Тәрбие сағат: Салауаттылық - өмір салты

Oinet.kz 07-09-2020 1004

Тақырыбы: Салауаттылық - өмір салты

Мақсаты: Оқушылардың «салауатты өмір» туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

• Оқушылардың салауаттылық туралы ұғымдарын дамыту;

•Оқушыларды жақсылықты бойларына сіңіруге, өзіне, өзгелерге жағымды қарым - қатынас жасай білуге баулу;

• Сүйіспеншілікке, парасаттылыққа, сезімталдыққа тәрбиелеу

Көрнекіліктер: оқулық, оқушы дәптері, плакаттар, жүрекше, шарлар.

Сәлемдесу

Шаттық шеңбері

Оқушылар мұғаліммен бірге шаттық шеңберіне жиналып, «Туған жер» әнін шырқайды.

Ш. Сариев

Дені сау адамдарға өмір - жұмбақ,

Кәусардай мөлдірейді көңіл бұлақ.

Кеуденің сәулесіндей көз жанары,

Тірліктен жайнап өтер небір шырақ.


Ойланайық, пікірлесейік

•Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?

•Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?

•Зиянды әдеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?

• Зиянды әдеттерге нелер жатады?

Жасөспірімдердің көзқарасына, талғамына, құштарлығына олардың айналасындағылар, құрбы - құрдас, серіктестері ықпал етеді.

Ерік - күші әлсіз, рухани дүниесі таяз адамдар әркез өзінің жағымсыз істеріне сылтау іздеп «тек бір рет» деген ережені басшылыққа алады. Өмірлік ұстанымы мен мақсаттарын аяққа басады, содан кейін бәрі солай кете береді. Осыдан кейін жақсы болар деп үміттенеді. Осылайша бір рет дәрменсіздік көрсету, келесісін туғызады. Осылай ұнамсыз қылықтар қайталана беріп, ол жағымсыз дағдыға айналады.

Оқып үйренейік

Б. Соқпақбаев

Жекпе - жек

Оқушылар мәтінді бөліп оқиды.

 Мұратты спортқа жетелеген не нәрсе?

 Ол жеңіс биігін қалай бағындырды?

 Спорттың қандай түрін және оны не үшін ұнатасың?

( оқушылар мәтін соңында берілген сұрақтар бойынша жауап береді)

Дәптермен жұмыс

Салауатты өмір салтын ынталандыру - әрқайсысымыздың дене тәрбиесімен айналысуымызға, дұрыс тамақтануымызға, есірткілерді, темекі, алкогольді тұтынуды қойып, тазалық пен санитария шараларын сақтауымызға және т. с. бағытталған.

Н. Ә. Назарбаев

1. тапсырма

Нақыл сөзді оқыңдар. Салауатты өмір салты мен денсаулықты нығайтуға жәрдемдесетін іс - шаралар ұсыныңдар.

( оқушылар екі топқа бөлініп, іс - шаралар ұсынады)


Ойланып көрейік

Денсаулық - адам өміріндегі басты құндылық. «Бірінші байлық - денсаулық» деп халық тегін айтпаған. Адам мықты денсаулықтың арқасында өмірде кездесетін ауыртпалықтарды жеңуге, қабілет - дарынын дамытып, шығармашылық деңгейге көтеріле алады. Сондықтан денсаулыққа саналы қарап, спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып, дене ахуалының бабында болуына жағдай жасау керек. Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық жолына түсу денсаулығыңды өз қолыңнан құрту болып есептеледі.

Жаңа ақпарат

«Біздің өміріміз қаншалықты зиянды әдеттерден тұратынын көпшілігіміз ескере бермейміз.

Егер адам бақытты, жайлы, дені сау, ұстамды, дербес және табысты болса, оған өз әдеттерін өзгертудің қажеті жоқ. Егер әдеттер денсаулыққа зиянды және жеке тұлға үшін қауіпті болса, оның өзгелерге деген қауіпсіз қарым - қатынасы бұзыла қалса, онда тез арада шара қолдану керек.

Көп жасау, дені сау, бақытты болу - адамның өз қолындағы іс».

Дәйексөз

В. Суворов

«Кімде - кім өзін жеңсе, өз қорқынышын, өз жалқаулығын,

өз сенімсіздігін жеңсе, бұл өмірде сол жеңіске жетеді».


2. тапсырма

Өзіңді жақсы көресің бе?

Сұрақтарға мүмкіндігінше тез, көп ойланбастан «иә» немесе «жоқ» деп жауап бер.

1. Өзіңді осы қалпыңда жақсы көресің бе?

2. Сәтсіздік сені қудалай бере ме?

3. Шешім қабылдамас бұрын айналаңдағылардың пікіріне жүгінесің бе?

4. Ұйықтар алдында осы күнгі барлық қылықтарың мен сөздеріңді қайта бастан кешіру жиі бола ма?

5. Басқа біреу егер сенің орныңда болса, өзін қалай ұстайтынын жиі елестетесің бе?

6. Өзіңді көзіңше мақтаған кезде ұяласың ба?

7. Сен ұзақ уақыт жалғыздықта бола аласың ба?

8. Сенің көңіл - күйің материалдық жағдайыңа байланысты ма?

9. Бір нәрсенің жамандыққа соқтыратынын алдын ала сезесің бе?

10. Өз сезіміңді айтып жеткізу - саған проблема ма?

2 - тапсырмадағы тестің кілті

0 - 10ұпай

Сен өзіңді тіптен жақсы көрмейсің. Жамандық күту – сенің қалыпты жайың. Бұл күтулердің жиі болып тұратыны таңқаларлық емес. Өзіңді жек көретін сәттер болады және осының нәтижесінде асығыс және қате шешім қабылдайсың. Саған өзіңе көбірек сену керек!

Атырау облысы,

Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылы,

Қаракөл орта мектебінің Өзін - өзі тану пәні мұғалімі

Суатова Тогжан Болатовна



Ғабиден Қожахмет. Тойға арналған тілектер. Ұзатты бүгін жар ғып боталарын
Ғабиден Қожахмет. Білімдіні ұнатады бұл ғасыр. Бала шағы, болашағы ұлтыңның!
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу