Қойдың жаралуы (аңыз-әңгіме)
21-12-2019
Біздің зерттеудің негізгі объектісі – символ, ол лингвистикалық әдебиетте толығымен анықталмаған. Соған қоса, басқа ғылымдарда, философия, семиотика, психология, филология, мифопоэтика және фольклористикада, оның зерттелуіне өте үлкен көңіл бөлінген. Біз символға байланысты туындаған негізгі көзқарастарды жүйелеуді мақсат етіп қойғанымыздың негізгі себебі – осы көпбағытты құбылысқа тән барлық қасиеттерді көрсетіп және соларды лингвистикалық тәсілдер арқылы, соның ішінде құрылымдық семантика арқылы зерттеу. Таңбалық қасиетінен басқа гуманитарлық дәстүрде символдың образдылығы (икондылық), мотивтілігі, символдың мазмұнының комплекстілігі және мағыналарының теңдігі, символдың «имманенттік» көпмағыналылығы мен мағыналарының шегінің анық болмауы, архетиптілігі, жеке мәдниеттердегі универсалдығы және түрлі кезеңдер мен ұлттардағы символдардың қиылысуы (ұқсас болуы), мифология, әдебиет, өнер және басқа семиотикалық жүйелердің құрылымында орын табуы сияқты қасиеттері көрініс тапқан; соған қоса, символикалық және тілдік шындықтың қатынасы және символдың тіл мен сөйлеудегі орны зерттелген. Біздің осы мақалада қарастыратынымыз – символдың образдылығы мен мотивтілігі.
Символға қатысты анықтамалардың ішінен бізге семиотикалық анықтама әлдеқайда релевантты көрінеді (себебі семиотика жалпығылымдық пән ретінде кез-келген таңбалық концептілерге анықтама береді),сондықтан біз оны неізге аламыз.Осындай көзқарас арқылы «символ» терминіне екі негізі ұғым белгіленеді:
формалды-семиоткалық және формалдылогикалық мағынада ол: а) таңбалаушы мен таңбаланушының арасында шартты түрде байланыс орнататын таңба, яғни материалды бірлікті көрсететін (единство материально выраженный) таңбалаушы мен абстрактілі таңбаланушы конвенционалды, шартты байланыс негізінде танитын, немесе б) формалы-тілдік бейнелеудің графикалық таңбасы (мысалы, NP және VP, грамматикалық категорияны көрсетеді); 2) кең семиоткалық мағынада символ өзінің алғашқы мазмұнын өзге бір нәрсенің формасы ретінде қолдануды жөн көретін белгі, яғни әлдеқайда абстрактілі және ортақ мазмұнды, бұл жерде екінші мағынасы аса тілдік ұғымды көрсете алмайды, алғашқысымен ортақ таңбалаушы арқылы бірігеді [1, 34].
Бұл анықтамамен Ю. Лотманның анықтамасы ұқсас. Оның айтуы бойынша символ «өзге бір мазмұнды көрсететін, көбінде мәдени тұрғыдан маңызды болып келетін белгілі бір мазмұнмен» байланысты »[2, 11]. Осы екінші мағынадағы «символ» термині біздің көңіл бөлетін объектіміз болып табылады.
Символдың барлық қасиеттерін ашу үшін оның «семиотикалық» анықтамасын өзге ғылымдарда берілген анықтамалардың көмегіне жүгіне отырып кеңейту керек. Таңбалық қасиетінен басқа гуманитарлық дәстүрде символдың образдылығы (икондылық), мотивтілігі, символдың мазмұнының комплекстілігі және мағыналарының теңдігі, символдың «имманенттік» көпмағыналылығы мен мағыналарының шегінің анық болмауы, архетиптілігі, жеке мәдниеттердегі универсалдығы және түрлі кезеңдер мен ұлттардағы символдардың қиылысуы (ұқсас болуы), мифология, әдебиет, өнер және басқа семиотикалық жүйелердің құрылымында орын табуы сияқты қасиеттері көрініс тапқан; соған қоса, символикалық және тілдік шындықтың қатынасы және символдың тіл мен сөйлеудегі орны зерттелген. Бұл мақалада символдың образдылығы мен мотивтілігін қарастырамыз:
Символдың образдылығы
Көптеген ғалымдар символдың образдық табиғаты жайлы айтады. Олардың ойынша символ образдан «өседі», алайда символдың «образдылығы» әртүрлі түснік табады (мүмкін «символ» терминінің түрлі мағынасының болуы).
Символдың алғашқы тар мағынасының қайнар көзі ретінде сезімдік бейне жатыр – шынайы әлемнің заттары мен құбылыстарының кескіні. Ол өз-өзіне деген тепе-теңдікті ұйғарады, таңбалаушы мен таңбаланушы онда ерекшеленбейді, олар құбылыс пен болмыс тәрізді біртұтас. Сезімдік қабылдау сезімдік образға, көрініс пен «есте сақталған құбаластарға» ауысады. Образдың ішкі формасының, оның «жоғары қойылған дифференциалды жағы» образды таңбалардың қатарына қосады. Образ материядан бөлек өмір сүріп, схема түрінде қолданыла бастайды.
Референт пен оның шартты мағынасы бөлінген кезде (сөздің тар мағынасында) образ таңба-символға айналады. Х. Вернердің ойынша «протосимолар» образдар, визуалды және вербалды схемалар, ым-ишараттар және т.б. – «хабарлағыштың прогрессивті дифференциялық және референциалды мағынасының» көмегімен өзгереді; кері процесс олардың «дифференциациясымен» байланысты. Қазіргі психожәне нейролингвистикада бұндай процесс «қос кодтаудың» күрделі жүйесі ретінде бейнеленеді, бұл жерде санасыз (үйлестік (аналоговая) жүйе, образды континуальды ойдау), синергетикалық тұрғыдан, санамен (дискретті жүйемен, символды, вербалды, сандық ойлаумен) бір-бірінің кодтарын ішкі сөйлеудің көмегімен қайта құру арқылы әрекеттеседі [3]. Мысалы, адам ұйықтаған кезде ішкі сөйлеу вербалды ақпаратты, жасырын ойларды үстіртін ұқсас құрылымдарды (перцептивті образдар) қайта жасайды, ал ұйықтамаған кезде перцептивті образдар (сыртқы және квазиперцептивті ішкі) дискретті жүйенің тіліне аударылады.
Символдың негізінде жатқан образ (яғни көпмағыналы таңба ретінде) гештальдтан ең алдымен өзінің қызметімен (функциясымен) ерекшелінеді. Ол көркем немесе мифологиялық көріністің, тілдік бірліктің, ритуал, миф, көркем шығармашылықтың формасының қызметін атқарады. «Көркем» образ өздігінен таңба болып табылады (себебі онда материалды таңбалаушы бар – шығармашылық әрекеттің жемісі), алайда, символикалық емес, ал иконалық – оған таңбалаушы мен таңбаланушының арасындағы ұқсастық тән. Мазмұнның жоспары мен оның білдірілуінің арасындағы қарым-қатынас шартты емес, «органикалық» болып табылады [4, 22]. Р.Якобсонның ойынша, табиғи тілдерде «образ» икондылық дауысқа еліктеуде, редупликацияда кездеседі. Бұндай ұқсастық тағы сурет өнерінде, мүсіндеуде, кинода, театрда және т.б. шындықты суреттеуде орын табады [5, 12].
Осындай образдың негізгі қасиеті – алғашқы «сезімтал» мазмұнның кеңеюі мен жиынтықталуы. Бұл жерде ол формальды (яғни затты танып білуге керек жалпы белгілер) түсініктен ары кететін «мазмұндық» түсінікке ұқсас болады және заттың барлық жаңа жақтарын, қасиеттерін және өзге заттармен байланысын қамтиды». Антикалық көркем образ бен ұғымның ерекшеліктерін зерттеген О.М. Фрейденберг антикалық ұғымдар образ ретінде қалыптасуында дерексіз қызмет (функция) атқарғандығын белгілеген: «...дерексіз белгілер нақты қасиетті өз бойына алса, ал жекелікте – көп қайталанатын белгілерде, сапасыздық кенет суреттеледі, алдымен монолитті сапа, кеңістік жылжып, қимылдың мезеті себептен салдарына қарай енеді... Кез келген антикалық метафорада ауыспалы мағына мифологиялық образдың нақты семантикасына байланады да, оның ұғымдық дубликатын көрсетеді» [6, 189].
Н.Д. Арутюнованың айтуы бойынша, бұндай образ өзінің дәлме-дәл мағынасының шегінен шығады, бірақ кеңею мен жалпыланудан ары кетпейді, жаңа мазмұн бермейді (символға қарағанда) [4, 149 ]. Өзінің негізгі мазмұнынан әлдеқайда өзгеше мағына берген уақытта, көбінде абстрактілі, образ-икон символ болады.
Образдардың сөзбен берілуі кеңейген кезде, олар ортақталу барысында қарапайым тілдік таңбаны құратын және білдіретін ұғым мен сілтеуіш қызметін атқаратын күрделі икондық таңбаларға айналады. Символдар болса тілдік қатынастағы мағыналардың комплексті ұғымы және концепттердің мазмұндық-логикалық қатынасындағы бірігуі болатын күрделі таңбалар (атаулар) қатарына жатады. Кез келеген символ образ болса, образдың символ болуы белгілі бір жағдайларда ғана мүмкін. Н. Фрейд образдың поэзиядағы «символдылығын» келесі өлшемдермен шығарды: 1) абстрактілі символдық мазмұнның болуы контекстпен көрсетіледі; 2)образдың тура мағынасында қарастырылуы мүмкін емес кезде немесе жеткіліксіз болып берілген уақытта; 3) образ миф, аңыз, фольклормен ассоциацияны көрсеткен жағдайда [7, 81].
Көптеген ғалымдар символ түсінігін образ арқылы көреді: «Символ өзінің таңбалық аспектісінде алынған образ, ол – мифтің толық негізділігін және образдың шексіз көпмағыналылығын қамтитын образдың өзі... Заттық образ бен терең мағына оның құрылымында бір-брінсіз өмір сүре алмайтын екі полюс тәріздес (образдан бөлек мағына өзінің нақтылығын, ал образ өзінің компоненттеріне бөлініп кетеді), бірақ бір-бірінен бөлінген және символдың табиғаты болатын өзара шиеленіс орнатады...» [8, 22].
Нейро-психологиялық тұрғыдан символ образдарды санасыз түрде «ығыстыру» және «конденсация» тәріздес процесстердің нәтижесінде пайда болатын таңбаланушыдағы қосымша ассоциативті комплексі бар күрделі образды-вербалды табиғи құбылыс
Символдың мотивтілігі символдық мазмұнның нақты және абстрактілі элементтерімен байланысты. Мотивтілік тілдік таңбамен салыстырғанда символды ерекшелейтін белгі болып келеді. Бұнда таңбалаушы мен таңбаланушыдың арасында байланыс конвенционалды және ерікті болып келеді де, символды өзге мотивтелген семиотикалық құбылыстарға жақындата түседі – троптар, метафора мен метонимия. Гегельдің анықтауы бойынша, таңбада «оның мағынасы мен берілуінің арасындағы байланыс олардың ерікті бірігуімен анықталады. ...таңба мен айтылу ойда қандай да бір алшақ, бөлек мазмұн туындатады, ол белгілі бір спецификалық байланыста болуы тиіс емес...» Ал символда «оның мазмұны мен белгіленуінде бір-біріне деген бейтараптық жоқ... сондықтан, туыстық пен нақты мазмұн және бейне байланысты» [9, 313].
Өткеннің көптеген ойшылдары символдың мазмұнындағы нақтылық пен абстрактілі ұғымдарды оның үйлестігінің байланысының негізі деп ерекшелеген. Мысалы, И. Канттың ойы бойынша, символ тек бір ғана үйлестіктің көрінісі ретінде қалыптасады. Символға байланысты қатынаста үйлестікті семантикалық белгілердің ортақтығының негізіндегі ұғымға ұқсатуға болады, соның көмегімен нақты, жеке атаудың абстракт, жалпы мағынасына ауысуына мүмкіндік туады. Бұл символды өзге мотивтелген семиотикалық құбылыстарға – троптар, соның ішінде метафораға – жақындата түседі.
Э. Кассирер шындықты символикалық құрастырудағы метафораның ролін алғашқылардың бірі болып анықтаған [10, 47]. Оның айтуы бойынша символикалық форманың изоморфизмі, символдың түрлі модальдылығы «радикалды метафораның» көмегімен, «рух энергиясының» бір формадан басқа нақты формаға ауысуынан болады. Символикалық формалардың бұндай «метафоралық» түсінігі М. Мюллер, А. Кунның интуитивистік және эмпирикалық амалдарына қарама-қайшы келіп, ал Э. Тейлор, Дж.Г. Фрэзер, Л. Леви-Брюльдің айтуы бойынша мифологиялық және ритуалды символиканың логикалық ойлаумен байланыстырып, сөздің этимонасы мен эмпирикалық материалдың интуитивті анализіне сүйенді.
Ф.Уилтрайд үшін символды метафора арқылы бейнелеу тән, ол символды «тұрақтандырылған метафора» деп қарастырады. Ол символдың екі түрін анықтады – стено-символ немес блок-символ, бұнда алғашқы «диафорикалық өзгешелік» жоққа шығарылады, бірақ таңбалаушы мен таңбаланушының арасында жалпылылық мезеті жоғалады да (математика, формальды логика символы), бұндағы «дүбірлі, экспрессивті символдағы» «алғашқы диафорикалық ерекшелік пен сапа сақталып, баи түседі» [11, 7].
Ассоциациялаудың екі негізгі механизмін қарастыру – метафора мен метонимия – символды зерттеуде маңызды болған, оны бейнелеуде «динамикалық» амал белгілеген. Символикалық мағыналарға байланысты Якобсоннан кейінгі зерттеулерде П. Рикер, К.Леви-Строс, Ц. Тодоровты айтып өткен жөн.
П. Рикердің ойы бойынша, символ тілдік полисемияның феноменологиялық көрінісі. Символикалық амбиваленттілік екі факттың қосындысынан туындайды – лексикалық (полисемия) және контекстуалдық, бұнда контекст «бір атпен тұрған бірнеше түрлі, тіпті қарамақайшы мәнді жүзеге асырады» [12, 72]. Полисемия мен символизм тілдің құрылуы мен қызмет атқаруын бейнелейді. Шындықтың ұқсастығы мен алшақтығы көпмағыналы сөздердің арасындағы мағынасының байланысын құрады, яғни бұл байланыстар символда әлдеқайда қатты көрсетілген.
Ц. Тодоров ауыстырудың метафора сияқты түрінің символ құрудағы ролін айтып, метонимия мен синекдоха сияқты троп түрлеріне де көңіл бөледі. Бұнда біз қарапайым символдардағы семантикалық бейненің мысалдарын табамыз, яғни «қызыл ай – царь» символы (бұнда қызыл ай туған уақытта дүниеге келген адамның царь болу керектігі жайлы ұғымның болуы); қан биліктің символы (метонимия), қызыл түс қанның символы (синекдоха), айдың белгілі бір фазасы қызыл түстің символы (синекдоха), осы фазада дүниеге келген адамдар соны символдайды (уақытша метонимия). Символикалық «конверсия» символдар тізбегін аударады, оған қоса «символ болатын термин» басқа символ болады да, оның алдындағы процестермен қамтылады [13, 245].
Бұндай алғашқы мифологияға дейінгі ойлауға жататын аналогияның метонимия және синекдоха сияқты формаларын Леви-Брюль «пралогикалық» деп атаған [14, 98], оның негізгі қасиеттері болып синкреттілік, біртектес заттарды ұқсастыру, козуалдылық қатынасты шектес қатынасқа ауыстыру, бөлшек пен бүтінді ұқсастыру, заттар мен олардың қасиеттері, заттар және олардың таңбасы немесе атауы болып саналады. Олар тек репрезентативті немесе орнын басатын ғана емес, соған қоса, ойлау тотемнің артынан жүретін тотемикалық сипат алатын қарапайым символика негізіне жатады [15]. Метафора символдың «хабар берушісі» мен «референтінің» ұйлестігі ретінде мифологиялық ойлауға өткенде пайда болады, бұнда метафора қоршап тұрған заттарға және жандарға байланысы тікелей емес болған кезде, мифтің көмегіне, яғни бұрын бастан кешкенге жүгінуді жөн көреді. Бұл уақытта «мифологиялық мәтіндердің» элементі ретінде метафоралық символдар, өзіндік бір мифологиялық концепттер пайда болады. Мифтің «жанр» категориясына ауысуы барысында олар метатілдің категориясына айналады. Бұл жағдайда символдар мифологиялық емес, ал дескриптивті санаға жатады [16, 306].
Ерте метонимиялық және кеш метафориялық символизмінің байланысуына мысал келтірейік. Жерді жағалап жорғалайтын жылан – жердің, құнарлылықтың, ғаламның символы, соған қоса, жерасты әлемінің кереметінің (божество) символикалық көрінісі. Бұл – «жер» корреляциялық нүктемінің негізіндегі метонимиялық символ. Мынау әлдеқайда кешірек пайда болған метафоралық символизм – «жылан-шайтан» (змея-сатана). Ол «жылдам-қу», «иілген-қуланған» сияқты тасымалдауға негізделген физикалық және психологиялық процесстердің аналогиясы: қу – тез ойлайтын, иілген – тік айтып сөйлемейтін, мағынасын өзгертеді. Осы тұста жердің құдіретіне негативті қасиеттер үстейтін символ пайда болды.
Символдың метафоралығын айтқан кезде тағы бір бағытты атап өткен жөн, бұл жерде европалық амалдан тыс метафораны зерттеудегі – когнитивті семантика. «Концептуалды метафораға» көңіл бөле отырып, когнитивті семантика қазіргі символдардың онтологиясын зерттеп, символдық ауысулардың негізгі типтерінің таксономиясын жүзеге асырады. Еске салатын жайт концептуалды метафора білімдердің проекциясы ретінде дерекнама-сферасынан жаңадан меңгеру сферасына онтологиялық сәйкестіктің көмегімен жүреді. Атап өткендей, қазіргі концептуалды жүйедегі уақыт, сан, қалып, әрекет, себеп, мақсат, эмоцияны түсіну (махаббат, ашу) сияқты абстрактілі түсініктер концептуалды метафоралардың көмегімен құрастырылады, мысалы: үлкен жоғарымен тең, кішкентай – төмен, уақыт – зат, уақыттың өтуі – әрекет, келешек алда, өткен артта, қалып – кеңістіктегі орын, өзгеріс – қозғалыс, себеп – күш, мақсат – жету керек жер, сыртқы оқиға – үлкен қимылдап жатқан объектілер, қиындықтар – кедергі және т.б. Біздің көзқарасымыз бойынша, қазіргі таңдағы мәдениетте құбылыстардың осындай ауысуы метафораның да, символдардың да тууының негізі болып табы лады.
Символдың мағынасының мотивтілігіне сәйкес бірнеше өзіндік қорытынды жасайық. Символдың мотивтілігі оның нақты және абстрактілі ұғымының, және осы ұғымдардың шектестігінің үйлестігімен, соған қоса, ұғым интенсионалының бірінің екіншісіне қосылуымен түсіндіріледі. Символдағы үйлестік метафора (синестезияны қоса) сияқты семиотикалық транспозициясының негізін құрады, шектестік пен қосылу метонимия мен синекдоханың негізінде жатыр.
Әдебиеттер
Sebeok T.A. Encyclopedic dictionary of semiotics. – 1-3 books. – Berlin; New York : Mouton de Gruyter, 1986.
Лотман Ю.М. Символ в системе культуры // Тартуский ун-т. Ученые записки. – Вып. 754. – Тарту, 1987.
Цапкин В.Н. Семиотический подход к проблеме бессознательного // Бессознательное. Многообразие видения. – Новочеркасск, 1994.
Арутюнова Н.Д. Метафора и дискурс // Теория метафоры. – М., 1990.
Якобсон Р. В поисках сущности языка // Семиотика. – М.,1983.
Фрейденберг О.М. Образ и понятие // Миф и литература древности. – М., 1978.
Frye N. Symbol // Encyclopedia of poetry and poetics. – Princeton (New Jersey), 1965.
Аверинцев С.С. Символ художественный // Краткая литературная энциклопедия. – М., 1968.
Гегель Г.В.Ф. Сочинения. Лекции по эстетике. – Том 12, кн. I.– М., 1938.
Cassirer E. Language and myth. – New York, 1946.
Wheelwright P. The archetypal symbol // Perspectives in literary symbolism. V. I. – The Pennsylvania State University Press. University Park; – London, 1968.
Ricoeur P. The problem of double-sense as hermeneutic problem and as semantic problem // Myths and symbols. – Chicago, 1969.
Todorov Tz. Theories of the symbol. – Ithaca (N.Y.), 1982.
Леви-Брюль Л. Сверхестественное в первобытном мышлении. – М.: Педагогика-Пресс, 1994.
Tайлор Э.Б. Первобытная культура. – М., 1989.
Успенский Б.А. История и семиотика // Семиотика истории. Семиотика культуры. Избранные труды. – Т. 1. – М., 1994.