Қойдың жаралуы (аңыз-әңгіме)
21-12-2019
Диалектілік лексика ұлттық тілдің бір тармағы болғандықтан, оның басқа тармақтары сияқты көлемдік жағынан да, мағыналық жағынан да дамуға, азды-көпті өзгеруге тиіс, бұл – оның ұлттық әдеби тілмен қатар күнделікті қарым-қатынас құралы қызметінің нәтижесі. Жалпы әлемдегі, нақты қоғамдағы өзгерістен диалектілік лексика тыс қала алмайды, жаңадан пайда болған, танылған ұғымдарды атау қажеттігі қоғам иесінің, тіл иесінің бәріне ортақ, тек кей жағдайда тіл иелері жаңа ұғымның жалпыхалықтың әдеби атауымен қатар жергілікті атауын жасап, екеуін қатар қолдануы мүмкін немесе тіл иесі этнос үшін жаңа ұғым атауының аймақтың сипаты болуы жат емес, бұл соңғысы бөтен тілдік ортада, шекаралас аралас сөйленіс, аралдық сөйленіс жағдайында кездесуі де тілдердің өмір сүру жағдайында бар құбылыс. Жоқ нәрсені іздеп табуға, білмейтін затты танып-білуге деген талап адам баласына тән қасиет, сол арқылы өзінің тұрмыс-тіршілігін өзгертеді, қарым-қатынасқа түседі, мұндай жағдайда белгілі затты, құбылысты пайдалану, қолдану, білу, керегіне жарату, қыр-сырын ашу зәрулігі келіп туады, өмірдегі жаңа зат, құбылыстарды атау қажеттігін туғызады, жаңа сөз жасауға деген қажеттілік келіп шығады. Бұл ғылымда сөзжасам, сөзжасам заңдылықтары, сөзжасам тәсілдері сияқты ұғымдарды, тіл ғылымының саласын қалыптастырды. Қарым- қатынас құралы – тіл, тіл – қаруы сөз, ал сөзжасам – өзіндік қыр-сыры мол тіл ғылымының саласы.
Диалектілік лексика да тілге тән заңдылықтар, сөзжасам заңдылықтары арқылы әр кезеңде толығып, жетіліп, байып отырады, оның құрамынан әр дәуірде пайда болған сөздерді көру қиын емес. Мысалы, бітпе – көне жазу, бедізші - тасқа қашап жазушы, аңсыз – ақылсыз, аңғар, аңғарлау – зейін, сезімге байланысты сөздер, аңғарлау - байқау тәрізді сөздер түбірлерін көне түркі ескерткіштері дәуірлерінен алса, абылау – аң аулау, әздік – ыңғайлы, лайықты, күндікшілік – жалданып істейтін жұмыс сияқты сөздер М.Қашқари т.б. сөздіктер, көне жазулар заманынан, ағаш тіс – ағаш соқа, бір мойын жер -гектардың ширегі, көмбе - тапа/таба сөздері халықтың отырықшылыққа ауыса бастау кезеңін, бақпа – бала бақша, жаншы – тыңшы, жар газет – қабырға газеті сөздері этнос тарихындағы елеулі өзгеріс, үлкен оқиғалар сарынын сездіреді, сөйтіп, сөзжасам тарихы диалектілік лексика үшін де адам танымының жетіліп, айнала қоршаған ортаны танып, оған ат қойып таңбалай бастаған кезеңдерінің бәрінде ізі қалған көне де күрделі құбылыс. Тіл дамуы адамзаттың қоршаған ортасын, әлемін танып-түсініп, сол ортаның әр алуан белгісі мен қадір-қасиетін, сапалық белгісі мен қимылын, қимыл-әрекеттің өту сипатының толып жатқан белгілеріне ат қойып, айдар тағуы арқылы, аталым жасалуы арқылы көрінеді, танылады. Оның бәрі этностың ой-санасының өсуіне ұлттық ділі мен тағлымына, психологиясына тікелей қатысты болып келеді. Осыған байланысты Н. Оралбаева "... тіліміздің әбден орныққан, қалыптасқан, күрделі, өте жүйелі сөзжасамы - ұзақ уақыттағы дамудың нәтижесі" [1, 8-6.], - дейді. Сөзжасамның өзіндік заңдылықтары, амал-тәсілдері тілде ежелден қалыптасқанына, оның тарихи құбылыс екеніне қарамастан, қазақ тілі ғылымы, түркі тілдерінде оны тіл ғылымының қай тарауы көлемінде қарастыру мәселесі ғалымдар назарынан түспей келеді. "Сөзжасам - сөз таптарын (грамматикалық топтары) жасау, тудыру емес, тілдің лексикалық құрамын байытатын жаңа мағыналы сөз тудыру, тек одан кейін жаңа жасалған сөздің грамматикалық сипаттары арқылы ол белгілі бір сөз табына енеді" [2, 244], - деп С. Исаев сөзжасамның атау қажеттілігіне байланысты аталым жасау қызметі бірінші дәрежедегі тілдік құбылыс та, оның сөз табына қатысы екінші дәрежелі құбылыс деген тұжырым жасайды. Сөзжасамның қызметі аталым (сөз) жасау, соның негізінде танылған белгілі ұғымға дер кезінде ат қойып, қоғам қажетін өтеу, сөзжасам қызметі арқылы жасалған аталым (сөз) өз кезеңінің көрінісі ретінде сөзге тән қызмет атқарып, тілдің сөздік құрамынан орын алады, тілдің баюына үлес қосады. Бұл айтылғандардан туындайтын түйін - сөзжасам тілдің лексикалық деңгейіне де, грамматикалық деңгейіне де байланысты сөз болып жүргені. Дегенмен, қазақ тілі ғылымында сөзжасамның теориялық мәселелері, семантикалық аспектідегі тарихи сөзжасам мәселелері, диалектілік сөзжасам мәселелері жеке-жеке зерттеу нысанына айналған, соның нәтижесінде сөзжасам өз алдына тіл ғылымының саласы болып келеді. Сөзжасам саласындағы басты нәтиже - туынды сөз, ол сөзжасамның айкындалған амал- тәсілдер арқылы лексикалық мағына (туынды сөз, аталым) жасайтын тілдік процесс екенін танытады. Сөзжасамның екі белгісі, ерекшелігі байқалады, алдымен, жаңа лексикалық туынды жасайтын тілдік процесс сөзжасам тәсілдері екені, екіншіден, сол тілдік құбылыстың нәтижесі ретінде пайда болған жаңа сөздер, сөзжасам үлгілері [2, 253]. Жаңа сөздің пайда болуымен бірінші дәрежелі тілдік процесс сөзжасам процесі аяқталады, бұдан кейінгі жаңа сөздің бойындағы өзгеріс грамматикалық қызметке, грамматикалық мағынаға байланысты болады, сондықтан С.Исаев оны "екінші дәрежедегі тілдік процесс" деп есептейді. Халықтың рухы, ғасырлар бойы жасаған рухани, материалдық мәдениеті, әдет-ғүрып т.б. тұрмыс-тіршілігінің көзі - тіл, адамның танымы, таным дәрежесі өскен сайын әлем сырын ашу қалжеттілігі туындайды, танылған зат, құбылыс (денотат) адам санасында бейнеленіп, ұғым болып қалыптасады, оны атау қажеттілігі тілдік таңбаға айналдырады. Тіл - ой-сана, танымның дамуына сай жетіліп отыратын тарихи құбылыс, сондықтан сөзжасам таным арқылы қабылданған, танылған зат, құбылысты, сол зат құбылыстың ерекше қасиет белгілерін атау қажеттігінен туындайтын процесс. "Сөзжасамдық процестің нәтижесі - лексикалық бірліктер, яғни номинативтік атаулар" [3, 7-6.]. Сөзжасамды процесс санаудың себебін А. Салқынбай ұғымды таңбалаудың күрделітабиғатында деп түйеді. Ұғым денотаттық мағына ие болу үшін халық тәжрибесінен, уақыт сынағынан өтуі қажет, осыған байланысты сөзжасам саласында "тарихи сөзжасам" [қайт. 3] мәселелері жеке зерттеу нысаны болып, күрделі теориялық негіздермен толықтырды деуге болады.
Тілдегі кез келген түбір сөзжасамға негіз бола алмайды, жаңа туынды мағына жасай алмайды, себебі халық санасында ол заттың, құбылыстың дамушы негіз болар бейнесі жоқ, жаңа туынды сөз (аталым) тілде бар сөздер халық санасында белгілі орын алған жағдайда, қажет кезінде жаңғырып, келесі затты атауға негіз бола алатын жағдайда туындайды, бұл - сөзжасамның процесс екендігінің келесі бір дәлелі. Сөзжасам - ұдайы жүріп отыратын, тілмен бірге өмір сүретін құбылыс. Профессор С.Исаев тұжырымдағандай, бірінші дәрежелі тілдік процесс, сөзжасамдық процесс аяқталғанда, туынды сөз жаңа атауыш (аталым) ретінде тілдің сөздік құрамына енеді, лексикологияның қарамағына кіреді. Мағыналық таңба болып, дайын күйінде жұмсалады, сөздің басты белгісіне лексикалық единицаға айналады, екінші сөзбен айтқанда мағыналы таңба лексема болып жұмсалады. "Сөзжасамдық процесс нәтижесі лексемалар болып табылады" [қайт. 3, 88].
Қазақ диалектологиясында сөзжасам мәселелерін зерттеген ғалым Ғ.Қалиев оның негізі ежелгі түркі әлемінде салынған жалпы түркілік тарихи процесс екенін айтады, қазақ тілінің дамып жетілуімен табиғи байланыстағы процесс, сондықтан қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктеріндегі сөзжасам қазақтың ұлттық сөзжасам жүйесіне кіреді, соның жергілікті жердегі көрінісі болып табылады [4, 28]. Бұл, біріншіден, қазақтың ұлттық тілінің айырым белгілері аз, жалпы ортақ белгілері мол біртұтастығына байланысты болса, екіншіден, жалпыхалықтық тілден мүлдем өзгеше сөйленіс жоқтығынан байқалады, жалпыхалықтық тілден бүтіндей өзгеше сөзжасамы бар сөйленіс, болмайды, онда ол сөйленіс дәрежесі емес басқа тіл дәрежесінде қаралар еді. Қазақ диалектілерінің сөзжасамы қазақтың ұлттық тілі ғана емес, жалпы түркі тілдеріне ортак сөзжасам тәсілдерінен тұрады әрине, өзіне тән ерекшеліктері бар.
Қазақ диалектілерінде туынды сөз сөзжасамның синтетикалық, аналитикалық тәсілдері арқылы жасалады. Ғ.Қалиев фонетикалық, лексика-семантикалық, лексика- грамматикалық тәсілдердің де белгілі мөлшерде сөзжасамға қатысы барын ескертеді [қайт. 4, 30]. Жалпылдақ батыс сөйленістерінде "шымылдықтық желбіреуігі" мағынасын білдіреді. Мынаны бізде шымылдықтың жалпылдағы дейді, сіздерде, қалай? (Орын., Ад.). Сөзде екі жұрнақ бар; - ыл, және - дақ. Сөздің түбірі жалп еліктеуіш сөз, диалектілік сөз әдеби тілге тән сөзден, жұрнақтардан жасалып тұр. Әлменді – күшті, қуатты (Ақт., Ырғ.). Сөз түбірі - әл, диалектілік туынды мағынаның түбірімен синонимдес, -мен, -ді екі жұрнақ арқылы туынды сын есім жасалған. Қауданшылық – кек, дұшпандық мағынасын білдіріп, Арал сөйленісінде қолданылады. Жақанға көрген балықты айтпай, менің онымен қауданшылығым бар ма? (Арал), сөз түбірі әдеби тілде қолданылмайды, -шылық - зат есім тудырушы құранды жұрнақ. Заққы - ұққыш, есіне сақтағыш, зерек (Ол бір заққы ғой. (Қост. Жан.). Бұл сөздің де түбірі әдеби тілде кездеспейді, -қы жұрнағының жіңішке варианты - кі, кы қолданысы қазақ тіліне тән емес, бірақ сөздің туынды екенін аңғару да қиын емес. Сурамжал - сұраншақ мағынасында, Маңғыстау сөйленісіне тән сөз, мұнда - м, жал тәрізді екі жұрнақ бар деуге болады - жал жұрнағы әдеби тілде ұшыраса бермейді. Шатақ-бұтақ жекжат. Біздер бір-бірімізбен шатақ-бұтақ адамдармыз (Түрікм., Таш.), қос сөз сыңарларының екеуі де мағыналы, екінші сыңар бұтақ метафоралы мәнде тұр, үпік-тапық – жетімсіз, жетер-жетпес. Өзі үпік-тапық нәрсені қайсына жеткізейін (Маңғ.). Сөзді синхронды жағынан сыңары да мағынасыз қос сөз қатарына жатқызуға болар еді, бірақ екінші сыңардың man, түбірінен "тапшы, тапшылық" мәні аңғарылады, "жетімсіздік" мәні осы сыңардан шығады деп бағамдауға болады. Асқазан, асжаулық, жертабан сөздерінің жасалу тәсілі басқа, бұлар біріккен сөздер, мағына құрамындағы сөздердің мағыналарының қосындысынан туады, асқазан – ас үй мағынасын, асжаулық – дастархан мағынасын, жертабан - табалдырық дегенді білідіреді, бәрінде де сыңарлардың мағыналары ауысуы сөзжасамға негіз болып, уәжділік танытып тұрғанын байқауға
қайнатпа құрт сөздерінің жасалу тәсілі бір болғанымен алғашқылары тұрақты тіркес,
тағамның ұзақ сақтауға жарайтындығы мен дәм ерекшелігі болу керек қара май – мұндай сөзжасамға негіз – түс. Жер тепшілеу – қыдыру. Кешегі жер тепшілеп жүрген шағымызда шаршағанды білмеуші едік. (Сем. Ұрж.). Бас кесу күдер үзу мағынасында. Ондай болу үшін машқалаңнан бас кесу керек. (Түрікм., Краснов.).
Сөзжасамдағы басты нәрсе – туынды сөз. Туынды сөз мәселесі "туынды сөз" термині қазақ тілі ғылымында әр түрлі қолданылып жүр. А.Ысқақов "туынды сөздер деп жұрнақтар арқылы негізгі түбірлерден өрбіген сөздерді айтамыз" [5, 90] - дейді, бұл пікір бойынша, туынды сөздің құрамында негізгі түбір морфемасы және қосымша морфемалары болуы шарт (елші, елшілік т.б.) және туынды сөз түбір сөз бен жалаң сөздер тобын құрайды, ал біріккен, қысқарған құрама (күрделі) сөз, қос сөздер күрделі сөздер саласын құрайды. Осы мәселе тұрғысында Ы.Маманов "Дұрысында, негізгі түбірден басқаларының барлығы да туынды түбірлер", - дей келе [6, 11], қосымша арқылы жасалған сөзді басқа типтерден ажырату үшін "қосымшалы түбір" терминін қолданғанын айтып, сөздің осы түріне берілген анықтамаларына шолу жасап, "бір сөзге сөз тудырушы қосымша жалғану арқылы жасалған жаңа мағыналы сөзді қосымшалы түбір атаймыз десек, дәлірек болар еді," - деп тұжырымдайды және сөздің бұл түрінің қандай негізден жасалатынына сипаттама береді (білім, тұзда; білім-сіз; жалаңашта; көргенсіз; білместік; байлаулы, жегулі т.б.). Туынды сөзге (түбір) берілген анықтамалардың ішіндегі синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөздің табиғаты дұрыс ашылған анықтама деу орынды, мұнда сөзжасамға негіз тұлғалар анық көрсетілген. Туынды сөзге қосымша арқылы жасалған туынды түбірлер мен аналитикалық сөздер, барлық сөзжасам тәсілі арқылы жасалған туындылардың бәрі жатады деген пікір Н.Оралбаева еңбегінде жалғастық табады, туынды сөздер – тілдің сөзжасам процесінің нәтижесінде туған лексикалық дайын тұлғалар. Туынды сөз терминінің мәні, "туынды түбір" дегеннен әлдеқайда кең, себебі "туынды түбір" туынды сөздің бір түрінің аты, туынды сөз ұғымына тілде әр түрлі тәсілдер арқылы жасалған жаңа сөздер жатады [қайт. 1, 34-35]. А.Салқынбай "туынды сөз" терминіне байланысты туындаған анықтамалардың туынды сөздің мәнін аша алмайтынын тілге тиек етіп, "туынды сөз дегеніміз сөзжасамдық амал- тәсілдердің көмегімен түбірдің немесе негіздің, сөз туыдырушы морфемалардың қатысуымен пайда болған, екіншілік мағынаға ие болатын жаңа денотаттық мағыналы сөз. Туынды сөз мағынасы себепші негіз мағынасы арқылы ғана анықтала алады. Демек, туынды сөз екіншілік мағына беретін жаңа сөз," - деп түйіндейді [қайт. 3, 39]. Бұл тұжырымды сөзжасауға негіз болған түбірдің семантикасы тұрғысынан түсінуге болады, яғни қазақ тілінде сөзжасамға негіз түбір оған қанша сөз тудырушы жұрнақ жалғанғанымен өзінің негізгі "біріншілік" мағынасын өзгертпейді, оны сақтап тұрады. Мысалы, ғалым түсіндірген сурет - ші сөзі, "сурет салатын адам" деген жаңа денотаттық мағына екіншілік мағына, ол – "сурет" сөзінің бірінші мағынасынан шығады. Қазақ тілінде түбірлердің сөзжасамдық ұя жасау қабілеті күшті. Мысалы, біл, он, өс, ек, бас, т.б. Бір ғана біл түбірінен тарайтын сөздер өз ішінен бірнеше сөзжасамдық тізбекке тармақталып кетеді:
Ы. Маманов атап көрсеткендей, "қосымшалы түбірдің" өзі ғана негізгі түбірден, туынды түбірден, біріккен, қысқарған сөздерден жасала береді.
Қазақ тілінің табиғатында құрамына бірнеше негізді жинақтайтын сөздер баршылық, Ғ.Қалиев, мысалы, көріктендіріл сөзінде алты негіз бар деп түсіндіреді [қайт. 4, 15-16]. Сонымен туынды сөз – қоғам дамуына сәйкес өзгерістерге байланысты пайда болған жаңа ұғымдарды атау қажеттілігінен туған, сөзжасам тәсілдері арқылы жасалған жаңа сөздер, жаңа лексемалар. F.Қалиев "Қазақ говорларындағы сөз тудыру" атты еңбегінде семантикалық, синтетикалық, аналитикалық сөз тудырудың қазақсөйленістерінде зерттелу дәрежесіне егжей-тегжейлі тоқталады, бұдан диалектілік туынды сөздер оларды жасушы сөзжасам тәсілдері тұрғысынан жеке зерттеу нысаны болып, басқа жағдайда грамматикалық ерекшеліктер қатарында аталып келгені көрінеді. Қазақ сөйленістері бойынша еңбектерге қарағанда, туынды сөз диалектілік лексиканың толығу арнасы ретінде қарастырылмағаны байқалады. Кез келген тілдің лексикасы сияқты қазақ тілінің жалпыхалықтық лексикасы, диалектілік лексикасының да мол қабатын туынды сөздер құрайды. Олар тілдегі белгілі сөзжасам тәсілдері арқылы жасалады.
Әдебиет
Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі. -Алматы: Ғылым, 1989. -368 б.
Исаев С. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. -Алматы: Рауан, м1998. -304 б.
Салқынбай А. Тарихи сөзжасам (семантикалық аспект). -Алматы: Қазақ университеті, 1999, -309 б.
Қалиев Ғ. Қазақ тіліндегі сөзжасам мәселелері. -Алматы: Ғылым, 2002. -190 б.
Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. -Алматы: Ана тілі, 1991. -384 б.
Маманов Ы.Е. Қазіргі қазақ тілі (лекциялардың текстері). -Алматы, 1973. -89 б.