Мектеп бітіруші түлектерге арналған тілектер
Құрметті бүгінгі салтанатты кешке жиналған қадірлі ұстаздарымыз, ата - аналарымыз және менің қимас достарым!
Міне, біз бүгін «тарыдай болып кіріп, таудай болып шыққан» ыстық ұямыз – мектебімізбен, бізді 11 жыл бойы оқытып, тәрбиелеген аяулы ұстаздарымызбен қоштасқалы тұрмыз.
Енді біздің құлағымыз күмбірлеген күміс қоңыраудың үнін естімейді.
Енді біз ең қызықты сәттерімізді өткізген мынау мектептің ауласында жарыса жүгіріп, сыныбымыздағы парталарға таласа тармаса отырмаймыз.
Енді біз 11 жыл бойы біздің «еркелігіміз бен тентектігімізді» көтерген апайларымыз бен ағайларымыздың сабақтарында отырмаймыз, тақтаға шығып сабақ айтпаймыз!
Біз осы мектепте ұстаздарымыздың тәлім - тәрбиесін ала жүріп болашағымыздың іргетасы – фундаментін қаладық. Дәл қазір сол күндерге деген сезімді бастан өткеріп мұңайсақ та, ертеңгі болашағымызды ойлап жүрегіміз лүпіл қағып тұр!
Менің сыныптас достарым! Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңіздер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін армандарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, біз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат қағып барамыз. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз.
Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!
Ұстаздың алғыс тілегі.
Алтын ұя мектептің тұлпарлары, дүлдүлі –
Жұлдыздары жүректің жетілдіңдер бүл күні!
Бірің – хакім, ал бірің болыңыздар ғұлама,
Мың дауыспен сайраған о, өмірдің бұлбұлы!
Ата - дәстүр бойынша сатпайды ұлан сүйегін,
Күй төгесің шанақтан – жақсы болды тиегің!
Құтты болсын тойларың шәкірттерім, көгершін,
Барлығыңды кеудеме басып, қысып сүйемін.
Сендерсіңдер тірліктің желкілдеген құрағы,
Ұстаздарың арманын өздеріңе ұлады!
Тойға ұлассын тойларың – ту қадаңдар биікке,
Жақсы туған жігітке жат жұрт келіп тұрады.
Оралыңдар отыздың ортасына толғанда,
Шүкіршілік етеміз жетсеңдер шың – арманға.
Ел – жұртың бар тілектес, жығылма өмір егесте,
Ал соңдарың айналсын қарақұрым орманға!
Кеше ғана мектеп табалдырығын аттаған сияқты едік – бүгін, міне, он бір жылдың қалай зулап өткенін байқамай да қалыппыз.
Қымбатты ұстаздар! Осы жылдар бойы бізге білім мен тәрбие беріп, үлкен өмірге дайындағандарыңызға алғысымыз шексіз! Сіздердің сенімдеріңізді ақтаймыз деп үміттенемін.
Түлектер өздерінің он бір жыл білім алған алтын ұяларымен қоштасса, ұстаздар өздерінің сүйікті шәкірттерін өмірге қанаттандырады
Қымбатты менің сыныптас достарым! Біздерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңа Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңа тілектеспін. Сендерге алдағы уақытта тек қана сәттілік жар болсын, жетістіктерге қол жеткізіңдер, өмірден өз орындарыңды адаспай табыңдар! Бәрің де ақ жолмен аппақ көгершін - армаңдарыңа сүрінбей жетіңдер! Өйткені, біз мектеппен қоштасып, үлкен өмірге қанат кағып барамыз. Енді бізді алда өмірдің сан тарау жолдары күтіп тұр. Сол жолда әрбіріміз бақыт үшін, өмірден лайықты орын алу үшін күресейік, достар! Ал мектептегі алғашқы жылдарын сәтті аяқтап, бірінші сыныптан екіншіге аяқ басқан жас бүлдіршіндер мен барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін. Ал алтын ұя – мектебіміз бен аяулы ұстаздарымызды жүрегімізде мәңгі ұмытпай сақтаймыз. Аяулы ұстаздар! Сіздер жасаған еңбектеріңіз үшін шексіз алғыс білдіреміз!
Класс жетекшінің шәкірттеріне айтқан тілегі:
Қымбатты түлектерім!
Сіздер бүгін мектеппен қоштасып, үлкен өмірге жолдама алғалы тұрсыздар!
Шәкірттерім, алдағы үлкен сын Ұлттық бірыңғай Тестілеуден абыроймен өтіп, қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болыңыздар!
Үлкен өмір жолына бастар қадамдарыңа сәтті сапар, өмірлеріңе құтты қадам тілеймін!
Алтын ұя мектептің тұлпарлары, дүлдүлі
Жұлдыздары жүректің жетілдіңдер бұл күні!
Бірің - хакім, ал бірің болыңыздар ғұлама
Мың дауыспен сайраған о, өмірдің бұлбұлы.
Кластағы көмекшім, қолқанатым
Қай істе де қорықпай қолға алатын.
Класымның үздігі, белсендісі
Шәкірттерім айтқалы тұр арман әнін.
Класымда көп менін дарындылар
Спорт қуған, өнер сүйген жолын бұлар.
Ауданда да, облыста да үздік шыққан
Жігіттерім шетінен чемпиондар.
Шеттерінен өнерлі қыздарым бар,
Би де билеп, шырқатып ән де салар.
Класыммен әрқашан мақтанамын,
Шәкірттерім өмірлік есте қалар.
Жолың болсын, ардақты түлектерім,
Дүрсілдеп соғып та тұр кіп - кішкентай жүректерің
Тәлімді тәрбиемен біліп жиып
Жол жүргелі тұрсыңдар, шәкірттерім.
Ұмытпаңыз, алтын ұя мектебіңді,
Ұстазыңды, балалық шақ көктеміңді.
Орындап мақсат - міндет, арманыңды
Жасай бер, туған елге еңбегіңді.