Реферат: Кеңес дәуіріндегі діни ұйымдардың құқықтық жағдайы (ХХ ғ. 40-шы жылдары)
Мақалада Кеңес өкіметінің КСРО көлемінде Қазақстанда ХХ ғасырдың 40-шы жылдарының басы мен ортасында дінге байланысты қатысты қабылдаған заңнамалық-құқықтық актілер қарастырылды. Орыс православие шіркеуі, мұсылман, евангелие, христиан діндері, тағы басқа бойынша орталықта қабылданған заңнамалық-құқықтық актілердің діни үйымдар қызметіне əсерí, нүскауаардың орындалуы, Одақ жəне қазақстандық мысал негізінде жазылды. Дінге байланысты саясаттың жүмсаруы жағдайындағы діни үйымдардың дамуы зерттелді. Соғыс карсаңындағы жəне соғыстан кейінгі дінге қарсы үгіт-насихат жүмыстарьшың жүргізілуі әдіс-тәсілдсрі туралы айтылды. Дін істері бойынша комиттетің күрылуы жəне оның алғашкы жылдарындағы кызметіне талдау жасалды.
Кеңес дəуíрíндеп дінмен күрес авторитарлық тәртіптің орнығуымен басталды. Коммунистік идеология көсемдерінің айтуымен, ХÌХ–ХХ ғғ. қиылысында қалыптасқан дінге қарсы пікір ресейлік, кеңестік тарихта В.И. Лениннің бастамасымен көтерілгенімен, ол кайтыс болған соң дінмен күрес уакытша саябырсыды. И.В. Сталин билікке келген түстағы елдегі ішкі жəне сырткы саяси түраксыздык (ішкі тұрақсыздық басымырақ. – Авт.), жаңа басшыға өзіне дейін басталған дінмен күресті тез арада кайта бастауға мүмкіндік бермеді. ХХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы зобалаң дінбасылар мен діни үйымдарды қырғынға үшыратты. Ал Екінші дүниежүзілік соғыс басталып, əлí де болса, одактастар тарапынан көмек көрсетілмей отырған шакта, ішкі ресурстардың барлығын жауға карсы жүмылдыруды көздеген Кеңес өкіметі дін, діни үйымдар мен діндарларға жеңілдіктер жасай бастады.
Макалада Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы діни үйымдардың күкыктык жағдайы карастырылды. Себебі Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі уакытта дінге жеңілдік алғаш рет осы түста жасалған болатын.
Соғыс карсаңында «Жауыккан күдайсыздар одағы» (ЖҚО. – Авт.) дінге карсы белсенді жүмыстар жасап, дəрíстер оқуды үйымдастырды. Республикалық ЖҚО есебі бойынша, 1940 жылы қазан, қараша айларында 12 дəрíс оқылды. Дəрíс ғылым жəне дін, жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, адамның пайда болуы, діннің пайда болуы жəне оның таптық мəнí, ислам дінінің пайда болуы жəне оның таптық мəнí, дін жəне екінші империалистік соғыс тақырыптарында оқылды [1; 2]. 1941 жылдың қаңтарына 5000-ға жуық дəрíс оқылып, 6735 рет «Безбожник» газеті мен дінге қарсы еңбектер халык алдында окылып, 242 сахналык койылым көрсетіліп, 154 саяхат жасалып, 201 дінге карсы бүрыш пен 51 көрме үйымдастырылды [1; 5]. Халык арасындағы дінге карсы күрес осы əдíстермен тоқтап қалмады. Мешіттер мен шіркеулерді түрлі жолдармен жабуға мəжбүрлеп отырды.
Соғыс басталысымен дінге көзкарас өзгерді. Оның себебі, діни үйымдардың барлык бағыттарының патриоттык көзкараста болуы еді. Яғни ортак жауға карсы күресте кеңестік билікті колдауы орын алды. Дегенмен, 1943 жылдан Кеңес өкіметінің дін саясатының өзгергеніне карамастан, заңнамалык-күкыктык базөзгерген жок. 1936 жылы 5 желтоксанда кабылданған КСРО Конституциясы мен 1929 жылы 8 сəуíрде қабылданған РКФСР БОАК жəне ХКК қабылдаған «Діни үйымдар туралы» Қаулы заң базасын күрады.
КСРО Конституциясының Х-тарауында азаматтардың міндеттері мен негізгі күкыктары сипатталды. Конституцияның 124-ші бабында «Азаматтардың үждан, бостандығын камтамасыз ету үшін КСРО-да шіркеу мемлекеттен жəне мектептен де бөлінеді. Діни жораларды жасау жəне дінге карсы шығу еркіндігі барлык азаматтармен мойындалады» делінген. Конституцияда осы баптың болуы жекелеген адамдардың соғыска дейінгі кезеңде діншілдердің ғибадат ету жиындарын өткізіп, кудалауға үшырамауына себеп болды. Соғыстың алғашкы жылдарында да осы бапты негізге ала отырып, ғибадатханаларды кайта ашуға мүмкін болды.
БОАК жəне ХКК қабылдаған «Діни үйымдар туралы» Қаулы діни үйымдардың барлық қызметін реттеді. Қаулы бойынша діни үйымдарға мемлекеттік тіркеуден өтуі үшін жергілікті билік органына жасы 18-ден асқан 20 адам («жиырмалық») қол қойған өтініш жазулары тиіс болды. Өтінішке «жиырмалықтың» тізімі қоса берілді. Жергілікті ақтарушы органдардың үйымдарды қандай жағдайда тіркеуге қабылдамауы керектігі, өтінішті қарау мерзімі айтылмады. Бірақ діни үйымдарға ресми тіркеуден өтпейінше, қүлшылық етуге, діни жораларды жүргізуге тыйым салынды. Дегенмен, кəмелет жасқа толғандарды тізімге енгізу мәселесін де, билік созбалыққа салып отырды. Мысалы, Балқаш қаласында евангелие христиандар жəне баптистердің ғибадатханаларын ашуға рүқсат бермеуінің себебі «тізімдегі кəмелет жасқа жаңа толғандар (В.Ф. Врубель, А.Ф. Врубель, Н.Ф. Врубель, тағы басқалар) бар. Егер осы уақытқа дейін діни үйым тіркелмеген болса, оларды діндарлар қатарына қабылдау қалай жүргізілген?» немесе «тізімдегі адамдар арасында тегі бір адамдар көп. Бүл жай ғана адам санын көбейту емес пе?» т.б. [2; 222].
Дінге қатысты саясаттың өзгеруі жаңа мемлекеттік органдардың қүрылуына әкелді. Олар КСРО Халық комиссарлары кеңесі (1946 жылдан — КСРО Министрлер кеңесі) жанындағы ОПШ (Орыс православие шіркеуі. – Авт.) істері бойынша кеңес жəне Діни культтер ісі бойынша кеңес еді.
жылы 14 қыркүйекте мемлекет саясатын дінге қатысты жүргізу жəне заң шығару салаларын бақылау мақсатында, КСРО Халық комиссарлар кеңесі ОПШ істері бойынша кеңесті қүру туралы қаулы қабылдады. Кеңестің төрағасы болып мемлекеттік қауіпсіздік комитетінің подполковниігі Г.Г. Карпов тағайындалды. Жаңа орган орталық мемлекеттік мекемелер жүйесінің қүрамдас бөлігі ретінде қүрылып, КСРО үкіметінің қарамағына берілді. Барлық орталық партиялық, кеңестік мекемелер мен ведомстволар Кеңес өкілеттігіне қатысты сүрақтар мен іс-шараларды алдын ала ОПШ істері бойынша кеңеспен келісіп, Кеңес сүратқан мәліметтер мен ақпараттарды беруге міндеттелді. Одақтық, автономиялық республикалар, өлкелік жəне облыстық, еңбекші депутаттар кеңесі жанынан ОПШ істері бойынша кеңестің өкілі қызметі тағайындалды. Шенеуніктерге ОПШ істері бойынша кеңестің жергілікті жерлерде саясатын жүзеге асыру жүмысы тапсырылды. Орыс православие шіркеуі осы уақытқа дейін жəне кейінгі уақытта да билік тарапынан ерекше санатқа жатқызылды. Негізгі себептерінің бірі КСРО халқының басым бөлігі осы дінді үстануында еді.
жылы қарашада КСРО ХКК-нің №1325 «Шіркеулерді ашу тәртібі туралы» Қаулы қабылданды [3]. Ол бойынша шіркеулерді ашу немесе тыйым салу туралы шешімнің қабылдануын жергілікті органдарға берді. Ғибадатхананы ашу туралы оң шешім қабылданған жағдайда жиналған қүжаттар дін істері жөніндегі кеңеске тапсырылып, үкімнің қабылдануы ХКК отырысында талқыланды. Кеңес үкіметтің үкімін жергілікті билік органдарына жіберіп, діни үйымды тіркеуден өткізудің негіздемесі болып табылатын. Қүжаттарды дайындау, жөнелту жүмыстарымен дін істері жөніндегі облыстық немесе өлкелік комитеттер айналысты.
жылы 1 желтоқсанда КСРО ХКК № 1643-486-c «Православие шіркеулері мен ғибадатханалары туралы» Қаулы қабылдап, 1944 жылы 5 ақпанда бекітілген ОПШ істері бойынша қүжатқа өзгертулер енгізді. Бүл нормативтік қүжатта шіркеулерді ашу тәртібі жазылды [4; 64]. Ашуға рүқсат алу туралы өтініш жергілікті (аудандық жəне қалалық) атқару билік органдарына жазылып, әрі қарай ОПШ ІБ өкілеттілерге тапсырылуы тиіс болды. Өтінішпен бірге шіркеу ғимаратының жай-күйі: қүлшылық етуге мүмкіндіктің, керек-жарақ заттардың болуы, қашан жəне қай органның шешімімен шіркеудің жабылғаны жайлы мәліметтер бар анықтама болуы шарт еді. Қала немесе аудандағы православиелік шіркеулердің саны, жүмыс істеп отырған шіркеу мен елді мекен арасындағы арақашықтық көрсетілу тиіс еді. Егер қандай да бір себептермен билік өтініш қабылданбаған жағдайда, діндарлар ескертілді. Өтініш хат қанағаттандырылған жағдайда, қүжаттар ОПШ ІБ аппаратына қорытынды шешім қабылдауға жіберілді. Өтініштерді алдын ала қарау, қабылдау, тіркеу, арнайы тексерулерді жүргізу жүмыстары т.б. өкілетті органдармен жүргізілді.
Діни ғимараттардың қолданылуын бақылау мемлекет тарапынан жүргізілді. «Православие шіркеулері жəне зиярат үйлері жайлы» Қаулыға сəйкес діни ғимараттарды бүзу ОПШ ІБК өкілетті өкілінің жəне Өлкелік атқару комитетінің шешімімен ерекше жағдайларда ғана жүргізілді. Жергілікті билік органдарына Кеңестің рүқсатынсыз культті ғимараттарды жабуға, өзге мақсатта пайдалануға тыйым салынды. Сол уақытта Кеңеске діндарлар өтінішімен талапқа сай ғимарат беру жəне шіркеу түрғызуға мүмкіндік жасауды қамтамасыз ету қүқығы берілді.
жылы 22 тамызда КСРО ХКК № 2137-546 с. «Православиелік шіркеу мен монастырға қатысты сүрақтар жайлы» Қаулы қабылдады. Оған 1944 жылы 1 желтоқсанда толықтырулар енгізілді. Халық комиссарлар кеңесі мен облыстық (өлкелік) Атқару комитеттеріне жоспарлау барысында«мүмкіндігінше шіркеу жəне діни ғимараттардың жөндеу жұмыстары кезінде құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету», шіркеулерге қалалар мен елді мекендерде қоңырау ұруға, діни ұйымдардың қоңырау сатып алуларына кедергі жасамау ұсынылды. Осы қаулымен шіркеулерге шектеулі заңды тұлғаның құқықтары беріліп, «республика, өлкелік жəне облыстық КСРО ХКК жанындағы ОПШ ІБК өкілетті өкілінің рұқсатымен көлік алуға, шіркеу бұйымдары мен діни культ заттарын жасауға, осы заттарды діни ұйымдарға сатуға, жалға беруге, шіркеу қажеттілігі үшін ғимараттар тұрғызуға немесе сатып алуға» рұқсат етілді [4; 65].
Осы қаулымен Украина, Белорус, Литва, Латвия, Эстония, Молдова КСР ХКК-не ерекше нұсқаулар берілгенге дейін православие шіркеуінің жұмысына кедергі жасамау, олардың тұрғын жəне қызмет үйлері, шіркеу ғимараттары, қолданыстағы жер телімдері, мал, құс, ауылшаруашылық құрал-саймандары, қосалқы шеберханаларын сақтап қалу жайлы ерекше тапсырма берілді.
ОПШ-не мемлекеттік қолдау көрсетуінің тағы бір мысалы діни қызметкерлерді Қызыл Əскер қатарына шақырудан босатылды. 1944 жылы 3 қарашада КСРО ХКК №213 əскерге шақырудан босату немесе кейінге шегеру қаулысы бойынша «православиелік шіркеудің иерей жəне дьякон дəрежесí бар діни қызметкерлерін (əскери міндеткерліктері бойынша жасы мен құрамына қарамастан), белгіленген тəртíпке орай тіркеуден өтіп, шіркеуде қызмет еткен жағдайда мобилизациядан босату» жайы айтылды. Діни қызметкерлерді Қызыл Əскер қатарына шақыртудан республикалық, өлкелік (облыстық) атқару комитеттері жанындағы ОПШ ІБК өкілеттілері беретін тіркеу жөніндегі анықтамасы негізінде босатылды [5; 15].
1944 жылы 19 мамырда ХКК ОПШ ІБК пен қатар тағы бір мемлекеттік орган Діни культтер ісі бойынша кеңес (ДКІБК. – Авт.) құру жөнінде қаулы қабылдады. ДКІБК қарамағына ОПШ-нен басқа діни ұйымдармен байланыс орнату жұмысы тапсырылды. Кеңес төрғасы болып К.А. Зайцев сайланды. Алайда К.А. Зайцев қызметін атқармастан, орнына ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында ІІХК қатарында қызмет етіп, діни ұйымдардың қызметімен тікелей айналысқан И.В. Полянский тағайындалды [6; 66].
Жаңа құрылған кеңестің ұйымдық құрылымы, құзырыттелік аумағы, құқықтары мен міндеттері ОПШ ІБ Кеңесіне ұқсас болды. Кеңестің орталық аппараты Төраға мен жауапты хатшыдан тұрды [7; 108]. Кеңестің орталық аппаратында төрт бөлім: мұсылман, иудей жəне буддизм діндері (бөлім бастығы Л.А.Приходько); Армян, католик жəне лютеран шіркеулері (бөлім бастығы И.Н. Карпов); ал старообряд (ескіДәстүрлі. - Авт.) евангелие шіркеулері (бөлім бастығы Н.В. Кольцов) жəне нұсқаулық (бөлім бастығы Г.Ф.Фролов) құрылды. Соңғы, яғни нұсқаулық бөлім ақпараттық материалдар, нұсқау жəне өкім хаттар, статистикалық мəлíметтердí дайындау жəне аппарат жұмысын жоспарлау жұмыстарымен айналысты. Осы қалпында ДКІБК 1955 жылға дейін қызмет жасады [8]. Орталық аппаратта қызмет көрсетуші қызметкерлермен қоса есептегенде 35-40 адам жұмыс істеді. Кеңес өз жұмысын 1944 жылдың шілдесінде бастады.
Бөлімдерді құрудағы негізгі мақсат «культтерді орталықтандыру» еді. Яғни діни әкімшілік орталықтар құрып, Кеңес біріктірілген бөлімдермен қарым-қатынас жасауы тиіс еді. Осы саясат негізінде 1944 жылы Мəскеуде Бүкілресейлік евангелие христиандары мен Орыс баптистер одағы Бүкілодақтық кеңес басқаратын Бүкілресейлік евангелие христиандары мен баптистер одағына (БЕХПО) біріктірілді. 1945 жылдың қаңтарынан одақтың орталық мерзімді баспасөзі «Братский вестник» журналы шығарыла бастады [4; 68].
Шіркеулердің біріктірілуі əрí қарай жалғасты. 1945 жылы 25 тамызда БЕХПО мен Евангелие (пятидесятниктер) шіркеуі арасында ұзақ уақыт келіссөздер жүргізіліп, олар бір конфессияға біріктірілді. Үш бағыттағы конфессияның бір ұйымға біріктірілуі мемлекеттің діни ұйымдармен қарым-қатынасты шешу жолдарын көрсетті. Мемлекет бірнеше діни ұйым орнына бір ұйыммен қатынас жасауды жеңіл деп тапты.
Кеңес одағында мұсылман қауымдастығы ерекше назарда болды. Себебі олардың діни бағыттарының, ислам дінін ұстанатын ұлттардың жəне ұстанатын діни мерекелердің әртүрлі болуы еді. 1944-1948 жж. діни культтер бойынша Кеңес басшылығымен мұсылмандардың жаңа орталықтандырылған құрылым басқармасы қалыптасып: орталығы Ташкентте орналасқан Орта Азия мұсылмандарының діни басқармасы, орталығы Баку қаласы болған Кавказ мұсылмандарының діни басқармасы жəне орталығы Махачкала қаласында орналасқан Солтүстік Кавказ мұсылмандарының діни басқармасы құрылды. 1948 жылы мұсылман діндарларының Уфа қаласында өткен IV Бүкілресейлік съезінде РКФСР мұсылмандарының орталықтандырылған діни басқармасы Сібір мен КСРО-ның еуропалық бөлігі Мұсылмандарының діни басқармасы болып қайта құрылды. Оныңорталық аппараты Уфа қаласында орналасты [9; 20-22]. Ұйымдардың ішінде мемлекеттегі мұсылмандардың ең көп бөлігі орналасқан Орта Азия діни басқармасы негізгі саналды. Орта Азия діни басқармасы жанынан ғана мұсылмандық білім беру мекемелері жұмыс істеді. Осылай КСРО аумағындағы мұсылман қауымдастығы орталықтандырылып, ұлттық-географиялық белгілері бойынша төрт бөлікке бөлінді [9; 21].
1940 жж. құрылған орталықтандырылған діни құрылымдар 1990-шы жылдарға дейін жұмыс істеді. 1944–1946 жж. евангелие христиандары мен баптистерді 200 мың мүшесі бар діни одаққа біріктірді. Ескі рəсíмшíлердщ діни ұйымдары қызметін қайта бастап, Армян-григориан шіркеуі өз қызметін қайта бастады. Буддистер, иудейлер, лютерандар мен адвентистердің жетінші күні ұйымдарының құрылуына негіз қаланды. ОПШ қызметін мемлекеттік реттеу жұмыстары жүргізілгендей, өзге де конфессияларға байланысты нормативтік құжаттар пайда болды. 1944 жылы 19 қарашадағы КСРО ХКК-нің № 1603 Қаулысымен «Діни культтердің мíнəжат ету ғимаратын ашу тəртíбí жайлы» қабылданып, мíнəжат ету ғимараттарын діни ұйымдарға қайтару, қажет болған жағдайда қайта тұрғызуға рұқсат етілді. Үкімет қаулысы діни қауымдастықтарға құқығы шектелген заңды тұлғаның мүмкіндіктерін беріп: көлік алуға, діни культ бұйымдары мен керек-жарақтарын өндіруге, оларды діни ұйымдарға сатуға, жалға беруге, өз қажеттіліктері үшін құрылыс салуға, Мемлекеттік банктен есепшот ашуға рұқсат етті. Дегенмен, бұл жұмыстарды Діни культтер жөніндегі кеңестің өкілетті өкілінің рұқсатымен ғана жүзеге асыра алды. Діни ұйымдарды ресми тіркеудің қиын əрí ұзақ рəсíмдеулерíне қарамастан, діндарлар берілген мүмкіншілікті барынша пайдалануға тырысты.
Конфессияларды мемлекеттік қолдаудың өзге де шаралары қабылданды. КСРО үкіметі 1945 жылы ақпанда Діни культтер ісі бойынша кеңестің ұсынысымен Армян-грегориан, Ескiрəсiмшiлgер, Католик, Грек-католиктің, Лютеран, Адвентист, Евангелие-христиан шіркеулері, мұсылман жəне иудей діни ұйымдарының қызметкерлерін Қызыл Əскер қатарына шақырудан босату жайлы шешім қабылдады [7; 113].
Соғыс жағдайында КСРО-да инфляцияның жоғары болуынан азық-түлік жəне алдымен қажетті тауарлар карточкалық жүйемен таратылды. 1946 жылы 3 желтоқсандағы Кеңес Одағының үкіметі дін қызметкерлерін қажетті тауармен қамтамасыз етуге бұйрық берілді. Дін қызметкерлері, қала махаллалары мен діни қауымдастықтардың қызмет көрсетушілері республиканың Министрлер кеңесі мен облыстық (өлкелік) атқару комитеті жанындағы кеңестің өкілетті өкілдерімен келісе отырып, қызметшілердің санына қарай қамтамасыз етілді [4; 70]. Үкімет діни ұйымдарға жеңілдік жасаған шешімдері, қаулылары мен бұйрықтары құпия қабылданып, мерзімді басылымдарда жарияланбады. ОПШ ІБК мен Діни культ ісі бойынша кеңестің өкілетті өкілдері, аталмыш қаулыларды дін өкілдеріне таныстырмақ тұрмақ, олармен еркін танысу құқығы да болмады. Өкілеттілер облыстық (өлкелік) атқару комитеттерінің құпия қаулыларымен ғана жұмыс істеді.
1940 жж. Кеңес Одағында діни ұйымдарға қатысты қабылданған нормативтік-құқықтық актілер, құпия болуына байланысты барлық адамдардың назарына ұсынылмай, қоғамның құжаттар мазмұнымен танысуына айтарлықтай кедергі келтірді. Сонымен қатар органдардың дінге қатысты өкілеттілердің жұмыс жасауын қиындатты. Соған қарамастан, билікке большевиктер келген кезеңдегі діни ұйымдарға қарсы күреспен саластырғанда, айтарлықтай жеңілдіктер жасалып, діни ұйымдарға қатысты биліктің заңдар базасы қалыптасты. Заң актілерінің негізгі бөлігі өзгеріссіз қалып, олар тек қана Үкіметтің қаулылары жəне бұйрықтарымен толықтырылып отырды. Заңдарды жасау жəне оларды қабылдау жұмыстарына тек ОПШ ІБК пен Діни культтер ісі бойынша кеңес тікелей қатынасты. Соғыс жағдайында қабылданған заңдық актілер діни ұйымдарға жеңілдіктер жасап, олардың шіркеу немесе ғибадатханалар ашуының жаңа тəртíбíн қалыптастырды. Сонымен қатар конфессиялардың орталықтандырылған ұйымдарын құрып, билік үшін қолайлы деп тапқан діни ұйымдармен қарым-қатынас орнатты.
ХХ ғасырдың 40-шы жылдарындағы діни саясат айтарлықтай өзгеріске ұшырап, жеңілдетілді. Дегенмен, орталықта қабылданған заңнамалық-құқықтық актілер бойынша жұмыс жасау барысында бұрын-соңды қудалаумен айналысып келген билік органдары жаңа қаулылардың қаншалықты дұрыс екендігін, қалыптасқан жағдайда қалай жұмыс істеу керектігін білмеді жəне қателіктерге жол берді.
Əдебиеттер тізімі
Қазақстан Республикасы Президентінің архиві. — 708-қ. — 5/1-т. — 617-іс.
Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік архиві. — 1711-қ. — 1-т. — 17-іс.
Қарағанды облысы Мемлекеттік архиві. — 1364-қ. — 1-т. — 1-іс.
Сердюк М.Б. Религиозные организации в Советском обществе в 1941-1954 гг. (на примере Дальнего Востока): дис. ... д-ра ист. наук: 07.00.02 – «Отечественная история» / М.Б. Сердюк. — Владивосток, 2012. — 309 с.
Одинцов М.И. Совет Министров СССР постановляет: «выселить навечно» / М.И. Одинцов. — М.: Арт–Бизнес– Центр, 2002. — 240 с.
Советов И.М. Совет по делам религиозных культов при СНК СССР в 1944-1945 гг.: обязанности и сфера компетенции, организационная структура и основные направления деятельности / И.М. Советов // Свобода совести в России: исторический и современный аспекты. — Вып. 2. — 2005. — 382 с.
Одинцов М.И. Власть и религия в годы войны / М.И. Одинцов. — М.: Российское объединение исследователей религии, 2005. — 540 с.
Дупленская Е. Н. Совет по делам религиозных культов при СМ СССР: история создания, основные направления деятельности / Е.Н. Дупленская // Свобода совести в России: исторический и современные аспекты. — 2004. — 606 с.
Силантьев Р. Новейшая история исламского сообщества России / Р. Силантьев. — М.: Ихтиос, 2005. — 623 с.