Бесік жыры: Әй-әй бөпем, әй бөпем

Oinet.kz 07-09-2020 926

Әй-әй бөпем, әй бөпем.

Ән айтайын, бал бөпем.

Ән тыңдағын келсе егер,

Және айтайын, жан көкем…


Бөпем менің ай ма екен?

Шекер ме екен, бал ма екен?

Ойнақтап бір бәйгеден

Озып келер тай ме екен?!


Тас бұлақтар тауда екен,

Жас құрақтар сайда екен.

Көлбең-көлбең ұшатын

Көбелектр қайда екен?!


Қара қарға қарда екен.

Жапалақтар жарда екен.

Балпаң-балпаң басатын

Балапандар қайда екен?!


Әй-әй бөпем, әй бөпем,

Ұйықтадың ба, бал бөпем?

Алдағанға көнетін

Аңқау бөпе қайда екен?!

Ұлы Отан соғысы мерекесіне арналған іс-шара сценарийі
Қыздар мерекесіне арналған іс-шара сценарийі
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу