Ашық сабақ. Математика. 1 сынып. Теңдік пен теңсіздік
Пәні: математика Сыныбы:1 «а» | Тилеукулова З.К Күні: |
Сабақтың тақырыбы | Теңдік пен теңсіздік. |
Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.2.1 теңдік және теңсіздікті, теңдеуді, тура және тура емес теңдік пен теңсіздікті айыра білу
|
Сабақтың мақсаттары |
Барлық оқушылар: Теңдік, теңсіздік ұғымы туралы біледі. Көптеген оқушылар: Теңдік және теңсіздікті құра алады. Кейбір оқушылар: Теңдік пен теңсіздікті құру тәсіліне сүйеніп, ерекшелігін ажырата алады.
|
Бағалау критерийлері | Теңсіздік құрастырады.
|
Құндылықтарды дарыту | Әрекет барысында бірін-бірі сыйлауға, тыңдауға бағыттау. Тапсырманы ұйымшылдықпен, жауапкершілікпен орындауға тәрбиелеу. |
Пәнаралық байланыс
| Дүниетану Уақыт ұғымдары |
Тілдік мақсат АКТ қолдану дағдысы
| Теңдік, теңсіздік
Интербелсенді тақта. Слайдтар
Артық, кем, тең ұғымдарын біледі.
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтың басы Психологиялық ахуал (7 мин)
Сабақтың ортасы. Жалпы: 23 мин
Белсенді оқу: Тыңдалым,оқылым және айтылым
Бірлескен оқу Саралап оқу
9 мин
Жазылым
Дәптермен жұмыс
8 мин
Жұптық жұмыс 6 мин
Сабақты бекіту 5 мин
Соңы 3 мин
Бағалау 2 мин | Сабақтың жоспарланған іс-әрекеті Шаттық шеңбер: Армысың досым, Кел,маған қосыл(қолмен шақыру) Шеңберге бірге тұрайық(қолдарынан ұстау) Жер шарындай айналып, Әлемге жарық шашайық. Қолымызды көтеріп, Күннің нұрын алайық(қолдарын көкке созады) Ортамызда күн нұры, Құшаққа оны алайық (құшақтасады) Бігінгі сабақ, Оқу,білім,салауат. Бүгінгі мақсат, Ұғыну,ұғу,ұлағат. Бүгінгі тәрбие, Отанға деген махаббат. Тәттілермен топқа бөлу. Теңдік Теңсіздік Өрнек
1 тапсырма. «Сөзжұмбақ шешу Уа,балалар,балалар, Кәне бері қараңдар. Сабағымызды бастайық, Сөзжұмбақты қиналмай, Лезде шешіп тастайық. Дескриптор: 1. Сұрақты тыңдайды. 2.Сұраққа жауап береді 1. Уақытты анықтайтын құрал. (Сағат) 2. Ұзындықтың өлшем бірлігі. (Метр) 3.Бір нүктеден бірдей қашықтықта жатқан нүктелер жиыны қалай аталады? (шеңбер) 4. Пішіні мен көлемі бар нәрсе. (Дене) 5. Ең кіші натурал сан. (Бір) 6. Кеңістіктегі фигура (текше) «Теңдік» сөзі шығады
Жаңа сабақ. Мақсаты:Теңдік және теңсіздікті айыра білу. Тыңдалым .Экраннан видео көрсетемін. Тәжірбие жасау,түсіндіру Таразы
2 тапсырма. Топтық жұмыс. Критерий: Заттарды сана,салыстыр Дескриптор 1.Заттардың атауын біледі 2.Санайды,салыстырады 3.Сауатты жазады 4.Түсіндіреді
1-әрекет: Әр топқа екі қорапқа салынған кәмпиттер беріледі. Қораптағы кәмпит санын салыстыр. Қораптардың арасына қандай белгі қоюға болады? Бір – біріне сәйкестердіру әдісін қолдану ұсынылады. Нәтиже ламинатталған параққа жазылу сұралады.
2-әрекет: Әр топқа бірдей ойыншықтар және екі қораптан таратылады. Қораптарға ойыншық саны бірдей болатындай етіп сал. Нәтижесін қорап сыртына жаз. 3-әрекет: Әр топқа бірдей ойыншықтар және екі қораптан таратылады. Қораптарға ойыншық саны тең болмайтындай етіп сал. Нәтижесін қорап сыртына жаз.
4 тапсырма Дәптермен жұмыс Дәптерімізді ашайық, Қолға қалам алайық Салақтықтан қашайық, Әдемі етіп жазайық
Критерий: Тапсырманы оқы,сауатты жаз Дескриптор
Сергіту жаттығуы Күн ұйқтайды(ұйқтайды) Күн оянады(керіледі) Жел соқты(тербеледі) Жаңбыр жауды(алақан тырсылы) Найзағай тарсылдады(шапалақ) Жел басылды,күн ашылды.(тыныштық) Ойын:Теңдік,теңсіздік
3 тапсырма Жұптық жұмыс «Ойлы болсаң озып көр» Критерий: Сурет бойынша салыстыр,жаз. Дескриптор
Теңдік пе, әлде теңсіздік пе? Суреттерге қара. Қайсысында теңдік, қайсысында теңсіздік бейнеленген? Нәтижені жазып көрсет. Жұптар бірін-бірі тексереді. Бағалайды
«Мен саған,сен маған» әдісі Сұрақ-жауап -Теңдікті жазу үшін қандай белгі қоямыз? -Теңсіздікті жазу үшін қандай белгіні қоямыз? -Азаматтың 3 қызыл мәшинесі, ал Серіктің 4 жасыл мәшинесі бар. Теңдік пе,теңсіздік пе? -Гүлімнің жануарлар туралы 5 кітабы, ал Сәуленің өсімдіктер туралы 5 кітабы бар. Теңдік пе,әлде теңсіздік пе?
Кері байланыс
|
Т.Ж
Ұ.Ж
Кері байланыс: «Жемістер»
ТЖ Бағалау: Жарқыраған шамдар алу
Кері байланыс
Ж Ж
Кері байланыс Жұлдызшалар
|
Қосымша мәліметтер | |
Рефлекция Сабақтың мақсаттары мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді? Сабақ қалай өтті,қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс еңгізер едім?
| Өз сабағымды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз.Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз. |
Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлаймыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіреміз?
А-Суретпен жұмыс В-Сызбамен жұмыс С-3-тапсырма | Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлаймыз? Бағалау парағы және қалыптастырушы бағалау | Пәнаралық байланыс-дүниетану денсаулық және қауіпсіздік,АКТ- мен байланыс, Құндылықтармен байланыс (тәрбие элементтері)
|
Қорытынды бағалау Ең жақсы өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (Оқыту мен оқуға қатысты) 1.Мәтінмен жұмыс 2.Топтық жұмыс Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1.Мультфилм көрсету 2.Суретпен жұмыс Осы сабақтың барысында келесі сабағыма қажет болуы мүмкін барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы қандай ақпарат білдім? 1.Мәтінмен жұмыс және топтық жұмыс арқылы алға ілгерілеуді білдім. 2. Мультфильм көрсету және суретпен жұмыс жасау арқылы үдемелі оқудың жүзеге асатынын білдім. |