Сабақ жоспары: Жалаң және жайылма сөйлем

Oinet.kz 02-09-2020 613

Сабақтың тақырыбы: Жалаң және жайылма сөйлем.

Білімділік: Оқушыларға жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсініктерін еске түсіріп қайталау Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдыра білуге үйрету, сөйлемдегі сөздерді сөйлем мүшелеріне дұрыс талдай білуге дағдыландыру.

Дамытушылық: Жай сөйлем туралы түсініктерін одан әрі дамыту, оқушылардың ой - өрісін, тіл байлығын кеңейту.

Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, сауатты, таза жазуға, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қайталау сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ - жауап, семантикалық карта, ВЕНН диаграммасын ойын, сәйкестендіру

Сабақтың көрнекілігі: Себет, жеміс суреттері, сызба, кесте

І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сабаққа назар аудару

Психологиялық дайындық

Мейірімді жүрекпен,

Ақ пейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі:

Жалаң және жайылма сөйлемдер туралы түсініктерін еске түсіріп қайталау

ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау

Үйге берілген жаттығуды тексеріп шығамын

Сабақ жоспары: Омонимдер
Тұсаукесер тойына арналған тілек, құттықтаулар
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу