Сатыбалды Тілеуұлының туғанына - 140 жыл
03-05-2023
Тақырыбы: «Күз – береке, молшылық»
Мақсаты: Мектебімізде өткізіліп жатқан «Алтын күз» мерекесіне ұйымшылдықпен қатыса отырып, күз - байлық, күз - береке, күз - молшылдық, күз - шаттық, күз - қуаныш екенін оқушы санасына жеткізу. өздеріне ерік бере отырып, ауызбіршілікке, ынтымақтастыққа баулу.
Сайыс жоспары:
І. Күзгі вальс
ІІ. Таныстыру (жұптар бейнетаспа арқылы өздерін тасныстырады)
ІІІ. Сұрақ – жауап (1 минутта 20 сұраққа жауап)
ІV. Бейнекөрініс - үй тапсырмасы.
V. Бояулар сыры (сиамдық егіздер әдісін пайдалана отырып қағаз бетіне күзгі бейнекөріністерді суретін салу)
VІ. Модельер
VI. Көңілді аспазшылар сайысы
Қорытынды
Алтын күз сізбен бізге шуақ шашсын,
Көңілдің серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
2 – жүргізуші:
Қош келдіңіз, көрермен.
«Күзгі бал» сын – кешіне
Отырыңыз қол соғып Шат күлкіге бөлене.
Кеш жарық, қымбатты ұстаздар, оқушылар! «Арайлы алтын күз» атты күзгі бал кешіне қош келдіңіздер. Бәрекелді, мерекелі алтын күз құтты болсын. Қасиетті күз мезгілінің бір сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Күз дегеніміз - жазтра даланың дархан дастарханы. Күз дегеніміз - байлық, молшылық.
Алтын күз біз бен сізге шуақ шашсын,
Көңілді серіппелі күйін ашсын.
Бақ пенен шаттық бірге қатар қонып,
Береке бірлікпенен ортақтассын.
Көңіл қойып, құлақ салыңыздар!
Үнсіздік орнап тына қалыңыздар!
Бүгінгі біздің бағдарламамызда:
Келтіретін ардайымсезім күйін,
Көресіздер қызықтың неше түрін
Әншінің анықтаған әнін естіп,
Көңіліңіз қалары хақ бір серпіліп.
Осылай бәрі - бәрі болып жатса,
Мақсатқа қалар едік біз де жетіп. Ал енді оқушылар бүгінгі алтын күзге қатысушы ханшалар мен ханзадаларды ортаға шақырайық.
құрметті көрермендер әділқазы алқаларымен таныстырып өтейік. _________________________________
Бүгін сіздермен бірге Күз Ханшайымын және Күз ханзадасын таңдайтын боламыз.
1 – жүргізуші: Үйден шығып жұмысқа келе жатып айналама көз сала, есіме Қайрат Нұртас айтып жүрген бір әннің сөздері есіме түсті:
…Жаздың соңы, жапырақтар жаңбыры,
Ал жапырақ – адамдардың тағдыры.
Сары ағаштан түсіп жатқан секілді
Сау - сау етіп өмірімнің әр күні…
2 - жүргізуші:
Дәл солай, пендеуи өмірде анаған қол жеткіземіз, мынаның шырқау шегіне жетеміз деп шапқылап жүріп, көз алдымызда жайқалып өсіп тұрған жасыл әлем сары түспен алмасып үлгерген кезде ғана, осы маусымды артқа тастағанымызды бір - ақ байқаймыз, е - ее…тіршілік десейші…
Қуаныш көңілсіз сөздермен уақытымызды соза бермей көңілді кешімізді тезірек бастайық.
1 – жүргізуші:
Жарайды, ендеше алдымен бүгінгі кештің төрінен орын алатын 10 – 11 сынып оқушыларын «күзгі вальс» биімен ортаға шақырайық және бидің әнін орындаушы әнші қыздарымыз Жарқыраны қол соғып қарсы алайық!!!
2 - жүргізуші:
Қатысушы жұптар ортада қалсын. Қалған оқушылар көрермен столына жайғасайық.
жүргізуші:
Бүгінгі кешімізде осы жұптарымызды сынақтан өткізіп күз ханзадасы мен ханшайымы атануына лайықтау үшін
«Күз - береке, молшылық» атты сайысымыздың бөлімдерімен таныстыру үшін назарымыз тақтда болсын:
І. Таныстыру (жұптар бейнетаспа арқылы өздерін таныстырады).
ІІ. Сұрақ – жауап (1 минутта 20 сұраққа жауап),
ІІІ. Бейнекөрініс - үй тапсырмасы.
ІV. Бояулар сыры (сиамдық егіздер әдісін пайдалана отырып қағаз бетіне күзгі бейнекөріністерді суретін салу).
V. Модельер.
VI. Көңілді аспазшылар сайысы.
Кештің қорытындысы.
2 – жүргізуші:
Ендеше, құрметті көрермендер қатысушыларымызға сәттілік тілей отырып, «Күз – береке, молшылық» атты сайысымыздың бірінші бөлімді таныстыруға кезек берейік. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар біздің сұлу да сүйкімді ханшаларымыз бен салмақты да сымбатты ханзадаларымыз өздерін таныстырсын.
Таныстыру (жұптар бейнетаспа арқылы өздерін таныстырады)
1 – жүргізуші.
Жұптарымыздың білімін сынайық
2 – жүргізуші:
ІІ. Сұрақ – жауап 1 минутта 20 сұраққа жауап беріңіздер жауап 2 рет қана жауап бересіздер 3 – ші айтылған дұрыс жауап қабылданбайды. Егер сұрақтың жауабын білмесек әрі қарай деп айтамыз.
2 – жүргізуші:
ІІІ. Бейнекөрініс - үй тапсырмасы.
2 – жүргізуші:
Күз – бұл жаз бен қыстың арасындағы көпір. Таңатпай аяз бетімізді тондырса да, далада суық күн тұрса да, біз білеміз күз – тамаша мезгіл. Қандай жазушыны, ақынды, суретшіні алсақ та әр қайсысы өз бетінше осы мезгілді көркем суреттейді.
1 – жүргізуші:
Аңсаған біздің келесі бөліміміз
ІV. Бояулар сыры деп аталады. Біздің жұптарымыз табиғат көрінісін қаншалықты әдемі бейнелейтіндігіне көз жеткізейік. (Қатысушы жұптар ортаға шақырылады) Бұл бөлімде сиамдық егіздер әдісін пайдалана отырып қағаз бетіне күзгі бейнекөріністерді суретін салады. Шарты: екі жұптың біреуінің оң, екіншісінің сол қолы байланады. Осылайша жұптаса сурет салады.
VІ. Модельер
Столдың үстінде түймелер жатыр, сол түймелерді жұптарымыз сол қолдарын артына қойып оң қолдарына қасық ұстап қасықпен жинау арқылы ыдысқа салады. Болған соң жиналған түймелерді санау арқылы дүкенімізден сәнге қажетті материалыңызға айырбастай аласыздар. Егер қалған түймелер болса сізге ұпай болып қосылады. Бірақ ұпайға емес жасалатын киімдеріңіздің сәнді шығуына мән бергеніңіз жөн. Себебі 3 түйме 1 ұпай боп табылады.
8 класс оқушыларының биі.
VI. Көңілді аспазшылар сайысы
жүргізуші.
Бұл бөлім бойынша парта үстінде жапырақтар мен жемістер жатыр. Жапырақтың артында жұмбақтар, ал жемістер сол жұмбақтардың жауабы. Жұптар бірінші жасайтын салаттарыңызға қатысты жемістерді бірінші жинап, сол жеміске қатысты жұмбақтарды табуларыңызға да болады. Салаттарыңызға қажетті моенез, иогурт жеміс – жидектерді еңбектеніп жинағандарыңыз үшін бонус ретінде беріледі.
Жұмбақтар.
Аласа талда алуан алма,
Алқызыл болмай аузыңа салма. (Қызанақ)
Формы бар домалақ,
Көміп қойдым сығалап,
Жақсы болса тұрмысы,
Шығады екен қоғалап.
Бес ай тамам біткенде,
Қаптап алдым құмалақ. (Картоп)
Жер астында жез қазық,
Жеуге болар ас қазық. (Сәбіз)
Тоғыз қабат қызыл торқасында,
Өседі екен ақ сүйрік ішінде. (Сарымсақ)
Азар, азар кетті,
Әкесі мазар кетті,
Баласы базар кетті. (Жүзім)
Қыста - мазар, Жазда - базар.(Жүзім)
Жер астында сары қыз отыр. (Сәбіз)
Ұзын - ұзын әулие,
Онан да ұзын әулие.
Тораңғылдың түбінде,
Теңкиіп жатқан әулие. (Асқабақ)
Дайынбыз ба жеміс жинауға 2 минут уақыт.
«Мерекелі, берекелі дастархан» әні. 9 класс қыздары
_____________________________________________________________________________
Көрерменмен ойын: Шарты: жұптардың бірінің қолына картоп, екіншісінің қолына пияз беріледі. Картоптың сыртын үзбей тазалап, пиязды тазалап, жіңішкелеп сақиналап турау керек.
1 – жүргізуші:
Жеңіс пенен жеңілістен тұратын,
Өмір - күрес, жеткізе ме мұратың.
Жеңбедім, жеңілдім деп ренжімегін,
Қатысу да бір жеңіс, жан болсаң оны ұғатын
2 – жүргізуші:
«Қош» дейміз, әлі талай сайыстар бар,
Өнерлерің шыңдала берсін, қалыспаңдар.
Еліміздің мұратын асқақтатып,
Биіктерден көрінер жас болыңдар - деп «Күз – береке, молшылық» атты күзгі балл – 2015 сайысын аяқтаймыз!!!