Гитлердің атасы еврей ме?
11-01-2024
ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғасыр тоғысындағы проза күрделі әрі қызықты құбылыс болып табылады. Көптеген бағыттар мен ағымдар, авторлық дүниетанымды беру формалары пайда болғанымен аталған мәдени-эстетикалық ауқымда бәріне ортақ бір үрдіс байқалады. Ол – көркем шығарма мазмұны мен формасының барлық элементтерімен батыл тәжірибе жасауүрдісі. Аталған айғақ тек постмодернистік кезеңмен ғана байланысты емес. Мұндай үрдістер дәуір алмасуымен де тікелей қатысты.
ХХ ғ. аяғы мен ХХІ ғ. басындағы саяси-экономикалық, мәдени-әлеуметтік ахуал әдебиеттің даму барысына да әсер етті. Көркем әдебиеттегі әлем бейнесі тұтастығының бүлінуі ең алдымен роман жанрының трансформацияға ұшырауына себепкер болды. Сол себептен әлі де қалыптасып жатқан, үнемі дамып, әрі трансформацияланып отыратын роман жанры бүгінгі әдебиеттанудағы өзекті зерттеу нысандарының бірі.
Бірнеше ғасыр бойы роман әдебиеттегі жетекші жанр болып келеді. Десе де, әлі күнге дейін роман терминінің жалпыға ортақ анықтамасы жоқ. Бұл оның әлі де болса өзінің даму биігіне толықтай жетпегендігінен болса керек. Роман феноменін зерттеуші ең танымал ғалымдардың бірі М.М. Бахтин өзінің «Эпос пен роман» атты еңбегінде былай дейді: «... роман – қалыптасу үстіндегі, әлі дайын емес бірден бір жанр. Жанрқұраушы күштер біздің көз алдымызда әрекет етуде: роман жанрының туылуы мен қалыптасуы белгілі бір тарихи күні аяқталады. Романның жанрлық қаңқасы әлі қата қойған жоқ және біз оның барлық пластикалық мүмкіндіктерін толық болжай алмаймыз» [1, 194].
Қазіргі кезеңдегі роман жанрының трансформациясына тоқталмас бұрын аталған мәселенің теориясы мен зерттелу тарихына үңілейік. Жанр мәселесі – әдебиеттанудағы ең күрделі мәселелердің бірі. «Жанр» терминінің мазмұны уақыт сайын өзгеріске ұшырап, күрделеніп келеді. Бұл туралы әдебиеттенушы ғалымдар да жиі айтып жүр. Бірақ бұл пікірдің жанр «тазалығы» ұстанымына негізделген, жанрлық бөлініс нақты көрініс табатын классицизм әдебиетіне қатысы жоқ. Ал роман жанрының ерекшелігін анықтау мәселесі бұдан да күрделі. Бұған дәлел ретінде әртүрлі әдеби сөздіктер мен энциклопедияларда берілген анықтамаларды келтіруге болады: «Роман (франц. тілінде roman – алғаш роман тілдерінде пайда болған шығарма) – жаңа заман әдебиетіндегі эпикалық жанрдың үлкен формасы. Оның негізгі ортақ қасиеттері: өмірлік процестердің қиын формаларындағы адамды суреттеу, бірнеше кейіпкер тағдырын қатар алатын сюжеттің көп деңгейлігі, көп дауыстылық, сондықтан да басқа жанрлармен салыстырғанда көлемі үлкен болып келеді» [2, 889].
В.М. Кожевникова мен П.А. Николаеваның редакциясымен шыққан әдеби энциклопедиялық сөздікте:
Роман (франц. тілінде Roman, HeM. Roman, ағылш. тілінде Novel; алғаш рет ортағасырдың соңғы ширегінде латын тілінде емес, роман тілдерінде жазылған кез келген шығарма), баяндау тәсілі тұлғаны «қалыптастыруға» жеткілікті көркемдік кеңістік пен уақытта толыққанды суреттелген, жеке тұлғаның тағдырындағы қалыптасу, даму процестеріне бағытталған эпикалық шығармА. Жеке өмірдің эпосы бола тұра, роман қоғамдық өмір мен дара өмірді дербес, бір бірін тауыспайтын және жойып жібермейтін тәуелсіз күш ретінде қарастырады және бұл оның жанрлық мазмұнының айқын ерекшелігі болып табылады» [3.339-340].
М.М. Бахтиннің ізімен заманауи ғалымдар роман «біздің заманымыздың эпосы», яғниосы сәттің эпосы болғандықтан, негізінен аяқталған жанрлық формаға ие бола алмайды деген болжам жасайды. Роман үшін жаңаша бағаланып, қайтадан талқыланып жатқан «дайын емес» қалыптасу үстіндегі шынайылықпен барынша қатынас орнату маңызды.Роман қатаң регламентке бағынбайды, нақты қағидасы жоқ және барынша еркін қалыптасуды қалайды. Дегенмен, тақырып, сюжеттіңдраматизм деңгейі, композициялық сюжеттік ұстанымдар, әңгімелеу тәсілдеріндегі айырмашылықтарға қарамастан, аталған жанрдың кейбір доминанттылық белгілерін байқауға болады. Зерттеушілердің пікірінше, әсіре байқалатын белгілердің бірі – сюжеттің барлық компонеттерінің табиғи түрде романи мазмұндылықпен толығуы. Романдағы шиеленіс тұлға мен қоғам арасындағы тәсілге айналған кезде, ол кейіпкердің мақсатты әрекеттеріне түрткі болатын өзіндік бір «серіппеге» айналады және осылайша, оның сюжет құраушы ретіндегі рөлін нығайтады [3, 339-340].
Романның зерттелу тарихы ұзақ әрі күрделі. Аталған тақырыпты зерттеуде маңызды еңбектер қалдырған бірнеше ғалымға тоқталып өтсек. Ең алдымен, Г.Ф. Гегельдің жанрды қоғам дамуының белгілі деңгейіндегі көркем проекция деп қарастыратын ХІХ ғасырдағы зерттеу еңбектеріне тоқталу керек [4].
Сондай-ақ жанр тарихын тұлғаның дамуымен байланыстыратын орыстың филолог ғалымы А.Н. Веселовскийдің копцепциясы да Гегельдің жанрлар типологиясымен үндеседі. Ғалымның пікірінше, қоғам мен тұлға қатынасының белгілі бір деңгейінде мазмұн туады (романның, эпопеяның) [5].
Гегель мен Веселовскийдің жанр типологиясы бір-бірінен ерекшеленгенімен, екеуінің ортақ тұстары да бар: аталған мазмұн түрлері тұлға мен қоғамның шынайы қатынасын суреттейді. Бұл мазмұн түрлерінің негізінде тұлға мен қоғам қатынасының дәуірлік өзгерістері жатқандықтан, олар тұрақты болып табылады.
Бұдан кейінгі жанрдың теориялық негізі ретінде В.Г. Белинскийдің «Разделение поэзии на роды и виды» атты еңбегін қарастыруға болады. Онда ғалым романды өз заманының эпопеясы деп атаған. Белинскийдің пікірінше, романның негізгі қызметі мынадай: «күнделікті өмір мен тарихи оқиғалардағы кездейсоқтықты жою, осылайша өзекті идеяның түп тамырына жету, сыртқы дүниені және шашыранды ойды рух пен сананың қалыбы ету»[1, 40].
Жанр құраушы белгілердің зерттелуі ХХ ғасырда да жалғасын тапты. Әрине, бұл жерде М.М.Бахтиннің 30-жылдары жазылған ғылы ми мұралары ерекше маңызға ие. Өзінің роман туралы еңбектерінде ғалым Гегельмен үндестік тапқан. Осылайша, өзінің «Вопросы литературы и эстетики» атты еңбегінде ғалым романды көп стильді, көп дауысты құбылыс ретінде қарастырады [1, 141].
Сондай-ақ, сөз болып отырған мәселе үшін М.М. Бахтиннің «роман бірден-бір қалыптасу үстіндегі дайын емес жанр болғандықтан,басқа жанрлар сияқты нақты қағидаға негізделмейді, сол себептен де, тарихи тұрғыдан оның тек жеке-жеке үлгілері ғана белгілі» деген пікірі де өте салмақты болып табылады.Ғалым роман жанрының өзгеру бағытын және басқа әдебиетке әсерін айқындайтын негізгі тұрақты құрылысын анықтады:
біріншіден, романда қалыптасатын сананың көп тілділігіне байланысты оның үш өлшемділігі;
екіншіден, романдағы әдеби образдың уақытша координатының өзгеруі;
үшіншіден, аяқталмаған осы шақпен (қазіргі кезеңмен) қатынас аймағы.
Бахтин аталған үш ерекшелік романда өзара үйлесімді байланыста болатынын айтап өтеді [1, 141].
Роман жанрының теориясы дамуының классикалық парадигмасын ХХ ғасырда М.М. Бахтин, А.Я. Эсалнек, В.В. Кожинов, Г.Н. Поспелов, Е.М. Мелетинский, А.В. Михайлов, П.А. Гринцер, т.б. сынды ғалымдар зерттеді. Аталған ғалымдар роман «жанрлық мазмұнының» өзіндік ерекшелігі оның қоғамдық өмір мен дара өмірді дербес, бір-бірін тауыспайтын және жойып жібермейтін тәуелсіз күш ретінде қарастыра ауында; кейіпкерлердің жеке түсініктері мен көпшілік мақұлдаған нормалар арасындағы қақтығысты суреттеуінде; «кейіпкер өмір сүріп жатқан социумге қалай да қарсы тұратын» тұлға «рухани әлемін» танымның мәні ретінде қарастыруында деген көзқараста болды [6, 278].
ХХ ғасыр аяғы мен ХХІ ғасыр әдебиеті жанрлық трансформация үрдісінің күшеюімен ерекшеленеді. Мұны шығарма тақырыптары мен идеялардың жаңаруы, жазушылардың өз шығармашылық ерекшеліктерін терең әрі толық аша отырып, өмірді өзінің сан қырлы кейіпкерлерімен барынша шынайы суреттеуге бағыт алуымен байланыстыруға болады. Жанр трансформациясының қарқындылығы «автор «билігінің» жанрға үстемдік етуімен, тандемдік негізде үстемдіктің жанрдан авторға өтуі, яғни «автор жанрының» пайда болуымен байланысты. Жазушылардың қалыптасқан жанр үлгілерін өзгерту және құбылту негізінде жаңа жанрлар не ішкі формалық топтар пайда болады» [7].
Қазіргі мәдениеттің даму үрдісі шығар ма құрылысының өзгеруіне, стиль мен ойдың жаңаруына ықпал етуде. Заманауи мәдениет көпқырлылығымен, қарама қайшылығымен, көп тілділігімен ерекшеленеді. Оның ықпалы жаңа жанрлық формалар мен вариациялардың пайда болуына алып келді. Қазіргі әдебиетке классикалық дәстүрден ауытқу тән. Кең таралған шығармалар түріне эссе роман, мысал роман, ертегі роман, т.б. сынды әртүрлі жанр элементтерін бойына жинаған туындылар жатады.
Біз қарастырып отырған мәселеде әсіресе, Бахтиннің «роман құрылысына кез келген жанр кірігуі мүмкін» деген постулаты өте маңызды болып табылады. Сонымен қатар, ғалым роман құрамында маңызды құрылыстық рөл атқаратын, кейде тіпті, романның ерекше жанрлық түрлерін қалыптастыра отырып, толықтай роман құрылысын айқындайтын нақты жанрлар тобын көрсетіп өтеді. Олардың қатарына күнделік, сапарнама, биография, хат, т.б. жанрлар жатады. Бахтиннің пікірінше, роман аталған кіріспе жанрларды шынайылықты суреттеудегі сөз шеберлігінің қалыптасқан дайын формалары ретінде пайдаланады [1, 138].
Қазіргі проза мазмұн құнарлығымен, эпикалық сарынның кеңдігімен және күрделі кейіпкер жүйесімен де ерекше. Бұл әсіресе ХХ ғасыр аяғы мен ХХІ ғасыр әдебиетіндеүлкен өзгеріске ұшыраған роман жанрының жаңаруына әкеліп соқты. Көптеген зерттеушілердің пікірі бойынша әртүрлі композициялық форманың ұштасуы әсіресе осы роман жанрында айқын көрініс табады. Қазіргі әдебиет «көпғасырлық дәстүр негізінде қалыптасқан жанрдың, ойлау әдісінің драмалық трансформациясын» басынан өткеруде. Кең тыныстылық, сонымен қатар, жанрдың жалпы жүйе тұрғысынан және жеке шығармалар аясында да ластанғанын байқауға болады [8]. Ғалымдардың бұл тақырыпқа үлкен қызығушылық танытуын осы кезең жазушыларының роман формасы мен мазмұнына тәжірибе жасау үрдісімен түсіндіруге болады.
Қазіргі әдебиеттегі жанрдың трансформациясы және эволюция мәселесі Н.Л. Лейдерман [9], Р.С. Стоун [10], М. Штейн [11], Д. Чандлер [12], М.П. Абашева, Ф.A. Катаев [13], В.И. Tюпа және басқа ғалымдардың зерттеу нысаны болып табылады.Олардың еңбектерінде қазіргі прозадағы жанр эволюциясының ерекшеліктері айқын көрініс табады. Сондай-ақ әдебиет пен мәдениеттің қарым қатынас мәселесіне көп көңіл бөлінеді.
Қазіргі роман жанры трансформациясын қарастыруда ең алдымен романның мәдени дағдарыстан жол тауып шыға отырып, постмодернистік ахуалға өте шебер икемделгенін атап өту қажет. Аталған пікір постмодернизм феноменін зерттеуші көптеген ғалымдардың еңбектерінде көрініс табады. Мысалы, Д.В. Затонскийдің «Модернизм және постмодернизм. Мысли об извечном коловращении изящных и неизящных искусств»[16]атты еңбегінде роман постмодерннің ең биік шығармасы ретінде қарастырылады.
Шын мәнінде ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында роман жанры үлкен дағдарысқа ұшырады және оның әсері әлі де болса байқалуд А. Бұл туралы Н. Лейдерман өз зерттеу еңбегінде «...көп бейнелі, симфониялы күрделі және композициялық тұрғыдан бір арнаға салынған роман мәдениеті жойылды...» деп жазады. Мұның басты себебі, шынайылықтың ортақ концепциясының қирауы деп біледі зерттеушілер. Соның нәтижесінде бір-бірімен жарысып жатқан өткеннің, қазіргінің және болашақтың тарихи-әлеуметтік модельдері пайда болды. Нәтижесінде бүтін эпикалық бір бейненің орнына бөлшектенген, жеке-жеке шынайылықтың балама концепциялары дүниеге келді.
Осыдан шығатын мақаланың зерттеу түйініндегі басты мәселе – романның әдеби дағдарысқа тойтарыс бере отырып, М.М. Бахтин айтып кеткен жанрлық өзегін сақтап, жаңа трансформациялық формаға еніп жанрретінде қалуы. Жоғарыда аталған жақын және алыс шет елдердегі ғалымдардың қазіргі кезеңдегі роман жанрымен болып жатқан өзгерістер мен үдерістерге үлкен қызығушылық танытуы аталған мәселенің өзектілігін айқындайды.
Қорыта айтқанда, роман жанры трансформациясының бүгінгі деңгейін, жанрлық түрленуінің басты себеп-салдарын, бағытын қазіргі қазақ әдебиеті негізінде талдау әдебиет теориясындағы өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Әдебиеттер
Бахтин М.М. Эпос и роман. – СПб.: Aзбука, 2000. – 301с.
Кожинов В.В. Происхождение романА. – М.: Сов. писатель, 1963. – 439 с.
Богданова О. Постмодернизм в контексте современной русской литературы (60-90-е годы XX века – начало XXI века). – СПб.: СПбГУ, 2004. – 716 с.
Гегель Г.В.Ф. Эстетика: в 4-х т. Т.З.: пер. под ред. с предисл. М. Лившица. – М.: Искусство, 1971.– 621 с.
Веселовский А.Н. Историческая поэтика. – М.: Высш. шк., 1989. – 404 б.
Мелетинский Е.М. От мифа к литературе. Теория мифа и историческая поэтика. – М.: РГГУ, 2000. – 170 с.
Звягина М.Ю. Авторские жанровые формы в русской прозе конца XX века. – астрахань: Изд-во Астрахан. пед. унта, 2001. – 180 с.
Маркова Т.Н. К проблеме жанровых номинаций в современной прозе. // Русская литература XX XXI веков: направления и течения: сб. научн. трудов. Вып. И. – Екатеринбург, 2009. – С. 115-122.
ЛейдерманН. Л., Липовецкий М.Н. Современная русская литература: 1950-1990. – М.: Изд. центр «академия», 2003. – 412 с.
Stone R.S. Picaresque Continuities: Transformations of Genrefrom the Golden Ageto the Goethezeit. – New Orleans: University Press of the South, ISBN: 1-889431-40-0. 1998.
Stein M. Black British Literature: novels of transformation. – Ohio State University.2004.
Chandler D. An Introduction to Genre Theory. Retrieved 02.03.2014 from http://www.aber.ac.uk/media/Documents/intgen- re/ intgenre1.html. 1997.
Abasheva M.P., F.A. Kataev, Russian prose in internet era: transformation in poetics and author’s identity. (Monography). – Perm:StateHumanitarianPedaggicUniversity, 2013.
Тюпа В.И. Произведение и его имя. // Литературный текст: проблемы и методы исследования. Вып. 6. –Тверь: ТГУ, 2000. – 178 с.
Temirbolat A.B., Abdikulova R.M., Kalkabaeva S.A., Ospanova A.A. Transformation of Novel’s Genre in Modern Literature // Mediterranean Journal of Social Sciences. – 2015. – Vol 6 No 4 S2.
Затонский Д.В. Модернизм и постмодернизм. Мысли об извечном коловращении изящных и неизящных искусств / Д.В. Затонский. М.: ACT: ФОЛИО, 2001. – 256 с.