Ашық сабақ. Информатика. 11 сынып. MS PowerPoint бағдарламасында жаңа құжат құру

Oinet.kz 09-10-2019 650

Класы: 11
Сабақтың тақырыбы: MS PowerPoint бағдарламасында жаңа құжат құру. Слайдтарды қою, өшіру және қосу. Презентацияны сақтау.
Сабақтың мақсаты:
А) PowerPoint презентациясында жаңа құжат құру, оның негізгі элементтерін түсіндіру, презентацияға мәтін, сурет кірістіру, оларға анимация жасау кезеңдерін үйрету.
Ә) Оқушылардың білімінің тереңдетіп, ой - өрісін жетілдіру арқылы шығармашылығын дамыту.
Б) Оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, ұжымшылдыққа, уақытын үнемдей білуге тәрбиелеу.
Сабақтың типі: презентациялық сабақ
Сабақтың әдісі: жарыс сабақ.

Сабақ барысы:
І кезең. Білім - тест (қайталау)
ІІ кезең. Білік – (дайын презентацияны талдау)
ІІІ кезең. Ақыл (шығармашылық тапсырма)
IV кезең. Іскерлік. (Құттықтау дайындау)
V кезең. Қорытынды. Үйге тапсырма. Бағалау.

І кезең. Тест.
1. PowerPoint бағдарламасының қандай мүмкіндіктері бар?
А) слайдтар құру;
Ә) Презентация көрсетілуін автоматты түрде программалық тілге аудару;
Б) дыбыстық және мультимедиялық мүмкіндіктерді пайдаланып, презентацияны экранда көрсету.*

2. PowerPoint бағдарламасында презентация құрудың қандай тәсілі бар? (қате жауабын көрсет).
А) автомазмұн шебері, презентация шаблоны көмегімен;
Ә) бос презентация
Б) программалық тілде жазу арқылы*

3. Презентация деген не?
А) суреттер мен мәтіндер;
Ә) белгілі тақырып бойынша жинақталған слайдтар;*
Б) беттерге ескертпе жазу.

4. Слайд көрсетудің неше әдісі бар?
А) 3* Ә) 4 Б) 5

5. Слайдқа енгізілген суреттердің түрлерін өзгертуге бола ма?
А) болады*
Ә) болмайды
Б) дұрыс жауап жоқ

6. Слайдқа қандай объектілер енгізуге болады?
А) файлда сақталып тұрған суреттерден көшірме, бір мезгілде бірнеше дыбыстық объектілерді*
Ә) енгізуге болмайды
Б) тек қана мәтін

7. Слайдты баспаға қалай береміз?
А) Файл - Құру Ә) Файл – Басып шығарғыш* Б) Түзету - Басып шығарғыш

8. Жаңа слайд бетін құру үшін:
А) Файл - құру Ә) Файл - Ашу Б) Кірістіру – слайд құру*.

9. Слайдтарды сұрыптау режимін қандай мүмкіндік береді?
А) презентацияның әр слайдын жеке қарауға ыңғайлы
Ә) презентацияның барлық слайдтары тізбектеліп терезеде орналасады*
Б) беттерге ескертпе, қосымша материалдар жазу мүмкіндігін береді.

10. Презентацияны қарастырудың неше режимі бар?
А) 5 Ә) 4 * Б) 6

Келесі кезеңге өтпес бұрын сыныптың топ басшыларына шығармашылық тапсырма беріледі.
1. ҚР - ның рәміздері.
2. Тәуелсіздік күні.
ІІ кезең. Білік. Презентацияны дайындау кезеңдері, оған дыбыс, файлдан сурет қосу, ондағы объектілерге эффектілер қосу презентациясы көрсетіледі.
ІІІ кезең. Ақыл. Алдыңғы екі оқушының презентациясы көрсетіліп, олар өз жұмыстарын қорғайды.
IV кезең. Іскерлік. (Құттықтау). Алдағы келе жатқан «Ұстаздар күнімен «№32 мектеп - гимназия ұжымына құттықтау хатын жасау. Жақсы жазылған құттықтауларды экраннан көрсетіп, желі арқылы принтерге басып шығару.

V кезең. Сонымен біз оқушылар, бүгін MS PowerPoint - тың бар мүмкіндігін қолданып, сұрақтарға жауап беріп, теориялық білімімізді бекітіп алдық. Сол бойынша слайдтар жасап, анимациялық эффектілер қоса отырып, презентация құруға, оның түсіндіруге жарнама жасауға барынша ниеттендік. Сонымен қатар алдағы Жаңа жыл мерекесімен халқымызды құттықтап, жақсы тілектер тіледік.
Үйге тапсырма: Еркін тақырыпқа презентация дайындау. Оған баспасөз беттерін, суреттерді пайдалану, мәтін кірістіру, безендіру.

Ақтөбе қаласы,
№32 мектеп - гимназиясының
информатика пәнінің мұғалімі Нысаналы Балауса


Филология. Реферат. Тұрмағамбет шығармаларындағы мінәжат жанры
Ашық сабақ. Информатика. 7 сынып. Ақпараттар өлшемі және компьютерлік жады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу