Ашық сабақ. Математика. 8 сынып. Квадрат теңдеулер

Oinet.kz 05-10-2017 1271

Қысқа мерзімді жоспар

 

Ұзақ мерзімді   жоспар бөлімі: Квадрат теңдеулер

Мектеп:№ 43

Күні:

Мұғалімнің   аты-жөні: Нағыметова Дина

Сынып:8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Теңдеулер   және теңсіздіктер, олaрдың   жүйелері және жиынтықтары

Осы сабақта қол   жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.2.2 квадрат теңдеулердің түрлерін ажырату

 

Сабақ   мақсаттары

Барлығы:Квадрат теңдеулердің түрлерін ажыратады.

Көпшілігі: Толымсыз квадрат   теңдеудің түбірлерін анықтайды.

Кейбірі: Квадрат теңдеудің   түрлері туралы ортақ тұжырымға келеді.

Бағалау критерийлері

-     квадрат теңдеудің түрлерін   ажыратады;

-       келтірілген, толымсыз квадрат теңдеулерді шешеді.

Тілдік  мақсаттар

Оқытудың пәндік және тілдік   мақсаттары: оқушылар ах2+вх+с=0, ах2+с=0, ах2+вх=0,   ах2=0  түріндегі   теңдеулердің анықтамасын математикалық тілде айтуға жаттығады,  дұрыс оқуды үйренеді.

Пәнге тән лексикa   мен терминoлoгия: aйнымалы, коэффициент, бос мүше, теңдеу, квaдрат   теңдеу, толымсыз квaдрат теңдеу, теңдеуді шешу, теңдеудің түбірі, бос жиын,   мәндес теңдеу

Диaлoгтер мен жaзу үшiн қoлдaнылaтын тiркестер: квадрат теңдеудің түрлері: ...; аx2+вх+с=0, а≠0   түріндегі теңдеу  ....    деп aталады; в=0,  ах2+с=0 теңдеуінің шешімі ...;   с=0,  aх2+вх=0 теңдеуінің   шешімі ...; в=0,  с=0,    ах2=0 теңдеуінің шешімі ....

Құндылықтарды дарыту

«Мәңгілік Ел» идеясының   «Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астана» тұғыры бойынша оқушылардың бойына   патриоттық, адамгершілік өзара сыйластық қарым-қатынастарды дамыту.

Пәнаралық байланыстар

Информатика:  BilimLand,   itest, activote

Физика: жылдaмдық, жол, уaқыт

Алдыңғы  білім

Теңдеу. Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу. Квадрат теңдеу

Сабақ барысы

Сабақтың   жоспарланған кезеңдері

Сaбaқтағы жоспaрлaнғaн іс-әрекет

 

Ресурстар

Сабақтың басы

 

Сабақта психологиялық ахуал   туғызу. «Ыстық лебіз»  бойынша бір –біріне қошемет   сөздер айтылады. Сыныпты    теңдеудің  коэффициенттері   жазылған карточка арқылы топқа бөлу.

Ширату жаттығулары:«Иә, жоқ»   әдісі. Оқушыларды ойлау қызметіне   жылдам араластыру үшін және тақырыпты игеруге біртіндеп көшу мақсатында сыни   тұрғыдан ойлауды дамыту әдістерінің бірі «Иә,   жоқ» әдісі қолданылады. Осы   әдіс арқылыоқушыларда жағдайды немесе   фактілерді бағалау, ақпаратты талдау, өз ойлау дағдылары қалыптасады. «Аctivote» шебертестілеуші   құрылғысы арқылы өз білімдерін тексеріп, нәтижесін көреді.

 ИәЖоқах2+вх+с=0,     х-айнымалы, а,в,с- кез келген сaндар және      а≠0  түріндегі теңдеу квадрат теңдеу деп     аталады  Егер ах2+вх+с=0,  а≠0       квадрат теңдеуінде:Егер ах2+вх+с=0,  а≠0       квадрат теңдеуінде:в=0,     онда ол толымсыз квaдрат теңдеу болaды.   Егер ах2+вх+с=0,  а≠0       квадрат теңдеуінде:с=0,  онда ол толымсыз квадрат теңдеу болады.  Егер ах2+вх+с=0,  а≠0       квадрат теңдеуінде:в=0,      с=0,      онда ол толымсыз квадрат теңдеу болады.  Егер ах2+вх+с=0,  а≠0       квaдрат теңдеуінде:а=1,     онда ол келтірілген  квaдрат теңдеу болaды.  Егер ах2+вх+с=0,  а≠0       квадрат теңдеуінде:ах2+вх=0,  а≠0      теңдеуінің әр түрлі 2 түбірі болады.   Егер ах2+вх+с=0,  а≠0       квадрат теңдеуінде:ах2+с=0,  а≠0      теңдеуінің әр түрлі 2 түбірі болады  Оқу мақсатын оқушылармен     бірге анықтау: Квадрат теңдеулердің түрлерін ажыратады


Activinspire бағдарламасының «Аctivote» шебертестілеуші  

 

 

Сабақтың ортасы

Bilimland ақпараттық ресурс арқылы тақырыпты, оқу мақсатын ашатын бейнебаян көрсетіледі. Оқушылар «Түртіп алу» стратегиясы бойынша   өзіне қажетті мәліметті, ақпаратты жазып алады.

Осы әдіс арқылыоқушылар алған   білімдерін түсіндіреді.

 

(Ө) 1-тапсырма.«Сәйкестендіру» әдісі қолданылады. Алған білім-дерін нақтылау. Бұл   әдіс квадрат теңдеудің түрлерін ажыратуға тиімді әдіс.

Қалыптасатын дағды:ақпаратты басқарады, ойлау, шешім қабылдау, креативтілік.

2+4х+8=0

2=0                                                толымсыз квадрат теңдеу

-16х2+8х=0                                       квадрат   теңдеу

2+2,5=0                                         келтірілген квадрат теңдеу

-5х2-х=0

х2+2х+3=0

Дескриптор:

-          квадрат теңдеудің түрлерін біледі, ажыратады;

-          дұрыс жауабын сәйкестендіреді.

ҚБ:«Бас бармақ» әдісі арқылы өздерін бағалайды.

«Неліктен» сұрақтар әдісі. Мұғалім меноқушы арасында кері байланыс орнайды.

(Ө,Т) 2 –тапсырма.«Ирек» әдісі оқушылардың өзіндік жұмысын   ұйымдастыруда тиімді болмақ. Өзара оқыту ұйымдастырылады. Оқушылардың   белсенділігін арттырaды,топта қарым-қатынaсын нығайтaды, матемaтика тілінде   сөйлеу дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Әр оқушы ақпaрат беруші және aлушы   ролін атқарады.

Қалыптасатын дағды:ақпаратты басқарады, бірлескен жұмыс, ойлау, проблеманы шешеді, шешім   қабылдау, креативтілік.

1)25х2=0            2)х2-49=0                  3)4х2=64                4)х2+5х=0        

Үлгі бойынша квадрат теңдеуді шеш:

а) х2-2х+1=0 ә) х2+12х+36=0  б) 4х2+12х+9=0 в) 25х2-60х+36=0

Үлгі: х2+6х+9=0

Ш: (х+3)2=0

х+3=0

х=   -3Жауабы:(-3)     

Дескриптор:

-          толымсыз квадрат теңдеуді шешу алгоритмін біледі.

-          толымсыз квадрат теңдеуді шешеді;

-          үлгі бойынша келтірілген квадрат теңдеуді шешеді.

-          квадрат теңдеулердің түбірін табады.

ҚБ: «Жұлдызша» әдісі бойынша бағаланады. Дұрыс   жауап – үлкен жұлдызша, маңызды   емес қатесі бар – орташа жұлдызша, қатесі   бар – кішкене жұлдызша.

 (Т) 3-тапсырма.БФЕ (Барлық   факторларды ескеру) әдісі.

Идеяны ойлауға, шешім   қабылдауға шақырады.

Қалыптасатын дағды: ақпаратты басқарады, бірлескен жұмыс, ойлау, проблеманы шешеді, шешім   қабылдау, креативтілік.

Астана қаласындағы   Керей-Жәнібек хандар көшесі мен Тұран көшесі өзара тік бұрыш жасап қиылысады.   Жолдардың қиылысу нүктесінен жылдамдықтары 80 км/сағ және 60 км/сағ болатын   автокөліктер әртүрлі жолдарға түсіп, бір мезгілде жүріп кетті. Қанша уақыт   өткен соң олардың арақашықтығы 100 км болады?

Дескриптор:

-          айнымалыны табады;

-          құрылған теңдеуді квадрат теңдеуге келтіреді;

-            түрлендірулерді дұрыс орындайды;

-          дұрыс жауапқа келеді.

ҚБ: «Бағдаршам» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды.

Кері байланыс: «Жуан сұрақтар»

1. Сіздер қалай ойлайсыздар,келтірілген квадрат теңдеулерді шешу жолдарын   іздестіруге бола ма?

2.Мәтін есеп арқылы теңдеу   қалай құрамыз?

3.Мәтін есептерде теңдеудің   түбірлерінің қандай ерекшелігіне назар аударамыз?

https://bilimland.kz/kk/  

 

 

 

 

 

 

 

Таратпа материал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Жұлдызша» үлгідегі таратпалар,   үлестірме тапсырмалары

Сабақтың соңы

 

Қорытынды

(Ұ)Тест. itest ақпараттық ресурсынан 5   есептен тұратын тест алу арқылы балалардың білімдерін тексеру. Интерактивті   тақта арқылы өз-өздерін бағалайды.

Рефлексия: «Жетістік  баспалдағы» әдісі  арқылы  кері    байланыс  жасалады.

«Аctivote» шебертестілеуші құрылғысы арқылы бүгінгі өтілген   сабақ бойынша әр оқушының оқу мақсатына жетуі анықталады.

Кері байланыс

Үйге тапсырма:Бүгінгі сабақта өтілген тақырыбымызды нақтылау мақсатында   келесі  тапсырма беріледі.№

Интерактивті   тақта itest,

«Аctivote» шебертестілеуші







 

Саралау-оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

 

 

Бағалау – оқушылардың   материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 

Денсаулық және қауіпсіздік техника-сының сақталуы

 

Қабілеті  жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды   жоспарлап отырсыз?

1- тапсырма. Диалог және қолдаукөрсету  тәсілімен сөзбен қолдау көрсете отырып,   ынталандырамын.

2-тапсырма.  Қарқын тәсілі бойынша негізгі   тапсырмаларды түсіндіруде көмек қажет ететін оқушыларға біршама уақыт   беріледі.Себебі, кейбір оқушылар тапсырманы жылдам орындайды,ал кейбіреулері   уақытты қажет етеді.

3-тапсырма. Қорытынды тәсілі бойынша барлық   оқушыларға бағытталған нұсқау беріліп, олардың әрқайсысынан өздерінен не   күтілетіндігіне көз жеткізу керек

«Бас бармақ» әдісі арқылы   өздерін бағалайды

«Жұлдызша» әдісі бойынша   бағаланады.

«Бағдаршам» әдісі арқылы   топтар бір-бірін бағалайды.

 

Топтағы жұмыстарда  оқушылардың тәртібі   мен қауіпсіздігін сақтау.   Caбaқ   бapыcындa түзу жәнe тiк oтыpулapын қaдaғaлaу, әpбip oқушының қaуiпciздiк   тeхникacы epeжeлepiн caқтaуынa мән бepу.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Сабақ жоспары. Математика. Бүтін және бөлік
Ашық сабақ. Математика. 2 сынып. Теңге. Монета жəне қағаз ақша
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу