Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Сұлтан Қалиев өмірі мен шығармашылығы

Oinet.kz 06-10-2019 1565

Сұлтан Қалиев 1943 жылы 1 мамырда Жамбыл облысы, Жамбыл ауданында туған. 1961 жылы Жамбылдағы Абай атындағы педагогикалық училищені, 1967 жылы ҚазМУ - дің филология факультетін бітірген.

Еңбек жолын Жамбыл облысы Шу ауданының №61 8 жылдық мектебіне мұғалім болудан бастаған. 1967 – 1973 жж. Қазақ радиосының музыка, балалар редакциясының редакторы, аға редакторы. 1973 – 1991 жж. «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, 1991 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін «Ұлан» газетінің бас редакторы болды.

Негізінен балалар поэзиясы, сатиралық жанр саласында еңбек етеді. Жекелеген өлеңдері орыс, украин, өзбек, грузин, түрікмен, қарақалпақ, әзербайжан тілдеріне аударылып, «Сәлем саған, мектебім» атты кітабы 1983 жылы Фрунзе қаласындағы «Мектеп» баспасынан қырғыз тілінде жарық көрді.

Оның аударуында қазақ тілінде С. Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі» (1973), С. Михалковтың «Степа ағай» (1978), Р. Ғамзатовтың «Менің атам» (1969, 1982) поэмалары, Р. Киплингтің бірнеше ертегісі «Пілдің баласы» деген атпен (1983), Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» повестері мен әңгімелері (1984), «Жанымның жарық жұлдызы» романы (1985) жеке кітап болып шыққан.

Өлеңдері

Аққала
Әже
Боран
Біз шадыман баламыз
Жер – туған жер
Гүл
Сәлем саған, мектебім!
Сыйға-сый
Торғай
Тұңғыш қазақ ғарышкері

Әдістемелік көмек: Ойын арқылы баланың ой өрісін дамыту
Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. Ескен Елубаев өмірі мен шығармашылығы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу