Ашық сабақ. Иныорматика. 10 сынып. Файл, файлдарды сақтау және ашу
10 сынып
Тақырыбы: Файл, файлдарды сақтау және ашу
Мақсаты: Оқушыларға файл жайлы түсінік беріп, файлды қалай сақтау, ашу керектігін үйретіп, меңгерту.
Түйінді идея: Файл, файлдарды сақтау және ашу
Күтілетін нәтиже: Оқушылар файл жайлы біледі, файлды қалай сақтау, ашу керектігін үйреніп, меңгереді.
Ресурстар, көрнекіліктер: оқулық, компьютер
Жеке жұмыс
Ауызша сұрау
- Қарапайым программаның қатесін қалай тексеруге болады?
- Қатені тексеру және қадамдық әдіспен қатені тексерудің қандай айырмашылықтары бар?
- Программада қандай қателер болады?
- Қатені тексеру құралдары қай мәзірде орналасқан?
Оқушылар өздерінің жауаптарын, дұрыс жауаппен салыстырады
Үй жұмысын тексеру
Оқушылардың өткен тақырып бойынша топқа бөлінуін қадағалайды және өткен тапсырманы қаншалықты меңгергенін анықтайды
Жана сабақ
Файл - біртиптегі байттардың тізбегі.
Файл сөзі ағылшын тілінен аударғанда «қапшық» дегенді білдіреді. Файлға жататындар: программалар, мәліметтер немесе олардың бөлігі. Файл атауы өзара нүктемен бөлінген екі бөліктен тұрады, бірінші бөлігі өз атауы, екінші бөлігі кеңейтілуі.
Файлдың ақпарат өлшемін бит сияқты ақпаратты сақтау бірлігі ретінде қарастыруға болады. Біртұтас нысан ретінде файлдармен жазу, өшіру (жою), даярлау, көшіру, қайта ат қою операцияларын жүргізуге болады. Сыртқы тасушыдағының барлығы файл түрінде сақталады, олар: амалдық жүйелер, қолданбалы программалар, программалар жүйесі. Visual Basic тілінде бірнеше файл бар.
Сондықтан кез келген программаны қолданғанда мәліметтермен жұмыс жасаймыз, егер мәліметтер керек болса, оларды арнайы файлдарда сақтауға болады. Осы сақталған файлдарды ашып оқуға және өзгертулер енгізуге болады.
Файлдар 2 түрге бөлінеді:
1. Тізбектей қатынайтын файлдар.
2. Ерікті қатынайтын файлдар.
Тізбектей қатынайтын файлдарға аудиотаспаларды жатқызуға болады. Мұнда керекті әндерді тыңдау үшін таспаны айналдырып, кезекті әнді тыңдауға болады.
Тізбектей қатынайтын файлдар
Тізбектей қатынайтын файлдар операторларының қызметі:
файлға жаңадан мәлімет жазу үшін, файлдан мәліметті оқу үшін операторлар файлды ашады;
файлдан керексіз жерлерді алып тастау үшін;
файлдармен жұмысты аяқтаған кезде, файлды жабу операторы бар.
Файлмен жұмыс істеу барысында файлдық жүйе мен қалай байланысқанын білуіміз қажет.
Оқушылар жанұя тобына, үй тобына біріге отырып тақырыпты қорғайды және дәптерлеріне жазып отырады.
Файл, файлдарды сақтау және ашу. жүктеу