инсульт кезінде бас ми жасушаларының жойылуын тоқтататын әсері бар. Инсульт кезінде және оны өткергеннен кейін қан айналым бұзылысы салдарынан бас миның нейрондар саны азаяды. Тышқандарға жасалған зерттеу нәтижесі бойынша,танинді қолдану бас ми зақымдану дәрежесін төмендетуде ықпалы бар екендігін көрсетті.Танинді қабылдаған тышқан тобының 20% жасушалары жойылса,танинді қабылдамаған топ тышқандарының 70% жасушалары жойылған.Бұл феномен бас миының жасушаларының өмір сүруіне әсер ететін PRAGG ферментінің тежелуімен түсіндіріледі.*4]
Зерттеу тәсілі:
Зерттеу үшін инсультпен ауырган 14 науқас алынды. Науқастар келесі диагностикалық бағыт бойынша таңдалды:
Клиникалық диагноз ишемиялық инсульт,нейровизуализация
әдістерімен нақтыланған (компьютерлік томография, магнитті-
резонансты томография);
Аурудың алғашқы белгілердін пайда болуынан бастап,15
күннен кешікпей көмек көрсетілген науқастар .
Инсультті 6-7 ай бұрын өткерген;
Психо - эмоционалды күйі қанағаттарарлық;
Дәрілік заттарға аллергиясы жоқ науқастар;
Өз еркімен қатысуға келіскен науқастар.
Науқастар 2 топ бөлінді,жасы 64-70 аралығында:
негізгі топ-7 адам;
бақылау топ - 7 адам;
Емдеу тәсілі:
Қазіргі кезде инсульттін емінде:
Тромбоцитарлы
антиагреганттар: ацетилсалицил
кардиоаспирин, кардиомагнил, тиклопидин (тиклид); клопидогрель (плавикс); пентоксифиллин (агапурин, трентал, флекситал).
Антикоагулянты: гепарин,фенилин; варфарин .
Вазоактивті дәрілік заттар: винпоцетин (кавинтон); ницерголин (сермион),инстенон; аминофиллин (эуфиллин); циннаризин (стугерон) по 4. Ангиопротекторлар: пармидин (продектин) ; аскорутин; троксерутин ; этамзилат .
5. Биореологиялық дәрілік заттар: плазма, альбумин, реополиглюкин (реомакродекс).*7]
Нейропротекция мақсатында келесі дәрілік заттар қолданылды:
Кальци каналының блокаторы: нимодипин (немотан, нимотоп) . және эритроцитарлы қышқылы (тромбо АСС, терапин); дипиридамол;
Антиоксиданттар: милдронат; альфа-токоферола ацетат (витамин Е) ; аскорбин.
нейротрофикалық әсер көрсететін дәрілік заттар; пирацетам (луцетам, церебролизин аминалон; пикамилон
Тіндік метаболизмді жақсартатын дәрілік заттар; цитохром С (цитомак)
Аталған заттар бас ми қызметінің бұзылуын қайта қалыптастыру мақсатымен бас миының дегенеративті зақымдануларын болдыртпау, зақымдану дәрежесін төмендеті мақсатында қолданылады. Бұл дәрілік заттар зат алмасу процесін және ОЖЖ - нен қозудың берілуін қуаттандырады.Мидың энергетикалық үрдісін және қанмен қамтамасыз етілуін жақсартады, оның гипоксияға және агрессивті әсерлерге тұрақтылығын жоғарылатады.*6]
Аталған дәрілік заттар науқас жағдайын жақсартуға көптеген әсер көрсетеді.Бірақ кез келген дәрілік заттың өзіндік жанама әсері болады.Сол себепті біз дәрілік заттардың мөлшерін төмендедіп,науқасқа оң әсер ету мақсатында инсульт реабилитациясында қолданылатын негізгі деген 2-3 дәрілік заттармен қоса қарағай бүршігінің тұнбасын бердік.
Қарағай бүршігінің т√нбасын дайындау әдісі: 5 дана бүршікті тазалап жуып,кесіп, 1 сақан 70% спиртпен құямыз. Ерітіндіні 14 күнге қаранғы жерде қалдырамыз және күнделіті шайқап тұрудық. Тұнбаны сүзіп,күнде таң ертен тамақтан соң 1 шай қасықтан қабылданды.
5 бүршікті жуып ,кесіп 0.5л су құйып қайнатып,5 мин жай отта ұстаймыз.1/4 стаканмен тан ертең тамақтан соң қабылдады.
Дайындалған қарағай бүршігінің тұнбасын 2 топ яғни бақыланатын топ науқастарына күнделікті таңе ртең тамақтан соң қабылдауға бердік (күнделікті қабылдап журген дәрілермен бірге). Қабылдау уақыты 6 ай көлемінде.
Зерттеу нәтижесі:
Бақыланушы топ науқастарына 6 ай көлемінде қарағай бүршігінің тұнбасын бердік.Сол уақыт барысында науқастардың жағдайы үнемі динамикалық бақылауда болды.Қарағай бүршігінің тұнбасын бас миының қан тамырларына оңтайлы әсер етті,қанды сұйылтып,жүйке жасушаларының өліміне қарсы тұрады,науқастың сойлеу және қимыл қозғалысының бірте бірте қалпына келтіруге әсер ететіні байқалды.Тексеру барысында ба қылау топ науқастарының жетістіктерін,негізгі топ жетістіктерімен салыстырдық.Кестеде. Тәжрибе мерзімінде бақылау топ науқастарының жағдайы,негізгі топпен салыстырганда орташа есеппен 15-20% жақсарды.
Реабилитация көрсеткіштері | Негізгі тобы | Бақылау тобы | Реабилитация уақыты |
Отыру | 50% | 65% | 7 күн |
Тұру | 20% | 30% | 1 ай |
Көмекші заттармен жүру | 25% | 35% | 2 ай |
Жұтыну | 35% | 40% | 14 күн |
Кординацияның қалыпқа келуі | 40% | 55% | 3 ай |
Естудің қалыпқа келуі | 35% | 45% | 2.5 ай |
Сөйлеудің қалыпқа келуі | 15% | 25% | 4-5 ай |
Өздігімен жүру | 35% | 45% | 7-8 ай |
Жуыну | 15% | 30% | 6 айданаса |
Баспалдаққа көтерілу | 25% | 35% | 8 ай |
Қорытынды.
Каллифорния университетінің ғалымдары зерттеулерін жалғастырып,инсульттің емінде жэне реабилитациясында кеңінен қолдануға мүмкіндік беретін, қурамында танині бар таблеткалар жасап шығаруды мақсатқа қойған.Егер сол зерттеулер нэтиже берсе,элемдік жаңалық болыу анық.Инсульттен зардап шеккен адамдар саны азайып,қысқа жэне аз уақыт аралығында толыққанды өмір салтына оралатын болады. Бул емдеу эдісі жанама эсері аз,дайындауға оңай,экономикалық тиімді
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
http://www.zhardem.kz/news/1285248899.html?PHPSESSID=e8ab7f124ef8afafa75d0db098263b82 http://www.aorda.kz/?p=9924
akparat@pressclub.kz pharmnews.kz
Л.Б. Куанова, H.C. Кайшибаев, Г.Б. Абасова, О.А. Антоняк,С.Ю. Ахмулаева, Л.Б. 3 Проблема ишемического инсульта в Казахстане: диагностика, лечение, профилактика // Результаты исследования KAZRAISE
Рубчевская, Л.П. Липиды хвойных растений PINACEAE Текст.: дис. . докт. хим. наук.: 05.21.03: защищена 15.07.97 / Л.П Рубчевская Красноярск, - 1997. - 392 с.
Ефремов, A.A. Перспективы малотоннажной переработки кедровых орехов Текст. / A.A. Ефремов // Химия растительного сырья. -1998.- №3.-С. 83 ө86.
Основы ранней реабилитации больных с острым нарушением мозгового кровообращения: Учебно-методическое пособие по неврологии для студентов медицинских вузов / под. ред. В.И.Скворцовой.- М.:Литтерра, 2006.-104 с.
Ибатов А.Д., Пушкина С.В. - Основы реабилитологии: Учебное пособие. - М.:ГЭОТАР-Медиа, 2007.-160 с.