Ашық сабақ. Наурыз мерекесі туралы

Oinet.kz 06-10-2019 917

Қазақ халқының ұлттық мерекесі – Наурыз

  oquzaman  0 Comments 

«Өнер Колледжі – музыкалық –эстетикалық бейіндегі

дарынды балаларға мамандандырылған мектеп –интернат»

Кешені» КММ

               Қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі                                                                    

  Әшімова Жұмабике Бихатқызы

Тақырып:  Қазақ халқының ұлттық мерекесі – Наурыз

Синоним сөздер.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: наурыз мерекесінің шығу тарихымен танысу

Дамытушылық:сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін жетілдіре отырып, өз ойларын дәлелдеуге үйрену

Тәрбиелік: салт-дәстүрді құрметтеуге баулу

І. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушыларды топқа бөлу. Сабақтың тақырыбы және мақсаттарымен таныстыру. Содан кейін тапсырма беріледі. «Наурыз мерекесі»бойынша білгендерін суретке салу (5минут уақыт беріледі).

Сурет бойынша өз ойларын жеткізу. Ортақ пікірді тақтаға жазу. Мысалы: Наурыз – көктемнің басы , Шығыс күнтізбесі бойынша Жаңа жыл, наурыз көже жасалады… деген сияқты.

ІІІ. Мәтінмен жұмыс. Оқу, аудару жұмысы.  (7 минут)

Наурыз – Шығыс халықтарының ұлттық мейрамы. Наурыз парсы сөзі. «Нау»- жаңа, «рыз»- күн деген мағынаны білдіреді. Қазақ халқы Наурызды жылдың басы деп біледі.

Наурыз мейрамы наурыз айының 22-сінде тойлайды. Бұл күні, күн мен түн теңеледі. Наурызға дейін адамдар үйлерін, қораларын, ауласын тазартады. Наурыз күні адамдар таза, жақсы киімдерін киеді.

Наурыз қазақ ұғымында жаңа айдың, жаңа тілектің басталатын күні деп есептеледі. Сондықтан әрбір үй өз қолындағы барын салып, Наурыз көже жасайды. Барлық үйде қазан асылып, ет пісіріледі. Содан соң сорпасына жеті түрлі тағам салады.ол: тары, арпа, бидай, су, тұз. Бұршақ қосылады.  Ежелгі түркі халықтарының  ұғымында жеті киелі сан. Сондықтан Наурыз көже аса қасиетті тағам болып саналады. Дастарханға қазы, шұжық, әрәмшәк, май, жент қосылады. Бұл дәмнен барлық ел ауыз тиеді.

Бұл күні барлық адам біріне – бірі қонаққа барып, ақ тілегін айтады, көңілді өткізеді. Қыдыр ата жүреді. Жақсы тілектерін айтады, сыйлықтарын береді.

Наурыз күні ұлттық ойындар ойнайды. Өнер адамдары таңертеңнен кешке дейін өнер көрсетеді.

Мазмұнын түсінгеннен кейін, әр топ кестені толтырады. (8минут)

БілемінБілгеніме сәйкес емесЖаңа ақпаратТереңірек білгім келеді
1Көктем басы, құстар ұшып келеді, күн мен түн теңеледі, т.б.Мұсылман елдерінде жаңа жыл мерекесі тойланадыбір -бірімен ренжісі бар  адамдар татуласады, тіпті соғысып жатқан елдер соғыстарын тоқтатадыНеге 7санын сақтар, көжеге азық-түлік тағамдарын салады?

Сын тұрғысынан ойлау сәті:(8минут)

Наурыз мейрамыкөже дайындалады7тағам қосыладыкүн мен түнтеңеледі


Қыдыр ата келеді

Еуропаша Жаңа жыләртүрлі тағам әзірлеу1қаңтарда мерекеленеді,     құттықтаулар,қонаққашырша құрады, Аязата,      барады,сыйлық бередіАқшақар келеді


 

Наурыз туралы білгендері мен мәтін мазмұнын салыстыра отырып, оқушылар мына диаграмманы толтырады.

Әр топ өз кестесі бойынша көзқарастарын айтады, ойларымен бөліседі.

Келесі тапсырма: Әр топ өз құттықтауларын қағаз бетіне түсіреді. (10минут)

Суретпен болсын немесе өлең жолдары құттықтаулары болсын жазып, бір-біріне  барып құттықтап айтады.

Сабақты қорыту: Оқушылар сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін мазмұндап, бұл мерекенің шығыс елдерінде ертеден бері тойланып келгендігіне көз жеткізеді. Оқушы өз ойын дамыта отыра, сын тұрғысынан ойланып, өз ойын дәлелдей отыра, салт – дәстүрге деген қызығушылығын да арттырады. (4минут)

Үйге тапсырма: «Наурыз мерекесі»     туралы эссе жазу жұмысы тапсырылады.   Оқушылар келесі сабақта сынып алдында өз шығармасын оқып береді. (2минут)

Оқушылар білімін бағалау.     (1минут)


Жас жұбайларға бата
Ашық сабақ. Туған жер, атамекен, Отан туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу