Қыз ұзату тойына арналған тілектер

Oinet.kz 02-09-2020 1408

Мінекей, енді бой түзеп, еркелей өскен өз еліңнен қалықтап ұшып, жүрек қалауыңмен арыстай азаматтың еліне қонғалы отырсың. Барған жеріңде бағың ашылсын. Тастай батып, судай сің. Еріңнің туы, еліңнің нуы бол. Бұдан былай саған бір әулеттің жауапкершілігі жүктеледі. Парасаттылықпен сол сенімді ақтағайсың.


Құрметті ______________!

Сендердің заңды некелерің құтты болсын. Сендерге Алатаудың шыңындағы ақ қардай таза пәк көңіл, сол шыңдардан сарқырай аққан кәусар бұлақтай мөлдір махаббат тілеймін. Сендерге алтын күздің ырысын, денсаулықтың қыстай мықтысын, көктемдей көл-көсір өмір, жаздай жадыраған өмір тілеймін. Қыздарың моншақты, ұлдарың оншақты болсын. Шаңырақтарыңның керегесі кең, терезесі тең, босағасы берік, еңсесі "Келісім сарайындай" биік болсын!


Дорогие ____________________!

Поздравляем вас законным браком!

Желаем вам чистой любви как снег вершин Алатау, кристально чистой любви как ручьи Алатау. Желаем достатка. Крепкого здоровья как мороза зимнего, весенней жизни и тепла летнего зноя. Чтобы были дочери бусинки, и десяток мальчиков. Желаем всего наилучшего, что есть на земле!


______________,

сендердің ақ отауларыңның іргесі берік, шаңырағы биік болсын, түтіні түзу шалқысын! Тең-құрбыларыңның алды болыңдар! Үй ішің жанға, қораларың малға, қалталарың ақшаға толсын! Қол ұстасып өмірдің қиыны мен қызығын бірге кешіңдер. Бақытты болыңдар! Достарың да, ұрпақтарың да көп болсын! Бүгінгі той алда болатын көптеген қызық қуаныштың басы болуға жазсын! Осы дастархан басында отырған достарыңның бәрі сол қуанышты бірге тойлай берейік!

______________,

Вашему очагу желаем всех земных благ.

Будьте примером своим друзьям. Желаем вам чтобы дома было много детей, двор полон живности, а карман полон был деньгами.

Рука об руку преодолейте все жизненные трудности и счастливые моменты.

Будьте счастливы, чтобы много было друзей и полон дом детей.


Чтобы эта свадьба была началом всех ваших начинаний. Присутствующие здесь за праздничным столом были свидетелями вашего неизмеримого счастья.


Аспандарың ашық болсын,

Дұшпандарың қашық болсын!

Бүгін қосылған екі жас

Бір-біріне мәңгі-бақи ғашық болсын


Пусть будет небо чистым

Пусть не будет врагов и завистников

Наша молодежь сегодняшняя

Пусть будет любовь вечная.


Қиын да емес, оңай да емес үйлену

Үйлену үйге қамқор жасап үйрену

Қабағын бағу, көңілін табу жарыңның

Екеу боп өмір сүрудің жолын игеру

Болады онда ішкі де, сыртқы саясат

Аяйық жарды, біреуді егер аясақ

Жақсы үйде болмақ, әскери қатаң құпия

Жүрмеңдер әсте ішкіні сыртқа жая сап!

Аялы зат жоқ жарыңның махаббатынан

Екеуіңді де оны аялауға шақырам

Тілегім осы қабыл ғып тойда айтатын

Қабыл ал ..... атынан


Пусть будет прочным ваш очаг.

Дом пусть полнится детьми.

Двор живностью пусть полнится

Будьте любимыми среди своих близких.

Крепкого здоровья, Вечной любви. А любовь…

Любит, чтобы была поддержка благосостояния и счастья,

так будьте вы богатыми и счастливыми.

Желаем вам чистого неба и будьте

Всегда хлебосольными.

Не трудно создать семью и нелегко

Жениться – значит уметь помочь

Найти подход к своей половинке

Вдвоем познать секреты жизни

Бывает там политика внутренняя и внешняя

Давай жалеть любимую, если кого и пожалеем

Хороший дом – без секретов

Не надо мелочи ставить во главу угла.

Нет ничего прекрасней, чем любовь жены

Призываю вас к единогласию

Пожелания примите от нас _____________


Қимайды ұзатқан жақ қыз баласын

Жан дүниең қалай ғана сыздамасын

Құдалар алақанға салып бердік

Жүректің жұлып алып бір парасын

Бір баламыз бүгінде екеу болды

Жас жұбайлар одағы бекем болсын

Көңіл де, көзде тояр күйеу бала

Болма тек үш жұртына сүйеу ғана

Жарыңның жұлдызы бол бақыты бол

Мұндай қыз бұл дүниеде біреу ғана.


«Жол мұраты — жету, қыз мұраты – кету» дейді. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қызын өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен. Дегенмен, теңін тауып, ата - анасының, туған - туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін! Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын! Құда - жекжаттарымызға айтарым, бір - бірімізге деген жылы ықыласымыз суымай, сыйластығымыз жоғалмай екі жастың қызығына кенелейік. Той сіздерге де құтты болсын! Екі жас бақытты, өмірлері ұзақ болсын!


Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып, гүлдей берсін!

«Бала бақытын қыздан іздейді, Қыз бақытын түзден іздейді» деген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден өтті – сіздерге жетті. «Жібекті түте алмаған жүн етеді», — дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік жүгі — өздеріңізде, қадірлі құдалар!


Құрметті құда - құдағи! Сөзімнің бірінші бөлігін сіздерге арнағым келеді! Біздің еккен дәніміз пісті. Үйімді жарық еткен нұрым, жүрегімді тербеген жырым, ана жұмыртқасын жарып, ақ құсқа айналып, көрші бәйтерекке ұя салмаққа ұшып барады. Әлемде әке үшін өзінің қызынан асқан сұлу қыз жоқ. Ендігі кемдігін өзің толтыр, құрметті құда - құдағиым! Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай, күнге күйдірмей, суыққа тоңдырмай бой жеткіздім, өсірдім. Ендігі жерде Еңлікгүлімнің сүйегі – менікі, еті – сіздікі. Менен — өтті, Сізге - жетті. Қыз бала — өзге елдің аманаты. Өзге ел – Сіз үшін асырап - жеткерген көзімнің нұры, бауыр еті баламның ендігі жердегі тағдырын сізге аманаттаймын, құрметті құда - құдағи! Бұдан былайғы жерде обалды мен сауабы да, қызығы мен рахаты да Сіздің босағаңызда, құрметті құда - құдағи!


Менің мәпелеп өсірген аппақ гүл - қызым! «Қыз бала – қонақ» деген осы. Маған өзіңе сөз арнау өте ауыр, қызым! Сені мұңайтқым келмейді, қуантқым келеді. Өйткені өз қалауыңмен теңіңді тауып, бақытты сапарға шығып барасың. Мен осыны ойлап қуанамын! Бүгін жота басына қатар тігілген қос шыбықтарым – күйеу балам екеуіңе бар айтар тілегім: қараған ел қызығатын, қою көлеңкесі ел игілігіне асатын жемісті бәйтерекке айналыңдар. Ертең аппақ желегі желбіреп келін болғалы тұрған қызым, саған айтарым: сен де құдағилыққа жетіп, тілек айт! Бастарыңды — бұлт, бауырларыңды мұз шалмасын!


Екі бұлақ бір арнаға тоғысты,

Екі жүрек ұғынысты, табысты.

Тілейікші аппақ арман - ағысты,

Тұлпарға тән озып шығар шабысты.

Жаңа отаудың шаңырағын көтеріп,

Кел, достарым, жақсы тілек етелік!

Үйленгендер - алтын сарай салғандар,

Балалығы естелікке қалғандар!

Қалады енді балалық шақ ертек боп

Кел, достарым, шаттық тойға ортақ боп!

Екі жұбай - қатар тұрған періште,

Бірге ұшсын бақ - болашақ - өрісте!

Өмірлері бақытты, әнді болсын,

Өңірлері осындай сәнді болсын!

Достық пенен жастық шақ жалын атып,

Ақ махаббат баянды, мәнді болсын!

Халқыңа қалаулы бол,

Еліңе елеулі бол.

Бір баламыз екеу болсын

Жас жұбайлар одағы бекем болсын.


Егіз аққу сияқтанған достарым,

Бастапсыздар жұбайлы өмір - дастанын.

Мықты болсын тіккен ордаң - отауың,

Құтты болсын алғаш түндік ашқаның.


Бір ісіңнен асып түсіп бір ісің,

Шарықтасын құт - береке - ырысың.

Отауың да кішігірім - Отаның,

Мәңгі болсын,

Мәнді болсын Ұлысың!


Біздің үйде той боп жатыр –

Бақыт - Гүлнұр отау тікті бас қосып,

Жүрегіміз тіл табысты дос десіп.

Ағайын-жұрт жекжат, жора, нағашы,

Біздің үйде той боп жатыр - кешке асық!


Той болады,

Той жасау да – жақсылық,

Ұл, келінің - болашағың, жас шыбық.

Келіңіздер,

Бір тойлайық бәріміз,

Көрші-қолаң, туыс-жолдас, дос күліп.


Тұсаукесер тойына арналған тілек, құттықтаулар
Туған күнге тілек (аға, көке)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу