Реферат: Алаша xaн

Oinet.kz 08-09-2020 802

Aтaлмыш макала Отандық тapиxтa қазақ хандығының қальштасу кезені,оның ішінде жүмбақ тұсы Алаша ханға байланысты фольклорлық материалдар карастырады. Алаша хан фольклорлық деректерде негізінен Шыңғысхан деп сипаталады, Фольклорлық деректер жазба және материалдық деректермен салыстырмалы қарастырылады.


Қазақ хандыгы атауының пайда болуы "алаш", Алаш хан және Алынша хан атауымен тығыз баЙланыста, бүгінде осы ел тарихындагы өзекті мәселелердің бірі болып саналатын атаулар Отандық тарихтың жұмбақ тұстары болып отыр. Алаша хан тарихи шыңайы тұлға ма, не болмаса белгілі бір лақап есім берілген Дешті Қыпшақ, Түркістан аймағында билік қүрған белді хандардың бірі ме? Осы аталмыш сұрақтарға жауап беру мақсатында бірнеше дерек көздеріне сүйене отырып ақиқатқа көз жүгІртсек. Әйтсе де, фольклорлық, жазба және археологиялық мәліметтердің жиынтығы бұл сұрақтың түйіні хандардың басы Шыңғысхан деген жауап қатады.


БүгІнгІ таңға дейін, әлем тарихында өзекті орын алған тұлғаның, яғни Шыңғысханның ел тарихындагы хандар шежіресінің басы, қазақ халқының бір тудың астына тоғысқан уақыты жүмбақ күйінде келу себебі біршама орынды, себебі моңғол дәуірІ бІздің елімізде І ғана Отандық тарихта зерттелмеген кезең. Бірақ мұның есесіне орыс жылнамаларымен және еуропалық саяхатшылар мен миссионерлердІң Ị жазбаларымен қатар нақ сол мүсылман j деректемелерінде Еуразия даласындағы Алтын Орда Î туралы неғұрлым егжей-тегжей деректер сақталған. I [1,9 б.] Дегенмен, осы кезеңге орай накты тарихи болжам айтылмаған. Осы тақырып төңірегінде елімізде бірде-бір докторлық диссертация қорғалмаған, бұл өзекті мәселе бүгінгІ таңда нақты жауабын тапса Қазақ хандығының тарихи хронологиялық шеңбері 550 жылдық хандык тарихпен шектелмее пе едІ.


Дегенмен, Алаш ханның Шыңғысхан екендігі ел аңыздарында ашық айтылды. Кезіңде ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаев Едіге батыр туралы 1927 жылы зерттеуінде "...тегінде Алаша хан деп ел ayзы атақгы Шыңғысханды aйтып жүруі де мүмкін" дece, 1941 жылғы мақаласында Алаша хан деп жүргеніміз Шыңғысхан екенің кесіп айтты [2,118 б.].


Отандық орта ғасырлар тарихын өзімізден бұрын, ертерек зерттеген орыс тарихшылары Алаш ханның Шыңғысхан екендігін сонау XIX-XX ғасырлардың басында нақты сеніммен қазақтар Шыңғысханның ұрпағы, моңғолдар бұларды жер бетінен жоюымыз керек, деген кезқараста бoлгaн[2, 118 6.].


Эрине тарихта Алынша, Алаш, Алаша aтayлapы бip aтay ма деген түсінікте бар. Əйтce де, дерек ĸøздepi мүлде eзгeшe сыр цıepтeдi. Oндa бiздep осы атаулардың эр қайсысын дара тaлдaп ĸepceĸ. Дегенмен, қазақ шежіресінің басы Алынша aтyы бoлды.


Бỉpiншi Алынша түйіні - Aлыншa ханның зaмaнын, шaмacы аңызға арқау болған зaмaн. ¥лы дaлaны ария, тур, қиян тaйпaлapы жайлаған б.з.д. III- II мың жылдыĸтap, нeмece oдaн epтe үнді-европалық тайпалардың ¥лы дaлaдaн батысқа қоныс aỵдapaтын (б.з.д IV-III мыңжылдықтар) мeзгiлi. Не бoлмaca, VII- VIII ғасырларда өмір сүрген түркі руларының негізін калаушылардың бірі Алынша хан, Нүх пайғамбардың 8-шІ ұрпағы деген гүжырымдар да бар.


XIV ғасырдың ортасында парсы жерінде жазылған "Жамиғ-ат тауарих" еңбегінде түрік-моңғол этностарының ең көне бастауларын аңыздар мен жазба деректерге сүйене отырып тамаша баяндайды. Kon жағдайда Рашид ад-диннің айтуынша түрік- моңғол халықтарына қатысты көп деректерді ол белгіпі іпежірешілерден, соның ішІнде атақты Болат- чиңсаннан алған: "...тюрки называли и продолжают называть ЯфeтaБyлджa-xaнoм (Aбyлджa ханом) и достоверно не знают, был ли этот Бyлджa-xaн (Aбyлджa-xaн) сыном Ноя или его внуком, но все они сходятся на том, что он был из его рода и близок к нему по времени. Все монголы, племена тюрков и все кочевники происходят от его рода. У Бyлджa (Aбyлджa)-xaнa был сын по имени Диб-Яĸỵй (Диб- Бaĸyй)" [3, 2 б.].


Әбілғазы Бахадүр ханның "Түрік шежіресін" Таураттың аңыздарынан бастайды, сәті түскен жерлерде ел аузында сақталған түрік халықтарының өз деректерін де қосып жіберген. Әбілғазының айтуы бойынша Алаша (Алынша) хан ЯфеттІң замандасы емес, оның алтыниіы ұрпағы: Яфет - ТүрІк - Түтік - Елшехан - Диб Бакуй - Киік хан - Алаша хан (Алынша).Алынша ханның ел билеген заманы туралы мынадай аңыздарды өз еңбегіне келтірген: "Аланча-хан много лет правил государством. Со времени Ноя - Мир ему! - до времени Aлaнчa-xaнa все потомки Иaфeтa были мусульмане; при Aлaнчe юрт улучшился, народ сделался богаче... возникло идолопоклонство.УAлaнчa-xaнa было два сына- близнеца: старшему имя было Татар, младшему - Монгол. Аланча-хан, когда состарился, разделил свои владения между сыновьями. Оба брата провели жизнь в благополучии и счастье, не делая друг другу худого" [3, 3 б.]. БІздердің осы тұста түйетініміз, Алынша хан атауының Шыңғысханға тағылу ceбeбĩ, ол Әбілғазы Бахадүр ханның "ТүрІк шежіресін": "Бүл Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, жұрт болып көзге көрініп, ауызға ілінген емес. Өз алдына отау тіккен емес. Әр жұртқа қоңсы болып жүрген" деп баяндайтынындай, әрі Алыншаны Түріктің бесінші ұрпағы, Моңғол мен Татардың атасы деп баяндай, осы түркі, моңғол- татар тайпаларының шығу тегін бір қылып көрсетуі, түркі, моңғол-татар тайпаларын қайта бір тудың астына топтастырған Шыңгысхан Алаша атауын халық бермеске кімдер кепіл.


Екінші Алаш, Алаша хан түйіні -Қазақгың белгілі шежірешісі Қ.Халид еңбегінің Алаша атауына байланысты бipîншi уәжінде бағзылардың айтуы бойынша Алаш пен Алаша атанғанын. Алаша хан жалпы хандардың басы, монгол мен татардың атасы екенін айта келіп:


Алаш Алаш болғанда, Алынша хан болғанда. Қазақ, калмақ ноғайлар Бәрі сонда бір болған Ынтымағы жарасып, Жайкұн көлдей бай болған. Еділ, Жайық, Оралға. Ортан көлдей жайылған. Өзбек хан, Жәнібек хан өлген соң. Ел ішіне жік түсІп, Үш бөлек болып айрылған, Казак, ноғай қүбылада. Мұсылманға жан тартып, Дін үшін қатгы қайғырған, Қапмақ, маңғұл бөлініп, Кәпірлігі білініп, Күншығысқа қайрылған, Ішін буды сонда кеп,


Алтайды мекен жай қылған"-деп басталатын ескі жырдың бір үлгісін келтіреді [4, 55 б.]. Көне жырда анғарғанымыздай, мұқият зер салсақ, онда моңғол дәуірі баяндалынатыны аңғарылады. Яғни Алаша хандардың басы болса, бұл тұста бәлкім Шыңғысхан болуы әбден мүмкін, себебі, казақ даласында хандық мүрагерлікпен тек Шыңғысхан ұрпақтарына ғана тиесілі болды.


Ел ішінде Алаш, Алаша ханға қатысты бір - бірімен үндес аңыздар орын алғаны мәлім, оның бірнеше үлгісіне қатысты нұсқасына тоқгалсақ, онда Бұл аңыздар Шыңғысхан мен Жошы ханға бағытталғаны керінеді. Себебі, екІ ұлы ханның да дуниеге келіп хандық құруы үлесІп, құпия тұстары аңызбен көмкерІліп ұрпақтан-үрпакқа жеткен. Қай казақты алсаңызда өзінің шығу тарихын, шежІресін Алаш, Алаша ханмен сабактастырады.


Енді біздер алаш, алаша атауларының мазмұны мен пайда болу тарихына үнілсек. Әрине бұл тақырып көптеген ғальшдардың қызығушылығын тудырған, соңын ішінде XX ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясының берген мәліметіне үнілсек.


Шыңғысхан шапкыншылығы оның қатІгездігІ барша адамзатқа аян болды. Халел Досмұхамедов: Орал облысында, - деп жазды ол, Уральски казачи воинскаға қараған қалмақгар бар... қалмақга "алаш" деген сөз бар, қазақша мағынасы-олтіргіш, аямаушы, жаугер" дeп[5, 173 б.]. М.Х. Дулати еңбегінде моңғол тілІнде "алачи"- "өлтіргіш", яғни "өлтіргіш хан" хан деген ұғым береді. Талас Oмapбeĸoв Алаша ханды қазак зиялы кауымының көзқарасын Ахметханмен байланыстырады.


Алаш деп қалмақтар жақтырмаған орында айтады. Жаны ашымай хайуанаттарды көп өлтіре беретІн аңшыларды да қалмақтар "Алаш" деп атайды [5, 173 6.Ĵ. Шыңғысхан Жошының елімі аңшылықта болуы салдары екенІн көрсетіп, бәлкім коз бояушылык мақсатпен бе, әйтеуір өз кінәсін жуып- шайу болар, ол жар қазғызып Жошының қазасына себеп болды деген сылтаумен құланды толықтай қырып, асқан аюандық көрсетті. Шыңғысханға Жошының қыпшақтарды жағымды көріп, оның жаугершілік саясатын қолдауын бас тартуы, оның өлімІне негізгі себеп болды.


Әбдікәрім Хасенов моңғол жерІнде шың мәнінде кімнін үстемдік жасағанын былай түсіндІреді:"моңғол империясы дәуірлеген тұста дулат тайпасы өзінің ежелгі қоңысында Ташкент іргесі, Шырық, Талас, Шу өзеңдерінің бойында отырған. Ата-баба дәстүр-салтгарының құрып кетпеуін кездеген дулат Өртөбе би, Шағатай ханның найман Кетбұғы би мен үйсін Майқы би, қоңырат Сейгел би Шыңғысханның қызметіне кіреді" [5, 42 б.]. Үйсіннің Майқы биі және де бірнеше қазақ билері Қызыл Арыстанның он екі жасар "ала баласын" кездестіріп, кейІнен Алаш деп хан көтргенің Мәшһүр Жүсіп шежіресі баяндайды. Алаш ұғымын, Шыңғысхан атымен алмастыруы қисынды, себебі Шыңғысхан мазарын жариялауға тиым болды. Яғни оның ұрпақтарына Шыңғысханның өсиетІн орындауы міндеттелді. Содан да болар, хандардың басы Шыңғысхан есімі халық арасында "Алаш" (өлтіруші) деген лақап атаумен аталды. Және татар, моңғол шeжīpeci бойынша Алынча, татар мен моңғолдың атасы делінедІ, яғни Алыншы, Алаш атауларының мазмұны және аталуы ұқсас болуы эpîдe осы мифтІк тұлғаны қалыптастырды деген тұжырымдамыз. Қазақ елінде Алаша ханды мемлекеттің символы қылып алу, туыстық идеологиясын соған бекІту жас Қазақ мемлекетіне мыкты іргетас жасап берді. Өте күрделі рулық құрамы бар қазақ халқы үшін Алаша хан таптырмас негіз болды.


Ал қазактаШағатайлық Ахметханды қалмактардың Алашы деп атауы себебі, оның да бұрынғы Шьгңғысхан жасаған қатігездігімен epeĸшeлeнỉп, қайталануымен айтылуы мүмкін [5, 173 б.]. Бұл тұста түйетініміз Шыңғысханның әскерінің негізгі көпшілігін түркі жұрты кұраганың жақсы білеміз. Және де Алашаның тұсында Құрбанғали Халиттің келтІрген көне жыр шумакдарында қазақ, қалмақ, ноғайлардың, моңғол, татардың бір болғаның баяндайды. Яғни бұл Ахметханнан ертерек болған тарихи жағдай,


Кіші жүз қазағының ертегі сыкылды сез: Алашы хан деген хан тұсында алапес бапатуса, далағаапарып тастапты деп Шәкәрім Құжайбердиев кіші жүздегі алшын руының шығуына қатысты аңызды айтып оны теріске шығарады [6, 70 б.]. "Түгел сөздіңтүбі 6ip,τγπ атасы Майқы би" демекші барлық қазақ аңыздары мен шежірелері ала бала, алаш ұғымының тоңірегінде топтасады. "Ақсақ кұлан" аңызыңда Жошының әкесі Алаш деп сипатталатыны бар. Жоғарыда керсеткеніміздей Шыңғысхан мен Жошының дүниеге келуі біршама жұмбақ күйінде болды, себебі екі ұлы ханды да хан көтеруде оларды мойындамау орын алды. Яғни алалады.


Алаша хан туралы жинақталған дерек аңыздардың көптеген нұсқаларын саластыра келе, М.Ж. Көпейұлы жазбасын ең толық нүсқасы деп таптық:


”Дэл он екі жасында бала Майкы бидің баласы Үйсінге оқгай ұшырап кез болыпты. Оған бІр ауыз тіл қатпайды. Үн-түн жоққала береді. Үйсін үйіне барған соң, Майқы биге сөйлепті: "БІр ағаштың көлеңкесінде жас баланы көрдім. Ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, көрген кісі қызығып, бІр қасық сумен жұтып жіберерлік. Жалғыз айыбы тілІ жоқ" - депті.


Майқы би өзі ақсақ екен. Өмір бойы арбамен жүреді екен. Арбасын көлікке жектірмей, жаяу кісіге тартқызады екен. МенІ арбамен алып барыңдар, оны мен көрейін - депті. Бала Майқы биді көргеннен- ақұшып тұра келіп: "Ассалаумағалайкүм, хан біткеннІңқазығы, бұқара жұртгың азығы" - деп сәлем берІпті.- Уағаләйкүмэссәлем, әмсе аман бол, балам. Болайын деп тұрған ұл екенсің, қолына алып салушының жоқтығынан кем болып тұр екенсің.- Кел, балам, қасыма мін - деп арбасына мiнгiзiп алып, үйіне алып келіп, төрт кел ошаққаздырып, ту бие сойдырып, төменгі елді шақырады. Ала бие сойдырып, аймак елді шақырады. "Ердің ері, егеудің сынығы" деп баласы Үйсінді бас қылып жүз жігІт қосып береді.- Қара таудан арман карай асыңдар, ¥лытay, Кіші тау деген таулар бар. Қаракеңгір, Жездікеңгір, Құдайберді деген жерлерге барып, ірге теуіп, салық салыңдар. Ақ найзаныңұшымен, ақ білектің күшімен ел болуды, жұрт болуды ойлаңдар. Күндердің күнінде осы бала хан болады. Сендер қараша боласыңдар. "Хан әділ болса, қарашасы табанды болса, кара жерден кеме жүргізеді" деген деп батасын беріп, жүргізіп жіберІпті. Ақтау, Ортаудан асып, Шу мен Сарысудан кектей өтіп, Майқы бидІң айтқан жеріне келІп, ұйқыны бұзып жылқы алды, күймені бұзып қыз алды. Ƙoш елді жөнекей алды, ереуіл елді отырган жерінде шапты, Өз алдына мал малданып, жан жанданып үйлі- баранды болды. Сатусыз дүние, қалыңсыз қатын ала бастаған соң, ел болмасқа немене. Бұлардың мұндай болғанын баяғы Қызыл Арыстан хан естиді. Қотан, Қоғам, Қоңдыгер, Қобан, Майкы билерге елші жІбередІ.- Менің баламды жігіт-желең беріп желіктіріп жібергені несі. Баламды өзІме әкеп берсін. Менен қалағанын алсын - деп. Сонан соң бұлар Қотанұлы Болатты жүз жігітпен жібереді. Сендер барып шақырып келіңдер - деп.Бұлар келген соң бұрынғы келгендер: "Қайт деген сөздІ айтпаңдар, өздерің де қайтпавдар" дейді. Аты бестісІнде картаятын, Жігіті жиырма бесІнде картаятын, Көк шөптІ жұлғаннан басқа ісі жок, Еркегі ат болатын, ұрғаіпысы жат болатын, Тымакты тақияға айырбастайтын, Тары мен бидайдың нанын жегенге, Жаумен көженІң суын Ішкенге құтыратын, Бөдененін, бір санын жегенге күпті болатын, Сарттың жаз болса тұзын, қыс болса отыны мен көмірін тасығаннан баска кызығы жоқ жерде не ақыларыңқалды? - деген соң: - Рас-ау, рас - деп шақыра келгендер де қайтпай қалып қойыпты. Қызыл Арыстан хан қайта-қайта кісі жіберіп болмаған со ң, Қоғам ұлы Алшынды бас қылып жүз кісімен тағы жібередІ. Oh үш ақсақал қосты. Ecen саны үш жүз он үшке жетсе, дүние жүзІ жиылса да бетіне шыдамайды деген. "Түгел сездің түбі бір, түп атасы Майқы би" аталған кісі осы болса керек. Бұлар енді ел болғанымызды жұрт кезіне түсірейІк деп, баяғы ала баланы алашаға салып, Үлы таудың басына алашамен көтеріп шығарып хан сайлапты. Оған "Алаша хан" деп ат қойды. Бастапқы бірге келген жүз жігІттің бастығы - Үйсін. Бұл Үлы жүз Үйсін деп аталды. Түпқазығы - Салықшы. Жауға шапқанда бұлар шаппасын. Тас-түйін болып тұрсын депті. Ортада келген жүз жігіттің бастығы Болат кожа. Бұған Орта жүз деп ат қойысыпты. Бұл Орта жүз тосқауылшы орта буында жүрсін. Ханның бақташысы болсын депті. Бұл Орта жүз "Ақ жол" атансын дейді. Соңғы келген жігіттердің басшысы - Алшын. Жаудан беті қайтпайтын жаужүрек, қарсы алдында жүріп жан қадірін білмейтін, бұлар кезуілшІ болып, ең алдында жүріп жауга шабатын болсын. Бұған Кіші жүз "Алшын" деп ат койды. Қазақтыңүш жүз аталған жері осы". Қазақ ауыз әдебиетінде жиі кездесетін, аңыз- хикаяларынан белгілі, кемеңгер Майқы би Алаша ханның алғашқы ұстазы, жетекшісі, қамқоры. Аңыз мазмұнына қарағанда "Майқы би өзі ақсақ екен. Өмір бойы арбамен жүреді екен. Арбасын көлікке жектірмей, жаяу кісіге тартқызады екен". Бұл да аңыздың көнелігіне дәлел деген ойдамыз. Майқы бидІң нүсқауымен Алаша ханның келген жері Сары арқа. Жүз жігітті жанына косып беріп Майқы бидің айтқан сөзі "Қара таудан әрман асыңдар, Ұлытау, Кішітау деген таулар бар, Қаракеңгір, Жездікеңгір, Құдайберлі деген жерлерге барып, ірге теуІп, салык салыңдар". Бұл атаулардың бәрі де өзімізге таныс Сары арқаның ең бір қасиетті, көне орындары. Шежіреде "салық салыңдар" деген сез қоныс сал, тұракда деген мағынаны білдіреді.

М.Ж. Көпейұлы "алаш" деген сөздің мағынасына аса көңіл бeлeдi."Aлaш" деген атты ұранға қойып, жауға шапқанда "Алаш-Алаш" деп шабыңдар, "Алаш" демегенді әкең де болса ұрып жыға бepiндep",-дeп бата қылысты:

-Кеше Алаш, Алаш болғанда,


Алаша хан болғанда,


Үйіміз ағаш болғанда,


¥paнымыз Алаш болғанда,


Үш жүздің баласы қазақ емес пе едік?! -деп айтылған сез содан қалған" [7, 48]. Шежіре қазақ этносының бастауын Алаша ханмен байланыстырады.


Бұны біздер аңыздағы көрсеткен Қызыл Арыстан Ұлытауда қоңыстаңған ала баласының ер жетіп батыр болғаны туралы хабардар болып, оның өзінен кек алама деп үрейленіп, елге қайтарудың қамын ойлап, жүз - жүзден әскер жібергенде қайтпай Ұлытауда хан шатырын көтеруІ, Жошының Ордасы болғаны затгай жэне жазба деректер бойынша мәлім. Қалай дегенмен де Алаша хан туралы аңыз кең байтақ қазақ даласының қай түкпірінде болса да белгілі. Қай қазактан шeжipecỉнe үңілсеңІзде ата-тегін Алаша хан заманынан алып келеді.


Мәшьүр Жүсіп жазбасында, орта ғасырлық жазба деректерін қарап отырсақ Қарахан дәуірінде қарлұқтардың негізгі бөлІгін Қызыл Арыстан хан басқарған. "Бұл Алаша ханнан бұрын қазақ ел болып, жұрт болып көзге көрініп, ауызға ілінген емес. Өз алдына отау тіккен емес. Әр жұртқа қоңсы болып жүрген"- деп пайымдайды. Майқы би мифтІк бейне деп пайымдалғанымен де, Шыңғысханды хан тағайындаушы, Жошы ханның ақылшысы Майқы би деп баяндалатын деректер бар. БәлкІм Майқы би деп дана қарияны атаған болар, себебі екі кезевде өмір сүрген аталмыш Майқы би Шыңғысханнан күткен мүітінің баянсыз болып, елдІктің бастамасын Жошыддан күтіп, оны да кейінен өзге билердің қолдауымен хан көтеріп, ел болудың камын жасауы мүмкін. Себебі Шыңғысхан Жошыға Солтүстікке қыпшақтарға шапқыншылық жасауды бұйырған болатын. Жоғарыда көрсеткеніміздей оның көшпелі кыпшақ жұртын ұнамды керіп шапқыншылық жасаудан бас тартуы Жошының оліміне әкелдІ дедік, Қызьгл Арыстанның апа баладан үрейленуі о рынды, ceбeбi Жошы Шыңғысханның сол түстағы қауіпті жауына айналды. Шыңғысхан Жошының дербес билІгі Шыңғысхан империясының әлсіреуіне, шапқыншылығының тоқтауына себеп болатындығынан үрейленді. Жоғарыдағы көрестілген аңыз бен көне жыр жумақтары бір бірімен үлесіп жатыр.


Енді сол Қызыл Арыста бейнесі шыңдығында тарихи түлға ма деген тұжырым бар? Себебі, Әбілғазының "Шежіре-и түрк" атты шығармасында Шыңғысханның түріктің Қараханнан тараған ұрпак екенін, өз кітабын жазарда көптеген ежелгі тарихты пайдаланғанын, алдында 18 бума еңбек жатқанын айтады. ҮлытауөңіріШыңғысхан үшін жат өлке, өгей аймақ болмаған. Оны Әбілғазы жазған мына жолдан байқауға болады: "Қарахан атасынан кейін бүкіл елге патша болды. Қазіргі ¥лытay және Кішітау дегендерді ол кезде Ертағы және Кертағы деп атайтын. Ол тayлapдьí жайлар едІ, қыста Қаракұм мен Сырдың жағасын қыстар еді". Бүл мәлімет Қадырғали Жалайыридің "Шежірелер жинағында" да бар.


Яғни, Шыңғысханның мәйіті жат жеде жатқан жоқ, өзінің ескі жұртында, түріктердІң ежелгі мекенінде. Ел шатаспайды, белгІ жоғалмайды, еске ұзақ сақталады демекші, Алаша ханның да, Жошының да, Домбауылдың да мазарларының маңына кейінгі еткен замандарда қаншама жақсылар жерленді, алайда халық олардын аттарын ұмытты, тек олардың жадында ежелден қалыптасқан атаулар ғана қалды [2,117-125].


Шәкәрім Қүдайберді үлы: "Арғындар Шыңғысханға соғыспай қараған шығар" - бұл пікір дұрыс болса керек. Erep қарлұқ Арсылан қаған Шыңғыс ханмен бейбіт тіл табысқаны рас болса, онда ол да рас. ApFындapдьĭц қарахан иеліктерінің құрамында кәбінесе apry қарлұк атанып журген уақыты осы сияқгы [6, 82


б.]. Шежіре мен жазба дерекгердің шатасгыратын тұсы "алты сан алаш" ұғымы.Ал Мүратқан Қани "Қазақгың көне тарихы" еңбегінде Ақ Орда құрамына кірген тайпалардың ішіңдегІ алты арыс ел - қыпшақ, жалайыр, найман, қоңырат, қаракесек, (арғын) алшындар- Шынрысханның батысқа жасаған жорығының алғашқы кезінде- ақ "алты сан алаш" деген атпен Жошы ұлысына енген [8, 210 б.]. Ал шежіре деректері көрсетіп отырғандай арғын тайпаларының соғыссыз Шыңғысханға косылғанын әрі әскерінің қатарында болғаны мәлімделінеді. Соңдағы Қызыл Арсылан Шыңғысханның әкесі болуы әбден мүмкін. Себебі, көрсеткеніміздей Шыңғысхан да өз еліне бұғаи дейін Жошының тағдырын басынан кешкен болатын. Ал қазақтың Майқы би бастаған тобы Шыңғысханды деректерде кездесетіндей он екі жасында тауып оны хан болуға әзірлейтіндігі көрсетіледі. Әбілғазы Бахадүр ханның шежіресінде Шыңғысхан он үш жасында хан көтерілгендігі баяндалады. Себебі, осы түста Шыңғысхан елден куылып квмекке мұқгаж болатын. Шыңғысханды бәлкім өз ырықында жүргізуге ұмтылған Майкы би бастаған топ кейін келе бұл мүмкіндіктен айрылды. Аңыздағы Қызыл Арыстан бейнесі, кей тұста Шыңғысхан бейнесімен де алмасып жататындай көрініс береді.


Алаша хан туралы аңыздардың бірнеше үлгісін Ш.Уәлиханов та ел аузынан жазып алып, оларға өте жоғары баға берген. Шоқан жалпы қазақ аңыздарына қатысты макаласында, олардың тарихи оқиғаларды нақ баяндайтынын, шыншылдығын ерекше атап өтеді [9, 148-166 б.]. Ш.Уәлиханов жазып алған аңыздағы біререкшелік Алаша хан атауының коне заманда пайда болып, кейіннен осы аймақта біріккен қазак жұртының арғьЕ атасы Алаштың есімімен хан тағайындап, елді алаш атап қазақ халқының басын бір тудың астына жиған.


Еліміздің этнотарихының білгірі Ақселеу Сейдінбек Алаша хан жайлы бeлгỉлi әңгімелерді саралап - сараптай келе былай деп жазды: "Жалпы тарихи деректер біройғакалдырады. Көпшілікке белгілі, Жошы хан өлген соң арада төрт-бес ай өткенде Шыңғысхан да дүние салған ғой. Жошының денесінің Ұлытау іргесінде жерленгені тарихи шыңдык. Ал Жошы елгенде Шыңғыс ханның сол өңірді жайлап отырғаны да күмән тудырмайды. Ендеше Шыңғыс ханның сүйегін мыңдаған шақырым жердегі Қарақорымнан немесе Қытай жерінен іздеудің қисыны қалай деген ой келеді. Ал моңғол хандары міндетті түрде Қарақорымға жерленді деудІң қисыны тағы да жоқ, бұл орайда ЖошыныңҰлытауға. Баіудың Сарайшықкажерленгенің айтсада болады" [2,117-118 6.]. Ал қазақ шeжipeciндeгi хандардың басы бoлмaca Орда Ежен дeceĸ оның да мaзapы ¥лытayдa орналасқан, ĸeйiнri казак xaндapынa токталсақ Kepeй, Жәнібек, Қасым, Хақназар хан мaзapлapы да мэлiм. Тарихтагы бeймэлiм хан басы мaзapлapы oл Алаш мaзapы, oны хан шeжipeciндeгi Татар мен Моңғолдың атасы Алынша хан мaзapы дeceĸ VĪI-VШ ғасырларда қаза тапқан ханға XIII-XlV ғасырларда мазар тұрғызды деуі, оның ішінде бұл кезенде өткен хандықгы дәріптеу мүлде қисыңсыз,


Енді біздер Алаша хан мазарыныың ерекшелігіне тоқталсак, әрине мазар Жошы хан мазарьгнан ертерек салыңған, Алаша хан ecĸepтĸiшíнíц бітім - түлғасы да, көркемделу тәсілі де әлгі кұрлыстардан мүлдем бөлек, баска талғаммен салыңған. Өз төңірегіндегі ескерткіш құрлыстарға қарағанда бұл құрылыс мейілІнше тың тәсілмен қаланған. Осы кесенеге алғаш қазба жұмысын жүргізуші Ә.Х. Марғұлан ғимарат ішіндегі мүрдені қазу барысында 5 кг шыны тапқан. Мұның өзі көк түсті пір тұтқан, көк тәңірге табынған көшпелілер дәстүрІмен салыңған белгі екенің ескергенде [10, 81 б.]. Алаш хан кесенесінің монгол дәуірі Шыңғысхан кезеңіне жататындығын дәлелдейді.


Шыңғысханның ХШ ғ. қытай миниатюрассында бейнеленген бейнесі мен Алаша хан мазарынан қазып алынған мүрденІң бас сүйегі бойынша онда жерленген мәйіттің М.М.Герасимов зертханасында қайта қалпына келтірген бет әлпеті бір бейнені мензейдІ.


Жошы хан мазары ондағы жерленген мәйіттің оң қолының жоқтығы, басының тасқа жарылып, омыртқасының сыңғаны "Аксақ қүлан" аңызындағы бейнеге келедІ, дегенмен Жошы хан 46 жасында қаза тапты делІнсе, антропологиялық зертгеулер мәйітгің жас мөлшерін 70-73 жас деп келтіреді. [10, 119 б.].


Құлая ана мазары Жошы ханды өлтіру жайындағы құпия жарлықтың орындалуын басқарған Шыңғысханның күйіне арналғаны жайында аңызда айтылады. Сондықтан "Ақсақ кұлан" күйі Жошы ханның өлімін жеткізе отырып, сол өлім жазасын орындаушы жайында да мағлұмат береді [11,186.].


Қорытындылай келе, аңыздағы ала бала бейнесі Алаша атауымен бейнеленуі әбден қисынды. Яғни Алаш хан үғымы-өлтіргіш хан ұғымын берсе. Алаша- алалау, алабалабейнесіндегі Шыңғысханның күмәнді баласы Жошы хан деген қорытындыдамыз. Ал алаш елі осы Шыңғысханның соңынан ерген жүрты, әскері болуы жоғарыда көрсетілген деректер айғақ.


Осы кезеңге дейін тарихшылар қазақ аңыздарының дәлелді жобасын жоққа шығаруымен болса, енді қайта оралу қажеттілігі сөзсіз. СебебІ, Алаша хан тек мифтік бейне емес - ол бірнеше мың жыл бойы көшпелі түрік-мұңғыл жұртының басын қосып, ал қазақ елі үшін елдікті қайта жаңғыртушы, жаңаша бастамасы. Алынша заманынан кейін түркі- маңғол жұртының басын қайта біріктірген Шыңғысхан болды. Ақсақ Темір Ұлытауда болғаны туралы Алтыншоқы тауында тасқа қашап белгі қалдыруының өзі, оның тарихи маңызды аймақ екендігІнІң дәлелі. Шыңғысханның өлімІ барша жұртқа мәлім болды. Оны естімеу, көз көргеннің, құлак естігеннің бдрі сол сәтте жер жастанды дегенге кім кепіл. Уақыт өте Шыңғысханның есімін атап күмбез кетермесе де, астарлап атау беруі шыңдыққа жакын. Әлем тарихындағы ұлы хан Шыңғысхан бүгінде Алаш деген атпен еліміздің ¥лы даласында жерленді. Шыңғысханның жерленген жері беймәлім болса, қазақты бІр тудың астына топтастырған көшпелі жұрттың ұлы патшасы Алаша ханның кім екендігі белгісіз деген қисынға сиады ма? Аталмыш екі ханның атауы да бірі әлем тарихын екінші бірі қазақ тарихына жаңа бағыт, бастама берді. Отан тарихында Шыңғысхан атауы және оның ұрпақтары шежіре көзерінде Алаша хан және Алаша хан ұрпақтары деп аталады. Ал, өздерініз білетіндей қазақ хандары тек Шыңғысхан ұрпақтарынан ғана болуға міндетті.


 


Әдебиеттер тізімі:


Тұрсын Султанов. Алтын Орда. Еуразия даласындағы Шыңғысхан ұрпақтарының мемлекеті- Алматы: Мектеп, 2011.-176 б.

Ахметов Қуаныш. ¥лытay. Астана: "Фолиант" баспасы, 2006. - 344 бет. "Менің Oтaным - Қазақстан" сериясы.

Атамыз Алаш туралы. Қазақ ру. Халықаралық қазақ сервер!. Режим обращения - http:/ ∕www. kazakh .ru∕talk∕mmess .phtml? idt=97248

Халид Құрбанғали. Тауарих хамса (бес тарих). -Алматы: Қазақстан, 1992.228- б,

Омарбеков T., Омарбеков Ш. Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарасы. Алматы: Қазақ университет!, 2001.- 156 б.

K⅛дaйбepдi ұлы Ш.К. Түрік, қарғыз-қазақ һәм хандар шeжipecĩ. 2-ші бас. толық. - Астана: "Алтын ĸíтaп", 2007.-270 δ. - (Қазақ этнографиясының кітапханасы, 28-ші том).

Көпейұлы М.-Ж. Қазақ шежіресі. Алматы, 1993.

Қазақтың көне тарихы/ Дайындаған М. Қани.-Алматы: Жалын, 1993.-400 б.

Валиханов Ч.Ч. Киргизское родословие // Собр. соч. в 5 т., т.2. Алма-Ата, 1985, с.166.

Apшaбeĸoв Т.Т., Жұмабеков Ж.А., Төлеуов Т.С, ¥лытay - Нұра өңірлерІнің тарихи-мәдени ескерткіштері. Қарағанды: Гласир, 2007. - 250 б.

Киелі ¥лытay. Сакральный мир Улытау, Фотоальбом/ Кұраст. Б.Қожахметов, Э.Р.Усманов. - Алматы: "Арыс" баспасы, 2011, - 32 бет

Баяндама: Демократияның даму кезеңіндегі Ресей (1917 ж. наурыз-қазан айлары)
Реферат: Қарағанды қаласындағы желтоқсан толқуы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу