Ашық сабақ. Қазақ әдебиеті. «Қозы Көрпеш - Баян сұлу»
Қозы мен Баянның адал махаббаты, кейіпкерлер әлемі
Ахметова Шолпан Серікқызы «Қ.Қайдосов КММ»
қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі
Бағыты тіл дамыту
Сабақтың мақсаты: Шығарманың мазмұнын ұғына отырып,
тәрбиелік мәнін анықтау. Кейіпкерлердің мінезін
саралау, іс — әрекеттеріне баға беру.
Сабқтың әдісі: Сыни тұрғыдан ойлау,
Өз бетінше ізденіп әрекеттенуге үйрету.
Сабақтың түрі: Бекіту сабағы – білімді меңгеру деңгейін байқау.
Сабақтың көрнекілігі: Қозы Көрпеш-Баян сұлу мазары,
Ұйымдастыру кезеңі:1. Оқушылармен амандасу
2.Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру.
Ауыз әдебиетінің түрлері бойынша
топқа бөлу, мақсат қою – 3 мин.
Үй тапсырмасын тексеру:1. Қозы мен Баян кесенесі туралы таным
деректерді оқып келу.
Психологиялық дайындық
Мұғалім:- Екі көзің не үшін керек?
Оқушылар: — Жақсыларды көру үшін.
Мұғалім: — Екі құлақ не үшін керек?
Оқушылар: — Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім: — Екі қолың не үшін керек?
Оқушылар: — Елге көмек беру үшін.
Мұғалім: — Екі аяғың не үшін керек?
Оқушылар: — Шетте жүрсең,
Туған жерге жету үшін!
«Ой шақыру» стратегиясы. Білу
Ауыз әдебиеті туралы не білеміз?
Ауыз әдебиетінің қандай түрлері бар?
Лиро-эпостық жыр мен эпостық жырдың қандай айырмашылығы бар?
«Ой қозғау» стратегиясы. Түсіну
Кейіпкер дегеніміз кім?
Мінездеме деген не?
Портрет дегеніміз не?
«Талаптыға нұр жауар» кезеңі. Қолдану
Шығарманың композициялық құрылысын жасау.
Басталуы – Сарыбай мен Қарабайдың аңға шығуы,
бір- бірімен құда болуы
Дамуы – Қарабайдың қазасы
Байланысуы – Сарыбайдың Аягөзге көшуі
Шиеленісуі – Қозының қалыңдығы бар екенін естуі
Шарықтау шегі – Қозының Баянды іздеп шығуы,
екеуінің бір- біріне ғашық болуы
Шешімі – . Қодардың қастандығы
Қорытынды – Қозы мен Баянның трагедиясы
Топпен жұмыс. Талдау
«Ақылдың алты қалпағы» Эдвард де Боно
тәжірибесі бойынша әр топқа жеке тапсырмалар беріледі.
1 –қалпақ. Ақ. Ақпарат беруші. Жырдың басты кейіпкерлері Қозы мен Баян қашан аттастырылды?
2-қалпақ. Қызыл.Әсершіл.
Жырдың сізді ерекше толқытқан тұсытары.
3 –қалпақ. Қара. Сыншы.
Қозы Көрпеш пен Баянның махаббатына кедергі болған адам қандай жан? Сипаттама бер.
4- қалпақ. Сары. Позитив.
Қозы мен Баянның махаббаты туралы сипаттап бер
5-қалпақ. Жасыл. Креатив.
Егер сенің қолыңда мүмкіндік болса, Қозы мен Баянның махаббатына кедергі болған Қодарға қандай жаза қолданар едің?
6-қалпақ. Көк. Түйінді ой.
Жырдада көтерілген негізгі мәселе қандай?
Сергіту сәті
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш,
Бойға жинап күш.
Жаттығу жасап алайық,
Бiр дем алып қалайық.
«Әңгіме кестесі» Топтық жұмыс. Жинақтау
Авторы | Шығарманың Аты | Кейіпкерлері | Тәрбиелік мәні | Қазіргі заманмен салыстыр |
«Сөздер банкісі» Келесі қолданылатын әдіс – «Тақырыптық түйінді сөздер»
Сұрақ: Берілген сөздердің қайсысы ғашықтық жырлар ұғымына жатады?
Сөздер банкісі:
Ержүрек, қоштасу, махаббат үшін құрбан болу,мақтаншақ,бақытқа кенелу, сезім, махаббат,енжар,мейірім,кіршіксіз, адал,өзімшіл,қатыгез, құлай сүйген.
Қорытындылау 2 минуттық эссе , Бағалау
Шығармадан алған әсерін жинақтап « Махаббатсыз дүние бос» эссе жазу.
Үйге тапсырма «Екі бетті күнделік» толтыру
Жырдан алған әсерім | Пікірім |
Рефлексия.
— Бүгінгі сабақтан қандай әсер алдыңыз?
– Не білдің?, нені білгің келеді?
Қорытынды сөз. Оқушылар, біз бұл жырды талдай отырып, Қодар секілді қатыгез, аяушылық сезімі жоқ адамдардың бар екенін білдік. Өз махаббаттары үшін өмірдің зардабын көріп, құрбан болған екі жас туралы білдік.