Ашық сабақ. 3 сынып. Алма бағында.

Oinet.kz 05-10-2019 1109


Өткізілген күні:

3 Б ______ 3 Г ______

3-сынып

Сабақтың тақырыбы: Алма бағында 


Сабақтың мақсаты: 
1. Адам және табиғаттың байланысты екендігін пысықтау. 
2. Жыл мезгілдері, күз мезгілінің байлықтары, соның ішінде алма бағы туралы түсініктерін кеңейту. 
3. Әр түрлі ой дамыту стратегиялары арқылы өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге, шығармашылықпен ойлануына ықпал ету. 
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Табиғатты қорғауға, жасыл өсімдіктерді күтуге тәрбиелеу. Жасыл ағаштардың адам өміріндегі маңызын тереңірек ұғындыру. 
Сабақтың түрі: Дамытушылық сабақ. 
Көрнекіліктер: Алма түрлері және суреті, таблицалар, карточкалар, ватман қағаз, жыл мезгілдеріне байланысты сюжетті суреттер, кітаптар т.б. заттар. 
Сабақта қолданылатын әдістер: Ой қозғау, негізгі идеяны суреттеу, сұрақ қою, 5 жолды өлең, топпен жұмыс, салыстыру кестесі. 
Пән аралық байланыс: дүниетану, қазақ тілі, математика; өмірмен, қоршаған ортамен байланыс, халық педагогикасын пайдалану, көрнекілік қолдану. 
Сабақтың барысы: 
1. Ұйымдастыру кезеңі. 
2. Оқушылардың назарын сабаққа аударту. 
2. Үй тапсырмасын тексеру. 
І. Психологиялық дайындық: 
а) жұмбақ өлең оқу (жауабы: алма ). 
ә) алма туралы суреттер көрсету, әңгімелеу. 
Ой қозғау: Сюжетті суреттермен жұмыс. Балалар жаңа сабақты бастамас бұрын сурет туралы ой қозғайық. Бұл қай мезгілді білдіріп тұр? Қазір қай мезгіл? – Күз мезгілі. Күз мезгіліндегі заттарды атату. Күз – береке, байлық деу себебіміз не? 
Неге алтын күз дейміз? Табиғаттағы құбылыстарды айтқызу, орман, тоғай, бау-бақшадағы өзгерістерді айту. Табиғат пен адамның байлынысн атап өту. Пәнаралық байланыс. 
Жыл мезгілдері туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
- Жеміс бағында не өседі? 
- Жеміс ағаштары өседі. 
Ол бау, бақша болып бөлінеді. Салыстыру кестесі бойынша салыстыру. Бау, бақшаның айырмашылығы неде? 

Салыстыру кестесі 

Бау Бақша 
Ағаштар Көкөністер 
Алма Қияр, капуста 
Алмұрт Қызанақ , сәбіз 
Шие, жүзім Картоп, пияз 
Жаңғақ Қызылша 
Айырмашылығы: 
Бұтақта, ағашта өседі. Жерде өседі. 

Жұмбақтар жасыру. 
Тақтаға сюжетті суреттер ілу, пысықтау. 
Диалог: Сұрақ-жауап. 
Түртіп алу жүйесімен жұмыс істеу: +, ?, v, – белгілерімен сөздік жұмыс жүргізу, өздерінен сұрату, жауап алу, оқушылар түсінбеген сөз, сөйлем, сөз тіркестерін сұрайды, бір-бірімен ой бөліседі. 
Топпен жұмыс: (Ой толғаныс). Карточка таратылады. 
І топ: Жыл мезгілдері туралы не білесің? 
ІІ топ: Бауда қандай жеміс ағаштары өседі? 
ІІІ топ: Алма бауының күзгі көріністерін суретте. 
ІV топ: Алма жинау, еңбек ету, көктем туралы айтып бер. 
V топ: Қандай алма түрлерін білесің? 
VІ топ: Жеміс-жидектердің қандай пайдасы бар? 
Топпен жұмыс жүргізіп болған соң топ басшысы т.б. оқушылар жауап береді. Енді (5 жолды өлең) тақтаға алманың суретін ілу, таблицаны т.б. 
1. Не? – Алма. 
2. Қандай? – Тәтті, домалақ, қызыл. 
3. Не істейді? – Өседі, қызарады, піседі. 
4. Алма – витамин. 
5. Алма – денсаулытың көзі, сүйікті жеміс. 
Пән аралық байланыс, синтездеу, әрі өздері өлең жазып, тақтаға қорытынды өлең жазады. 
Алманың пайдасы туралы айтып өту. Жеміс-жидектер туралы мақал-мәтелдер айтқызу. 
Логогриф жасыру:

Алмада болса, 
Алшада жоқ. 
Алшада болса, 
Алмада жоқ. 

Сабақты қорыту. Жұппен жұмыс, жалпы ортақ ойды тақтаға ақ ватман қағазға жазамын. Жалпы жасыл өсімдіктердің пайдасы туралы айту, қорыту. Жұмбақ жасыру. 
3. Еңбексүйгіштікке, қарапайымдылыққа. 
4. Шыдамдылыққа, төзімділікке, қанағатшыл болуға үйретеді. 
Бағалау кезеңі. 
Үйге тапсырма: Алма бағының суретін салу, сол туралы шағын әңгіме, өлең т.б. жазып келу. 


Қазақстан тарихы. Үйсін мемлекеті
Баяндама: Алтын адам
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу