Кадиовертер жүрек жұмысын жақсартады
26-01-2024
ҚР сүлікпен емдеу баламалы медицина бағытының Дамымаған салаларының бірі.Бұл мақалаДа сүлікпен емДеуДің өзекті мәселелері қарастырылған.
Гирудопунктура сүлікпен емдеудің жаңа бағыты.
Тақырыптың Өзектілігі: Сүлікпен емдеу әлемде кең тараған емдеу әдістерінің бірі. Дүние жүзінде сүліктің 400 мыңдай түрі бар. емдеу -гирудотерапия немесе бделлотерапия ежелгі кезден белгілі. (латын тілінен аударғанда «гирудо» және грек тілінде «бделло»- сүлік мағынасын береді) .
Медициналық сүліктерден басқа қан сорымайтын сүліктердің үш түрі бар.
Жалған жылқы сүліктері немесе Ніл сүлігі ( Haemoia)
Жылқы сүліктері ( Limnatis)
Тарауызды сүліктері. ( Whimania)
Медициналық сүліктер.
Кәдімгі медициналық сүліктің екі түрі болады:
Дәріханалық медициналық сүлік (H. medicinalis officinalis) .
Емдік медициналық сүліктер (H. medicinalis )
Гирудопунктура сүлікпен емдеудің жаңа бағыты. Қытай дәстүрлі медицинасында емдеу әдістерінің бір ерекше бір түрі гирудопунктура деп атайды. Гирудопунктура (латынша Нİгиđа- сүлік, puncture- шаншу), қытайша-Шуй-джи-чжен- сүліктен шаншу).Бұл әдіс гирудопунктурада сүліктерді биологиялық белсенді нүктелерге(ББН) қоя әдісі.Қазіргі таңда Шығыс пен Батыстың емдеу әдістері біріктіріліп гирудопунктураның жаңа бағыты ашылды. Сүлікпен емдеу қазіргі кезде медицинаның барлық саласында қолданылсада гирудопунктура жаңадан дамып келе жатқан ерекше бағыты.Біздің негізгі мақсатымыз гирудопунктураны медицинада кеңінен таратуға мақсат қойып, әдістемесін дайындау жұмысы жалғастырулуда.Бұл салада арнайы мамандар қажет.
Тақырыптың мақсаты: Қазіргі таңда баламалы медицинаның бір саласы гирудопунктура Қазақстанда жаңадан дамып келе жатқан емдеудің бір бағыты біз бұл мақалада гирудопунктурамен емдеу әдісі оның тиімділігі көрсетілген. Қытайдың дәстүрлі медицинасының теориялық негізін қазіргі медицинаның негіздеріне сүйене отырып, гирудопунктураның әсер ету механизмін түсіндіру кетуды жөн көрдік.
Қытайдың дәстүрлі медицинасында соңғы 1000 жылдықта сүлікпен жасалған ұнтақ дәрі ұзақ жылдар қолданылып жатыр. Сүлікпен жасалған дәрілер ағзадағы Ци қуаттын көтеріп, иммунды қорғаныс жүйесін қалпына келтіріп зат алмасу бұзылыстарын реттейді. Гидропунктура науқастың ағзасына акупунктура нүктелерге энергетикалық әсер ету арқылы биоэнергетикалық тепе-теңдік бұзылыстарын қалпына келтіреді. Барлық елдерде сүлік және өнімдерін жасайды.. Қытай дәстүрлі медицинасында сүлікті пайдалану өз ерекшеліктері бар.Мысалы:қан соратын сүліктерді Қытай медицинасында әйел мен ер адамдардың ұрықтануға және көбеяіне Инь-Ян теориясы бойынша эсер етеді. Ян - ерлер , Инь - әйелдер бастамасы.Сүліктердің Яндық ерекшеліктері - қанды сору, Иньдік ерекшеліктері ағзаға сүліктер биологиялық белсенді зат шашу арқылы эсер етеді. Инь мен Янның тепе-теңдік үрдісі ағзаның сауығу көрінісі болып табылады. Сүлікті қолдану бұл Қытай медицинасында дэстүрлі қубылыс. Сүлікте Ян жэне Инь қуатын теңестіретін ағзаны қуаттандыратын қан сору үрдісі мен сілекейі бірдей эсер ететін, Ци қуатты болғандықтан бір уақытта Ян - Инь тепе-теңдік бұзылысын қалпына келтіретін таңғажайып дэрі ретінде қарастырылады.*4,5+
Қазіргі медицинада сүлікті қолдану тиімділігі.
Қан алу -жалпы қан тамырларлы босатады, қан қысымын қалпына келтіреді, ағзаға оңтайлы эсер етеді;
Ине шаншу эдісімен салыстырғанда күшті рефлекторлы эсер етеді, өйткені сүлік терідегі ББН (биологиялық белсенді нүктелерді) тістеп, ағзаның энергетикасын қалыптастырады;
Сүліктің сілекей бездері ағзаға биологиялық эсер етеді, онда 100 ден аса емдік эсерлі биологиялық белсенді ферменттер бар. Адамның ағзасына эсер етуіне байланысты сүліктің сілекейінің құрамы үш негізгі топқа бөлінеді:
а) Адам иммунитетіне жэне патогенді микрофлораға қабынуға қарсы, бактериостатикалық, иммунобелсендіруші эсер етеді;
б) қан тамырына склероз , ишемияға қарсы ферменттері эсер етеді;
в) Артериялық қан қысымын төмендететін жэне холестеринге қарсы эсер ете отырып, қанның ағуын ынталандырады.*3,4+ Гирудиннің қурамында көптеген аминқышқылдары, глутамин, аспарагин, лизин, цистин, глицин, серин жэне тағы басқалары кіреді. Сүліктің гирудин ферменті эсерімен адам ағзасындағы тромбтардың пайда болуын алдын алып жэне тромбтарды ерітіп, қан тамыр жүйесінің тазартылуын қамтамасыз етеді.*1,2+
Сүлікпен емдеу медицинада 3000 жылдай қолданылады. Сүлікпен емдеу элімсақтан бері шипа түрі. Египет перғауындарының қабірі қабырғаларындағы жазулар осыны айғақтайды. Үнділер де осы эдісті қолданған . Дханвантари емші құдайының бір қолында сүліктің суреті бейнеленген . Емдеудің бұл тэсілі XVIIi-XIX ғасырларда кең тараған. Сол дэуірдегі сэнқойлар беттерінің ұшы қызартып, көздері жайнап тұруы үшін құлақтарының сыртына сүлік салдырыпты.Ертеде Сүлеймен пайғамбар алыс жолдан шаршап-шалдығып, аяғы ісіп келе жатқан соң, жолда кездескен көлшікке аяғын салып демалады. Сол арада мызғып кеткен пайғамбар ояна келе аяғының ісігінің кетіп, бойындағы ауырлықтың жоғалғанын жэне денесі жеңілдеп қалғанын байқайды. Тек аяғының астында майда құрттар мен кішкене ғана қан ағып жатқанын көреді. Риза болған Сүлеймен пайғамбар қурттардың арқа тұсынан сипап, ризашылығын білдіреді.*9,10+
Сүлікпен емдеуге негізгі кӨрсеткіштері:
Тірек бұлшықет жүйесінің аурулары (остеохондроздар, омыртқа жарықтары, радикулит, артроздар жэне артриттер, миозиттер) Көк тамыр аурулары (тромбоздар, тромбофлебиттер, көктамырлардың варикозды кеңеяі).
Артериалды гипертензия, ЖИА, геморрагиялық жэне ишемиялық инсультті кезінде өте жиі қолданылады.
Гирудотерапия гинекологияда қолданылады (бедеулік, кисталар, миомалар, жабыспалар,етеккір циклының эртүрлі бұзылыстары).
Сүлік сағатына 15 милилитрдей қан сорып үлгереді. Сүлік салған адам үш күн диета ұстау керек. Жэне мүмкіндігінше сүт өнімдерінен бойын аулақ ұстап, жеміс-жидек, көкөністер (қызылша, сэбіз, қулпынай т.б) пайдаланғаны абзал. Ал қан аққыштық - гемофилия, ауыр дэрежедегі қаназдық, ауыр дэрежедегі қан қысымы, жүктілік, кахексия, қатерлі ісіктер, жіті тамыр жеткіліксіздігі кезінде жэне жалпы адам бұл емді көтере алмайды деп танылса, сүлік салдыруға болмайды.*1,2+
Инсульт (лат. insultus - соққы,кыспа талу, инсульт) - ми тінінің зақымдалып, оның қызметінің, мидағы қанайналысының кенеттен бұзылуы; осының салдарынан миға қан қуйылады, немесе ми тамырлары бітеліп қалады(тромбоз). Жыл сайын елімізде 49 мыңнан астам адам инсульт алады. Соның ішінде 80% науқастар мүгедек болып қалуда. Өлім көрсеткіші басқа дамушы елдермен салыстырғанда едэуір 100000 ға шаққанда жоғары 239.9- тең. Жапонияда бұл көрсеткіш -75.8 ал АҚШ та - 48.0 ге тең.[11,12]
Инсульттың басты себебі — гипертония ауруы және ми тамырларының атеросклерозы.Көп ретте ауру адам кенеттен құлап, есінен танады;оларда аяқ пен қолдың парезы (сал болуы) әдетте дененің бір жағынан басталады, тілі күрмеледі,алғашқы сағаттарда тыныс алуы бұзылып, денесі тырысады, қусады. Мұндай науқаспен ауырған адам ерекше күтімді қажет етеді.*3,4+
Гемморагиялық инсульт - бұл ми қан айналымының өткір бұзылуы, бас ішілік тамырлардың жарылуынан миға қан құйылуы. Ең жиі кездесетін себебі гипертониялық криз, Артериялық қан қысымының жоғарлауы, қусу, қатты жиі тыныс алу, аяқ астынан қатты бас ауру, сананың бұзылуы Артериялық қан қысымының жоғарлауынан тамыр шыдамай, жарылады. Қан ағу бас ішілік аневризманың әсерінен болады.*7,8+ Ишемиялық инсульт мыйдың жекеленген бөлшектеріне қан келу бұзылыстарынан ошақты ишемиясы нәтижесінде мый инфаркты дамиды. Ишемиялық инсульт бұл біртендеп бір неше сағат ішінде дамийды. Көрудің бұзылыстары, естеудің бұзылыстары бір жақтық салдану, бір жақтық көрмеушілік, бір жақтық сезбеушілік болады.*13,14+ Гирудопунктураның тиімділігі көпгеген ауруларда зерттелген. Соның ішінде гирудопунктура ишемиялық және гемморагиялық инсульт өте тиімді болып табылады. 2006 жылдан бастап гирудопунктура көмегімен ишемиялық инсультті емдеу Ресейде сүлікпен емдеуді баламалы медицинасы мойындап мемлекеттік емдеу мекемелеріне қолдануға рұқсат берілді. Инсульт кезінде гирудотерапия аптасына 1-3 рет жасалады, бір мезгілде әр сеанста 5-8 сүлік қолданылады.Біріншілік компанентеріне гирудин, дестабилаза, оргелаза жатады, ал екіншілік компанентеріне антистазин, декорзин, калин және басқа компаненттер жатады. Осы аталған компаненттердің негізгі мақсатты сілекей мен қанды залалсыздандыру, қанның кейбір қасиеттерін жақсарту және тамырлар қабырғасына әсер ету болып табылады. Сүлікпен емдеу аурудың алдын алу және қайта қалпына келтіру (реабилитация) саласына қолдану қолайлы және нәтижесі жоғары.*5,6+
Қорытынды.
Гирудопунктура сүлікпен емдеудің жаңа бағыты. Гирудопунктурада медициналық сүліктерді биологиялық белсенді нүктелерге әсер ету арқылы көптеген ауруларды емдеу. Сүлікті кардиологияда, офтальмологияда, дерматологияда, хирургияда, гинекологияда, урологияда, неврологияда, герантологияда кеңінен қолдану арқылы көптеген ауруларды емдеу . Сүлік салу емінен кейін адамның дене қызуы қалпына келіп, қандағы қант мөлшері төмендеп, ұсақ қан тамыр ішіндегі тромбтар жойылады.
Гирудопунктурамен емдеу ұзақтығы аурудың түріне оның ауырлық дәрежесіне байланысты. Орташа емдеу курсы 2-4 апта ал емшара аптасына 1-3 рет жүргізіледі. Гирудопунктура науқастың ұйқысын тәбетін жақсартады, көңіл-күйін жоғарлатады, зат алмасу жүйесін қалпына келтіреді, иммунды жүйенің жоғарлауына әсер етеді тіндердегі қан айналымды жақсартады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Агакишиев, Д. Д. Эффективность гирудотерапии при лейомиоме кожи // Вестник последипломного медицинского образования. - 2006. - №3/4 . - С.121.
Ахматова Р.Н. Опыт применения гирудотерапии при гинекологических и других заболеваниях. - М.: Асклепийон, 1993. - С.86.
Живогляд, Р. Н. Воздействие на гемомикроциркуляция и гомеостаз гирудотерапии при гормонозависимых заболеваниях женской половой сферы в условиях северных регионов РФ // Вестник новых медицинских технологий. - 2002. - №3. - С.48.
Живая игла. http://www.vitasite.ru/articles/healhy-article/girudoter.html
Каменев Ю.Я., Каменев О.Ю. Вам поможет пиявка. Практическое руководство по гирудотерапии. - СПб.: ЗАО «Весь», 2000. - 253с.
Никонов Г.И. Медицинская пиявка и основы гирудотерапии. - СПб.: «СДС», 1998. - 320с.
Нежданов А.Г., Попов Л.К., Попова И.С. Гирудопунктура для профилактики субинволяции матки у коров.// Ветеринария, 2004.- №11. - С.72.
Шипилова, А. В. Гирудотерапия в комплексном лечении больных с неврологическими заболеваниями // Медицинская помощь. 2003.- №6. - С.15.
Adams S. The Medicinalis Leech. Ann. Intern. Med., № 109, 1988.
Sawyer R.T. Leech Biology and Behavior. Oxford, Charedone Press. N 1. 1986.
Grzimek, Dr. H.C. Bernard. Grzinek's Animal Life Encyclopedia. Van Nostrand Reinhold co., NY.- N 1. 1974.
Nakatani Y., YamachytaK. Ryodoraku acupuncture. Tokyo. 1977.
Бэн цао ган му. Пекин, Китай. 2007. (на кит. языке).
Чжун-и сяе. Пекин, Китай. 2005. (на кит. языке).