Ашық сабақ. Қазақ тілі. Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Қазақ тілі пәні бойынша сабақтың жоспары «Заттың қимылын білдіретін сөздер»
0 Comments Қазақ тілі пәні бойынша сабақтың жоспары «Заттың қимылын білдіретін сөздер»
Павлодар облысы
№19 арнайы жалпы білім беру мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі
Еслямова Бакыт Халеловна
Тақырыбы: Заттың қимылын білдіретін сөздер.
Білімділік мақсаты: Оқушыларға заттың қимылын білдіретін сөздер туралы түсінік бере отырып, оларға қойылатын сұрақтармен таныстыру.
Коррекциялық мақсаты: Оқушылардың ойлау, сөйлеу қабілеиін дамыту,
Сөздік қорын молайту және сауатты жазуды үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету,
Эстетикалық талғамын тәрбиелеу.
Көрнекілік: суреттер, карточкалар.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың жоспарлары:
I.Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеру
III. Сабақтың мақсаты мен міндеті
IV.Жаңа сабақты түсіндіру
V.Өткен сабақты бекіту
VI.Сабақтың қортындысын жасау, білімін бағалау
VII.Үйге тапсырма
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі
1) Жылдың қай мезгілі?
2) Қандай ай?
3) Айдың нешесі?
4) Аптаның қай күні?
5) Нешінші сабақ?
Ұй тапсырмасын тексеру
1)Ережені қайталау
Заттың қимылын білдіретін сөздер. Не істеп отыр? Не істейді? Не істеді? Қайтті? Деген сұрақтарға жауап береді.
Мысалы: Гүлжан ойнап отыр.(не істеп отыр?)
2) Суретпен жұмыс (әр балаға сурет таратамын, сол бойынша сөйлем құрайды)
Құраған сөйлемнен заттың қимылын білдіретін сөзді тауып, сұрақ қояды.
Мұрат төсегінен тұрды.
Асхат жаттығу жасап тұр.
Абзал жуынып жатыр.
Қимылды білдіретін сөздер: тұрды, жасап тұр, жатыр.
IV.Жаңа сабақ (мақсаты айтылады)
Суретпен жұмыс.
Сиыр не істейді? | Сиыр мөңірейді. |
Қой не істейді? | Қой маңырайды. |
Ит не істейді? | Ит үреді. |
Адам не істейді? | Адам сөйлейді. |
Кітаппен жұмыс
5 жаттығу. Өздіктерінен орындау.
Деңгей. II. Деңгей III. Деңгей
Қой маңырайды Қой маңырайды Суретпен жұмыс
Тырна тырналайды Тырна тырналайды (ауызша жүргізіледі)
Ит үреді
Ит үреді
Адам сөйлейді
Шымшық шиқылдайды.
Сергіту сәтін жасату.
Көрнекілік жұмыс (ауызша)
Тақтада нелердің суреттері ілініп тұр? Тасбақа, жылан, құмырсқа.
Мен қазір жұмбақ оқимын.Сендер осы суреттерден шешуін табындар.
1)Жорғалайды
Адам қорқады
Ол не? (жылан)
2) Екі басы жұдырықтай
Ортасы қылдырықтай
(құмырсқа)
3) Асты тас, үсті тас
Ортасынды тандыр бас
(тасбақа)
5)Дәптермен жұмыс. 7 жаттығу.
Сөйлемдерді оқы.Қар жауып тұр. Жаңбыр жауып тұр.
1)Керекті сөздерді қосып, сөйлем құрап жазындар.
Борап тұр, жапалақтап тұр,құйып тұр.
Қар борап тұр. Қар жапалақтап тұр. Жаңбыр құйып тұр.
5)Суретпен жұмыс
Кім тігінші? Не істеп жатыр? Тігіп жатыр.
Кім құрлысшы? Не істеп жатыр? Қалап жатыр.
Кім ұстаз? Не істеп жатыр? Оқытып жатыр.
7) Мен сендерге өлең оқимын. Сендер оқыған өлеңнен заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздерді ғана айты, дәптерлеріңі жазасындар.
Ағам жылқы бағады
Атам пішен шабады
Жеңгем сйыр сауады
Әжем киіз қағады
8)Жана сабақты сұрақ-жауап арқылы бекітіп қортындылаймын.
9) Оқушылардың білімдерін бағалау.
10) Үйге: Сөздерден сөйлем құрау.
Оқиды, жазады, ойнайды.