Ашық сабақ. Информатик 2020. Интеллектуалдық шоу сценарийі

Oinet.kz 05-10-2018 874

Информатик 2015

0 COMMENTS АШЫҚ САБАҚТАР

Ашық сабақтар
Информатик 2015

Мақала авторы: Скакова Айым Серікқызы
Жұмыс орны: ШҚО Жарма ауданы Шар қаласы Жарма технология колледжі
Лауазымы: информатика пәнінін мұғалімі
Порталға жариялану мерзімі: 30.03.2016


Сабақтың тақырыбы: Информатик 2015
Сабақтың мақсаты: Сайыс өткізу арқылы студенттердін  информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру;
Ана тілі мен орыс тілінде, шет тілінде бірдей сөйлеу шеберлігін арттыру, информатика ғылымына бойлату.Өз білімдерін, қарсыласын бағалай білуге, информатика тарихын білуге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: Сыныптан тыс жүргізілген сайыс сабақ
Жабдықтар: Интерактивті тақта, компьютерлер.
Қатысушылар: 305топ 201 топ  400топ студенттері.

Сәлем бердік, құрметті ұстаздар, әділ-қазылар, оқушылар! Сіздермен бірлесе отырып «2015 жыл — информатигі» атты ойынымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Ойын толқын, айналған қатты ағысқа
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.

Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсеңде жеңілсе де қалма жасып.

Алдымен ойынға қатысушы талантты студенттерімізбен танысайық. Әр топтан бір оқушыдан қатысады.

305 топ студенті: Паддубный Сымбат

201 топ студенті: Жақыпқан Нұрым

400 топ студенті: Жансұлу

Бүгінгі ойынымыз 6 турдан тұрады. Ойын барысымен таныстырамыз Слайд шоу
1-тур. «Бәйге»
2-тур. «Полиглот»
3-тур. «Ғажайып алаң»
4-тур. «Қиял әлемі»
5-тур. «Адасқан әріптер»
6-тур. «Жорға»
1 тур. «Бәйге». Жарысқа қатысып отырған студенттерге  сәт-сапар тілей отырып. Ал «Бәйге» турын бастаймыз. Сіздерге ортақ он сұрақ беріледі.

(Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.)
1. Аталған байттар тізбегі? (файл, байт, диск)
2. Windows — пен жұмыс істей алатындардың барлығы? (объект, экран, интерфейс)
3. Қағаздағы көріністі экранға түсіруші? (принтер, сканер, модем)
4. Адам мен компьютер арасындағы қарым – қатынас тілі? (Паскаль, программа. интерфейс)
5. Бір жолға қанша оператор жазуға болады? (25, 125, 256)
6. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған құрылғы? (тышқан, пернетақта, микрофон)
7.Компьютердің ақыл – ойы? (Монитор, процессор, камера)
8. Мәтін дегеніміз не? (Есептер, Кестелер, Жолдар тізбегі)
9. Вирустың кері әсерін жоятын программа? (Архивтеу, антивирус, оперативті программа)
10. Меңзердің алдындағы символды кетіретін перне (Enter, Delete, пробел)

Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес
Соқ қолыңды білімді жас талантқа.

2-тур. Полиглот. (Жұмбақталып 10 жасырын сөз оқылады. Сол сөзді тауып қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтқан студентке  30 ұпай, ал екі тілде айтса 20 ұпай, бір тілде айтса 10 ұпай).

1. Фонограф бағдарламасы қандай мәліметті өңдеуге мүмкіндік береді. (дыбыс, звук, sound)
2. Жіпке ілдім мен өзім
Кіп-кішкене күн көзін. (шам, лампочка, lamp)
3. Ақпараттың қайнар көзі. (табиғат, природа, nature)
4. Графиктік курсорды басқаруды жеңілдететін құрылғы. (тышқан, мышь, mouse)
5. Ас адамның арқауы, ал компьютердің асы … (тоқ, ток, currnt)
6. Өнер алды қызыл … (тіл, язык, landuade)
7. Батырмалы енгізу құрылғысы (пернетақта, клавиатура, )
8. Жойылған құжаттар сақталатын қап (себет, корзина, )                                                                  9. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан — мышка — maus)

3-тур. «Ғажайып алаң».
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар
Қиынырақ сұрақ болсын.
(Сұрақтар сандар арқылы ұяшықтарда көрсетіледі)
30 (оң) жақтағы – Есепшот Грецияда қалай аталды? (Абак)
30(ортадағы) – 1694 жылы атақты неміс математигі Лейбниц қандай есептеуіш құралын ойлап шығарды? (Арифмометр)
30 (сол) жақтағы – Компьютердің атасы (Чарльз Беббидж)
40(оң) жақтағы –Алғашқы программист (Ада Лавлейс)
40 (ортадағы) – Компьютер шығаратын әйгілі ІВМ фирмасының негізін салушы (Герман Холлерит)
40 (сол) жақтағы – Бірінші электронды машина (ENIAC)
50(ортадағы) – Ең өнімді вирусқа қарсы бағдарлама (Касперский)
50 (сол) жақтағы – Принтерлер қандай түрлерге бөлінеді (Матрицалық, бүріккіш, лазерлік)
50 (ортадағы) – Microsoft фирмасын құрған адам (Билл Гейст)
Алдыңғы турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады

4-тур. «Қиял әлемі». Ойыншыларға тақырып беріледі. Тақырыпқа сәйкес қызықты әңгіме құрастыруы тиіс. «Егер мен хакер болсам» Ойыншыларға дайындалуға 5 минут уақыт беріледі. Кезекпен өнерін ортаға салады.

5 тур. “Адасқан әріптер” (Дұрыс жауапқа 5 ұпай).
Нимотор ———— Монитор
Пьюромтек ——- Компьютер
Енрепатқат ——— Пернетақта
Лайф —————- Файл
Рльоукятакл —— Калькулятор
Атқсуа ————— Сақтау
Аэкторикелн —— Электроника
Дңеөу ————— Өңдеу
Млтогира ———- Алгоритм

Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып тасып, асықпа, қалыспа сен.
Уақыт деген зымырап өтіп жатыр,
Шапшаңдық бұл сайыста керек екен
Алдыңғы турдың қорытындысы бойынша ұпайы аз оқушы ойыннан шығады. қорытындысы бойынша ұпайы аз студентті «Ойында жеңілсеңіз де, өмірде жеңілмеңіздер» — деп шығарып салайық.

6-тур. «Жорға». Бұл кезеңде берілген 1 минут ішінде дұрыс әрі жылдам жауап беруі тиіс. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.
1. Ақпараттың ең кіші өлшем бірлігі (бит)
2. Ақпаратты шығару құрылғысы. (принтер)
3. Сурет салуға арналған программа (пайнт)
4.Вирусты тауып жоятын бағдарлама (антивирус)
5. Қарапайым есептеулер жүргізетін программа (калькулятор)
6. Бір битте қанша байт бар (8)
7.Компакт-дискіні оқуға арналған программа (CD-ROM)
8. Дауыс жазуға арналған құрылғы (микрофон)
9. Дүниежүзілік компьютер арасындағы байланыс (интернет)
10. Ақпаратты өңдеуге арналған құрылғы (процессор)
11. Екілік жүйесінің сандары (0, 1)
12. Өзін басқа программаларға енгізіп алатын кішігірім программа (вирус)
13. Адам мен компьютердің қарам-қатынас тілі (интерфейс)
14. Жалпы желіге қосылу үшін қажетті құрал (модем)
15. Ең алғашқы программаны жазған (Ада Лавлейс)
16. Жойылған нысандар орналасатын қапшық (себет)
17. Жергілікті желімен жұмыс жасауға арналған қапшық (Желілік орта)
18. Компьютердің атасы (Чарльз Бэббидж)
19. Графикалық ақпараттардың көшірмесін компьютерге енгізетін құрылғы (сканер)
20. Мәтіндік ақпаратты енгізуге арналған бағдарлама (WORD)
21. Дискета түрлері (3, 5 және 5, 25 дюмдік)
22. Адам денсаулығына зиян келтіретін құрылғы (монитор)
23. Дыбыс шығаратын құрылғы (колонка)
24. Орындаушы орындай алатын командалар тізбегі (алгоритм)
25. Электрондық кестенің ең кіші элементі (ұяшық)
26. Windows сөзінің аудармасы (терезе)
27. Мәліметтерді енгізу пернесі (Enter)
28. Деректерді сақтауға арналған құрылғы (жады)
29.Курсордың оң жағындағы символдарды өшіру пернесі (Delete)
30. Перне тақта қандай құрылғы (енгізу)
31. Ақпарат сөзі қай тілден шыққан (латын)
32 . Жад нешеге бөлінеді (2)
33.Жергілікті желіге қандай құрылғы керек? (хабб)
34. Бір килобайтта қанша байт бар (1024)
35. Монитор түрлері (электронды түтікшелі, сұйық кристаллды, плазмалық)
36. Электрондық кестенің жұмыс аймағы (кітап)


Әділ қазылар алқасына қорытынды сөз.


Бүгінгі көріп тамашалаған интеллектуалды шоу «Информатик 2015» атты  сайысымыз өз мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз!


Ашық сабақ. Наурыз мерекесі туралы өлеңдер
Ашық сабақ. Емдік тамақтану
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу