Қожанасыр хикаялары. Күлкі мен көз жасы

Бағдарлама тауып алған бірнеше адам оның не екенін біле алмай, Қожанасырға алып келеді. Қожекең әуелі сықылықтап күледі де, сонан соң отырып алып жылайды.
Себебін сұрағандарға ол: - Мұның не екенін бірнеше адамның білмегеніне күліп едім. Сөйтсем өзім де білмейді екенмін, соған жылап отырмын, - депті.


